Главная / Высшая лига / Екінші тур да - Шымкентте chempionat-rk

Екінші тур да - Шымкентте

10/12/2022

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жоғарғы лига (әйелдер)

2-ші тур (11-16 желтоқсан 2022, Шымкент)

Жексенбі күні, 11 желтоқсанда, Жоғарғы лиганың әйелдер арасындағы додасында бақ сынайтын командалар екінші турды бастайды. Бірінші тур секілді бұл да Шымкент шаһарында өтеді.

Қараша айында алаң иелері жүз пайыздық көрсеткішпен турнир кестесінде жеке-дара көш бастаған. Лиганың былтырғы маусымдағы жеңімпазының, яғни «Тараз» ВК аруларының – олардан бір жеңісі кем. Үздік үштікке Орал сұлулары да сән беріп тұр. Одан кейінгі орындарға дивизионға биыл ғана қосылған «Ақтөбе» ВК және «Атырау» ВК қыздары қатар орналасқан. Ал турнир кестесін Теміртау «қарлығаштары» тұйықтап тұр. Бұл ұжымның сапында 14-17 жастағы бойжеткендер шыңдалып жүр.

Осы лигадағы клубтардың мақсат-мұраттары бірінші турда-ақ байқалды. Шымкент командасының сапында анда-санда тәжірибелі, 2019 жылы соңғы Азия ойындарында ел құрамасының сапында либеро міндетін атқарған Валерия Рылованың және Азия ойындары мен 2018 жылғы Әлем чемпионатында Ұлттық құраманың капитаны болған, қазір клуб бапкері болумен қатар, алаңға да шығып жүрген Радмила Бересневаның ойнап жүргендеріне мән берсек, бұл ұжымның биылғы ел чемпионатында алдына қандай мақсат қойып отырғанын сезу қиын емес. Бір қызығы, чемпиондық жүлделерінен көз сүрінетін Радмиланың коллекциясында Жоғарғы лига жеңімпазына берілетін медаль бар ма екен? Жоқ болса, Береснева бұл мүмкіндікті де мүлт жібере қоймас.

EDD_3668.jpg

Жалпы, бірінші турда барлық командалар сапында 76 ойыншы тіркелген. Солардың ішіндегі ең тәжірибелісі Береснева болса, ең жас ойыншысы – Ирина Никишина («Елисеев қарлығаштары»). Ол бүгін, 10 желтоқсан күні небәрі 13-ке толды. Екінші турдағы барлық командалардың құрамдарына тіркелген ойыншылар тізімі 14 желтоқсанда, осы турдағы демалыс күні жарияланады.

Екінші турдағы ойындар сағат 12:00-де, 14:00-де және 16:00-де басталады.

ЖЛ (Ә) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Тараз» ВК: ЖЛ 3 дүркін жеңімпазы; ЖЛ 2021/22 маусымында – Жеңімпаз.

«Шымкент» ВК: ЖЛ (2017/18) жеңімпазы («Қазығұрт-ОҚГУ»); ЖЛ-2021/22 маусымында – 3 орын

«Грация-KZ» (Орал): ЖЛ (2020/21) жеңімпазы; ЖЛ-2021/22 маусымында – 4 орын

«Елисеев Қарлығаштары» (Теміртау): ЖЛ-2021/22 маусымында («Металлург») – 6 орын

«Ақтөбе» ВК: алғашқы маусымы

«Атырау» ВК: алғашқы маусымы

1-ші тур (12-17 қараша 2022, Шымкент). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

2-ші тур (11-16 желтоқсан 2022, Шымкент)

Шымкент. «Отырар» АӘИУ СЗ

* Астана уақытымен

* 14 желтоқсан – осы турдағы демалыс күні

* Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында тікелей эфирде көрсетіледі

Бірінші турдан кейінгі турнир кестесі

ЖЛӘ 2-тур П.png

ЖЛӘ 2-тур П МН.png

11 желтоқсан (жексенбі)

(12:00) «Тараз» ВК – «Атырау» ВК

(14:00) «Грация-KZ» – «Ақтөбе» ВК

(16:00) «Шымкент» ВК – «Елисеев Қарлығаштары»

12 желтоқсан (дүйсенбі)

(12:00) «Атырау» ВК – «Грация-KZ»

(14:00) «Елисеев Қарлығаштары» – «Ақтөбе» ВК

(16:00) «Шымкент» ВК – «Тараз» ВК

13 желтоқсан (сейсенбі)

(12:00) «Ақтөбе» ВК – «Атырау» ВК

(14:00) «Тараз» ВК – «Елисеевские Ласточки»

(16:00) «Грация-KZ» – «Шымкент» ВК

15 желтоқсан (бейсенбі)

(12:00) «Елисеев Қарлығаштары» – «Атырау» ВК

(14:00) «Тараз» ВК – «Грация-KZ»

(16:00) «Шымкент» ВК – «Ақтөбе» ВК

16 желтоқсан (жұма)

(12:00) «Грация-KZ» – «Елисеев Қарлығаштары»

(14:00) «Ақтөбе» ВК – «Тараз» ВК

(16:00) «Атырау» ВК – «Шымкент» ВК

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика