Главная / Главные Новости / Ерлер арасындағы Ұлтық лигада чемпион өзгерді chempionat-rk

Ерлер арасындағы Ұлтық лигада чемпион өзгерді

08/04/2023

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Ұлттық лига «1XBET» (ерлер)

(2 қараша 2022 ж. – 6 сәуір 2023 ж.)

Биыл ерлер арасындағы Ұлттық лига додасы барлық дивизиондардағы ойындардан бұрын басталды. Нақтырақ айтқанда, отыз бірінші ел чемпионаты 2022 жылы 2 қараша күні Алматы қаласында жалауын көтеріп, одан кейін Павлодар мен Атырау көрермендерін қызыққа бөлеп, 2023 жылы 6 сәуірде Павлодарда көмбесіне жетті.

аким.jpg

Шешуші кезеңдегі плей-офф додасы елімізге еңбек сіңірген жаттықтырушы Юрий Канды еске түсіруге арналып, жалпы саны 20 ойын өтті. Ал, жалпы, биылғы ел чемпионатында, барлығы 132 матч ойналды. Ертіс жағасындағы шешуші сында 79 партияның куәсі болсақ, жалпы ел чемпионатындағы барлық ойын 505 сеттен құралды.

Биылғы маусымда командалар құрамына тіркелген ойыншылар саны 116 болды. Олардың жиырма бірі – легионер. Ал плей-офф сатысында 20 шетелдік ойыншы өнер көрсетті. Бұлардың екеуі маусым қорытындысы бойынша үздік ойыншылар қатарына ілікті. Ал ресейлік Никита Козлов Лигадағы MVP мәртебесіне ие болды.

Маусым бойы бәрінен көп ойын (34 матчтан) өткізген командалар, турнир кестесін түйіндеген – «Жайық» пен «Алтай». Бәрінен аз ойын (32 матчтан) өткізген «Павлодар» ВК және «Буревестник» болды. Биылғы маусымда ең көп жеңіске жеткен және бәрінен аз ұтылған – «Атырау» ВК. Ал керісінше, яғни бәрінен жеңісі аз, ал жеңілісі көп команда «Алтай» болып шықты.

«Павлодар» ВК өз тарихында тұңғыш рет ел чемпионы атанды. Тоқсаныншы жылдардың ортасында (1993/94 – 1995/96) Керекудің «Мәди» клубы екі рет күміс жүлдеге ие болып, бір рет қола медаль олжалаған. Ал «Павлодар» ВК болса, 2014/15 – 2017/18 жылдары Ұлттық лигада үш мәрте күміс жүлдегер атанып, бір рет қола медаль иеленген. Павлодарлықтардың бас бапкері Игорь Никольченко үшін бұл – Қазақстан чемпионатындағы үшінші алтын. Бұған дейін Ұлттық құраманың экс-бапкері екі рет Өскеменнің «Алтай» клубымен чемпион болған (2015/16 және 2016/17 жж.).

вк павлодар.jpg

«Атырау» ВК өз тарихында тоғызыншы рет күміс медаль еншіледі. 14 мамыр күні мұнайшылар клубтық Азия чемпионатындағы алғашқы ойынын өткізеді. Осыдан бес жыл бұрын олар финалға дейін жетіп, Иран клубынан ұтылған. Енді Бахрейнде де атыраулықтар өздерінің үздік ойын өрнектерін көрсетедлі деп үміттенеміз.

вк атырау.jpg

Қола жүлдені Алматының «Буревестник» клубы иеленді. Екі жыл қатарынан ел чемпионы болған команда биыл екінші маусым қатарынан үшінші орынға ие болып отыр.

Биыл ерлер арасындағы Ұлттық лига ойындарына 2 Бас қазы және 9 төреші қызмет көрсетті. Ел чемпионатының биылғы 132 ойыны еліміздің үш қаласында өтті. Бір қызығы, сол үшеуінің үкілеп қосқан клубтары жүлделі орындарға ие болды.

Маусым бойы құрамына ең көп ойыншы тартқан ұжымдар «Ұшқын» мен «Алтай» болды – 17 волейболшыдан. Ал ең аз құраммен, яғни 15 ойыншымен өнер көрсетіп шыққан ұжымдар – «Павлодар» ВК, «Атырау» ВК және «Есіл СК». Жалпы, биылғы ел чемпионаты мен плей-офф додасына қатысқандар командалар құрамын бөлек жариялап отырмыз.

Биылғы ерлер арасындағы ХХХІ Қазақстан чемпионатының қорытындысы – осындай. Негізгі ерекшелігі волейбол тарихына жаңа чемпион сыйлады. Ал бұл еліміздің чемпиондары картасына тоғызыншы қала болып тіркелді.

============================================

ҰЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Атырау» ВК: ҚР 3 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы.

«Есіл СК» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Буревестник» (Алматы): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Тараз» ВК: ҚР чемпионы – 2014/15; ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай» (Өскемен): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Павлодар» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ұшқын» (Көкшетау): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын

«Жайык» (Орал): ҚР 2 дүркін чемпионы; 2021/22 маусымы – Жоғарғы Лигада

============================================

Плей-офф (31 наурыз – 6 сәуір 2023, Павлодар). Чемпион – «Павлодар» ВК

2022/23 жылдар маусымының негізгі додасы (02 қараша 2022ж. – 21 ақпан 2023 ж.; Алматы, Павлодар, Атырау). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

4-тур (13 – 21 ақпан 2023. Атырау). Жеңімпаз – «Тараз» ВК

3-тур (12-20 қаңтар 2023 ж., Павлодар). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

2-тур (06-13 желтоқсан 2022 ж., Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

1-тур (02-10 қараша 2022 ж., Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

============================================

Командалардың маусым қорытындысындағы орындары: 1. «ПАВЛОДАР» ВК, 6. «Атырау» ВК, 3. «Буревестник» (Алматы), 4. «Тараз» ВК, 5. «Есіл-СК» (Петропавл), 6. «Ұшқын» (Көкшетау), 7. «Жайық» (Орал), 8. «Алтай» (Өскемен).

============================================

«Павлодар» ВК – ҚР чемпионы-2022/23: №1(л). Азамат Балағазинов (31.01.1992), №3. Марк Истомин (07.02.2003), №4. Рустам Гилязутдинов (25.03.1995), №6. Никита Козлов (Ресей, 04.12.1987,), №7. Максим Мищенко (10.09.1990), №8(л). Әнуар Қалиев (27.05.2002), №9. Айзат Азмахан (21.04.2003), №11(к). Нияз Нұрғазин (13.10.1999), №14. Алмаз Қарыш (26.08.1998), №17. Эдуард Погребняк (23.09.1996), №18. Роман Егоров (Ресей, 11.02.1986), №20. Нұрғали Қожатаев (27.05.1994), №23. Асқар Серік (28.09.1997), №27. Илья Морозов (Беларусь, 12.05.2002). Михаил Бобков (31.08.1996).

Бас бапкер – Игорь НИКОЛЬЧЕНКО

павлик.jpg

============================================

2022/23 маусымындағы үздік ойыншылар

Үздік шабуылшылар: Виталий Вориводин («Буревестник»), Айбат Нетәлин («Атырау» ВК)

Үздік тосқауыл қоюшылар: Нодирхан Қадырханов («Атырау» ВК), Асқар Серік («Павлодар» ВК)

Үздік либеро: Ерікжан Бөкен («Тараз» ВК)

Үздік қиғаш ұратын: Максим Мищенко («Павлодар» ВК)

Үздік үйлестіруші: Роман Егоров (Ресей, «Павлодар» ВК)

MVP (ең бағалы және пайдалы ойыншы): Никита КОЗЛОВ (Ресей, «Павлодар» ВК)

лучшие игроки.jpg

============================================

ҚР чемпионаты-2022/23

Плей-офф (31 наурыз - 06 сәуір 2023 ж., Павлодар)

4-тур (13-21 ақпан 2023 ж., Атырау)

3-тур (12-20 қаңтар 2023 ж., Павлодар)

2-тур (06-13 желтоқсан 2022 ж., Алматы)

1-тур (02-10 қараша 2022 ж., Алматы)

Бас қазылар: Е.Сырлыбаев, В.Медведев; Төрешілер: А.Ахметов, И.Қабылбекова, Ю.Акулова, Н.Өмірзақ, А.Қалиев, С.Берденов, М.Шамахунов, С.Гелисханов, Б.Сүйіндіков.

04 08 ҰЛЕ жтк.png

============================================

Плей-офф (31 наурыз – 06 сәуір 2023 ж., Павлодар)

Юрий КАНды еске түсіруге арналған

ФИНАЛ (04-05.04.): «ПАВЛОДАР» ВК – «Атырау» ВК – 3:2 (26-24, 25-23, 28-30, 17-25, 16-14) және 3:2 (20-25, 25-20, 19-25, 25-18, 15-11).

3-орын үшін (04-05.04.): «БУРЕВЕСТНИК» – «Тараз» ВК – 3:0 (25- 18, 25-21, 25-18) және 3:0 (25-16, 26-24, 25-21).

5-орын үшін (04-05.04.): «Ұшқын» – «ЕСІЛ СК» – 1:3 (21-25, 25-22, 28-30, 19-25) және 0:3 (23-25, 15-25, 20-25).

7-орын үшін (04-06.04.): «ЖАЙЫҚ» – «Алтай» – 0:3 (23-25, 25-27, 23- 25) және 3:1 (25-20, 22-25, 25-21, 26-24) һәм 3:0 (25-15, 25-22, 25-19).

Жартылай финал (31.03.-02.04):

«АТЫРАУ» ВК – «Тараз» ВК – 2:3 (25-19, 22-25, 25-22, 28-30, 14-16) және 3:0 (25-22, 25-22, 31-29) һәм 3:2 (25-27, 25-19, 22-25, 25-23, 15-10); «Буревестник» – «ПАВЛОДАР» ВК – 1:3 (21-25, 21-25, 25-23, 20-25) және 1:3 (23-25, 25-16, 21-25, 13-25).

5-8 орындар үшін (31.03.-02.04):

«ЕСІЛ СК» – «Алтай» – 3:0 (25-17, 25-22, 27-25) және 2:3 (25-19, 20-25, 16-25, 25-23, 13-15) һәм 3:1 (25-19, 19-25, 25-22, 25-22); «ҰШҚЫН» – «Жайық» – 3:2 (25-20, 21-25, 22-25, 25-23, 15-9) және 0:3 (13-25, 21-25, 22-25) һәм 3:2 (25-16, 23-25, 20-25, 25-23, 15-11).

04 08 ҰЛЕ_он.png

============================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика