Главная / Главные Новости / Ерке Ертіс бойында – Бас бапкер де шықты алаңға chempionat-rk

Ерке Ертіс бойында – Бас бапкер де шықты алаңға

22/01/2023

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Ұлттық лига «1XBET» (ерлер)

3-тур (12-20 қаӊтар 2023, Павлодар)

Ерлер арасындағы Ұлттық лига додасының негізгі бөлігі көмбесіне тақай түсті. Лига командалары Жаңа жылда ел волейболшылары ішінде алғаш болып, үшінші турды өткізді.

Ертіс жағасында өткен турды шартты түрде екі бөлікке жіктеуге болады. Біріншісі, көш басындағы үштік плей-офф сатысында бақ сынау құқығына әлден қол жеткізді. Рас, «Павлодар» командасы үшін бұл тұрғыда, әлде де бірер жеңіс қажет. Әйтсе де, И.Никольченко шәкірттерінің үздік төрттікке ілігеріне ешкім де күмән келтіре алмайды. Ал былтырғы маусымдағы чемпионымыз «Атырау» мен «Буревестникке» келер болсақ, оларға қазірден бастап-ақ жартылай финалға дайындала беруге болады.

Павлодар туры жіктеп берген екінші үштік жартылай финалда додаға түсуге құқық беретін төртінші жолдамаға таласады. Әрі бұған тікелей ықпал еткен көшбасшылардың өздері болды. Себебі олар тура осы, әрбір ұпай ауадай қажет болған ұжымдардан ұтылып қалды. Нәтижесі – турнир кестесінде. «Ұшқын», «Тараз» және «Есіл СК» командалары бір-бірімен «иық» тіресіп тұр. Араларын бір ғана ұпай бөліп тұрғандықтан, мүмкіндіктері бірдей деп айтуға да болады. Енді қайсының төртінші орынға ие болатыны, төртінші турда анықталады.

Көкше клубы үшінші турда кібіртіктеп, Ертіс бойында бір ғана жеңіспен шектелді. Негізі, «Ұшқын» Алматыдағы екі турда 11 ұпайдан еншілеген болатын. Әзірше, дәл осы қомақты қорының арқасында ғана... төртінші орыннан тапжылмай тұр.

Ал «Тараз» болса, керісінше, Павлодарда бастапқы екі турдағыдан да көп ұпай олжалады. Былтыр ғана клубтық Азия чемпионатында еліміздің намысын қорғаған команда Алматыдағы 14 ойында үш рет қана жеңіске жеткен болатын. Ертіс жағасында Ю.Башкатовтың өзі шәкірттерін алаңға бастап шығып, үшінші турдағы ең үздік ұжымдардың бірі болды. Тек көш басында әуелден қара үзіп кеткен екі командаға ғана жете алмады демесек, қалғанынан асып түсті. Әрі өзінен 12 ұпай ұзап кеткен «Ұшқынның» өкшесін басты. Павлодар турынан кейін бұл айырма бір ұпайға дейін қысқарды. Тараздықтар бұған дейін «Есіл СК» командасынан да 7 ұпай кем жинаған болатын. Ал қазір...

Қызылжар командасы болса, үшінші турда екі рет қана жеңіске жетті. Бірақ қандай ұжымдарды ұтты десеңізші?! Барлық қарсыласын оңды-солды «жайпап» келе жатқан еліміздің былтырғы маусымдағы чемпионын тізе бүктірді. Иә, 18 матч бойы жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген «Атырауды» алып «соқты». Ал Павлодар турындағы соңғы ойын күні, әрі соңғы матчта А.Теренин шәкірттері алаң иелерінен басым түсті. Алматыда өткен екі турда «Есіл СК» дәл осы павлодарлықтан екі мәрте тай-брейкте есе жіберіп алған еді. Осыны ескерсек, бұл жеңістің қызылжарлықтар үшін қай жағынан алсақ та, өте маңызды екенін түсінуге болады. Өйткені «Есіл ерлері» осы жеңістерінің арқасында «Тараз» ВК командасымен теңесіп, «Ұшқынмен» арасын бір ұпайға дейін қысқартты. Ақпан айында Атырауда өтетін соңғы турда осы үшеуінің қайсы оза шабады, оны уақыт көрсетеді.

«Жайық» та Павлодар турындағы нәтижесі өз көңілінен шығатын ұжымның бірі болды, деуге тұрады. Ұлттық лигаға биыл ғана қосылған команда бұған дейінгі екі турдың әрқайсысында бір жеңіспен шектелген. Ал бас бапкері А.Стольниковті А.Юдинге алмастырған соң, оралдықтар үш ойында жеңіске жетіп қана қоймай, соңғы орыннан жоғары көтеріліп, Өскеменнің «Алтайының» алдын орады. Әйтсе де, қайсысы аутсайдер екенін төртінші турда білетін боламыз.

Төртінші тур 12-22 ақпан аралығында Атырау төрінде өтеді.

ҰЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Атырау» ВК: ҚР 3 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы.

«Есіл СК» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Буревестник» (Алматы): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Тараз» ВК: ҚР чемпионы – 2014/15; ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай» (Өскемен): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Павлодар» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ұшқын» (Көкшетау): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын

«Жайык» (Орал): ҚР 2 дүркін чемпионы; 2021/22 маусымы – Жоғарғы Лигада

4-тур (12-22 ақпан 2023. Атырау)

3-тур (12-20 қаңтар 2023. Павлодар). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

2-тур (06-13 желтоқсан 2022. Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

1-тур (02-10 қараша 2022. Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

3-тур. Павлодар. Баянтау с/к

  • 15 және 18 қаңтар – демалыс күндері болды

  • Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында

Бас қазы: В.Медведев. Төрешілер: А.Ахметов, Ю.Акулова, Н.Өмірзақ, С.Берденов, С.Гелисханов.

22_01_Э 3тК.png

22_01_Э 3тШах.png

22_01_Э 3 т_ТК.png

22_01_Э 3 т_Шах.png

12 қаңтар

«Атырау» ВК – «Жайық» – 3:0 (25-23, 25-23, 25-20)

«Буревестник» – «Алтай» – 3:0 (25-22, 25-21, 25-23)

«Ұшқын» – «Есіл СК» – 3:0 (25-23, 25-19, 25-21)

«Павлодар» ВК – «Тараз» ВК – 3:0 (25-17, 25-23, 25-22)

13 қаңтар

«Жайық» – «Есіл СК» – 3:2 (25-21, 19-25, 21-25, 26-24, 15-11)

«Тараз» ВК – «Ұшқын» – 3:0 (26-24, 25-21, 25-23)

«Атырау» ВК – «Буревестник» – 3:0 (25-22, 25-14, 25-20)

«Алтай» – «Павлодар» ВК – 1:3 (15-25, 24-26, 25-21, 16-25)

14 қаңтар

«Буревестник» – «Жайық» – 3:1 (25-23, 25-19, 21-25, 25-22)

«Ұшқын» – «Алтай» – 1:3 (21-25, 17-25, 25-15, 23-25)

«Есіл СК» – «Тараз» ВК – 1:3 (25-21, 23-25, 24-26, 19-25)

«Павлодар» ВК – «Атырау» ВК – 2:3 (17-25, 19-25, 27-25, 25-23, 13-15)

16 қаңтар

«Алтай» – «Есіл СК» – 3:1 (18-25, 25-21, 25-17, 29-27)

«Жайық» – «Тараз» ВК – 2:3 (22-25, 23-25, 25-23, 25-20, 11-15)

«Атырау» ВК – «Ұшқын» – 3:0 (25-15, 26-24, 25-16)

«Буревестник» – «Павлодар» ВК – 3:2 (25-19, 14-25, 13-25, 25-21, 18-16)

17 қаңтар

«Есіл СК» – «Атырау» ВК – 3:1 (25-21, 12-25, 25-23, 27-25)

«Ұшқын» – «Буревестник» – 0:3 (22-25, 17-25, 20-25)

«Тараз» ВК – «Алтай» – 3:0 (26-24, 25-20, 30-28)

«Павлодар» ВК – «Жайық» – 3:0 (25-21, 25-23, 25-11)

19 қаңтар

«Жайық» – «Алтай» – 3:1 (19-25, 25-23, 25-19, 25-22)

«Атырау» ВК – «Тараз» ВК – 3:1 (19-25, 25-21, 25-20, 25-18)

«Буревестник» – «Есіл СК» – 3:0 (25-17, 25-23, 25-18)

«Павлодар» ВК – «Ұшқын» – 3:0 (25-21, 30-28, 25-15)

20 қаңтар

«Тараз» ВК – «Буревестник» – 3:1 (25-21, 30-32, 25-20, 25-20)

«Ұшқын» – «Жайық» – 0:3 (12-25, 22-25, 17-25)

«Алтай» – «Атырау» ВК – 0:3 (18-25, 15-25, 15-25)

«Есіл СК» – «Павлодар» ВК – 3:1 (25-22, 25-22, 23-25, 25-22)

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика