Главная / Высшая лига / Ешбір клубтан ұтылмаса да... екінші орында chempionat-rk

Ешбір клубтан ұтылмаса да... екінші орында

18/12/2022

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жоғарғы лига (әйелдер)

2-ші тур (11-16 желтоқсан 2022, Шымкент)

2022/23 жыдар маусымындағы ел чемпионатының Жоғарғы лигасында жоспарланған бес турдың екеуі көмбесіне жетті. Әйелдер арасындағы бұл доданың бастапқы екі туры да Шымкентте өтті.

Бірінші турдан кейін турнир кестесінде екі «нөль» болған еді. Оның бірі «Шымкент» ВК командасының «ұтылыс» деген бағанында, ал екіншісі «қарлығаштардың» «жеңіс» бағанында тұрды. Ал желтоқсандағы ойындардан кейін әлгі «нөльді» тек Теміртау бойжеткендері ғана «сақтап» қалды.

Бірақ көш соңындағы «қарлығаштар» бұл турда жанкештілік танытып, көпшілік көңілінен шықты. Олар екі рет тай-брейкке дейін тайталасып, алғашқы ұпайларына қол жеткізді. Егер олар осы қарқындарынан таймаса, бақтары жанып, тым болмаса тай-брейкте алғашқы жеңістеріне де қол жеткізетіндері анық.

Бұл турда өте сирек кездесетін, қызық жағдай болды. «Тараз» ВК қыздары барлық ойындарда жеңіске жетсе де, екінші орынмен шектелді. Көш бастап келе жатқан алаң иелерін тықсырып, тіпті бірінші рет сүріндірсе де, былтырғы маусымдағы Лига жеңімпазы алға жылжи алмай қалды. «Қарлығаштар» мен Оралдың «сымбаттылары» тізгін тартпай, табан тіресе тайталасып, тараздықтарды ұпай бөлісуге мәжбүр етті.

«Тараз» ВК қыздары осы үш күнгі ойында бес сағаттан астам уақыт (315 минут) бойы додаға түскендіктен, өлшеусіз көп күш жұмсады. Бес партияға созылған үш ойында жанкештіліктерімен қайсарлықтарының арқасында жеңіске жеткендерімен, өте маңызды үш ұпайдан айырылды. Ал бұл бір ойында ұтылып қалғанмен бірдей еді.

Бірінші және екінші орындардағы командалар арасын бес ұпай бөліп тұр. Екінші және үшінші орындардағы командалар арасында да – тура осынша ұпай айырмасы. Үшінші орынға «Грация-KZ» арулары орналасқан. Орал клубынан кейінгі орындарда – батысқазақстандық екі ұжым («Ақтөбе» ВК және «Атырау» ВК). Ал Лигаға биыл ғана қосылған ұжымдар арасында Марат Иманғаливтің шәкірттері – басымдау.

Жалпы, екінші тур біріншісіне қарағанда, нәтижелілігі жағынан да, матчтардың ұзаққа созылуы жағынан да әлдеқайда қызықты болып шықты. Енді Жаңа Жылдан кейін де командалар турнир кестесіне өзгерістер енгізіп, өздеріне ұнайтындай жағдайға жеткізеді деп үміттенеміз.

ЖЛ (Ә) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Тараз» ВК: ЖЛ 3 дүркін жеңімпазы; ЖЛ 2021/22 маусымында – Жеңімпаз.

«Шымкент» ВК: ЖЛ (2017/18) жеңімпазы («Қазығұрт-ОҚГУ»); ЖЛ-2021/22 маусымында – 3 орын

«Грация-KZ» (Орал): ЖЛ (2020/21) жеңімпазы; ЖЛ-2021/22 маусымында – 4 орын

«Елисеев Қарлығаштары» (Теміртау): ЖЛ-2021/22 маусымында («Металлург») – 6 орын

«Ақтөбе» ВК: алғашқы маусымы

«Атырау» ВК: алғашқы маусымы

2-ші тур (11-16 желтоқсан 2022, Шымкент). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

1-ші тур (12-17 қараша 2022, Шымкент). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

18-ЖЛ Ит.png

2-ші тур (11-16 желтоқсан 2022, Шымкент)

Шымкент. «Отырар» АӘИУ СЗ

* 14 желтоқсан – осы турдағы демалыс күні

* Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында тікелей эфирде көрсетіледі

Бас төреші: А.Кувшинов; төрешілер: А.Абдинабиев, Т.Исалиев, Ғ.Құламетов

11 желтоқсан

«Тараз» ВК – «Атырау» ВК – 3:0 (25:19, 25:20, 25:23)

«Грация-KZ» – «Ақтөбе» ВК – 3:1 (25:22, 15:25, 25:13, 25:12)

«Шымкент» ВК – «Елисеев Қарлығаштары» – 3:0 (25:13, 25:17, 25:12)

12 желтоқсан

«Атырау» ВК – «Грация-KZ» – 0:3 (19:25, 20:25, 15:25)

«Елисеев Қарлығаштары» – «Ақтөбе» ВК – 2:3 (25:20, 21:25, 16:25, 25:21, 10:15)

«Шымкент» ВК – «Тараз» ВК – 2:3 (23:25, 23:25, 25:18, 25:20, 12:15)

13 желтоқсан

«Ақтөбе» ВК – «Атырау» ВК – 3:0 (25:19, 25:12, 25:15)

«Тараз» ВК – «Елисеев Қарлығаштары» – 3:2 (25:18, 25:13, 25:27, 18:25, 15:8)

«Грация-KZ» – «Шымкент» ВК – 1:3 (15:25, 25:22, 16:25, 13:25)

15 желтоқсан

«Елисеев Қарлығаштары» – «Атырау» ВК– 0:3 (26:28, 16:25, 15:25)

«Тараз» ВК – «Грация-KZ» – 3:2 (23:25, 20:25, 25:20, 25:22, 15:8)

«Шымкент» ВК – «Ақтөбе» ВК– 3:0 (25:16, 25:19, 25:17)

16 желтоқсан

«Грация-KZ» – «Елисеев Қарлығаштары» – 3:1 (25:22, 25:22, 24:26, 25:18)

«Ақтөбе» ВК – «Тараз» ВК– 0:3 (21:25, 23:25, 22:25)

«Атырау» ВК – «Шымкент» ВК – 0:3 (13:25, 15:25, 22:25)

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика