Главная / Высшая лига U-23 / Бойжеткендер Лигасының қорытындысы chempionat-rk

Бойжеткендер Лигасының қорытындысы

19/04/2023

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Жастар арасындағы Жоғарғы дивизион Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (әйелдер)

(05 қараша 2022 ж. – 13 сәуір 2023 ж.)

Бойжеткендер арасындағы (U-23) Жоғарғы дивизион біріншілігі, яғни Ұлттық лигадағы қосалқы құрамдар додасы 2022 жылғы 5 қараша күні жалауын көтеріп, 2023 жылғы 13 сәуір күні Өскеменде көмбесіне жетті.

строй.png

Әйелдер арасындағы Ұлттық лиганың фарм-клубтары биыл жетінші рет додаға түсіп, қатысқан командалар саны рекордты көрсеткішке жетті. Бұған дейінгі алты ел біріншілігінде Бойжеткендер дивизионы Ұлттық лигаға өзінің үш жеңімпазын түлетіп ұшырды – «Алтай-2» (Өскемен) 2017/18-маусымында, «Жетісу-2» (Талдықорған) 2021/22-маусымында, команда атауын «Айқаракөз» болып өзгерткен соң және «Қуаныш-2» (Петропавл) 2022/23 маусымынан бері, команда атауына СК (спорт клубы) қысқармасын қосқан соң.

Еліміздің үш қаласында өткен бес турда барлығы 135 матч өтті. Дивизион додасы Қызылжарда басталып (30 ойын), Өскеменде көмбесіне жетті. Жалпы дәл осы қалада үш турдың ойындары өткізіліп, ұзын саны 75 матчтың ысқырығы безілдеді. Ал енді біреуі, дәлірек айтқанда, төртінші тур Қарағанды қаласында ұйымдастырылды (30 ойын).

Биылғы маусымда командалар сапына тіркелген қыздар саны 198 ойыншыға дейін жетті. Олардың ішінде 40 ойыншы «көшпенді» санатында болды, яғни Ұлттық лигадағы негізгі құрамдарының сапына да тіркеліп, фарм-клубтарының да намысын қорғады. Құрамына ең көп ойыншы тартқан «Қуаныш-2» болды (26 ойыншы). Бұл ұжым тіпті бастапқы турлардан кейін құрамын толықтай өзгертіп те жіберді. Ал ең аз ойыншы тартқан командалар – «Алматы-2» ВК мен «Қарағанды-2» ВК (13 ойыншы).

Ең көп жеңіске жеткен команда «Алтай-4» арулары болды. Ал маусым бойғы жалқы жеңілісі оларды жеңімпаз болу мүмкіндігінен айырды. «Қуаныш-2» қыздары болса, бірде-бір жеңіске жете алмай, соқыр ұпай да еншілей алмай қойды.

Алты жылдан кейін дивизион жеңімпазы тағы да «Алтай» клубы жүйесінің өкілі болды. 2016/17 жылдар маусымында «Алтай-2» арулары өздерінің негізгі құрамдарының қосалқы ұжымы ретінде, бірінші жыл өнер көрсетіп, топ жарған болатын. Сол жетістігінен соң Ұлттық лигаға қосылып, содан бері өз жолымен жүріп келеді.

Ал қазіргі Лиганың үр жаңа жеңімпазы, яғни «Алтай-3» ұжымы тура сол «Алтай-2» командасының қосалқы құрамы болып есептеледі (жеті ойыншы осы екі ұжымда да ойнап шықты). Бірақ «үшінші» «Алтай» бұған дейін бірнеше жыл бойы өз облыстарындағы Семей қаласының атынан өнер көрсеткен. Алайда Абай облысы құрылған соң бұл команда өз үйіне қайтты. Әрі бұл оларды жігерлендіре түскен де сияқты.

«Алтай-3» биылғы ел чемпионатының басынан аяғына дейін өздерінің бір клубтас құрбыларымен, яғни «Алтай-4» аруларымен бірге жоғары деңгейде өнер көрсетті. Олардың ұзап кетулеріне жол бермей, бәсеке көрігін қыздыра түсумен болды. Әрі екеуі көмбеге «үзеңгі» қағыстыра жетті. Бірақ бәрін де қосымша көрсеткіштер шешті. Ал олардың «төртінші» құрамдары екінші жыл қатарынан күміс жүлдегер атанды. Қола жүлдені Ұлттық лигадағы негізгі құрамдары секілді «Жетісу-2» қыздары еншіледі.

Бойжеткендер арасындағы ел біріншілігінің бес турында 5 Бас қазы мен 18 төреші қазылық етті (Халықаралық дәрежедегі төреші Юлия Акулова Бас қазы ретінде де, төреші ретінде де жұмыс істеді).

Командалар құрамына тіркелген ойыншылар тізімі төменде ұсынылып отыр.

Алтай-4.png

=================================================

ЖЛ (Қ) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Қуаныш-2» (Петропавл): U-23 2021/22 маусымында – Жеӊімпаз.

«Алтай-4» (Өскемен): ЖЛҚ – 2016/17 жеӊімпазы («Алтай-2»); U-23 2021/22 маусымында – 2 орын.

«Алматы-2» ВК: ЖЛҚ – 2018/19 жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 3 орын

«Ертіс-2» (Павлодар): ЖЛҚ – 2017/18 жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай-3» (Өскемен): U-23 2021/22 маусымында («Алтай-3» Семей) – 5 орын

«Жетісу-2» (Талдықорған): ЖЛҚ – 2017/18 екі дүркін жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 6 орын

«Қарағанды-2» ВК: U-23 2021/22 маусымында – 7 орын

«Айқаракөз-2» (Талдықорған): U-23 2021/22 маусымында – 8 орын

«Ару-Астана-2» (Астана): U-23 2021/22 маусымында – 9 орын

«Қуаныш-СК-2» (Петропавл): алғашқы маусымы

«Тұран-2» (Түркістан): алғашқы маусымы

=================================================

5-тур (08-13 сәуір 2023 ж., Өскемен). Чемпион – «Алтай-3»

2-айналым (12.02 – 12.03.2023 жыл, Өскемен, Қарағанды). Жеӊімпаз – «Алтай-4».

1-айналым (05.11 – 17.12. 2022 жыл, Петропавл, Өскемен). Жеӊімпаз – «Алтай-4».

=================================================

Командалардың маусым қорытындысындағы орындары: 1. «АЛТАЙ-3» (Өскемен), 2. «Алтай-4» (Өскемен), 3. «Жетісу-2» (Талдықорған), 4. «Ертіс-2» (Павлодар), 5. «Тұран-2» (Түркістан), 6. «Алматы-2» ВК, 7. «Қарағанды-2» ВК, 8. «Айқаракөз-2» (Талдықорған), 9. «Қуаныш СК-2» (Петропавл), 10. «Ару-Астана-2» (Астана), 11. «Қуаныш-2» (Петропавл).

=================================================

Жастар арасындағы (U-23) Жоғарғы дивизион. Барлық жеңімпаздар Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (әйелдер):

1* = «АЛТАЙ-3» Өскемен (2022/23)

2* = «Жетісу-2» Талдықорған (2019/20, 2020/21);

1* = «Қуаныш-2» Петропавл (2021/22);

1* = «Алматы-2» ВК (2018/19);

1* = «Ертіс-Қазхром-2» Павлодар (2017/18);

1* = «Алтай-2» Өскемен (2016/17).

=================================================

«Алтай-3 ШҚО ОРБЖМСМ» (Өскемен) – ҚР чемпионаты-2022/23 жеңімпазы: №1(л). Меруерт Серғазыева (24.06.2005), №2. Камилла Сұлтанбек (03.07.2006), №4. Кристина Струкова (04.07.2002), №5. Валерия Голованова (16.07.2004), №6. Нұрай Өнербекқызы (09.06.2006), №7. Наргиз Әбдіғани (13.02.2007), №8. Дилдора Нұрәлиева (22.10.2007), №9(к). Мөлдір Нұрлан (01.07.2003), №10. Әнел Мұхамедиярова (10.10.2003), №11. Балауса Ұлдыбай (28.03.2006), №12. Әния Тұрысбекова (28.05.2005), №13. Наргиз Елеусізова (07.09.2007), №14(л). Александра Олейникова (24.03.2005), №15. Карина Жарылғасова (20.02.2007). Ақерке Шәкен (06.03.2000), Зинат Қадырбекова (26.04.2002), Альдана Дугумова (02.02.2003), Жанна Бақтыбаева (08.08.2003), Әнеля Қасайынова (08.04.2005), Айя Асылбекова (14.11.2006), Ксения Нестерева (09.01.2007). Аяна Досанова (13.05.2007).

Бас бапкер – Павел ПЕРФИЛЬЕВ.

АЛТАЙ-3.png

=================================================

ҚР чемпионаты-2022/23

5-тур (08-13 сәуір 2023 ж., Өскемен).

4-тур, 2-айналым (06-12 наурыз 2023 ж, Қарағанды).

3-тур, 2-айналым (12-17 ақпан 2023 ж, Өскемен).

2-тур, 1-айналым (12-17 желтоқсан 2022 ж, Өскемен).

1-тур, 1-айналым (05-11 қараша 2022 ж, Петропавл

Бас қазылар: Е.Целых, В.Медведев, Н.Өмірзақ, Ю.Акулова, А.Ахметов.

Төрешілер: Ю.Акулова, О.Саттарова, М.Әбенов, Д.Бабагумаров, Т.Иісқалиев, Н.Шәменов, А.Сейдехан, Е.Шимин, А.Кирьянов, Ж.Бақтығалиев, Б.Нұрсұлтанов, Ғ.Әбдірейімов, С.Досболов, Б.Ахадиянов, Н.Мұқажанов, А.Әбдінәбиев, Е.Сейітов, А.Якимчук.

04 19 ЖЛҚ 5ткИ.png

04 19 ЖЛҚ тк4т.png

=================================================

2022/23-маусымында командалар құрамына тіркелген ойыншылар

*Жақша ішінде биылғы маусымға тіркелген ойыншылары саны көрсетілген. Ойыншылар нөмірі бесінші турдағы құрамнан алынды.

(22) «Алтай-3 ШҚО ОРБЖМСМ» (Өскемен) – жоғарыда берілді.

(19) «Алтай-4 ШҚО ОРБЖМСМ» (Өскемен): №1(л). Жаннұр Нұрбаева (27.04.2007), №2. Аяулым Әміржан (26.06.2008), №3(к). Әнел Тәуірбекова (24.03.2003), №5. Назерке Советова (04.04.2006), №6. Нұрайым Қайырслан (06.09.2006), №7(л). Рината Репецкая (10.05.2006), №8. Аяжан Қадірбаева (28.04.2007), №9. Медина Мырзашова (02.02.2007), №10. Әсел Кеңесбекова (06.01.2006), №11. Нұрай Оралбекқызы (12.02.2007), №13. Аяжан Амангелдиева (12.03.2004), №16. Анастасия Карташова (03.04.2005), №17. Дәмелі Қанатқызы (17.04.2007), №19. Әмина Қырықбаева (06.07.2006). Софья Колтыгина (27.09.2006), Жаннұр Күмісбек (30.03.2007), Ислана Баймұратова (30.05.2007), Саида Жүрсінова (18.11.2007), Айханым Тиянақова (19.09.2009).

Бас бапкер – Әділет ТӘКЕНОВ.

(18) «Жетісу-2 (ОРОММИК)» (Талдықорған): №1. Дәрия Әбілқасым (23.10.2005), №2. Ольга Цой (23.07.2007), №3. Салтанат Құдайбергенова (05.10.2007), №4. Виктория Остроушко (29.08.2006), №5. Валерия Скрипка (25.12.2005), №6(л). Мерей Ақжолтай (19.02.2005), №7(к). Жұлдыз Кенембай (18.04.2005), №8. Аяулым Құмарбекқызы (12.01.2004), №11. Ксения Макогоненко (20.11.2005), №12(л). Ақерке Төлеубек (05.04.2005), №13. Елизавета Сырова (08.03.2007), №14. Әдемі Тәжіғұл (28.12.2005), №16. Яна Рахматуллина (03.01.2006), №18. Аяулым Тұрдыханова (21.01.2005). Сұңғыла Асылтай (07.03.2005), Әсем Марбек (13.07.2006), Сарвиназ Тұрсынова (25.02.2007), Айжан Байжан (25.02.2007).

Бас бапкер – Оксана АДАМОВА.

(22) «Ертіс-2» (Павлодар): №1. Анна Магильнова (28.06.2007), №2. Алина Цурская (25.11.2004), №3(л). Аида Еркінова (02.05.2005), №4. Аяжан Жетмекова (14.03.2007), №5. Карина Жұматова (25.03.2005), №6(к). Диана Центнер (05.05.2006), №7. Нәзгүл Айдарханова (11.11.2003), №8(л). Малика Генаева (20.01.2006), №9. Дарья Инина (20.05.2006), №10. Дарья Гришанова (05.10.2005), №11. Яна Андроник (11.06.2006), №12. Ангелина Кравцева (22.03.2006), №13. Анастасия Смирнова (08.03.2004). Дильназ Қарабалина (03.10.2004), Дарья Степаненко (06.02.2005), Аружан Қадыр (20.03.2005), Дарья Пономарева (01.04.2005), Екатерина Казанцева (23.05.2006), Ольга Казанцева (23.05.2006), Диана Досова (26.06.2006), Татьяна Питура (08.09.2006), Анастасия Плюта (23.02.2007).

Бас бапкер – Ирина БЕЛОВА.

(17) «Тұран-2» (Түркістан): №2. Аруана Қайрулла (14.11.2006), №4(л). Нәфисә Ыдырыс (04.01.2004), №5. Валентина Красова (11.04.2007), №7. Аяжан Амантай (21.03.2004), №8. Талшын Хамидулла (22.01.2009), №9. Аружан Қалдыбек (15.09.2005), №10(к). Қарақат Дүйсенбай (25.02.2006), №11. Сарбиназ Кенжебаева (01.10.2007), №12. Айша Халтұрсын (14.04.2009), №13. Жанар Мырсыдық (15.08.2002), №14. Дана Сайлыбекова (27.03.2002), №17. Аяжан Шәкірбай (10.05.2006), №21. Әсел Қалмырза (25.08.2005). Аида Баймахан (27.01.2007), Дамира Қалиқызы (03.02.2007), Сара Зайыр (17.04.2007), Гүлжаухар Шәмен (14.06.2007).

Бас бапкер – Руслан ӘБІЛДАЕВ.

(13) «Алматы-2» ВК: №2. Александра Сергеева (27.03.2001), №3. Карина Жәнібек (29.03.2006), №4(л, к). Александра Куракова (22.10.2002), №5. Жұлдыз Нұрланқызы (31.05.2006), №6. Мадина Тынысбек (21.06.2003), №10. Гүлназ Әбдімомынова (17.08.2005), №15. Валентина Тимашевская (01.11.2004), №17. Аружан Қасымхан (07.11.2001), №19. Регина Шиллер (20.03.2003), №20. Шұғыла Артықбаева (13.04.2007), №22. Виктория Морозова (07.02.2005), №24. Виктория Сыроешкина (11.03.2001). Жәмилә Бауыржанқызы (20.04.2004).

Бас бапкер – Дмитрий ЗАВГОРОДНИЙ.

(13) «Қарағанды-2» ВК: №1. Аңсаған Боранбаева (04.03.2006), №3(к). Сабина Әукеева (17.04.2006), №4. Анар Әбенова (23.07.2004), №5. Дарья Скиба (31.10.2007), №6. Аружан Омарова (23.02.2004), №8. Вероника Гердт (18.07.2007), №9. Кристина Севальнева (23.12.2000), №10(л). Галина Иокша (20.11.2007), №11. Яна Фильчакова (24.01.2007), №13(л). Александра Черниченко (17.02.2006), №14. Карина Нұрғалиева (22.03.2006). Олеся Варкентин (27.04.2000), Малика Есқазина (01.02.2006).

Бас бапкер – Юлия ВЕЛИЧКОВИЧ.

(16) «Айқаракөз-2» (Талдықорған): №1. Айсұлу Мұхтарқызы (25.01.2003), №4. Ксения Федоренко (29.01.2007), №7(к). Динара Сатыбаева (22.04.2004), №9. Халима Серікжан (27.10.2007), №11. Ажарлым Құрманбек (10.06.2005), №13(л). Айжан Байжан (25.02.2007), №19. Анастасия Боровская (12.08.2007), №21. Гүлдана Сайынова (09.06.2004), №23. Жансая Оразымбек (29.05.2004), №28. Аида Жексенбаева (12.08.2004). Әсемай Сабанбаева (21.06.2003), Әйгерім Смағұлова (01.08.2004), Ульяна Сенько (06.07.2005), Зере Мәлік (11.09.2005), Нұрайым Абайхан (28.11.2006), Таисия Курдюмова (05.10.2007).

Бас бапкер – Айзада ДӘУЛЕТБАЕВА.

(16) «Қуаныш-СК-2» (Петропавл): №1. Елизавета Щукина (19.02.2007), №2. Роза Әділханова (04.10.2008), №3(к). Виктория Кувыкина (15.11.2007), №4. Алина Бисімбаева (19.11.2009), №5. Кристина Тишко (02.03.2007), №6. Эвелина Щелкунова (02.02.2007), №7. Алуа Рахматуллина (09.07.2007), №8. Фатима Қуанышбай (06.03.2007), №9(л). Азалия Аменова (25.02.2007), №11. Аурика Сәбитова (23.08.2006), №13. Алина Кутенкова (18.07.2008), №14. Сабина Хуснутдинова (08.09.2007), №15. Индира Хусайын (03.02.2007), №16(л). Алеся Гаммер (27.10.2007). Полина Милюкова (16.03.2004), Әмина Қасенова (18.11.2008). Бас бапкер – Владимир Перепечин (1-тур).

Бас бапкер – Владимир ШМЕЛЁВ.

(17) «Ару-Астана-2» (Астана): №3. Альбина Рамазан (17.09.2007), №4. Айнұр Арал (12.12.2004), №5. Нұрай Рашид (06.07. 2007), №6. Әсел Шәймұхамет (01.03.2005), №7(к). Әйгерім Байжарасова (10.09.2006), №8. Аянат Айдарбекова (07.07.2007), №9. Камила Тілемісова (01.11.2005), №10. Алина Дробот (08.09.2007), №11. Әйгерім Смайылова (07.07.2006), №13. Карина Пенькова (30.06.2007), №17(л). Балнұр Құдайберген (04.02.2007), №18. Аружан Азамат (14.03.2005). Әлия Тәженова (30.05.2005), Сабина Егімбаева (06.04.2006), Жібек Қалиола (22.10.2006), Жәния Тасболат (05.01.2007), Дарья Кириллова (09.11.2007). Аға жаттықтырушы – Айбек Нұғыспанов.

Бас бапкер – Ольга ШУМАРА.

(26) «Қуаныш-2» (Петропавл): №2. Дарияна Есімсейітова (28.02.2009), №3. Даяна Жұмағожинова (17.02.2009), №5. Жансая Махатова (19.03.2010), №7(к). Алина Семидоцких (27.05.2009), №9. Каролина Батрашова (14.03.2009), №12. Екатерина Холодова (20.05.2009), №15(л). Дарья Коптева (20.10.2008), №17. Дина Құдабай (10.07.2009), №18. Валерия Ознобихина (27.04.2009), №20. Ұлжан Ержан (01.01.2010), №27. Елизавета Обелец (01.12.2009). Валерия Шишкина (05.12.2004), Әсемгүл Әбілмәжінова (20.02.2005), Тахмина Қыздарқұлова (05.04.2005), Любовь Карпусь (03.05.2005), Анастасия Землякова (15.11.2005), Зарина Бектұрғанова (25.03.2006), Варвара Фелдбуш (05.12.2006), Валентина Сычева (20.12.2006), Бикамал Өмірзақова (02.05.2007), Камила Смағұлова (12.08.2008), Ольга Ганзина (31.08.2008), Ангелина Беликова (07.10.2008), Маргарита Седельникова (10.01.2009), Сабина Қайрат (27.11.2009), Диана Уайысова (03.01.2010). Бас бапкер – А.Эйникис.

Бас бапкер – Ойрат ЕРКЕНОВ.

=================================================

5-тур (08-13 сәуір 2023 ж., Өскемен)

Әдеттегідей, Ұйымдастыру комитеті соңғы, бесінші турдың қорытындысы бойынша әр команда сапындағы үздік ойыншыларды жариялады. Олар –Нұрай Өнербекқызы (№6, «Алтай-3»), Рината Репецкая (№7, «Алтай-4»), Аяулым Тұрдыханова (№18, «Жетісу-2»), Алина Цурская (№2, «Ертіс-2»), Аяжан Шәкірбай (№17, «Тұран-2»), Александра Куракова (№4, «Алматы-2» ВК), Кристина Севальнева (№9, «Қарағанды-2» ВК), Жансая Оразымбек (№23, «Айқаракөз-2»), Кристина Тишко (№5, «Қуаныш СК-2»), Әйгерім Байжарасова (№7, «Ару-Астана-2»), Дарья Коптева (№15, «Қуаныш-2»).

08 сәуір («Қарағанды-2» дем алды)

«Айқаракөз-2» – «Қуаныш-2» – 3:0 (25-15, 25-15, 25-16)

«Қуаныш СК-2» – «Ару-Астана-2» – 3:2 (25-23, 23-25, 25-16, 11-25, 15-11)

«Алтай-3» – «Тұран-2» – 3:2 (25-19, 22-25, 25-11, 22-25, 15-13)

«Жетісу-2» – «Алматы-2» ВК – 3:0 (25-23, 25-19, 25-21)

«Алтай-4» – «Ертіс-2» – 3:2 (25-19, 25-23, 23-25, 17-25, 15-11)

09 сәуір («Ару-Астана-2» дем алды)

«Қуаныш-2» – «Қуаныш СК-2» – 0:3 (12-25, 17-25, 14-25)

«Қарағанды-2» ВК – «Айқаракөз-2» – 3:0 (25-22, 25-16, 25-20)

«Ертіс-2» – «Алматы-2» ВК – 3:1 (25-21, 18-25, 25-18, 25-22)

«Тұран-2» – «Жетісу-2» – 1:3 (20-25, 25-21, 23-25, 19-25)

«Алтай-4» – «Алтай-3» – 3:1 (25-19, 26-24, 22-25, 25-16)

10 сәуір («Айқаракөз-2» дем алды)

«Қуаныш СК-2» – «Қарағанды-2» ВК – 2:3 (15-25, 25-20, 22-25, 25-19, 6-15)

«Ару-Астана-2» – «Қуаныш-2» – 3:1 (25-20, 25-21, 17-25, 25-23)

«Алтай-3» – «Ертіс-2» – 3:0 (25-11, 25-20, 25-10)

«Алматы-2» ВК – «Тұран-2» – 0:3 (15-25, 8-25, 20-25)

«Жетісу-2» – «Алтай-4» – 3:1 (15-25, 25-23, 25-23, 25-22)

12 сәуір («Қуаныш-2» дем алды)

«Айқаракөз-2» – «Қуаныш СК-2» – 3:1 (25-18, 21-25, 25-19, 25-12)

«Қарағанды-2» ВК – «Ару-Астана-2» – 3:1 (25-12, 23-25, 25-13, 25-14)

«Ертіс-2» – «Тұран-2» – 2:3 (22-25, 22-25, 28-26, 25-23, 8-15)

«Алтай-3» – «Жетісу-2» – 3:0 (25-15, 25-10, 25-19)

«Алтай-4» – «Алматы-2» ВК – 3:0 (25-17, 25-9, 25-18)

13 сәуір («Қуаныш СК-2» дем алды)

«Ару-Астана-2» – «Айқаракөз-2» – 0:3 (13-25, 14-25, 25-27)

«Қуаныш-2» – «Қарағанды-2» ВК – 0:3 (9-25, 14-25, 12-25)

«Жетісу-2» – «Ертіс-2» – 0:3 (20-25, 23-25, 23-25)

«Алматы-2» ВК – «Алтай-3» – 0:3 (7-25, 18-25, 18-25)

«Тұран-2» – «Алтай-4» – 0:3 (22-25, 17-25, 23-25)

=================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика