Главная / Главные Новости / Екінші тур – жер жәннаты Жетісуда chempionat-rk

Екінші тур – жер жәннаты Жетісуда

20/12/2022

ХХХІ ҚР чемпионаты-2022/23.

Ұлттық лига 1ХBET (әйелдер)

2-ші тур (21-26 желтоқсан 2022 жыл, Талдықорған)

Сәрсенбі күні, 21 желтоқсанда, Талдықорғанда «1XBET» 2022/23 ҚР чемпионатының әйелдер арасындағы Ұлттық лигасында бірінші айналымның екінші туры басталады. Осы турдағы 25 ойын бірінші айналымды қорытындылайды.

Қараша айында, Петропавл қаласында өткен бірінші турда, былтырғы ел чемпионы, яғни «Алтай» (Өскемен) клубы жүз пайыздық көрсеткішпен көш бастады. «Қуаныш» пен «Ертіс» бір ойында ұтылды. Көшбасшы Петропавл командасымен бірінші турда кездесіп, әрі сол матчта 2022 жылғы ел Суперкубогын сарапқа салса, павлодарлықтармен «Алтай» сәрсенбі күні ойнайды. Бұл осы турдағы бірінші ойын күні болғанымен, Ұлттық лиганың биылғы додасындағы жетінші күні болады.

Ал «Ертіс» келесі ойын күні, яғни бейсенбіде Азияның клубтық чемпионымен кездеседі. Жақында ғана Анталияда аяқталған клубтық Әлем чемпионатынан «Қуаныштың» қандай көңіл-күймен оралғандығын тек осы ойындар көрсетеді. Бір анығы, бұл жолы қарашада өткен бірінші турдағыдай және қазанда сарапқа салынған ҚР 2022-кубогындай қызылжарлықтарға өз алаңы «жауапкершілігі» басып тұрмайды.

Ұлттық лигадағы чемпиондық атағы бәрінен асып түсетін «Жетісу» клубына турнир кестесіндегі жағдайын түзеу керек. Әрі бұл турды олар өз жерінде өткізеді.

Әр күнде өтетін бес ойынның төртеуі «Қазспорт» телеарнасында тікелей эфир арқылы көрсетіледі. Ал бұл турдағы матчтар 10:00-де, 12:30-да, 13:00-де (екінші ойын залында), 15:00-де және 17:30-да басталады.

ҰЛ (Ә) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Алтай» (Өскемен): 6 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы

«Жетісу» (Талдықорған): 8 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Қуаныш» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Алматы» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Қарағанды» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Айқаракөз» (Талдықорған): ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ертіс» (Павлодар): 3 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 7 орын

«Алтай-2» (Өскемен): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын

«Ару-Астана» (Астана): ҰЛ 2021/22 маусымында – 9 орын

«Қуаныш СК» (Петропавл): алғашқы маусымы; U-23 додасы, 2021/22 маусымында – жеңімпаз

«Тұран» (Түркістан): алғашқы маусымы; ЖЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

2-айналым, 3-тур (21-28 қаңтар 2023. Өскемен)

1-айналым, 2-тур (20-27 желтоқсан 2022. Талдықорған)

1-айналым, 1-тур (16-22 қараша 2022. Петропавл). Лидер – «Алтай» (5 ойын, 15 ұпай)

1-айналым, 2-тур (21-26 желтоқсан 2022 г., Талдықорған)

Талдықорған. «Жастар» СК

* Астана уақытымен

  • * 24 желтоқсан – демалыс күні

  • * TV – Ойындар «QAZSPORT» арнасында тікелей эфир арқылы көрсетіледі

  • * Барлық ойындар тікелей эфирде ҚВФ ресми Youtube-арнасында көрсетіледі

20-ҰЛӘ Т.png

20-ҰЛӘ Р.png

21 желтоқсан (сәрсенбі)

(13:00) «Ару-Астана» – «Тұран»

(10:00, TV) «Айқаракөз» – «Қуаныш»

(12:30, TV) «Ертіс» – «Алтай»

(15:00, TV) «Алтай-2» – «Қуаныш СК»

(17:30, TV) «Қарағанды» ВК – «Жетісу»

«Алматы» – дем алады

22 желтоқсан (бейсенбі)

(13:00) «Қуаныш СК» – «Ару-Астана»

(10:00, TV) «Алтай» – «Алтай-2»

(12:30, TV) «Куаныш» – «Ертіс»

(15:00, TV) «Алматы» ВК – «Қарағанды» ВК

(17:30, TV) «Жетісу» – «Айқаракөз»

«Тұран» – дем алады

23 желтоқсан (жұма)

(13:00) «Тұран» – «Қуаныш СК»

(10:00, TV) «Ару-Астана» – «Алтай»

(12:30, TV) «Алтай-2» – «Қуаныш»

(15:00, TV) «Айқаракөз» – «Алматы» ВК

(17:30, TV) «Ертіс» – «Жетісу»

«Қарағанды» ВК – дем алады

25 желтоқсан (жексенбі)

(13:00) «Қуаныш» – «Ару-Астана»

(10:00, TV) «Қарағанды» ВК – «Айқаракөз»

(12:30, TV) «Алматы» ВК – «Ертіс»

(15:00, TV) «Алтай» – «Тұран»

(17:30, TV) «Жетісу» – «Алтай-2»

«Қуаныш СК» – дем алады

26 желтоқсан (дүйсенбі)

(13:00) «Тұран» – «Қуаныш»

(10:00, TV) «Қуаныш СК» – «Алтай»

(12:30, TV) «Ертіс» – «Қарағанды» ВК

(15:00, TV) «Алтай-2» – «Алматы» ВК

(17:30, TV) «Ару-Астана» – «Жетісу»

«Айқаракөз» – дем алады

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика