Главная / Главные Новости / Ел чемпионы бірінші рет ұтылды chempionat-rk

Ел чемпионы бірінші рет ұтылды

18/01/2023

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Ұлттық лига «1XBET» (ерлер)

3-тур (12-20 қаӊтар 2023, Павлодар)

Павлодарда додаға түсіп жатқан Ұлттық лига клубтары, үшінші турда, енді екі ойыннан өткізеді. Бес күнгі ойындар қорытындысы бойынша, бұл турда төрт команда 11 ұпайдан еншілеп, дода көрігін қыздыра түсті.

Турдың бел ортасы дүйсенбіде өткен, бір күндік демалыстан кейінгі, төртінші күнгі матчтар болды. Әрі сенбі күнгі ойындар секілді тартысты өтіп, ойын уақыттары ұзаққа созылып, еншілеген ұпайлары қомақты болды. Әуелі «Жайық» жігіттері «Тараз» тарландарымен ұзақ «жағаласты». Содан кейін «Буревестник» алаң иелеріне дес бермеді. Екі матч та тай-брейкке ұласып, оңтүстіктен келген ұжымдардың бақтары жанды.

Осы бессеттік екі матчтың ортасында еліміздің былтырғы маусымдағы чемпионы «Атырау» жігіттері «Ұшқын» ұландарын ұтып, плей-оффта додаға түсетін төрттікке әлден ілікті. Ал сейсенбі күні таңертең көпшілікті «таң» қалдырды. «Есіл СК» ерлерімен өткен матчта жаза басып, биылғы маусымда алғаш рет ұтылды. Әрі 18 ойынға созылған жеңісті жолы үзілді. Басқасы басқа, бірақ чемпионды сүріндірген – былтырғы вице-чемпион, яғни қызылжарлықтар.

Сөйтіп, турнир кестесінде «нөль» саны мүлдем құрыды. Ешбір клубтан ұтылмай келген атыраулықтар да сүрінді. Сәрсенбі – үшінші турдағы екінші демалыс күні. Ал жұма күні командалар Ертіс жағасындағы соңғы ойындарын өткізеді.

3-турдағы ойындар сағат 10:00-де, 12:30-да, 15:00-де және 17:30-да басталады.

ҰЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Атырау» ВК: ҚР 3 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы.

«Есіл СК» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Буревестник» (Алматы): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Тараз» ВК: ҚР чемпионы – 2014/15; ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай» (Өскемен): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Павлодар» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ұшқын» (Көкшетау): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын

«Жайык» (Орал): ҚР 2 дүркін чемпионы; 2021/22 маусымы – Жоғарғы Лигада

3-тур (12-20 қаңтар 2023. Павлодар)

2-тур (06-13 желтоқсан 2022. Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

1-тур (02-10 қараша 2022. Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

3-тур. Павлодар. Баянтау с/к

  • Астана уақытымен

  • 15 және 18 қаңтар – демалыс күндері

  • Барлық ойындар тікелей эфирде ҚВФ ресми Youtube-арнасында көрсетіледі.

Кейбір ойындар «QAZSPORT» арнасы арқылы тікелей эфирде таратылады.

Төрешілер: А.Ахметов, Ю.Акулова, Н.Өмірзақ, С.Берденов, С.Гелисханов.

Бас қазы: В.Медведев.

Бас хатшы: Ж.Байсағұрова.

181 УЛ 45.png

181 УЛ т3.png

19 қаңтар (бейсенбі)

(10:00) «Жайық» – «Алтай»

(12:30) «Атырау» ВК – «Тараз» ВК

(15:00) «Буревестник» – «Есіл СК»

(17:30) «Павлодар» ВК – «Ұшқын»

20 қаңтар (жұма)

(10:00) «Тараз» ВК – «Буревестник»

(12:30) «Ұшқын» – «Жайық»

(15:00) «Алтай» – «Атырау» ВК

(17:30) «Есіл СК» – «Павлодар» ВК

17 қаңтар

«Есіл СК» – «Атырау» ВК – 3:1 (25-21, 12-25, 25-23, 27-25)

Төрешілер: Акулова, Берденов, Ахметов. Доп айырмасы: 89-94. Матч уақыты: 101 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Алматы), 1:3 (Алматы).

«Ұшқын» – «Буревестник» – 0:3 (22-25, 17-25, 20-25)

Төрешілер: Гелисханов, Өмірзақ, Акулова. Доп айырмасы: 59-75. Матч уақыты: 63 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 1:3 (Алматы), 0:3 (Алматы).

«Тараз» ВК – «Алтай» – 3:0 (26-24, 25-20, 30-28)

Төрешілер: Ахметов, Акулова, Берденов. Доп айырмасы: 81-72. Матч уақыты: 87 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Алматы), 3:2 (Алматы).

«Павлодар» ВК – «Жайық» – 3:0 (25-21, 25-23, 25-11)

Төрешілер: Берденов, Гелисханов, Өмірзақ. Доп айырмасы: 75-55. Матч уақыты: 81 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Алматы), 3:0 (Алматы).

16 қаңтар

«Алтай» – «Есіл СК» – 3:1 (18-25, 25-21, 25-17, 29-27)

Төрешілер: Өмірзақ, Акулова, Ахметов. Доп айырмасы: 97-90. Матч уақыты: 108 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:2 (Алматы), 0:3 (Алматы).

«Жайық» – «Тараз» ВК – 2:3 (22-25, 23-25, 25-23, 25-20, 11-15)

Төрешілер: Гелисханов, Ахметов, Акулова. Доп айырмасы: 106-108. Матч уақыты: 128 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 1:3 (Алматы), 3:0 (Алматы).

«Атырау» ВК – «Ұшқын» – 3:0 (25-15, 26-24, 25-16)

Төрешілер: Акулова, Берденов, Гелисханов. Доп айырмасы: 76-55. Матч уақыты: 68 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Алматы), 3:1 (Алматы).

«Буревестник» – «Павлодар» ВК – 3:2 (25-19, 14-25, 13-25, 25-21, 18-16)

Төрешілер: Ахметов, Өмірзақ, Берденов. Доп айырмасы: 95-106. Матч уақыты: 125 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы).

14 қаңтар

«Буревестник» – «Жайық» – 3:1 (25-23, 25-19, 21-25, 25-22)

Төрешілер: Гелисханов, Акулова, Ахметов. Доп айырмасы: 96-89. Матч уақыты: 102 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы).

«Ұшқын» – «Алтай» – 1:3 (21-25, 17-25, 25-15, 23-25)

Төрешілер: Берденов, Өмірзақ, Акулова. Доп айырмасы: 86-90. Матч уақыты: 94 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы).

«Есіл СК» – «Тараз» ВК – 1:3 (25-21, 23-25, 24-26, 19-25)

Төрешілер: Акулова, Берденов, Гелисханов. Доп айырмасы: 91-97. Матч уақыты: 109 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:2 (Алматы), 3:1 (Алматы).

«Павлодар» ВК – «Атырау» ВК – 2:3 (17-25, 19-25, 27-25, 25-23, 13-15)

Төрешілер: Өмірзақ, Ахметов, Берденов. Доп айырмасы: 101-113. Матч уақыты: 129 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 1:3 (Алматы), 2:3 (Алматы).

13 қаңтар

«Жайық» – «Есіл СК» – 3:2 (25-21, 19-25, 21-25, 26-24, 15-11)

Төрешілер: Гелисханов, Берденов, Ахметов. Доп айырмасы: 106-106. Матч уақыты: 121 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Алматы), 1:3 (Алматы).

«Тараз» ВК – «Ұшқын» – 3:0 (26-24, 25-21, 25-23)

Төрешілер: Ахметов, Гелисханов, Акулова. Доп айырмасы: 76-68. Матч уақыты: 79 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 1:3 (Алматы), 2:3 (Алматы).

«Атырау» ВК – «Буревестник» – 3:0 (25-22, 25-14, 25-20)

Төрешілер: Акулова, Өмірзақ, Берденов. Доп айырмасы: 75-56. Матч уақыты: 65 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы).

«Алтай» – «Павлодар» ВК – 1:3 (15-25, 24-26, 25-21, 16-25)

Төрешілер: Берденов, Ахметов, Өмірзақ. Доп айырмасы: 80-97. Матч уақыты: 107 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Алматы), 0:3 (Алматы).

12 қаңтар

«Атырау» ВК – «Жайық» – 3:0 (25-23, 25-23, 25-20)

Төрешілер: Өмірзақ, Акулова, Ахметов. Доп айырмасы: 75-66. Матч уақыты: 79 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Алматы), 3:0 (Алматы).

«Буревестник» – «Алтай» – 3:0 (25-22, 25-21, 25-23)

Төрешілер: Акулова, Өмірзақ, Гелисханов. Доп айырмасы: 75-66. Матч уақыты: 70 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы).

«Ұшқын» – «Есіл СК» – 3:0 (25-23, 25-19, 25-21)

Төрешілер: Берденов, Ахметов, Акулова. Доп айырмасы: 75-63. Матч уақыты: 70 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Алматы), 1:3 (Алматы).

«Павлодар» ВК – «Тараз» ВК – 3:0 (25-17, 25-23, 25-22)

Төрешілер: Ахметов, Гелисханов, Берденов. Доп айырмасы: 75-62. Матч уақыты: 76 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы).

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика