Главная / Высшая лига U-23 / Атырау жастары Тараз бен Алматыдан келген құрдастарын ұтты chempionat-rk

Атырау жастары Тараз бен Алматыдан келген құрдастарын ұтты

27/02/2023

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жастар арасындағы Жоғарғы дивизион Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (ерлер)

3-тур (23 ақпан – 02 наурыз 2023, Орал)

Оралда өтіп жатқан, жас жігіттер арасындағы Жоғарғы дивизионда үшінші турдың төрт күндегі ойындары өтіп, биылғы ел біріншілігі бел ортасынан асты. Дүйсенбіде Ұлттық лиганың фарм-клубтары дем алады.

Қыс мезгілінің соңғы демалыс күндеріндегі, яғни сенбі және жексенбідегі басты «ньюсмейкер» «Атырау-2» ВК жігіттері болды. Екінші турдың жеңімпазы әуелі көш басындағы «Тараз-2» тарландарын тай-брейкте тізе бүктірді. Сөйтіп, әулиаталықтармен екіаралықты үш ұпайдан екі ұпайға дейін қысқартты. Бірақ екеуінің жеңістерінің саны теңесіп, бірдей болды.

Мұнайшылар мұнымен шектелмей, жексенбі күні «Буревестник-2» бозбалаларынан басым түсіп, олардан төрт ұпай айырмасымен алға озды. Әрі Оралдағы төрт күнде де жеңіске жетіп, 11 ұпаймен үшінші турда жеке-дара көш бастады. Тараз тарланбоздарының бұл турда олардан бір ұпайы кем, әзірше.

«Тараз» ВК қосалқы құрамы осы турдағы демалыс күнге дейін, жүлделі орындардан үмітті төрттіктің ішінде бірінші болып, басты бәсекелестерінің бәрімен ойнап шықты. Әрі 9 мүмкіндіктен 7 ұпай еншіледі. Енді оларға қоржындарын толықтыра түсу аса қиынға соқпайтын да шығар.

Сейсенбі және сәрсенбі күндері Лиганың былтырғы маусымдағы жеңімпазы «Алтай-2» жігіттері «Буревестник-2» және «Атырау-2» командаларымен додаға түседі. Егер олар осы ойындарда ұтылмаса, онда турнир кестесінің жоғарғы бөлігіндегі жағдай одан әрі шиеленісе түсуі ықтимал.

Үшінші турдағы ойындар сағат 10:00-де, 12:30-да, 15:00-де және 17:30-да басталады. Тек соңғы, яғни 2 наурыз күнгі ойындар уақыты өзгеретін болады.

======================================================

ЖЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Алтай-2» (Өскемен): ЖЛ 2 дүркін жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – Жеңімпаз

«Павлодар-2» ВК: ЖЛ-2017/18 жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – 2 орын

«Тараз» ВК: 2021/22 маусымында U-23 – 3 орын

«Буревестник-2» (Алматы): ЖЛ 2 дүркін жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – 4 орын

«Есіл-СК-2» (Петропавл): 2021/22 маусымында U-23 – 5 орын

«Атырау-2» ВК: 2021/22 маусымында U-23 – 6 орын

«Ұшқын-2» (Көкшетау): 2021/22 маусымында U-23 – 7 орын

«Жайық-2» (Орал): алғашқы маусымы

======================================================

2-ші тур (16-23 желтоқсан 2022, Петропавл). Жеңімпаз – «Атырау-2» ВК

1-ші тур (13-20 қараша 2022, Атырау). Жеңімпаздар – «Тараз-2» ВК және «Буревестник-2»

======================================================

3-тур (23 ақпан – 02 наурыз 2023, Орал)

Орал. «ОЖСШМ» с/з

* жергілікті уақытпен (+1 сағат Астана уақытымен)

* 27 ақпан – осы турдағы демалыс күні

* Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында тікелей эфирде көрсетіледі

Бас қазы: И.Қабылбекова; Төрешілер: Ж.Бақтығалиев, Б.Нұрсұлтанов, В.Суходол, Б.Сүйіндіков, С.Казак; Бас хатшы: А.Сухарева.

28 ақпан (сейсенбі)

(10:00) «Алтай-2» – «Буревестник-2»

(12:30) «Атырау-2» ВК – «Павлодар-2» ВК

(15:00) «Есіл СК-2» – «Тараз-2» ВК

(17:30) «Ұшқын-2» – «Жайық-2»

27 02 ЖЛЖ тк.png

26 ақпан

«Павлодар-2» ВК – «Ұшқын-2» – 0:3 (22-25, 15-25, 18-25)

Төрешілер: Нұрсұлтанов, Бақтығалиев. Доп айырмасы: 55-75. Матч уақыты: 67 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Атырау), 0:3 (Петропавл).

«Тараз-2» ВК – «Алтай-2» – 3:0 (28-26, 25-22, 25-20)

Төрешілер: Бақтығалиев, Нұрсұлтанов. Доп айырмасы: 78-68. Матч уақыты: 81 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Атырау), 3:1 (Петропавл).

«Буревестник-2» – «Атырау-2» ВК – 0:3 (16-25, 22-25, 16-25)

Төрешілер: Сүйіндіков, Суходол. Доп айырмасы: 54-75. Матч уақыты: 72 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 2:3 (Атырау), 3:1 (Петропавл).

«Жайық-2» – «Есіл СК-2» – 2:3 (21-25, 25-22, 22-25, 25-22, 14-16)

Төрешілер: Суходол, Сүйіндіков. Доп айырмасы: 107-110. Матч уақыты: 131 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Атырау), 1:3 (Петропавл).

25 ақпан

«Буревестник-2» – «Павлодар-2» ВК – 3:0 (25-16, 25-12, 25-15)

Төрешілер: Суходол, Бақтығалиев. Доп айырмасы: 75-43. Матч уақыты: 51 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Атырау), 3:0 (Петропавл).

«Атырау-2» ВК – «Тараз-2» ВК – 3:2 (25-20, 25-17, 20-25, 22-25, 15-11)

Төрешілер: Казак, Суходол. Доп айырмасы: 107-98. Матч уақыты: 123 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 2:3 (Атырау), 3:1 (Петропавл).

«Есіл СК-2» – «Ұшқын-2» – 3:1 (27-29, 25-19, 25-14, 25-14)

Төрешілер: Бақтығалиев, Сүйіндіков. Доп айырмасы: 102-76. Матч уақыты: 97 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Атырау), 3:0 (Петропавл).

«Алтай-2» – «Жайық-2» – 3:0 (25-16, 25-17, 25-17)

Төрешілер: Сүйіндіков, Нұрсұлтанов. Доп айырмасы: 75-50. Матч уақыты: 69 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Атырау), 3:0 (Петропавл).

24 ақпан

«Павлодар-2» ВК – «Есіл СК-2» – 0:3 (22-25, 16-25, 18-25)

Төрешілер: Суходол, Сүйіндіков. Доп айырмасы: 56-75. Матч уақыты: 62 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Атырау), 0:3 (Петропавл).

«Ұшқын-2» – «Алтай-2» – 1:3 (17-25, 21-25, 25-19, 14-25)

Төрешілер: Нұрсұлтанов, Бақтығалиев. Доп айырмасы: 77-94. Матч уақыты: 93 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 1:3 (Атырау), 0:3 (Петропавл).

«Тараз-2» ВК – «Буревестник-2» – 3:1 (25-19, 25-19, 23-25, 25-19)

Төрешілер: Бақтығалиев, Нұрсұлтанов. Доп айырмасы: 98-82. Матч уақыты: 93 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 2:3 (Атырау), 3:2 (Петропавл).

«Жайық-2» – «Атырау-2» ВК – 0:3 (16-25, 22-25, 18-25)

Төрешілер: Сүйіндіков, Суходол. Доп айырмасы: 56-75. Матч уақыты: 74 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Атырау), 0:3 (Петропавл).

23 ақпан

«Тараз-2» ВК – «Павлодар-2» ВК – 3:0 (25-12, 25-18, 25-18)

Төрешілер: Суходол, Бақтығалиев. Доп айырмасы: 75-48. Матч уақыты: 57 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Атырау), 3:0 (Петропавл).

«Атырау-2» ВК – «Ұшқын-2» – 3:0 (25-13, 25-21, 25-18)

Төрешілер: Бақтығалиев, Суходол. Доп айырмасы: 75-52. Матч уақыты: 65 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Атырау), 3:0 (Петропавл).

«Алтай-2» – «Есіл СК-2» – 3:2 (24-26, 25-18, 24-26, 25-15, 15-6)

Төрешілер: Сүйіндіков, Нұрсұлтанов. Доп айырмасы: 113-91. Матч уақыты: 101 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Атырау), 3:1 (Петропавл).

«Буревестник-2» – «Жайық-2» – 3:2 (25-19, 24-26, 21-25, 25-14, 15-10)

Төрешілер: Нұрсұлтанов, Сүйіндіков. Доп айырмасы: 110-94. Матч уақыты: 119 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Атырау), 3:0 (Петропавл).

01 наурыз (сәрсенбі)

(10:00) «Тараз-2» ВК – «Ұшқын-2»

(12:30) «Буревестник-2» – «Есіл СК-2»

(15:00) «Атырау-2» ВК – «Алтай-2»

(17:30) «Павлодар-2» ВК – «Жайық-2»

02 наурыз (бейсенбі)

(09:00) «Ұшқын-2» – «Буревестник-2»

(11:00) «Алтай-2» – «Павлодар-2» ВК

(13:00) «Есіл СК-2» – «Атырау-2» ВК

(15:00) «Жайық-2» – «Тараз-2» ВК

======================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика