Главная / Главные Новости / Аутсайдерлер айлалы chempionat-rk

Аутсайдерлер айлалы

12/12/2022

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Ұлттық лига «1XBET» (ерлер)

2-ші тур (06-13 желтоқсан 2022, Алматы)

Ұлттық лигадағы клубтар бір күнгі демалыстан кейін, яғни жексенбіде «1XBET» ХХХІ ел чемпионатын одан әрі сабақтады.

Бесінші күнгі матчтардың тек біріншісі ғана өте тартысты өтті. Қалған кездесулер мұндай қызықты болған жоқ. Ал «Павлодар» ВК және «Есіл СК» ұжымдары тура бірінші турдағыдай, тағы да ұзақ арпалысып, матч тағдыры тек тай-брейкте шешілді. Әрі бұл жолы да Игорь Никольченко шәкірттерінің бақтары жанды. Алайда, қызылжарлықтардың шүмектетіп төккен термен келген жалқы ұпайлары «Тараз» жігіттерін бесінші орыннан төмен ығыстыруға мүмкіндік берді. Ал былтырғы маусымдағы күміс жүлдегеріміз осы турда жеті ұпай еншілеп, ойын өрнектерін жетілдіре түсті.

Өкінішке қарай, 2021/22 маусымында төртінші орынға ие болған «Тараз» ВК осы турда бір жеңіспен ғана шектелетін секілді. Себебі қалған матчтары оңай емес. Бүгінгі ел чемпионымен кездескен ойыны небәрі 54 минутта аяқталып, биылғы ел чемпионатындағы ең қысқа ойын болды. Сонымен қатар, «Тараз» жігіттері еншілеген 48 ұпай да... маусымдағы жаңа «минимум» рекорд болып шықты.

«Ұшқын» болса, дүйсенбі күні кездесетін басты бәсекелесінің, яғни «Павлодар» ВК жігіттерінің «Есіл СК» ерлерімен додаға түскенде, қанша күш-жігер жұмсағанын көріп, тізгінін тартты. Алаң иелерімен өткен матчта көп тер төкпей, ертеңгі матчты ойлады. Негізі, «Тараз» да тура осылай, «тазы болып» шалуға тырысқан еді. Енді көкшетаулықтардың бұл айласы қандай нәтиже беретіндігін көреміз.

Осы турдағы төрт ойын күнінде де жеңіске жетпеген жалғыз команда «Алтай» болатын. Әрі бірнеше күн көш соңында табан тіреп тұрды. Осыдан болар, өскемендіктерге басты бәсекелесі «Жайық» жігіттерін жеңу өте маңызды және мәні зор болды. Өйткені, бұл турдағы қалған матчтарда екеуіне де жеңіске жету мүмкіндігі тым көмескі еді. Бірақ оңай болған жоқ. Әйтсе де, «Алтай» айласын асырып, оралдықтарды қайтадан соңғы орынға сырғытты.

Екінші турдағы ойындар сағат 10:00-де, 12:30-да, 15:00-де және 17:30-да басталады.

ҰЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Атырау» ВК: ҚР 3 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы.

«Есіл СК» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Буревестник» (Алматы): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Тараз» ВК: ҚР чемпионы – 2014/15; ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай» (Өскемен): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Павлодар» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ұшқын» (Көкшетау): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын

«Жайык» (Орал): ҚР 2 дүркін чемпионы; 2021/22 маусымы – Жоғарғы Лигада

3-ші тур (11-21 қаңтар 2023. Павлодар)

1-ші тур (02-10 қараша 2022. Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

2-ші тур (06-13 желтоқсан 2022 г., Алматы)

Астана уақытымен

10 желтоқсан – демалыс күні

* Барлық ойындар тікелей эфирде ҚВФ ресми Youtube-арнасында көрсетіледі

Төрешілер: А.Ахметов, И.Қабылбекова, Н.Өмірзақ, А.Қалиев, М.Шамахунов.

Бас қазы: Е.Сырлыбаев.

Нұсқаушы төреші: Л.Ким.

Бас хатшы: А.Нұрмағамбетова.

2-ші тур. Ойындар нәтижесі

13 желтоқсан (сейсенбі)

(10:00) «Ұшқын» – «Есіл СК»

(12:30) «Тараз» ВК – «Павлодар» ВК

(15:00) «Алтай» – «Буревестник»

(17:30) «Жайық» – «Атырау» ВК

12 желтоқсан (дүйсенбі)

(10:00) «Павлодар» – «Ұшқын»

(12:30) «Есіл СК» – «Жайық»

(15:00) «Буревестник» – «Тараз» ВК

(17:30) «Атырау» ВК – «Алтай»

НЛ 11 табЧ.png

НЛ 11 таб т.png

11 желтоқсан

«Павлодар» ВК – «Есіл СК» –3:2 (25:17, 20:25, 25:15, 19:25, 15:11)

Төрешілер: Қабылбекова, Өмірзақ. Доп айырмасы: 104-93. Матч уақыты: 120 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:2 (Алматы)

«Тараз» – «Атырау» ВК – 0:3 (12:25, 18:25, 18:25)

Төрешілер: Шамахунов, Қалиев. Доп айырмасы: 48-75. Матч уақыты: 54 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 1:3 (Алматы)

«Ұшқын» – «Буревестник» – 0:3 (21:25, 17:25, 13:25)

Төрешілер: Қалиев, Ахметов. Доп айырмасы: 51-75. Матч уақыты: 64 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 1:3 (Алматы)

«Алтай» – «Жайық» – 3:1 (21:25, 28:26, 25:23, 25:15)

Төрешілер: Өмірзақ, Шамахунов. Доп айырмасы: 99-89. Матч уақыты: 107 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Алматы)

09 желтоқсан

«Жайық» – «Тараз» ВК – 3:0 (25:22, 26:24, 25:21)

Төрешілер: Шамахунов, Қалиев. Доп айырмасы: 76-67. Матч уақыты: 86 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 1:3 (Алматы)

«Атырау» ВК – «Ұшқын» – 3:1 (25:23, 27:29, 25:22, 25:19)

Төрешілер: Ахметов, Қабылбекова. Доп айырмасы: 102-93. Матч уақыты: 102 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Алматы)

«Буревестник» – «Павлодар» ВК – 3:1 (21:25, 25:19, 25:17, 28:26)

Төрешілер: Өмірзақ, Ахметов. Доп айырмасы: 99-87. Матч уақыты: 107 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:1 (Алматы)

«Есіл СК» – «Алтай» – 3: 0 (25:11, 25:20, 25:21)

Төрешілер: Қабылбекова, Өмірзақ. Доп айырмасы: 75-52. Матч уақыты: 80 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 2:3 (Алматы)

08 желтоқсан

«Ұшқын» – «Жайық» – 3:0 (25:22, 25:21, 25:18)

Төрешілер: Қалиев, Шамахунов. Доп айырмасы: 75-61. Матч уақыты: 74 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:2 (Алматы)

«Тараз» ВК – «Алтай» – 3:2 (25:16, 25:27, 19:25, 26:24, 15:10)

Төрешілер: Шамахунов, Ахметов. Доп айырмасы: 110-102. Матч уақыты: 121 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Алматы)

«Буревестник» – «Есіл СК» – 3:1 (17:25, 25:19, 25:14, 25:13)

Төрешілер: Өмірзақ, Қабылбекова. Доп айырмасы: 92-71. Матч уақыты: 89 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Алматы)

«Павлодар» – «Атырау» ВК – 2:3 (19:25, 25:23, 25:20, 25:27, 11:15)

Төрешілер: Қабылбекова, Ахметов. Доп айырмасы: 105-110. Матч уақыты: 122 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 1:3 (Алматы)

07 желтоқсан

«Жайық» – «Павлодар» ВК – 0:3 (15:25, 19:25, 18:25)

Төрешілер: Өмірзақ, Қабылбекова. Доп айырмасы: 52-75. Матч уақыты: 70 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 1:3 (Алматы)

«Алтай» – «Ұшқын» – 1:3 (25:19, 19:25, 22:25, 22:25)

Төрешілер: Қабылбекова, Қалиев. Доп айырмасы: 88-94. Матч уақыты: 97 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 1:3 (Алматы)

«Атырау» ВК – «Буревестник» – 3:1 (25:23, 23:25, 25:17, 25:18)

Төрешілер: Ахметов, Өмірзақ. Доп айырмасы: 98-83. Матч уақыты: 108 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:1 (Алматы)

«Есіл СК» – «Тараз» ВК – 3:1 (25:18, 20:25, 25:23, 25:16)

Төрешілер: Қалиев, Шамахунов. Доп айырмасы: 95-82. Матч уақыты: 99 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:2 (Алматы)

06 желтоқсан

«Атырау» ВК – «Есіл СК» – 3:1 (21:25, 25:22, 25:21, 25:18)

Төрешілер: Қабылбекова, Қалиев. Доп айырмасы: 98-86. Матч уақыты: 102 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Алматы)

«Павлодар» ВК – «Алтай» – 3:0 (25:19, 25:22, 25:23)

Төрешілер: Өмірзақ, Шамахунов. Доп айырмасы: 75-64. Матч уақыты: 80 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Алматы)

«Буревестник» – «Жайық» – 3:1 (25:19, 25:18, 26:28, 25:14)

Төрешілер: Ахметов, Қабылбекова. Доп айырмасы: 101-79. Матч уақыты: 106 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:1 (Алматы)

«Ұшқын» – «Тараз» ВК – 3:2 (23:25, 25:17, 25:23, 17:25, 15:12)

Төрешілер: Шамахунов, Қалиев. Доп айырмасы: 105-102. Матч уақыты: 105 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:1 (Алматы)

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика