Главная / Главные Новости / Қазақстан құрамасының үздік жұбы ширек финалға шықты plyazhnyj-volejbol

Қазақстан құрамасының үздік жұбы ширек финалға шықты

16/04/2023

Азия туры-2023 (ерлер, әйелдер)

«Samila Open» AVC Beach Tour

(14-17 сәуір 2023 ж.; Сонгкхла, Таиланд)

Сенбі күні, Таиландта жағажай волейболынан «Samila Open» Азия турының топтық ойындары түйінделіп, 1/8-финалдық ойындары өтті. Жексенбі күні ширек финалдық кезеңде Қазақ елі намысын ерлер арасындағы Ұлттық құрама үздіктері Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату қорғайды.

Самила-23.jpg

Қазақстан құрамасы «Samila Open» додасында:

(10) Дмитрий Яковлев / Сергей Богату

(16) Кирилл Гурин / Нұрдос Алдаш: 9-орын

(15) Лаура Қабылбекова / Надежда Иванченко: 17-орын

(20) Анастасия Уколова / Дана Шыңғысова: 17-орын

Ерлер арасындағы ұлттық құрамамыздың үздіктері сенбі күні тай-брейкке созылған екі матчта жеңіске жетті. Әуелі, топтық кезеңнің соңғы матчында, Жапония құрамасының бірінші нөмірлі жұбымен бір сағаттай «қырқысты». Одан кейін, 1/8-финалдық кезеңінде Индонезия құрамасының екінші нөмірлі жігіттерінен басым түсті. Шектен тыс тартысты өткен екі тай-брейкте де (20:18 және 15:13) біздің жігіттер жанкештілік танытты.

Жексенбі күні Яковлев пен Богату осы турда екінші нөмірлі жұп ретінде тіркелген, Қытай құрамасының бірінші жұбымен кездеседі. Дәл осы жұп біздің Кирилл Гурин мен Нұрдос Алдашты 1/8-финалында тоқтатып, басым түскен-тін. Қазақстан құрамасының екінші жұбы топтық кезеңнің соңғы матчында Тай елінің бірінші командасынан ұтылып қалып, екінші орынға орналасқан. Сөйтіп, «В» тобында үздік шыққан қытайлық құрамаға тап болған-тын.

Енді Дмитрий мен Сергейге де ширек финалда оңай болмайды. Алайда, сенбі күнгі матчтарда жанкештілік танытқан күш-жігерлерін жоғалтпаса, осындай дейгейі жоғары қарсыластарын да қапы қалдыра алады. Не болса да, Яковлев пен Богату бұл турда кемі 5-орынға ие болады. Біздің бірінші жұбымыздан бөлек, ширек финалға алаң иелерінің үш командасы, Қытай құрамасының екі жұбы, сондай-ақ Жаңа Зеландия мен Индонезиядан бір командадан шықты.

Ал әйелдер арасындағы ең үздік жұбымыз, яғни Лаура Қабылбекова мен Надежда Иванченко топтық кезеңнен аса алмады. Олар өз үштіктеріндегі соңғы матчта осы турнирге екінші нөмірлі жұп ретінде тіркелген, Жапония қыздарынан ұтылып қалып, бұл турды 17-орынмен аяқтады. Жұма күні Анастасия Уколова мен Дана Шыңғысова да тура осылай топтық кезеңмен шектелген.

Жексенбі күні ширек финалдық ойындардан соң жартылай финалдық кездесулер де өтеді.

ава-каз=як-яп.jpg

=========

Финал, 3-орын үшін өтетін матч (17 сәуір)

1/2 финалдық кезең ойындары (16 сәуір)

1/4 финалдық кезең (16 сәуір)

16.04. Яковлев / Богату – HA Likejiang / Wu Jiaxin (Қытай-1)

1/8 финалдық кезең ойындары (15 сәуір)

15.04. Яковлев / Богату – Ashfiya / Yosi (#14, Индонезия-2) – 2:1 (21-17, 21-23, 15-13)

15.04. Гурин / Алдаш – HA Likejiang / Wu Jiaxin (#2, Қытай-1) – 0:2 (10-21, 16-21)

каз-001.jpg

Топтық кезең (14-15 сәуір)

15.04. («A») Гурин / Алдаш – T.Pithak / T.Poravid (Таиланд-1) – 1:2 (21-18, 16-21, 11-15)

14.04. («A») Гурин / Алдаш (#16) – K.Y.Wong / K.W.TSE (Гонконг-2) – 2:0 (21-15, 21-18)

14.04. («A») T.Pithak / T.Poravid (#1, Таиланд-1) – K.Y.Wong / K.W.TSE (Гонконг-2) – 2:0 (21-14, 21-8)

каз-гурин.jpg

каз-алдаш.jpg

=====

15.04. («G») Яковлев / Богату – Shoji / Ikeda (Жапония-1) – 2:1 (13-21, 21-17, 20-18)

14.04. («G») Яковлев / Богату (#10) – Shen / Kiu N. (Сингапур-2) – 2:0 (21-11, 21-12)

14.04. («G») Shoji / Ikeda (#7, Жапония-1) – Shen / Kiu N. (Сингапур-2) – 2:0 (21-11, 21-9)

каз-яковлев.jpg

каз-богату.jpg

========

15.04. («B») Қабылбекова / Иванченко – Akiko / Yurika (Жапония-2) – 0:2 (6-21, 10-21)

14.04. («B») Akiko / Yurika (#2, Жапония-2) – Yokebed / Nur Atika (Индонезия-2) – 2:0 (21-4, 21-8)

14.04. («B») Қабылбекова / Иванченко (#15) – Yokebed / Nur Atika (#18, Индонезия-2) – 1:2 (14-21, 23-21, 13-15)

каз-кабулбекова.jpg

каз-иванченко.jpg

=========

15.04. («D») J.Dong / Wang (Қытай-2) – S.Patcharaporn / S.Samitta (Таиланд-3) – 2:0 (21-15, 22-20)

14.04. («D») Уколова / Шыңғысова – J.Dong / Wang (#4, Китай-2) – 0:2 (14-21, 13-21)

14.04. («D») Уколова / Шыңғысова (#20) – S.Patcharaporn / S.Samitta (#13, Таиланд-3) – 0:2 (13-21, 5-21)

==========

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика