Главная / Арбитры / Қазақстан төрешілері – FIVB үздіктері қатарында federaciya

Қазақстан төрешілері – FIVB үздіктері қатарында

02/02/2023

V Ұлттар лигасы – 2023 (әйелдер)

2023 FIVB Volleyball Women's Nations League

(30 мамыр – 16 шілде 2023 ж.)

Қазақстандық халықаралық деңгейдегі төреші Юлия Акулова шілдеде, Түркияда өтетеін әйелдер арасындағы Ұлттар лигасы додасында қазылық етеді.

ybiyxdp4s827rrm4zwr8.jpg

FIVB төрешісі Юлия Акулова 30 мамырдан бастап, 4 маусымға дейін Түркия астанасында өтетін Ұлттар лигасы додасының бірінші аптасына төреші болып бекітілді. Ал Анкарада додаға түсетін топта деңгейлері өте жоғары құрамалар бақ сынайды – Сербия (қазіргі, яғни 2022 жылғы Әлем чемпионы, 2021 жылғы Олимпиада ойындарының және 2022 жылғы Ұлттар лигасының қола жүлдегері), Италия (қазіргі, 2022 жылғы Ұлттар лигасының жеңімпазы, 2022 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері), АҚШ (соңғы, 2021 жылғы Олимпиада ойындары чемпионы), Оңтүстік Корея және Таиланд, Түркия, Польша және Канада.

Биыл бұл Лиганың әлемдік додасы бесінші рет өткелі тұр. Айтпақшы, биыл Бельгия құрамасын Хорватия қыздары ауыстыратын болды. Былтыр Лиганың «Challenger Cup» санатындағы іріктеу додасының ширек финалында, шілде айында, Қазақстан құрамасы дәл осы Хорватия аруларынан ұтылып қалған болатын. Хорват қыздары содан кейін өз жерінде, яғни Задарда өткен дәл осы електік кезеңде топ жарып, үздік шыққан.

Жалпы, Ұлттар лигасында 16 үздік құрама бақ сынайды. Олар үш аптаның ішінде бі-бірімен матч өткізеді (әр түрлі командамен кездесу міндет емес). Содан соң, осы ойындар нәтижесі қорытындыланып, плей-офф додасын жалғастыратын ширек финалдық жұптар анықталады.

Акулова былтыр да Ұлттар лигасын матчтарына қазылық ету үшін шақыртылған. Бірақ ерлер арасындағы додада төреші болған. Юлия онда, Жапонияда өткен үшінші, яғни соңғы ойын аптасында төреші болған. Атап айтқанда, Осакада Жапония – Австралия және АҚШ – Канада матчтарында бірінші бас төреші болып, мұнара басында тұрған. Ал үш ойында (Бразилия – Канада, Франция – Австралия, Жапония – Канада) көмекші ретінде, екінші төреші қызметін атқарған. Сөйтіп, Қазақстан төрешісінің жұмысына Франция, АҚШ, Жапонии, Бразилии, Канада және Австралия құрамалары ресми куәгерлер ретінде баға бере алатын болған-ды. Әрі осы құрамалардың алғашқы төрттігі ширек финалға шығып, плей-офф сатысында бақ сынаған. Ал Франция және АҚШ құрамалары тіпті финалға шығып, Ұлттар лигасы – 2022 бас бәйгесін өзара сарапқа салған болатын.

eohhr0ukipuyrvenxkqz.jpg

Юлия үшін Ұлттар лигасының 2023 жылғы маусымы халықаралық аренадағы 13-ші додасы болады. Ол осы уақытқа дейін AVC және FIVB жалаулары астында өткен чемпионаттар мен көптеген халықаралық турнирлерге төрелік етті. Оның ішінде, жастар арасындағы Азия және Әлем чемпионаттары, ересектер арасындағы Азия чемпионаты, бүкіләлемдік «Гран-При» додалары, Олимпиада ойындарының іріктеу турнирлері бар.

2021 жылғы маусымда Юлия жастар арасындағы Әлем чемпионатының (U-21, ерлер) үшінші орны үшін өткен матчта бірінші төреші болып, мұнара басында тұрды. Ал былтыр Ұлттар лигасынан бөлек, әйелдер арасындағы Семейде өткен клубтық Азия чемпионатында төреші болды. ҚР чемпионаты-2022/23 маусымында Юлия ерлер арасында да, әйелдер арасында да екі турда, сондай-ақ, бойжеткендер арасындағы Жастар лигасының бір турында қазылық етті.

AM3I4200.JPG

bprigbpd3e78wae97nwu.jpg

IMG_5671.jpg

ҚФВ Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика