Главная / Высшая лига / Ерлер арасындағы Жоғарғы лига – Маусым қорытындысы chempionat-rk

Ерлер арасындағы Жоғарғы лига – Маусым қорытындысы

30/04/2023

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жоғарғы лига (ерлер)

(21 қараша 2022 ж. – 26 сәуір 2023 ж.)

Ерлер арасындағы Жоғарғы лига біріншілігі 2022 жылғы 21 қараша күні Талдықорған төрінде жалауын көтеріп, 2023 жылғы 26 сәуір күні Түркістанда көмбесіне жетті. Аталған екі қаладан бөлек, қалған үш тур Қызылорда мен Ақтауда, сондай-ақ осы дивизиондағы командалар үшін бейтарап алаңда, яғни Астана қаласында өтті.

Биылғы дода ерлер арасындағы Жоғарғы лига үшін еліміздің алтыншы біріншілігі болды. Себебі, 2017/18 жылдар маусымынан бастап, бұрынғы екі Жоғарғы лига («А» және «В») қазіргі Жоғарғы және Жастар лигалары болып, екіге жіктелген (Әйелдер арасындағы ел біріншілігі дәл осылай бір жыл бұрын өзгертілген).

Былтырғы, 2021/22 жылдар маусымындағы жүлдегерлер биыл да ел біріншілігі жүлделерін өзара бөлісті. Бір жыл бұрын күміс медаль олжалаған «Тұран», биыл тұңғыш рет жеңімпаз атанды. Түркістан командасы бұл жетістікке төрт маусым бойы тер төгіп жетті. Лигаға 2019/20 жылдар маусымында қосылып, алғашқы біріншілігінде 4-орынға ие болған.

Талдықорғанның «Жетісу-Жастар» командасы да былтырғысымен салыстырғанда, биыл бір қадам алға басты. Яғни былтырғы қола жүлделер бұл жолы күміс медаль олжалап отыр. Ал «Шымкент-Динамо» ВК жігіттері биылғы маусымда екі саты төмен ығысып, қола жүлде еншіледі.

«Шымкент-Динамо» ВК – Жоғарғы лиганың үш дүркін жеңімпазы. Әрі Лиганы екі жіктегенге дейін, шымкенттіктер 2010/11-2014/15 жылдар маусымдары аралығында, бес рет қатарынан топ жарып, үстемдік құрған болатын. Оны да ұмытпауымыз керек. Биыл екінші рет қола жүлдегер атанды.

туран-1.jpg

жетысу-1.jpg

Шымкент-1.jpg

Жоғары лигада топ жарып, Ұлттық лигада өнер көрсету құқығына қол жеткізу – үлкен мәртебе. Бірақ кіл мықтылар арасында лайықты деңгейде өнер көрсету командалардың бәрі ақтай алатын үміт болмай отыр. Іс жүзінде сенім үдесінен шыққандары – тым аз. Негізі, үш команда осындай қадамға барып, бақтарын сынап көрген.

Шымкенттің «Динамо-Қазығұрт» командасы 2015/16 жылдар маусымында Ұлттық лигада бақ сынап көрді. Бірақ тұрақтап қала алмады. Ақтаудың «Маңғыстау» клубы «А» Лигасында топ жарған соң, 2017/18 жылдар маусымында Ұлттық лига чемпионатына алғаш рет қатысты. Әрі бес жыл бойы өнер көрсетіп, артынан Жоғарғы лигаға қайта оралды.

Әзірше, ең соңғы болып, мұндай батыл шешім қабылдаған – Көкшетаудың «Ұшқын» клубы. 2019/20 жылдар маусымында Жоғарғы лигада топ жарып, содан бері, міне, биыл үшінші маусымы өтті, Ұлттық лигада ойнап жүр. Ал «Тұран» тәуекелге бел буа ма? Бұл бірінші кезекте, әрине, қаржылай хал-жағдайына байланысты болады. Мәселен, әйелдер арасындағы Түркістан командасы биыл Ұлттық лигадағы алғашқы маусымында жерге қаратқан жоқ.

Жоғарғы лиганың биылғы, еліміздің үш қаласында өткен бес турында 75 матч ойналды. Осы кездесулер 285 партиядан құралды. Орта есеппен әр ойында – 3,8 сеттан. Барлық матчтардың ширек бөлігі, яғни 19 ойын тай-брейкке дейін созылды («Қайсар» мен «Маңғыстаудың» әрқайсысында – 7 матчтан). 34 матч үш партиямен шектелді. Ал 22 ойында төрт партия қажет болды. Маусым бойы осы ойындарға 4 Бас қазы мен 13 төреші қазылық етті.

Биылғы маусымда, командалар сапына барлығы 94 ойыншы тіркелді. Құрамына бәрінен көп ойыншы (17) тартқан – «Жетісу-Жастар». Ал ең аз ойыншымен (14) өнер көрсетіп шыққан ұжым – «Қайсар». Биылғы командалар құрамына тіркелген ойыншылардың толық тізімі төменде түзілген.

Туран.jpg

Жетысу.jpg

Шымкент.jpg

================================================

Командалардың маусым қорытындысындағы орындары: 1. «ТҰРАН» (Түркістан), 2. «Жетісу-Жастар» (Талдықорған), 3. «Шымкент-Динамо» ВК, 4. «Қайсар» (Қызылорда), 5.«Әлихан-Ақтөбе» ВК, 6. «Маңғыстау» (Ақтау).

================================================

Ерлер арасындағы Жоғарғы лиганың барлық жеңімпаздары:

1* = «ТҰРАН» Түркістан (2022/23);

3* = «Шымкент-Динамо» ВК / «Динамо-Қазығұрт» Шымкент (2017/18, 2018/19, 2021/22);

1* = «Ақтөбе» ВК (2020/21).

1* = «Ұшқын» (Көкшетау) (2019/20);

*2016/17 жылдар маусымына дейін Жоғарғы «А» және «В» Лигалары бөлып бөлінген

================================================

«Тұран» (Түркістан) – 2022/23 жылдардағы ҚР чемпионаты жеңімпазы: №1(к). Бибархан Шарапов (08.03.1995), №2. Ақберген Жүнісбек (01.10.1993), №5. Денис Кучеров (03.01.1996), №7(л). Бердияр Данияров (13.11.1994), №10. Асқар Ибрагимов (09.07.1992), №11. Дәурен Шақарманов (07.03.1998), №12. Болат Ділдәхан (03.04.1996), №13. Асқар Құлымбетов (01.01.1994), №14. Самат Сүлейменов (01.04.1995), №15. Әділет Әлімбек (18.06.1997), №16. Олег Веригин (06.11.1992), №17. Рахмет Әмір (03.08.1996), №18. Виктор Фельгер (03.12.1991), №33. Қуаныш Қойтаев (15.08.1990). Ұлан Бөлекбай (27.03.1997), Ербол Анарбай (28.04.2003).

Бас бапкер – Нариман СҮЛЕЙМЕНОВ (3-турдан бастап), Владимир ДЕРЕВЯНКО (1-2 турларда).

ава.jpg

================================================

ЖЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Маӊғыстау» (Ақтау): ЖЛ «А» жеңімпазы (2016/17); ҰЛ 2021/22 маусымында – 7 орын.

«Шымкент-Динамо» (Шымкент): ЖЛ 2 дүркін («Динамо-Қазығұрт/ОҚМУ-Қазығұрт) және ЖЛ «А» 4 дүркін жеңімпазы; ЖЛ-2021/22 маусымында – Жеңімпаз.

«Тұран» (Түркістан): ЖЛ-2021/22 маусымында («Тұран-Динамо») – 2 орын.

«Жетісу-Жастар» (Талдықорған): ЖЛ-2021/22 маусымында – 3 орын.

«Қайсар» (Қызылорда): ЖЛ-2021/22 маусымында – 4 орын.

«Әлихан-Ақтөбе» (Ақтөбе): ЖЛ-2021/22 маусымында («Арайлы-Ақтөбе») – 6 орын.

================================================

5-тур (21-26 сәуір 2023 ж., Түркістан). Жеңімпаз және чемпион – «Тұран»

4-тур (21-26 наурыз 2023 ж., Ақтау). Жеңімпаздар – «Тұран» және «Жетісу-Жастар»

3-тур (27 ақпан - 03 наурыз 2023 ж., Астана). Жеңімпаз – «Тұран»

2-ші тур (21-27 желтоқсан 2022 жыл, Қызылорда). Жеӊімпаз – «Жетісу-Жастар»

1-ші тур (21-27 қараша 2022 жыл, Талдықорған). Жеӊімпаз – «Жетісу-Жастар»

================================================

ҚР чемпионаты – 2022/23

5-тур (21-26 сәуір 2023 ж., Түркістан)

4-тур (21-26 наурыз 2023 ж., Ақтау)

3-тур (27 ақпан - 03 наурыз 2023 ж., Астана)

2-ші тур (21-27 желтоқсан 2022 жыл, Қызылорда)

1-ші тур (21-27 қараша 2022 жыл, Талдықорған)

Бас қазы: А.Қалиев, А,Кувшинов, А.Исабаева, И.Қабылбекова;

Төрешілер: А.Ахметов, О.Саттарова, А.Сейдехан, І.Тәкенов, М.Шамахунов, А.Әбдінәбиев, Т.Иісқалиев, Ғ.Құламетов, Е.Искаков, Т.Жүсіпбеков, А.Кирьянов, С.Сұпығалиев, Д.Шүшбаев.

04 ЖЛЕ қтк5т.png

04 ЖЛЕ чон.png

туран-2.jpg

Шымкент-2.jpg

================================================

2022/23-маусымында командалар құрамына тіркелген ойыншылар

*Жақша ішінде биылғы маусымға тіркелген ойыншылары саны көрсетілген. Ойыншылар нөмірі бесінші турдағы құрамнан алынды.

(16) «Тұран» (Түркістан) – жоғарыда берілді.

(17) «Жетісу-Жастар» (Талдықорған): №1. Алмаз Исин (28.05.1990), №2. Арлан Мұхтаров (14.11.2000), №4. Елнұр Шәмке (08.05.2001), №6. Заңғар Дубеков (01.09.1996), №7. Жеңісбай Әбдірахманов (12.09.1999), №8(к). Мәрлен Айтжанов (21.06.1996), №9. Тақжан Зайыров (30.03.1999), №10(л). Жансерік Жұмағалиев (28.12.1993), №11. Илья Таволжанский (12.06.2000), №12. Айбек Жақсылықов (29.10.1998), №13. Азамат Сейілханов (28.08.1999), №14. Шүкір Юсупов (14.09.2004), №17(л). Ислам Асым (26.01.1999), №18. Бекзат Нұрлыбай (23.01.2005). Бекзат Әбдірасылов (01.10.2000), Жәнібек Омар (19.05.2006), Ерасыл Болатұлы (20.08.2006).

Бас бапкер – Марат АДРЫШЕВ.

(16) «Шымкент-Динамо» (Шымкент): №1. Семург Турдиниязов (28.07.1999), №2. Умид Набиев (18.06.1993), №3. Сардор Абдукаримов (20.02.1996), №4. Виктор Шульга (28.09.1997), №5. Мамед Мамедов (29.07.1989), №7(к). Батырсейіт Қайырылбаев (11.05.1985), №8(л). Дмитрий Сергеев (31.01.1993), №9. Әбдіқұрман Тыналиев (06.04.1993), №10. Евгений Гурьянов (10.07.1990), №11(л). Абдузахид Абдурашидов (22.07.1987), №12. Юрий Тютин (01.03.1985), №13. Владислав Апазиди (28.04.1995), №15. Ерасыл Жанәділов (10.06.1993), №18. Хуршид Розикулов (30.08.2000). Бегзод Каримкулов (26.04.2003), Муроджон Хавазматов (27.10.2005).

Бас бапкер – Абдувохид АБДУРАШИДОВ.

(14) «Қайсар» (Қызылорда): №1(л, к). Дидар Сайын (27.08.1997), №2. Бекарыс Еген (15.04.2002), №4. Асылхан Дәуренбек (16.10.2002), №5. Бекнұр Сайрамбек (16.08.2005), №7. Ерболат Орынханов (05.09.1999), №8. Бисұлтан Бекділдә (18.02.2001), №9. Диербек Икрамов (24.04.2005), №10(л). Әнуар Болатбек (28.01.2004), №11. Төрехан Тұрсынбай (21.07.2001), №12. Ерсұлтан Сүйеркүл (16.05.2001), №13. Нұржігіт Шамау (13.10.2005), №15. Қайсар Төрехан (21.08.2003), №17. Ақжол Тұрархан (09.07.2000). Азамат Ордабеков (06.02.2000).

Бас бапкер – Нұрболат АЛТЫНБАЕВ.

(15) «Әлихан-Ақтөбе-2» ВК: №1(к). Нұрсұлтан Бимырза (10.03.1994), №2. Досбол Аймашев (07.02.2002), №3. Нұрлыбек Мақсат (17.12.2005), №4. Артур Сорокин (27.05.2004), №5. Данияр Серікбаев (06.12.1997), №7. Батыр Қожаберген (01.07.2003), №8. Асылхан Ізбергенұлы (08.07.2005), №9. Сергей Абакумов (10.03.2006), №10. Анарбек Таңбай (27.09.1994), №11(л). Төлеген Тынысқалиев (22.03.1994), №13(л). Данияр Өтесінов (05.07.2002), №14. Әділ Сүлеймен (10.08.2005), №18. Жан Мақсұтхан (20.04.2001). Егор Бургаз (14.01.2005), Әбілқайыр Амандықов (24.09.2005).

Бас бапкер – Сергей ТРИКОЗ.

(16) «Маңғыстау» (Ақтау): №1. Талғат Сақи (03.04.1999), №2. Нұрболды Құлболдыев (01.02.2007), №3(л). Нұрлан Жаңбырбайұлы (20.01.2007), №4. Асылбек Балғабай (12.08.2005), №5. Жастілек Жәнібекұлы (05.08.2005), №6. Владислав Мастихин (23.05.2007), №7(л). Ерлан Елубаев (09.03.1999), №8. Әлнұр Әбдірешев (01.03.1998), №9. Клим Рюхов (14.08.2005), №13. Руслан Чудиков (06.08.2003), №15. Біржан Сағиев (17.01.1997), №17. Дархан Аманжолов (06.01.2002), №19. Насиғат Жұматаев (18.02.2006), №22(к). Арман Асқанбаев (22.07.1996). Мағжан Теңелхан (02.10.2004), Мирас Асылбек (13.04.2005).

Бас бапкер – Ринат САТТАРОВ.

================================================

5-тур (21-26 сәуір 2023 ж., Түркістан)

Әдеттегідей, Ұйымдастыру комитеті 5-турды қорытындылап, әр команда сапындағы үздік ойыншыларды жариялады: Бердияр Данияров (№7, «Тұран»), Ерасыл Жанәділов (№15, «Динамо-Шымкент» ВК), Асылхан Ізбергенұлы (№8, «Әлихан-Ақтөбе» ВК), Азамат Сейілханов (№13, «Жетісу-Жастар»), Диербек Икрамов (№9, «Қайсар»), Нұрболды Құлболдыев (№2, «Маңғыстау»).

21 сәуір

«Шымкент-Динамо» ВК – «Қайсар» – 3:0 (25-19, 25-16, 25-18)

«Жетісу-Жастар» – «Әлихан-Ақтөбе» – 0:3 (23-25, 23-25, 16-25)

«Тұран» – «Маңғыстау» – 3:1 (22-25, 25-15, 25-17, 25-20)

22 сәуір

«Әлихан-Ақтөбе» ВК – «Шымкент-Динамо» ВК – 2:3 (19-25, 25-27, 25-20, 25-20, 9-15)

«Маңғыстау» – «Қайсар» – 2:3 (25-22, 19-25, 25-21, 18-25, 4-15)

«Тұран» – «Жетісу-Жастар» – 3:1 (23-25, 25-17, 25-22, 29-27)

23 сәуір

«Қайсар» – «Әлихан-Ақтөбе» ВК – 2:3 (25-27, 25-21, 20-25, 27-25, 14-16)

«Жетісу-Жастар» – «Маңғыстау» – 3:0 (25-22, 25-21, 25-22)

«Шымкент-Динамо» ВК – «Тұран» – 1:3 (37-35, 19-25, 19-25, 21-25)

25 сәуір

«Маңғыстау» – «Әлихан-Ақтөбе» – 1:3 (23-25, 20-25, 25-20, 19-25)

«Жетісу-Жастар» – «Шымкент-Динамо» ВК – 3:2 (19-25, 25-27, 25-19, 25-21, 17-15)

«Тұран» – «Қайсар» – 1:3 (18-25, 25-21, 16-25, 24-26)

26 сәуір

«Шымкент-Динамо» ВК – «Маңғыстау» – 3:0 (26-24, 25-23, 25-10)

«Қайсар» – «Жетісу-Жастар» – 1:3 (27-25, 18-25, 22-25, 16-25)

«Әлихан-Ақтөбе» – «Тұран» – 0:3 (19-25, 23-25, 13-25)

================================================

Туран.jpg

Жетысу.jpg

Шымкент.jpg

Кайсар.jpg

Актобе.jpg

Мангыстау.jpg

================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика