Главная / Высшая лига / Биылғы ел чемпионаты киелі Түркістанда тәмамдалады chempionat-rk

Биылғы ел чемпионаты киелі Түркістанда тәмамдалады

20/04/2023

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жоғарғы лига (ерлер)

5-тур (21 – 26 сәуір 2023 ж., Түркістан)

Жұма күні, 21 сәуірде, Түркістан қаласында ерлер арасындағы Жоғарғы лиганың бесінші туры басталады. Аталмыш Лига еліміздегі алты дивизионның ішінде ең соңғысы болып, 2022/23 жылдар маусымындағы төл чемпионатымызды аяқтайды.

Әзірше, төрт турдың қорытындысы бойынша Талдықорғанның «Жетісу-Жастар» командасы көш бастап келеді. Алдағы турдағы алаң иесінің, яғни «Тұран» командасының олардан бір ұпай ғана кем. Жалпы, былтырғы 2021/2022-чемпионатының жүлдегерлері биыл да жүлделі орындарды өзара бөлісетін секілді. Бірақ қайсысы қай орынға ие болады, басты мәселе – сол.

Бас бәйгеден үмітті екі команда арасындағы маңызды матч екінші ойын күні, яғни сенбіде өтеді. Бұған дейінгі төрт ойынның үшеуінде «Тұран» жеңіске жеткен. Соның екеуінде түркістандықтардың бағы тай-брейкте жанған. Егер олар үшінші рет бессетік матч өткізіп, тағы да алаң иелері басым түссе, онда ұпайлары бірдей болып, теңесулері әбден мүмкін.

Онда, мұндай жағдайда, жалпы жеңістерінің санына байланысты «Тұран» алға шығатын болады. Әзірше түркістандықтардың жетісулықтардан екі жеңісі – артық. Маусым бойы жинаған ұпайлары бірдей болып, жеңісінің саны артық болса, қандай басымдыққа ие болатынын Жастар лигасындағы шешуші кезеңде көріп, көз жеткіздік.

Кез келген командамен тайталаса алатын оңтүстіктің тағы екі ұжымдарын да ұмытпауымыз керек. Олар – «Шымкент-Динамо» ВК және «Қайсар». Қызылордалықтар Ақтауда өткен төртінші турда «Тұранды» тізе бүктірген. Ал шымкенттіктер «Жетісу-Жастар» командасынан тай-брейкте басым түскен болатын.

Қысқасы, Түркістанда дода көрігі мейілінше қыза түсіп, өте қызықты болуы керек. Ел чемпионаты 26 сәуірде ғана жалауын түсіреді. Бесінші турдың ойындары сағат 13:00-де, 15:30-да және 18:00-де басталады.

================================================

ЖЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Маӊғыстау» (Ақтау): ЖЛ «А» жеңімпазы (2016/17); ҰЛ 2021/22 маусымында – 7 орын.

«Шымкент-Динамо» (Шымкент): ЖЛ 2 дүркін («Динамо-Қазығұрт/ОҚМУ-Қазығұрт) және ЖЛ «А» 4 дүркін жеңімпазы; ЖЛ-2021/22 маусымында – Жеңімпаз.

«Тұран» (Түркістан): ЖЛ-2021/22 маусымында («Тұран-Динамо») – 2 орын.

«Жетісу-Жастар» (Талдықорған): ЖЛ-2021/22 маусымында – 3 орын.

«Қайсар» (Қызылорда): ЖЛ-2021/22 маусымында – 4 орын.

«Әлихан-Ақтөбе» (Ақтөбе): ЖЛ-2021/22 маусымында («Арайлы-Ақтөбе») – 6 орын.

================================================

4-тур (21-26 наурыз 2023 ж., Ақтау). Жеңімпаздар – «Тұран» және «Жетісу-Жастар»

3-тур (27 ақпан - 03 наурыз 2023 ж., Астана). Жеңімпаз – «Тұран»

2-ші тур (21-27 желтоқсан 2022 жыл, Қызылорда). Жеӊімпаз – «Жетісу-Жастар»

1-ші тур (21-27 қараша 2022 жыл, Талдықорған). Жеӊімпаз – «Жетісу-Жастар»

================================================

5-тур (21-26 сәуір 2023 ж., Түркістан)

Түркістан. «Olimpic Centre» СК

* Астана уақытымен

* 24 сәуір – демалыс күні

* Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында көрсетіледі

04 20 ЖЛЕ тк4.png

04 20 ЖЛЕ 4он.png

21 сәуір (жұма)

(13:00) «Шымкент-Динамо» ВК – «Қайсар»

(15:30) «Жетісу-Жастар» – «Әлихан-Ақтөбе» ВК

(18:00) «Тұран» – «Маңғыстау»

22 сәуір (сенбі)

(13:00) «Әлихан-Ақтөбе» ВК – «Шымкент-Динамо» ВК

(15:30) «Маңғыстау» – «Қайсар»

(18:00) «Тұран» – «Жетісу-Жастар»

23 сәуір (жексенбі)

(13:00) «Қайсар» – «Әлихан-Ақтөбе» ВК

(15:30) «Жетісу-Жастар» – «Маңғыстау»

(18:00) «Шымкент-Динамо» ВК – «Тұран»

25 сәуір (сейсенбі)

(13:00) «Маңғыстау» – «Әлихан-Ақтөбе» ВК

(15:30) «Жетісу-Жастар» – «Шымкент-Динамо» ВК

(18:00) «Тұран» – «Қайсар»

26 сәуір (сәрсенбі)

(13:00) «Шымкент-Динамо» ВК – «Маңғыстау»

(15:30) «Қайсар» – «Жетісу-Жастар»

(18:00) «Әлихан-Ақтөбе» ВК – «Тұран»

================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика