Главная / Арбитры / Қазақстан төрешілері – FIVB үздіктері: Ұлттар лигасынан Әлем чемпионатына federaciya

Қазақстан төрешілері – FIVB үздіктері: Ұлттар лигасынан Әлем чемпионатына

07/02/2023

Қазақ төрешісі Айдос Ахметов жастар арасындағы «Әлем чемпионаты – 2023» додасында қазылық етеді.

Жастар арасындағы (U-21) ХХІІ Әлем чемпионаты – 2023 (ерлер)

2023 FIVB Men's U21 World Championship

(07 – 16 шілде 2023 ж. Манама, Бахрейн)

Халықаралық волейбол федерациясы ҚВФ-ына тағы бір халықаралық деңгейдегі Қазақстан төрешісінің бүкіләлемдік дүбірлі додаға, бұл жолы FIVB жалауы астында өтетін 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Әлем чемпионатына төреші болып бекітілгенін мәлімдеді.

01.jpg

Шілде айында, Бахрейінде өтетін дүниежүзілік біріншіліктегі халықаралық төрешілер сапына біздің елден Айдос Ахметов ілікті. Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір апта бұрын Қазақстан төрешісі Юлия Акулова әйелдер арасындағы FIVB Ұлттар лигасында қазылық ететін болып жарияланған. 34 жастағы Айдос Ахметов үшін, аталған дүниежүзілік деңгейдегі доп додасы, тоғыз жылдық халықаралық FIVB төрешісі өтіліндегі ең алғашқы – сыны. Еліміздегі ең жас, бірақ қазірдің өзінде беделі біршама жоғары төреші халықаралық деңгейдегі қазы мәртебесіне 2015 жылы ие болған. Содан бері Ахметов Азия конфедерациясы туы астында өткізіліп келе жатқан, ерлер арасындағы турнирлердің бәріне дерлік тартылды.

ава+03.jpg

Бүгінге дейін Айдос екі Азия чемпионатында, 2018 жылғы Азия ойындарында, Азия кубогы додасының екеуінде, екі жас санатындағы (U-20 және U-23) Құрлық біріншіліктерінің жалпы саны төртеуінде, 2020 жылғы Олимпиада ойындарының іріктеу сынында және клубтық Азия чемпионаттарының үшеуінде төреші қызметін атқарды.

004.jpg

Соңғы, 2021 жылғы Азия чемпионатындағы, үшінші орын үшін өткен матчта, Ахметов мінбедегі бірінші төреші қызметін атқарған. Ал былтыр Иранда ұйымдастырылған клубтық құрлық біріншілігінде Айдос алғаш рет, осындай маңызды ірі доданың финалда мінбеге шығып, бірінші төреші міндетін атқарды. Енді, міне, өз карьерасындағы – жаңа белес, Бахрейндегі әлем чемпионаты.

005.jpeg

Осыдан бес жыл бұрын, яғни 2018 жылы, біздің Айдос аталған Корольдік ел астанасында өткен жасөспірімдер арасындағы (U-20) Азия чемпионатында қазылық еткен. Сондықтан ол басқа әріптестеріне қарағанда, шілде айында төреші қызметін атқаратын аренаны «көрген» және «біледі». Жалпы, Бахрейнде бес конфедерациядан 16 құрама додаға түседі.

006.jpg

Осы ретте айта кетуге тиіспіз, Қазақстан төрешісі жастар арасындағы Әлем чемпионатында алғаш рет төреші болмайды. 2021 жылы, екі жылда бір өткізілетін бұл додаға, яғни тура осындай жастар (U-21, жігіттер) арасындағы Италия мен Болгарияда өткен бүкіләлемдік біріншілікке Юлия Акулова шақыртылып, үшінші орын үшін өткен матчта (Польша – Аргентина) мінбедегі бірінші төреші қызметін атқарған. Енді Айдос Ахметов те 2023 жылғы бүкіләлемдік додада көзге түсіп, плей-офф сатысындағы маңызды матчтарда қазылық ететін болады деп үміттенеміз.

007.jpg

Орайы келгенде қосарымыз, Айдос Ахметов бірнеше жыл бойы біздің Федерацияның оқу-спорттық жұмыстарын басқарып келеді. Дәл осы бөлім – ел чемпионаты мен кубогын өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарының бәріне жауапты. Ал бұл қызмет жауапкершілігі жағынан ойын барысындағы төреші қателігінен титтей де қалыспайды. Биылғы 2022/23 жылдар маусымындағы ҚР чемпионатында Ахметов ерлер арасындағы Ұлттық лиганың барлық үш турында да төреші қызметін атқарды. Сонымен қатар, бозбалалар арасындағы Жастар дивизионының бірінші турында және ерлер арасындағы Жоғары лиганың екінші турында Бас төреші міндетін атқарған болатын.

ҚФВ Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика