Главная / Главные Новости / Чемпион өз жерінде ұпай «үлестіріп» жүр chempionat-rk

Чемпион өз жерінде ұпай «үлестіріп» жүр

18/02/2023

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Ұлттық лига «1XBET» (ерлер)

4-тур (13-21 ақпан 2023 ж., Атырау)

Атырауда өтіп жатқан ерлер арасындағы Ұлттық лига додасының төртінші туры бірінші демалыс күнінен кейін, яғни жұмада қайта жалғасты. Әрі бел ортасынан ауып, биылғы маусымдағы ел чемпионатының негізгі бөлігі көмбесіне тақай түсті.

Жайық жағасындағы турдың төртінші ойын күні өз нәтижелерімен додаға түскен клубтарды шартты түрде «мысық пен тышқанға» бөлгендей болды. Әрі алаңға шыққан командалар осы екеуінің қайсының кейіпін киетіндігін өздері сомдап жатты.

Төрт күнгі ойындар қорытындысынан кейін «Тараз» бен «Ұшқын» суырылып алға шығып, көш бастаған. Екеуі де Оралға жартылай финалға шығу үшін, 1-4 орындарға ілігуді мақсат тұтып келген. Әрі траздықтар төрт рет қатарынан жеңіске жетіп, турнир кестесінің төртінші сатысына жайғасқан. Ал басты бәсекелесі енді үздік үштіктегі көшбасшылармен кездесуі керек болатын. Яғни әулиаталықтарға соңғы матчтарда еркін тыныстауға болатындай да секілді еді...

Алайда, үлкен спортта тек өзіңе сену керек. Ең бастысы, өзгенің сәтсіздігінен көмек күтуге болмайды. Жұма күні тура осындай жағдайдың кері болды. Былтырғы маусымдағы ел чемпионы, яғни «Атырау» командасы Көкше клубымен кездесіп, негізгі құрамдағы үздік ойыншыларын алаңға шығармады. Оларға көп күш түсірмеуді ойлаған да болар. Әйтеуір, алаң иелері биылғы маусымда бірінші рет таза ұтылды.

Осылай, «Тараз» басты бәсекелесінен бес ұпай айырмасымен ұзап кете алмады. «Ұшқынмен» екеуінің арасын әлі екі ұпай бөліп тұр. Ал сенбі күні өздері «Атыраумен» «айқасуы» керек. Атыраулықтар өз жеріндегі соңғы турда қонақжайлық танытып, төрт ойында бес ұпай «үлестіргенін» ескерсек, тараздықтарға көп қобалждудың қажеті жоқ сияқты. Бірақ, тағы да қайталаймыз, мұндайда тек өзіңе сену керек...

Бүгінгі тағы бір матч, нақтырақ айтқанда, «Буревестник» пен «Павлодар» арасындағы кездесу нәтижесі жағынан өте қызықты болды. Алатау бөктерінде өткен екі турда да алматылықтар 3:1 есебімен басым түскен. Павлодарда өткен үшінші турда алаң иелері жеңісті есепті уыстарынан шығарып алып, тай-брейкте ұтылып қалған. Енді, міне, Атырауда – төртінші кездесу...

Дәл осы қалада, қазан айында, ҚР кубогы – 2022 сарапқа салынып, «Павлодар» ВК жігіттері «Буревестниктен» әуелі топтық кезеңде 0:3 есебімен, содан соң жартылай финалда тай-брейкте ұтылып қалған болатын. Сөйтіп, соңғы төрт айдың ішінде жолдары алтыншы рет түйісіп, Игорь Никольченко шәкірттері ақыры есе қайтарды. Осы ретте тағы да ескерте кетейік, биылғы ел чемпионатының плей-офф сатысындағы жартылай финалдық матчтар Павлодарда өтеді.

4-турдағы ойындар сағат 10:00-де, 12:30-да, 15:00-де және 17:30-да басталады.

============================================

ҰЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Атырау» ВК: ҚР 3 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы.

«Есіл СК» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Буревестник» (Алматы): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Тараз» ВК: ҚР чемпионы – 2014/15; ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай» (Өскемен): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Павлодар» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ұшқын» (Көкшетау): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын

«Жайык» (Орал): ҚР 2 дүркін чемпионы; 2021/22 маусымы – Жоғарғы Лигада

============================================

3-тур (12-20 қаңтар 2023 ж., Павлодар). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

2-тур (06-13 желтоқсан 2022 ж., Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

1-тур (02-10 қараша 2022 ж., Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

============================================

4-тур (13-21 ақпан 2023 ж., Атырау)

Атырау, Х.Досмұхамедов атындағы АУ с/к

* жергілікті уақыт (+1 сағат Астана уақытымен)

* 16 және 19 ақпан – демалыс күндері

* Барлық ойындар тікелей эфирде ҚВФ ресми Youtube-арнасында көрсетіледі.

Төрешілер: А.Ахметов, Ю.Акулова, И.Қабылбекова, А.Қалиев, Б.Сүйіндіков.

Бас қазы: Е.Сырлыбаев

Бас хатшы: Б.Нұрсұлтанов

18 ақпан (сенбі)

(10:00) «Павлодар» ВК – «Алтай»

(12:30) «Ұшқын» – «Буревестник»

(15:00) «Есіл СК» – «Жайық»

(17:30) «Тараз» ВК – «Атырау» ВК

18 02 ҰЛЕ тк.png

18 02 ҰЛЕ 4тк.png

17 ақпан

«Алтай» – «Есіл СК» – 2:3 (25-20, 21-25, 17-25, 25-22, 11-15)

Төрешілер: Акулова, Қабылбекова. Доп айырмасы: 99-107. Матч уақыты: 124 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:2 (Алматы), 0:3 (Алматы), 3:1 (Павлодар).

«Жайық» – «Тараз» ВК – 1:3 (19-25, 25-19, 16-25, 21-25)

Төрешілер: Қалиев, Акулова. Доп айырмасы: 81-94. Матч уақыты: 107 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Алматы), 3:0 (Алматы), 2:3 (Павлодар).

«Буревестник» – «Павлодар» ВК – 0:3 (28-30, 21-25, 22-25)

Төрешілер: Қабылбекова, Ахметов. Доп айырмасы: 71-80. Матч уақыты: 88 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы), 3:2 (Павлодар).

«Атырау» ВК – «Ұшқын» – 1:3 (25-21, 17-25, 21-25, 19-25)

Төрешілер: Сүйіндіков, Қалиев. Доп айырмасы: 82-96. Матч уақыты: 97 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Алматы), 3:1 (Алматы), 3:0 (Павлодар).

15 ақпан

«Ұшқын» – «Жайық» – 3:0 (25-21, 25-19, 25-23)

Төрешілер: Сүйіндіков, Қалиев. Доп айырмасы: 75-63. Матч уақыты: 77 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:2 (Алматы), 3:0 (Алматы), 0:3 (Павлодар).

«Буревестник» – «Алтай» – 3:1 (23-25, 26-24, 25-18, 28-26)

Төрешілер: Қалиев, Ахметов. Доп айырмасы: 102-93. Матч уақыты: 124 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы), 3:0 (Павлодар).

«Тараз» ВК – «Есіл СК» – 3:1 (25-22, 25-14, 22-25, 25-16)

Төрешілер: Қабылбекова, Акулова. Доп айырмасы: 97-77. Матч уақыты: 103 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 2:3 (Алматы), 1:3 (Алматы), 3:1 (Павлодар).

«Павлодар» ВК – «Атырау» ВК – 0:3 (21-25, 16-25, 21-25)

Төрешілер: Ахметов, Қабылбекова. Доп айырмасы: 58-75. Матч уақыты: 77 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Алматы), 2:3 (Алматы), 2:3 (Павлодар).

14 ақпан

«Есіл СК» – «Ұшқын» – 1:3 (25-22, 22-25, 22-25, 20-25)

Төрешілер: Қабылбекова, Акулова. Доп айырмасы: 89-97. Матч уақыты: 108 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Алматы), 3:1 (Алматы), 0:3 (Павлодар).

«Алтай» – «Тараз» ВК – 0:3 (16-25, 21-25, 17-25)

Төрешілер: Ахметов, Қалиев. Доп айырмасы: 54-75. Матч уақыты: 73 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Алматы), 2:3 (Алматы), 0:3 (Павлодар).

«Жайық» – «Павлодар» ВК – 2:3 (19-25, 25-20, 25-18, 22-25, 11-15)

Төрешілер: Сүйіндіков, Қабылбекова. Доп айырмасы: 102-103. Матч уақыты: 133 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Алматы), 0:3 (Алматы), 0:3 (Павлодар).

«Атырау» ВК – «Буревестник» – 3:2 (25-20, 24-26, 25-23, 24-26, 15-13)

Төрешілер: Акулова, Ахметов. Доп айырмасы: 113-108. Матч уақыты: 140 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы), 3:0 (Павлодар).

13 ақпан

«Буревестник» – «Жайық» – 3:0 (25-18, 25-16, 28-26)

Төрешілер: Қалиев, Сүйіндіков. Доп айырмасы: 78-60. Матч уақыты: 77 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы), 3:1 (Павлодар).

«Есіл СК» – «Павлодар» ВК – 1:3 (26-28, 25-21, 15-25, 22-25)

Төрешілер: Қабылбекова, Ахметов. Доп айырмасы: 88-99. Матч уақыты: 119 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 2:3 (Алматы), 2:3 (Алматы), 3:1 (Павлодар).

«Ұшқын» – «Тараз» ВК – 1:3 (25-23, 23-25, 20-25, 18-25)

Төрешілер: Ахметов, Акулова. Доп айырмасы: 86-98. Матч уақыты: 109 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:2 (Алматы), 0:3 (Павлодар).

«Атырау» ВК – «Алтай» – 3:2 (22-25, 25-22, 23-25, 25-19, 15-13)

Төрешілер: Сүйіндіков, Қалиев. Доп айырмасы: 110-104. Матч уақыты: 135 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:0 (Алматы), 3:0 (Павлодар).

20 ақпан (дүйсенбі)

(10:00) «Буревестник» – «Тараз» ВК

(12:30) «Алтай» – «Жайық»

(15:00) «Павлодар» ВК – «Ұшқын»

(17:30) «Атырау» ВК – «Есіл СК»

21 ақпан (сейсенбі)

(10:00) «Ұшқын» – «Алтай»

(12:30) «Тараз» ВК – «Павлодар» ВК

(15:00) «Есіл СК» – «Буревестник»

(17:30) «Жайық» – «Атырау» ВК

============================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика