Ертіс жағасында да алда – «Атырау»
21/01/2023
ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23
Ұлттық лига «1XBET» (ерлер)
3-тур (12-20 қаӊтар 2023, Павлодар)
20 қаңтарда, жұма күні, Павлодарда Ұлттық лига клубтары үшінші турды тәмамдады. Енді, ел чемпионатының негізгі бөлігінде олардың бәрі жеті ойыннан ғана өткізеді. Бұл матчтардың бәрі де төртінші тур аясында Атырау қаласында өтетін болады.
Ертіс жағасындағы соңғы екі күнгі матчтарда, «Алтай» мен «Ұшқыннан» басқа командалар осы турдағы шиеленісті түйінді шешуге тырысты. Бес күнгі ойындардан соң төрт бірдей команда 11 ұпайдан еншілеп, турнир кесетсінде «иық» тіресіп тұрғанын бұған дейін де жазғанбыз.
Алайда, үшінші тур көмбесінде еліміздің былтырғы маусымдағы чемпионы «Атырау» суырылып алға шығып, Алматыда өткен екі турдағыдай топ жарды. Мұнайшылардың өкшесін басып келе жатқан «Буревестник» бейсенбіде плей-офф додасына «жолдама» алғанымен, жұма күні биылғы маусымдағы төртінші жеңілісінің кермек дәмін татты. Бұл жолы «Тараз» тарландарынан ұтылды.
Бұл тараздықтардың Павлодар төріндегі бесінші жеңісі болды. Әрі олар осы турда көпшілік көңілінен шығып, жанкештілік танытты. Десек те, жұма күні көпшілікті сүйсіндірген «Есіл СК» ерлері болды. Олар алаң иелеріне дес бермей, ұтып та кетті. Бұл – петропавлдықтардың үшінші турдағы екінші жеңісі ғана. Бірақ қандай командалардан басым түсті?!
Базбіреулер Алматы және Павлодар командаларының ойындарын кездейсоқ нәтиже ретінде бағалап, таңырқап жүргенде, «Жайық» жігіттері жарады. Әуелі олар өздерінің басты бәсекелесі «Алтай» командасын тізе бүктіріп, үшінші турдың соңғы күні «Ұшқынды» ұтып кетті. Сөйтіп, өскемендіктермен орын ауыстырып, турнир кестесіндегі соңғы орыннан жоғары көтерілді.
Көкше қырандарының бұл турда кежегелері кейін тартып, нәтижелі ойын үлгісін көрсете алмады. Турнир кестесінде өзінен төмен орналасқан «Тараз» және «Есіл СК» командаларының тым жақындап, тіпті қуып жетулеріне мүмкіндік беріп қойды. Қазір «Ұшқын» аталған екі ұжымнан бір ұпай айырмасымен ғана – алда. Ал үшінші турға дейін бұл екеуінен 12 және 5 ұпай айырмаларымен озық тұрған-тын. Енді осы үш команда Жайық жағасында ел чемпионатының жүлделі орындарын сарапқа салатын төртінші үміткерді анықтайтын болады.
Ұйымдастыру комитеті әдеттегідей, әр команда сапындағы үздік ойыншыларды анықтады: фото ниже
«Атырау» ВК – №12, Нәдірхан Қадырханов
«Буревестник» – №11, Сергей Костив
«Павлодар» ВК – №7, Максим Мищенко
«Ұшқын» – №24, Аян Айымханов
«Есіл СК» – №3, Егор Тарасов
«Тараз» ВК – №10 Дамир Әкімов
«Алтай» – №1, Максим Коса
«Жайық» – №16, Алексей Мизинов
ҰЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:
«Атырау» ВК: ҚР 3 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы.
«Есіл СК» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын
«Буревестник» (Алматы): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын
«Тараз» ВК: ҚР чемпионы – 2014/15; ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын
«Алтай» (Өскемен): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын
«Павлодар» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын
«Ұшқын» (Көкшетау): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын
«Жайык» (Орал): ҚР 2 дүркін чемпионы; 2021/22 маусымы – Жоғарғы Лигада
4-тур (12-22 ақпан 2023. Атырау)
3-тур (12-20 қаңтар 2023. Павлодар). Жеңімпаз – «Атырау» ВК
2-тур (06-13 желтоқсан 2022. Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК
1-тур (02-10 қараша 2022. Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК
3-тур. Павлодар. Баянтау с/к
15 және 18 қаңтар – демалыс күндері болды
Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында
Төрешілер: А.Ахметов, Ю.Акулова, Н.Өмірзақ, С.Берденов, С.Гелисханов.
Бас қазы: В.Медведев.
Бас хатшы: Ж.Байсағұрова.
20 қаңтар
«Тараз» ВК – «Буревестник» – 3:1 (25-21, 30-32, 25-20, 25-20)
Төрешілер: Акулова, Берденов, Ахметов. Доп айырмасы: 105-93. Матч уақыты: 111 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Алматы), 1:3 (Алматы).
«Ұшқын» – «Жайық» – 0:3 (12-25, 22-25, 17-25)
Төрешілер: Өмірзақ, Ахметов, Акулова. Доп айырмасы: 51-75. Матч уақыты: 66 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу– 3:2 (Алматы), 3:0 (Алматы).
«Алтай» – «Атырау» ВК – 0:3 (18-25, 15-25, 15-25)
Төрешілер: Гелисханов, Акулова, Берденов. Доп айырмасы: 48-75. Матч уақыты: 61 минута.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 1:3 (Алматы), 0:3 (Алматы).
«Есіл СК» – «Павлодар» ВК – 3:1 (25-22, 25-22, 23-25, 25-22)
Төрешілер: Ахметов, Өмірзақ, Гелисханов. Доп айырмасы: 98-91. Матч уақыты: 111 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 2:3 (Алматы), 2:3 (Алматы).
19 қаңтар
«Жайық» – «Алтай» – 3:1 (19-25, 25-23, 25-19, 25-22)
Төрешілер: Өмірзақ, Гелисханов, Ахметов. Доп айырмасы: 94-89. Матч уақыты: 101 минута.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Алматы), 1:3 (Алматы).
«Атырау» ВК – «Тараз» ВК – 3:1 (19-25, 25-21, 25-20, 25-18)
Төрешілер: Акулова, Берденов, Гелисханов. Доп айырмасы: 94-84. Матч уақыты: 89 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Алматы), 3:0 (Алматы).
«Буревестник» – «Есіл СК» – 3:0 (25-17, 25-23, 25-18)
Төрешілер: Гелисханов, Өмірзақ, Акулова. Доп айырмасы: 75-58. Матч уақыты: 71 минута.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Алматы), 3:1 (Алматы).
«Павлодар» ВК – «Ұшқын» – 3:0 (25-21, 30-28, 25-15)
Төрешілер: Берденов, Ахметов, Өмірзақ. Доп айырмасы: 80-64. Матч уақыты: 79 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Алматы), 0:3 (Алматы).
17 қаңтар
«Есіл СК» – «Атырау» ВК – 3:1 (25-21, 12-25, 25-23, 27-25)
Төрешілер: Акулова, Берденов, Ахметов. Доп айырмасы: 89-94. Матч уақыты: 101 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Алматы), 1:3 (Алматы).
«Ұшқын» – «Буревестник» – 0:3 (22-25, 17-25, 20-25)
Төрешілер: Гелисханов, Өмірзақ, Акулова. Доп айырмасы: 59-75. Матч уақыты: 63 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 1:3 (Алматы), 0:3 (Алматы).
«Тараз» ВК – «Алтай» – 3:0 (26-24, 25-20, 30-28)
Төрешілер: Ахметов, Акулова, Берденов. Доп айырмасы: 81-72. Матч уақыты: 87 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Алматы), 3:2 (Алматы).
«Павлодар» ВК – «Жайық» – 3:0 (25-21, 25-23, 25-11)
Төрешілер: Берденов, Гелисханов, Өмірзақ. Доп айырмасы: 75-55. Матч уақыты: 81 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Алматы), 3:0 (Алматы).
16 қаңтар
«Алтай» – «Есіл СК» – 3:1 (18-25, 25-21, 25-17, 29-27)
Төрешілер: Өмірзақ, Акулова, Ахметов. Доп айырмасы: 97-90. Матч уақыты: 108 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:2 (Алматы), 0:3 (Алматы).
«Жайық» – «Тараз» ВК – 2:3 (22-25, 23-25, 25-23, 25-20, 11-15)
Төрешілер: Гелисханов, Ахметов, Акулова. Доп айырмасы: 106-108. Матч уақыты: 128 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 1:3 (Алматы), 3:0 (Алматы).
«Атырау» ВК – «Ұшқын» – 3:0 (25-15, 26-24, 25-16)
Төрешілер: Акулова, Берденов, Гелисханов. Доп айырмасы: 76-55. Матч уақыты: 68 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Алматы), 3:1 (Алматы).
«Буревестник» – «Павлодар» ВК – 3:2 (25-19, 14-25, 13-25, 25-21, 18-16)
Төрешілер: Ахметов, Өмірзақ, Берденов. Доп айырмасы: 95-106. Матч уақыты: 125 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы).
14 қаңтар
«Буревестник» – «Жайық» – 3:1 (25-23, 25-19, 21-25, 25-22)
Төрешілер: Гелисханов, Акулова, Ахметов. Доп айырмасы: 96-89. Матч уақыты: 102 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы).
«Ұшқын» – «Алтай» – 1:3 (21-25, 17-25, 25-15, 23-25)
Төрешілер: Берденов, Өмірзақ, Акулова. Доп айырмасы: 86-90. Матч уақыты: 94 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы).
«Есіл СК» – «Тараз» ВК – 1:3 (25-21, 23-25, 24-26, 19-25)
Төрешілер: Акулова, Берденов, Гелисханов. Доп айырмасы: 91-97. Матч уақыты: 109 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:2 (Алматы), 3:1 (Алматы).
«Павлодар» ВК – «Атырау» ВК – 2:3 (17-25, 19-25, 27-25, 25-23, 13-15)
Төрешілер: Өмірзақ, Ахметов, Берденов. Доп айырмасы: 101-113. Матч уақыты: 129 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 1:3 (Алматы), 2:3 (Алматы).
13 қаңтар
«Жайық» – «Есіл СК» – 3:2 (25-21, 19-25, 21-25, 26-24, 15-11)
Төрешілер: Гелисханов, Берденов, Ахметов. Доп айырмасы: 106-106. Матч уақыты: 121 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Алматы), 1:3 (Алматы).
«Тараз» ВК – «Ұшқын» – 3:0 (26-24, 25-21, 25-23)
Төрешілер: Ахметов, Гелисханов, Акулова. Доп айырмасы: 76-68. Матч уақыты: 79 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 1:3 (Алматы), 2:3 (Алматы).
«Атырау» ВК – «Буревестник» – 3:0 (25-22, 25-14, 25-20)
Төрешілер: Акулова, Өмірзақ, Берденов. Доп айырмасы: 75-56. Матч уақыты: 65 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы).
«Алтай» – «Павлодар» ВК – 1:3 (15-25, 24-26, 25-21, 16-25)
Төрешілер: Берденов, Ахметов, Өмірзақ. Доп айырмасы: 80-97. Матч уақыты: 107 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Алматы), 0:3 (Алматы).
12 қаңтар
«Атырау» ВК – «Жайық» – 3:0 (25-23, 25-23, 25-20)
Төрешілер: Өмірзақ, Акулова, Ахметов. Доп айырмасы: 75-66. Матч уақыты: 79 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Алматы), 3:0 (Алматы).
«Буревестник» – «Алтай» – 3:0 (25-22, 25-21, 25-23)
Төрешілер: Акулова, Өмірзақ, Гелисханов. Доп айырмасы: 75-66. Матч уақыты: 70 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы).
«Ұшқын» – «Есіл СК» – 3:0 (25-23, 25-19, 25-21)
Төрешілер: Берденов, Ахметов, Акулова. Доп айырмасы: 75-63. Матч уақыты: 70 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Алматы), 1:3 (Алматы).
«Павлодар» ВК – «Тараз» ВК – 3:0 (25-17, 25-23, 25-22)
Төрешілер: Ахметов, Гелисханов, Берденов. Доп айырмасы: 75-62. Матч уақыты: 76 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы).
ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ
ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК