Главная / Главные Новости / «Атырау» «Буревестниктен» айласын тағы асырды chempionat-rk

«Атырау» «Буревестниктен» айласын тағы асырды

08/12/2022

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Ұлттық лига «1XBET» (ерлер)

2-ші тур (06-13 желтоқсан 2022, Алматы)

Еліміздің ХХХІ чемпионатының «1XBET» Ұлттық лигасындағы екінші турда ең қызықты және маңызды ойын «Атырау» ВК мен «Буревестник» арасындағы кездесу болды. Тартысты өткен додада ел чемпионы алаң иелерін, яғни алматылықтарды ұтып, басты бәсекелесінен төрт ұпай айырмасымен алға озды.

Бірінші турдағыдай, алматылықтар тағы да мұнайшыларға төтеп бере алмай, жеңілістің кермек дәмін татты. Тіпті өз алаңы мен жанкүйерлеріне сенген «басымдығы» да көмек болмады. Енді қандай жағдай болмасын, ел чемпионы Жаңа жыл мерекелерін турнир кестесіндегі көшбасшылық мәртебесімен қарсы алатын шығар. Ал Павлодарда өтетін үшінші турда не болады, оны уақыт көрсетеді. Сәрсенбіде Юрий Мельничуктің шәкірттері «Павлодар» ВК жігіттерімен кездеседі. Ал олар өз кезегінде – осы турдағы екі матчта да үш партияда жеңіске жеткен жалқы ұжым. Әрі бесінші рет қатарынан «асықтары алшысынан» түсіп отыр.

Ал еліміздің өткен маусымдағы күміс жүлдегері, яғни «Есіл СК» командасы осы маусымдағы тоғызыншы матчында ғана «таза», үш ұпайлық жеңіске қол жеткізді. Әрі екінші рет «Тараз» ВК жігіттерінен басым түсті (бірінші турда тай-брейкте бақтары жанған). Сөйтіп, қызылжарлықтар соңғы орыннан жоғары көтеріліп, көш соңына Оралдың «Жайығы» түсіп қалды.

«Ұшқын» таң қалдыруын доғарар емес. Осы қарқынынан танбаса, ел біріншілігінің соңында төрттікке ілігуі де әбден мүмкін. Ал былтырғы жылғы 2021/22 маусымында бұл команда соңғы орынға табан тіреген болатын.

Екінші турдағы ойындар сағат 10:00-де, 12:30-да, 15:00-де және 17:30-да басталады.

ҰЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Атырау» ВК: ҚР 3 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы.

«Есіл СК» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Буревестник» (Алматы): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Тараз» ВК: ҚР чемпионы – 2014/15; ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай» (Өскемен): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Павлодар» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ұшқын» (Көкшетау): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын

«Жайык» (Орал): ҚР 2 дүркін чемпионы; 2021/22 маусымы – Жоғарғы Лигада

3-ші тур (11-21 қаңтар 2023. Павлодар)

1-ші тур (02-10 қараша 2022. Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

2-ші тур (06-13 желтоқсан 2022 г., Алматы)

Астана уақытымен

10 желтоқсан – демалыс күні

* Барлық ойындар тікелей эфирде ҚВФ ресми Youtube-арнасында көрсетіледі

2-ші тур. Ойындар нәтижесі

08 желтоқсан (бейсенбі)

(10:00) «Ұшқын» – «Жайык»

(12:30) ВК «Тараз» – «Алтай»

(15:00) «Буревестник» – «Есиль СК»

(17:30) ВК «Павлодар» – ВК «Атырау»

Табл 07-12.png

07 желтоқсан

«Жайық» – «Павлодар» ВК – 0:3 (15:25, 19:25, 18:25)

Төрешілер: Өмірзақ, Қабылбекова. Доп айырмасы: 52-75. Матч уақыты: 70 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 1:3 (Алматы)

«Алтай» – «Ұшқын» – 1:3 (25:19, 19:25, 22:25, 22:25)

Төрешілер: Қабылбекова, Қалиев. Доп айырмасы: 88-94. Матч уақыты: 97 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 1:3 (Алматы)

«Атырау» ВК – «Буревестник» – 3:1 (25:23, 23:25, 25:17, 25:18)

Төрешілер: Ахметов, Өмірзақ. Доп айырмасы: 98-83. Матч уақыты: 108 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:1 (Алматы)

«Есіл СК» – «Тараз» ВК – 3:1 (25:18, 20:25, 25:23, 25:16)

Төрешілер: Қалиев, Шамахунов. Доп айырмасы: 95-82. Матч уақыты: 99 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:2 (Алматы)

06 желтоқсан

«Атырау» ВК – «Есіл СК» – 3:1 (21:25, 25:22, 25:21, 25:18)

Төрешілер: Қабылбекова, Қалиев. Доп айырмасы: 98-86. Матч уақыты: 102 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Алматы)

«Павлодар» ВК – «Алтай» – 3:0 (25:19, 25:22, 25:23)

Төрешілер: Өмірзақ, Шамахунов. Доп айырмасы: 75-64. Матч уақыты: 80 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Алматы)

«Буревестник» – «Жайық» – 3:1 (25:19, 25:18, 26:28, 25:14)

Төрешілер: Ахметов, Қабылбекова. Доп айырмасы: 101-79. Матч уақыты: 106 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:1 (Алматы)

«Ұшқын» – «Тараз» ВК – 3:2 (23:25, 25:17, 25:23, 17:25, 15:12)

Төрешілер: Шамахунов, Қалиев. Доп айырмасы: 105-102. Матч уақыты: 105 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:1 (Алматы)

09 желтоқсан (жұма)

(10:00) «Жайық» – «Тараз» ВК

(12:30) «Атырау» ВК – «Ұшқын»

(15:00) «Буревестник» – «Павлодар» ВК

(17:30) «Есіл СК» – «Алтай»

11 желтоқсан (жексенбі)

(10:00) «Павлодар» ВК – «Есіл СК»

(12:30) «Тараз» – «Атырау» ВК

(15:00) «Ұшқын» – «Буревестник»

(17:30) «Алтай» – «Жайық»

12 желтоқсан (дүйсенбі)

(10:00) «Павлодар» – «Ұшқын»

(12:30) «Есіл СК» – «Жайық»

(15:00) «Буревестник» – «Тараз» ВК

(17:30) «Атырау» ВК – «Алтай»

13 желтоқсан (сейсенбі)

(10:00) «Ұшқын» – «Есіл СК»

(12:30) «Тараз» ВК – «Павлодар» ВК

(15:00) «Алтай» – «Буревестник»

(17:30) «Жайық» – «Атырау» ВК

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика