Главная / Высшая лига U-23 / Атырау жастары Тараз таланттарын тізе бүктірді chempionat-rk

Атырау жастары Тараз таланттарын тізе бүктірді

13/04/2023

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жастар арасындағы Жоғарғы дивизион Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (ерлер)

5-тур (11 – 18 сәуір 2023, Тараз)

Сейсенбі күні, Таразда жігіттер арасындағы Жоғарғы дивизион командалары соңғы, бесінші турды бастады. Екінші күнгі көшбасшылар арасындағы кездесуге дейін, яғни «Атырау-2» ВК және «Тараз-2» ВК командалары арасын тек жеңіс саны ғана бөліп тұрса, сәрсенбі күні бұған ұпай саны айырмашылығы да қосылды.

Биылғы маусымда үшінші рет «Атырау» мен «Тараздың» фарм-клубтары арасындағы додада матч тағдыры тай-брейкте шешілді. Бұған дейін екеуі бірін-бірі ұтып, бақтары алма-кезек жанған болатын. Әйтсе де, екеуара матчтар қорытындысында мұнайшылар едәуір алда болатын – 9:3.

Басты бәсекелесін төртінші рет тізе бүктірген «Атырау-2» ұжымы енді жеке-дара көш бастап, маусымның аяқталуына бес күн қалғанда суырылып алға озды. Тур «қожайындары» екінші орында қалып, көшбасшыдан бір ұпай қалып келеді. Бірақ екі жеңісі – кем.

Бейсенбі және жұма күндері екеуі кезекпен Лиганың былтырғы маусымдағы жеңімпазы «Алтай-2» командасымен додаға түседі. Өскемендіктер болса, «Тараз-2» ВК тарландарымен жеңіс саны бойынша әлден теңесіп, көшбасшыдан үш, ал әулиеаталықтардан екі ұпай айырмасымен қалып келеді.

Әуелі, яғни бейсенбі күні алтайлықтар мұнайшылармен кездеседі. Биылғы маусымда екеуі бірін-бірі екі реттен ұтқанын ескерсек, бесінші матчта қайсысы жеңетінін дөп басып айту қиын. Есесіне, сенбідегі бір күндік демалысқа дейін ел біріншілігінің қорытындысы белгілі бола бастайды.

Тараз турында тағы бір кішігірім, қызықты «жаңалық» жүзеге асты. Сәрсенбінің сәтінде «Павлодар-2» ВК бозбалалары 2022/23-маусымында алғаш рет бір партияда жеңіске жетті. Бұл олардың 13-інші ойындарында жүзеге асты. Лигадағы ең жас команда үшін (бұл ұжымның сапында 15-16 жастағы жеткіншектер ойнайды) бір партияда басым түсудің өзі – әжептәуір жеңіс!

Бесінші турдағы матчтар сағат 10:00-де, 12:30-да, 15:00-де және 17:30-да басталады.

======================================================

ЖЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Алтай-2» (Өскемен): ЖЛ 2 дүркін жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – Жеңімпаз

«Павлодар-2» ВК: ЖЛ-2017/18 жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – 2 орын

«Тараз» ВК: 2021/22 маусымында U-23 – 3 орын

«Буревестник-2» (Алматы): ЖЛ 2 дүркін жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – 4 орын

«Есіл-СК-2» (Петропавл): 2021/22 маусымында U-23 – 5 орын

«Атырау-2» ВК: 2021/22 маусымында U-23 – 6 орын

«Ұшқын-2» (Көкшетау): 2021/22 маусымында U-23 – 7 орын

«Жайық-2» (Орал): алғашқы маусымы

======================================================

4-ші тур (16-23 наурыз 2023, Атырау). Жеңімпаз – «Атырау-2» ВК

3-тур (23 ақпан - 02 наурыз 2023 ж., Орал). Жеңімпаз – «Тараз-2» ВК

2-ші тур (16-23 желтоқсан 2022, Петропавл). Жеңімпаз – «Атырау-2» ВК

1-ші тур (13-20 қараша 2022, Атырау). Жеңімпаздар – «Тараз-2» ВК және «Буревестник-2»

======================================================

5-тур (11-18 сәуір 2023 ж., Тараз)

Тараз. «Тараз-Арена»

* Астана уақытымен

* 15 сәуір – демалыс күні

* Барлық ойындар – тікелей эфир арқылы ҚВФ ресми Youtube-арнасында

Бас қазы: И.Қабылбекова; Төрешілер: Ю.Акулова, А.Қалиев, А.Сейдехан, Д.Махамбетияров; Бас хатшы: Н.Баялиева.

13 сәуір (бейсенбі)

(10:00) «Буревестник-2» – «Ұшқын-2»

(12:30) «Есіл СК-2» – «Жайық-2»

(15:00) «Алтай-2» – «Атырау-2» ВК

(17:30) «Тараз-2» ВК – «Павлодар-2» ВК

4-13-ЖДЖ тк.png

12 сәуір

«Павлодар-2» ВК – «Есіл СК-2» – 1:3 (20-25, 13-25, 27-25, 16-25)

Төрешілер: Махамбетияров, Сейдехан. Доп айырмасы: 76-100. Матч уақыты: 81 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Атырау), 0:3 (Петропавл), 0:3 (Орал), 0:3 (Атырау).

«Жайық-2» – «Буревестник-2» – 0:3 (14-25, 22-25, 23-25)

Төрешілер: Сейдехан, Махамбетияров. Доп айырмасы: 59-75. Матч уақыты: 68 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Атырау), 0:3 (Петропавл), 2:3 (Орал), 1:3 (Атырау).

«Ұшқын-2» – «Алтай-2» – 0:3 (11-25, 16-25, 16-25)

Төрешілер: Акулова, Қалиев. Доп айырмасы: 43-75. Матч уақыты: 57 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 1:3 (Атырау), 0:3 (Петропавл), 1:3 (Орал), 0:3 (Атырау).

«Атырау-2» ВК – «Тараз-2» ВК – 3:2 (15-25, 22-25, 25-18, 25-14, 15-12)

Төрешілер: Қалиев, Акулова. Доп айырмасы: 102-94. Матч уақыты: 111 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 2:3 (Атырау), 3:1 (Петропавл), 3:2 (Орал), 3:0 (Атырау).

11 сәуір

«Атырау-2» ВК – «Павлодар-2» ВК – 3:0 (25-13, 25-10, 25-7)

Төрешілер: Сейдехан, Махамбетияров. Доп айырмасы: 75-30. Матч уақыты: 55 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Атырау), 3:0 (Петропавл), 3:0 (Орал), 3:0 (Атырау).

«Алтай-2» – «Жайық-2» – 3:0 (25-22, 25-14, 25-19)

Төрешілер: Махамбетияров, Сейдехан. Доп айырмасы: 75-55. Матч уақыты: 66 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Атырау), 3:0 (Петропавл), 3:0 (Орал), 3:1 (Атырау).

«Буревестник-2» – «Есіл СК-2» – 3:0 (25-19, 25-22, 25-10)

Төрешілер: Акулова, Қалиев. Доп айырмасы: 75-51. Матч уақыты: 62 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Атырау), 3:1 (Петропавл), 3:1 (Орал), 3:0 (Атырау).

«Ұшқын-2» – «Тараз-2» ВК – 0:3 (19-25, 21-25, 18-25)

Төрешілер: Қалиев, Акулова. Доп айырмасы: 58-75. Матч уақыты: 70 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Атырау), 1:3 (Петропавл), 0:3 (Орал), 0:3 (Атырау).

14 сәуір (жұма)

(10:00) «Ұшқын-2» – «Есіл СК-2»

(12:30) «Павлодар-2» ВК – «Жайық-2»

(15:00) «Атырау-2» ВК – «Буревестник-2»

(17:30) «Тараз-2» ВК – «Алтай-2»

16 сәуір (жексенбі)

(10:00) «Алтай-2» – «Павлодар-2» ВК

(12:30) «Жайық-2» – «Ұшқын-2»

(15:00) «Есіл СК-2» – «Атырау-2» ВК

(17:30) «Буревестник-2» – «Тараз-2» ВК

17 сәуір (дүйсенбі)

(10:00) «Павлодар-2» ВК – «Ұшқын-2»

(12:30) «Атырау-2» ВК – «Жайық-2»

(15:00) «Алтай-2» – «Буревестник-2»

(17:30) «Тараз-2» ВК – «Есіл СК-2»

18 сәуір (сейсенбі)

(10:00) «Буревестник-2» – «Павлодар-2» ВК

(12:30) «Ұшқын-2» – «Атырау-2» ВК

(15:00) «Есіл СК-2» – «Алтай-2»

(17:30) «Жайық-2» – «Тараз-2» ВК

======================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика