Главная / Главные Новости / Қазақ волейболында – жаңа чемпион chempionat-rk

Қазақ волейболында – жаңа чемпион

06/04/2023

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Ұлттық лига «1XBET» (ерлер)

Плей-офф (31 наурыз – 6 сәуір 2023, Павлодар)

Сәрсенбі күні, 5 сәуірде ерлер арасындағы Ұлттық лигада плей-офф додасы одан әрі жалғасты. Әрі екі жеңіске дейін созылған бәсекедегі үш жұпта жеңімпаз анықталды. Сөйтіп, сегіз команданың алтауы ел чемпионаты қорытындысындағы орындарын білді.

«Павлодар» ВК клубы өз тарихында тұңғыш рет ел чемпионы атанып, алтын жүлдені жеңіп алды. Былтырғы маусымдағы чемпионымыз, яғни «Атырау» ВК биыл күміс жүлдені қанағат тұтып, қола медаль «Буревестник» клубына бұйырды.

Сейсенбі күнгі бірінші матчтарда жеңілістің кермек дәмін татқан төрт клубтың үшеуі сәрсенбінің сәтінде де еңсе тіктей алмады. Тек «Алтай» мен «Жайық» арасындағы, 7-орын сарапқа салынып жатқан тартысты додада ғана жеңімпаз әлі анықталған жоқ. Бейсенбі күні өтетін, ел чемпионатындағы 132-ші матчта, осы екі команданың ғана емес, жалпы ХХХІ ҚР чемпионатының қорытындысы шығарылады.

Ерке Ертіс жағасында ең бірінші болып, өздерінің қорытынды кестедегі орындарын «Есіл СК» және «Ұшқын» клубтары білді. Былтырғы маусымдағы күміс жүлдегер Көкше клубын екінші ойында да ұтып, бесінші орынға ие болды.

Қола жүлде үшін өткен матчта «Буревестник» пен «Тараз» ВК былтырғы маусымдағы 3-орын сарапқа салынған сценарийді қайталады. Алматылықтар екінші жыл қатарынан үшінші орынды еншілеп, тараздықтар үздік төрттікті түйіндеді.

Финалда, бұдан бір күн бұрынғы матчтағыдай, жеңімпазды анықтау үшін регламентке сәйкес бес партия қажет болды. Әрі тура сейсенбідегідей, алаң иелері тай-брейкте жеңіске жетті. Сөйтіп, «Атырау» ВК чемпиондық мәртебесін «Павлодар» ВК жігіттеріне берді.

Игорь Никольченконың шәкірттері маусымның негізгі бөлігін үшінші орынмен аяқтап, плей-офф сатысында өзінің басты бәсекелестері «Буревестник» пен «Атырау» ВК бірінен соң бірін ұтып, тұңғыш рет ел чемпионы атағын жеңіп алды. Павлодар Қазақстан волейболы картасында өз клубы чемпион болған тоғызыншы қала болып отыр.

Біз жаңа чемпионды да, биылғы жүлдегерлерді де құттықтап, ел чемпионатының соңғы ойыны мен маусымдағы барлық үздіктерді марапаттау рәсімін күтеміз.

============================================

ҰЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Атырау» ВК: ҚР 3 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы.

«Есіл СК» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Буревестник» (Алматы): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Тараз» ВК: ҚР чемпионы – 2014/15; ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай» (Өскемен): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Павлодар» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ұшқын» (Көкшетау): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын

«Жайык» (Орал): ҚР 2 дүркін чемпионы; 2021/22 маусымы – Жоғарғы Лигада

============================================

Плей-офф (31 наурыз – 6 сәуір 2023, Павлодар). Чемпион – «Павлодар» ВК

2022/23 жылдар маусымының негізгі додасы (02 қараша 2022ж. – 21 ақпан 2023 ж.; Алматы, Павлодар, Атырау). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

4-тур (13 – 21 ақпан 2023. Атырау). Жеңімпаз – «Тараз» ВК

3-тур (12-20 қаңтар 2023 ж., Павлодар). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

2-тур (06-13 желтоқсан 2022 ж., Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

1-тур (02-10 қараша 2022 ж., Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

============================================

Плей-офф (31 наурыз – 6 сәуір 2023, Павлодар)

Юрий КАНды еске түсіруге арналған

Павлодар. «Баянтау» с/к.

* Астана уақытымен

* 3 сәуір – шешуші кезеңдегі демалыс күні

* Барлық ойындар «QAZSPORT» телеарнасында және ҚВФ ресми Youtube-арнасында тікелей эфир арқылы көрсетіледі.

Төрешілер: А.Ахметов, И.Қабылбекова, Ю.Акулова, Н.Өмірзақ, С.Берденов.

Бас қазы: Е.Сырлыбаев.

Бас хатшы: Ж.Байсағұрова.

Плей-офф (екі жеңіске дейін)

6 сәуір (бейсенбі)

7-орын үшін

(10:00) «Жайық» – «Алтай»

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Алматы), 1:3 (Алматы), 3:1 (Павлодар), 3:2 (Атырау), 0:3 (Павлодар), 3:1 (Павлодар).

Жалпы есеп – 1:1

5 сәуір

7-орын үшін

«Жайық» – «Алтай» – 3:1 (25-20, 22-25, 25-21, 26-24)

Төрешілер: Қабылбекова, Өмірзақ, Акулова. Доп айырмасы: 71-77. Матч уақыты: 101 минута.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Алматы), 1:3 (Алматы), 3:1 (Павлодар), 3:2 (Атырау), 0:3 (Павлодар).

5-орын үшін

«Ұшқын» – «Есіл СК» – 0:3 (23-25, 15-25, 20-25)

Төрешілер: Берденов, Ахметов, Өмірзақ. Доп айырмасы: 58-75. Матч уақыты: 70 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 1:3 (Алматы), 3:0 (Павлодар), 3:1 (Атырау), 1:3 (Павлодар).

Жалпы есеп – 0:2

3-орын үшін

«Буревестник» – «Тараз» ВК – 3:0 (25-16, 26-24, 25-21)

Төрешілер: Акулова, Қабылбекова, Берденов. Доп айырмасы: 76-61. Матч уақыты: 82 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Алматы), 3:1 (Алматы), 1:3 (Павлодар), 1:3 (Атырау), 3:0 (Павлодар).

Жалпы есеп – 2:0

Финал

«Павлодар» ВК – «Атырау» ВК – 3:2 (20-25, 25-20, 19-25, 25-18, 15-11)

Төрешілер: Өмірзақ, Ахметов, Берденов. Доп айырмасы: 104-99. Матч уақыты: 129 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 1:3 (Алматы), 2:3 (Алматы), 2:3 (Павлодар), 0:3 (Атырау), 3:2 (Павлодар).

Жалпы есеп – 2:0

4 сәуір

7-орын үшін

«Жайық» – «Алтай» – 0:3 (23-25, 25-27, 23-25)

Төрешілер: Берденов, Акулова, Ахметов. Доп айырмасы: 71-77. Матч уақыты: 86 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Алматы), 1:3 (Алматы), 3:1 (Павлодар), 3:2 (Атырау).

5-орын үшін

«Ұшқын» – «Есіл СК» – 1:3 (21-25, 25-22, 28-30, 19-25)

Төрешілер: Өмірзақ, Қабылбекова, Берденов. Доп айырмасы: 93-102. Матч уақыты: 105 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 1:3 (Алматы), 3:0 (Павлодар), 3:1 (Атырау).

3-орын үшін

«Буревестник» – «Тараз» ВК – 3:0 (25-18, 25-21, 25-18)

Төрешілер: Акулова, Ахметов, Қабылбекова. Доп айырмасы: 75-57. Матч уақыты: 77 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Алматы), 3:1 (Алматы), 1:3 (Павлодар), 1:3 (Атырау).

ФИНАЛ

«Павлодар» ВК – «Атырау» ВК – 3:2 (26-24, 25-23, 28-30, 17-25, 16-14)

Төрешілер: Қабылбекова, Өмірзақ, Ахметов. Доп айырмасы: 112-116. Матч уақыты: 134 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 1:3 (Алматы), 2:3 (Алматы), 2:3 (Павлодар), 0:3 (Атырау).

02 сәуір

5-8 орындар үшін

«Ұшқын» – «Жайық» – 3:2 (25-16, 23-25, 20-25, 25-23, 15-11)

Төрешілер: Ахметов, Акулова, Берденов. Доп айырмасы: 108-100. Матч уақыты: 116 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:2 (Алматы), 3:0 (Алматы), 0:3 (Павлодар), 3:0 (Атырау), 3:2 (Павлодар), 0:3 (Павлодар).

Жалпы есеп – 2:1

«Есіл СК» – «Алтай» – 3:1 (25-19, 19-25, 25-22, 25-22)

Төрешілер: Өмірзақ, Берденов, Қабылбекова. Доп айырмасы: 94-88. Матч уақыты: 112 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 2:3 (Алматы), 3:0 (Алматы), 1:3 (Павлодар), 3:2 (Атырау), 3:0 (Павлодар), 2:3 (Павлодар).

Жалпы есеп – 2:1

1-4 орындар үшін

«Атырау» ВК – «Тараз» ВК – 3:2 (25-27, 25-19, 22-25, 25-23, 15-10)

Төрешілер: Қабылбекова, Ахметов, Акулова. Доп айырмасы: 112-104. Матч уақыты: 130 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:0 (Алматы), 3:1 (Павлодар), 1:3 (Атырау), 2:3 (Павлодар), 3:0 (Павлодар).

Жалпы есеп – 2:1

01 сәуір

5-8 орындар үшін

«Ұшқын» – «Жайық» – 0:3 (13-25, 21-25, 22-25)

Төрешілер: Өмірзақ, Қабылбекова, Акулова. Доп айырмасы: 56-75. Матч уақыты: 71 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:2 (Алматы), 3:0 (Алматы), 0:3 (Павлодар), 3:0 (Атырау), 3:2 (Павлодар).

«Есіл СК» – «Алтай» – 2:3 (25-19, 20-25, 16-25, 25-23, 13-15)

Төрешілер: Берденов, Өмірзақ, Қабылбекова. Доп айырмасы: 99-107. Матч уақыты: 125 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 2:3 (Алматы), 3:0 (Алматы), 1:3 (Павлодар), 3:2 (Атырау), 3:0 (Павлодар).

1-4 орындар үшін

«Атырау» ВК – «Тараз» ВК – 3:0 (25-22, 25-22, 31-29)

Төрешілер: Ахметов, Акулова, Берденов. Доп айырмасы: 81-73. Матч уақыты: 91 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:0 (Алматы), 3:1 (Павлодар), 1:3 (Атырау), 2:3 (Павлодар).

«Буревестник» – «Павлодар» ВК – 1:3 (23-25, 25-16, 21-25, 13-25)

Төрешілер: Қабылбекова, Ахметов, Өмірзақ. Доп айырмасы: 82-91. Матч уақыты: 104 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы), 3:2 (Павлодар), 0:3 (Атырау), 1:3 (Павлодар).

Жалпы есеп – 0:2

31 наурыз

5-8 орындар үшін

«Ұшқын» (5) – «Жайық» (8) – 3:2 (25-20, 21-25, 22-25, 25-23, 15-9)

Төрешілер: Берденов, Акулова, Ахметов. Доп айырмасы: 108-102. Матч уақыты: 117 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:2 (Алматы), 3:0 (Алматы), 0:3 (Павлодар), 3:0 (Атырау).

«Есіл СК» (6) – «Алтай» (7) – 3:0 (25-17, 25-22, 27-25)

Төрешілер: Өмірзақ, Берденов, Қабылбекова. Доп айырмасы: 77-64. Матч уақыты: 80 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 2:3 (Алматы), 3:0 (Алматы), 1:3 (Павлодар), 3:2 (Атырау).

1-4 орындар үшін

«Атырау» ВК (1) – «Тараз» ВК (4) – 2:3 (25-19, 22-25, 25-22, 28-30, 14-16)

Төрешілер: Акулова, Қабылбекова, Ахметов. Доп айырмасы: 114-112. Матч уақыты: 134 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:0 (Алматы), 3:1 (Павлодар), 1:3 (Атырау).

«Буревестник» (2) – «Павлодар» ВК (3) – 1:3 (21-25, 21-25, 25-23, 20-25)

Төрешілер: Ахметов, Өмірзақ, Берденов. Доп айырмасы: 87-98. Матч уақыты: 112 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы), 3:2 (Павлодар), 0:3 (Атырау).

============================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика