Главная / Главные Новости / Атырауда жеңіске жетпеген команда қалмады chempionat-rk

Атырауда жеңіске жетпеген команда қалмады

19/02/2023

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Ұлттық лига «1XBET» (ерлер)

4-тур (13-21 ақпан 2023 ж., Атырау)

Сенбі күні, Атырауда өтіп жатқан ерлер арасындағы Ұлттық лига додасының төртінші турында бесінші күнгі ойындар өтті. Жексенбіде – осы турдағы екінші демалыс күні. Ал дүйсенбі мен сейсенбіде 2022/23 жылдар маусымындағы ел чемпионатының негізгі бөлігінде шешуші матчтар өтеді.

Жұма күнгі «мысық пен тышқан» ойындары сенбіде де жалғасын тапты. Бұған дейін Атырауда жеңіске жетпеген «Алтай» мен «Жайық» та осы олқылықтарының орнын толтырып, «Павлодар» ВК және «Есіл СК» клубтарын ұтты. Енді, бір күнгі демалыстан кейін жоғарыда аталған екеуі кездесіп, биылғы маусымдағы ең осал команданы анықтайды.

Жұма күні ел чемпионы «тарту еткен» жеңістен кейін, «Ұшқын» ұландарына «Буревестникпен» өткен матчта тағы бір ерлікті жүзеге асыру керек болған. Алайда бір күн бұрын павлодарлықтан ұтылып қалған алматылықтар екі рет қатарынан ұтылуды мүлде жоспарламаған екен. Сондықтан Көкше клубына жұма күнгі «Тараз» тарландары сияқты, алаң иелерінің жеңіске жеткенін тілеуден басқа амал қалған жоқ.

Бірақ «атымтай жомарт» кейіпіне енген атыраулықтар (бұл турда алаң иелерінен ұпай алмаған «Павлодар» ВК ғана) плей-офф додасынан үмітті төртінші клубқа да мүмкіндік беріп, көшбасшыға тән ойын үлгісін паш етуіне қарсылық көрсете алмады. Чемпион бұл турда екінші рет қатарынан ұтылып, «Тараз» ВК бесінші рет қатарынан жеңіске жетті.

Сөйтіп, әулиеаталықтар Көкше қырандарынан бес ұпай айырмасымен қара үзе бастады. Ал ел чемпионатының негізгі бөлігінің көмбесіне дейін алда әлі екі ойын бар. «Атырау» ВК «тарту еткен» сыйлықтардан соң, осы турдағы екінші күнгі демалыстан соң, екеуі де «Павлодар» ВК жігіттерімен кездеседі.

Әуелі, дүйсенбі күні, керекуліктермен «Ұшқын» кездеседі. Осы ойын басталмай тұрып, көкшетаулықтар «Буревестник» пен «Тараз» ВК арасындағы матчтың нәтижесін білетін болады. Алайда, бұл ойын қалай аяқталса да, тараздықтар сейсенбіге, яғни соңғы ойын күніне дейін тур көшбасшысы болады. Әрі соған дейін төртінші орнынан да жылжымайды.

4-турдағы ойындар сағат 10:00-де, 12:30-да, 15:00-де және 17:30-да басталады.

============================================

ҰЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Атырау» ВК: ҚР 3 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы.

«Есіл СК» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Буревестник» (Алматы): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Тараз» ВК: ҚР чемпионы – 2014/15; ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай» (Өскемен): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Павлодар» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ұшқын» (Көкшетау): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын

«Жайык» (Орал): ҚР 2 дүркін чемпионы; 2021/22 маусымы – Жоғарғы Лигада

============================================

3-тур (12-20 қаңтар 2023 ж., Павлодар). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

2-тур (06-13 желтоқсан 2022 ж., Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

1-тур (02-10 қараша 2022 ж., Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

============================================

4-тур (13-21 ақпан 2023 ж., Атырау)

Атырау, Х.Досмұхамедов атындағы АУ с/к

* жергілікті уақыт (+1 сағат Астана уақытымен)

* 16 және 19 ақпан – демалыс күндері

* Барлық ойындар тікелей эфирде ҚВФ ресми Youtube-арнасында көрсетіледі.

Төрешілер: А.Ахметов, Ю.Акулова, И.Қабылбекова, А.Қалиев, Б.Сүйіндіков.

Бас қазы: Е.Сырлыбаев

Бас хатшы: Б.Нұрсұлтанов

21 ақпан (сейсенбі)

(10:00) «Ұшқын» – «Алтай»

(12:30) «Тараз» ВК – «Павлодар» ВК

(15:00) «Есіл СК» – «Буревестник»

(17:30) «Жайық» – «Атырау» ВК

20 ақпан (дүйсенбі)

(10:00) «Буревестник» – «Тараз» ВК

(12:30) «Алтай» – «Жайық»

(15:00) «Павлодар» ВК – «Ұшқын»

(17:30) «Атырау» ВК – «Есіл СК»

19 02 ҰЛЕ тк.png

19 02 ҰЛЕ ІІІттк.png

18 ақпан

«Павлодар» ВК – «Алтай» – 1:3 (17-25, 25-23, 22-25, 19-25)

Төрешілер: Қабылбекова, Сүйіндіков. Доп айырмасы: 83-98. Матч уақыты: 103 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Алматы), 3:0 (Алматы), 3:1 (Павлодар).

«Ұшқын» – «Буревестник» – 0:3 (21-25, 27-29, 16-25)

Төрешілер: Акулова, Қалиев. Доп айырмасы: 64-79. Матч уақыты: 78 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Алматы), 0:3 (Алматы), 0:3 (Павлодар).

«Есіл СК» – «Жайық» – 1:3 (19-25, 20-25, 25-19, 21-25)

Төрешілер: Сүйіндіков, Ахметов. Доп айырмасы: 85-94. Матч уақыты: 110 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Алматы), 3:1 (Алматы), 2:3 (Павлодар).

«Тараз» ВК – «Атырау» ВК – 3:1 (25-20, 25-19, 25-27, 25-22)

Төрешілер: Қалиев, Акулова. Доп айырмасы: 100-88. Матч уақыты: 121 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Алматы), 0:3 (Алматы), 1:3 (Павлодар).

17 ақпан

«Алтай» – «Есіл СК» – 2:3 (25-20, 21-25, 17-25, 25-22, 11-15)

Төрешілер: Акулова, Қабылбекова. Доп айырмасы: 99-107. Матч уақыты: 124 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:2 (Алматы), 0:3 (Алматы), 3:1 (Павлодар).

«Жайық» – «Тараз» ВК – 1:3 (19-25, 25-19, 16-25, 21-25)

Төрешілер: Қалиев, Акулова. Доп айырмасы: 81-94. Матч уақыты: 107 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Алматы), 3:0 (Алматы), 2:3 (Павлодар).

«Буревестник» – «Павлодар» ВК – 0:3 (28-30, 21-25, 22-25)

Төрешілер: Қабылбекова, Ахметов. Доп айырмасы: 71-80. Матч уақыты: 88 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы), 3:2 (Павлодар).

«Атырау» ВК – «Ұшқын» – 1:3 (25-21, 17-25, 21-25, 19-25)

Төрешілер: Сүйіндіков, Қалиев. Доп айырмасы: 82-96. Матч уақыты: 97 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Алматы), 3:1 (Алматы), 3:0 (Павлодар).

15 ақпан

«Ұшқын» – «Жайық» – 3:0 (25-21, 25-19, 25-23)

Төрешілер: Сүйіндіков, Қалиев. Доп айырмасы: 75-63. Матч уақыты: 77 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:2 (Алматы), 3:0 (Алматы), 0:3 (Павлодар).

«Буревестник» – «Алтай» – 3:1 (23-25, 26-24, 25-18, 28-26)

Төрешілер: Қалиев, Ахметов. Доп айырмасы: 102-93. Матч уақыты: 124 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы), 3:0 (Павлодар).

«Тараз» ВК – «Есіл СК» – 3:1 (25-22, 25-14, 22-25, 25-16)

Төрешілер: Қабылбекова, Акулова. Доп айырмасы: 97-77. Матч уақыты: 103 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 2:3 (Алматы), 1:3 (Алматы), 3:1 (Павлодар).

«Павлодар» ВК – «Атырау» ВК – 0:3 (21-25, 16-25, 21-25)

Төрешілер: Ахметов, Қабылбекова. Доп айырмасы: 58-75. Матч уақыты: 77 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Алматы), 2:3 (Алматы), 2:3 (Павлодар).

14 ақпан

«Есіл СК» – «Ұшқын» – 1:3 (25-22, 22-25, 22-25, 20-25)

Төрешілер: Қабылбекова, Акулова. Доп айырмасы: 89-97. Матч уақыты: 108 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Алматы), 3:1 (Алматы), 0:3 (Павлодар).

«Алтай» – «Тараз» ВК – 0:3 (16-25, 21-25, 17-25)

Төрешілер: Ахметов, Қалиев. Доп айырмасы: 54-75. Матч уақыты: 73 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Алматы), 2:3 (Алматы), 0:3 (Павлодар).

«Жайық» – «Павлодар» ВК – 2:3 (19-25, 25-20, 25-18, 22-25, 11-15)

Төрешілер: Сүйіндіков, Қабылбекова. Доп айырмасы: 102-103. Матч уақыты: 133 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Алматы), 0:3 (Алматы), 0:3 (Павлодар).

«Атырау» ВК – «Буревестник» – 3:2 (25-20, 24-26, 25-23, 24-26, 15-13)

Төрешілер: Акулова, Ахметов. Доп айырмасы: 113-108. Матч уақыты: 140 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы), 3:0 (Павлодар).

13 ақпан

«Буревестник» – «Жайық» – 3:0 (25-18, 25-16, 28-26)

Төрешілер: Қалиев, Сүйіндіков. Доп айырмасы: 78-60. Матч уақыты: 77 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы), 3:1 (Павлодар).

«Есіл СК» – «Павлодар» ВК – 1:3 (26-28, 25-21, 15-25, 22-25)

Төрешілер: Қабылбекова, Ахметов. Доп айырмасы: 88-99. Матч уақыты: 119 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 2:3 (Алматы), 2:3 (Алматы), 3:1 (Павлодар).

«Ұшқын» – «Тараз» ВК – 1:3 (25-23, 23-25, 20-25, 18-25)

Төрешілер: Ахметов, Акулова. Доп айырмасы: 86-98. Матч уақыты: 109 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:2 (Алматы), 0:3 (Павлодар).

«Атырау» ВК – «Алтай» – 3:2 (22-25, 25-22, 23-25, 25-19, 15-13)

Төрешілер: Сүйіндіков, Қалиев. Доп айырмасы: 110-104. Матч уақыты: 135 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:0 (Алматы), 3:0 (Павлодар).

============================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика