Главная / Высшая лига / «Атырау» арулары өз алаңында атой сала алмады chempionat-rk

«Атырау» арулары өз алаңында атой сала алмады

11/03/2023

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жоғарғы лига (әйелдер)

4-тур (08-13 наурыз 2023 ж., Атырау)

Атырауда өтіп жатқан, әйелдер арасындағы Жоғарғы лиганың төртінші турында үшінші күнгі ойындар аяқталды. Сенбі күні барлық командалар дем алады. Бейсенбідегі шектен тыс шиеленісті ойындардан соң (үш матчта 14 партия ойналды), жұмадағы кездесулер осы турдың ең бірінші күніндегі ойындардай «тиыш» өтті.

«Ақтөбе» және «Атырау» командалары арасындағы ойын біз күткендегідей бола қоймады. Алаң иелері жеңіске жетсе, басты бәсекелесін төмен ығыстырып, өздері төртінші орынға көтерілер еді. Бірақ бейсенбіде «қарлығаштардан» ұтылып қалып, «сыйлық» жасаған ақтөбеліктер сол ойыннан сабақ алып, қорытынды шығарған секілді. Марат Иманғалиевтің шәкірттері бұл жолы сауатты ойнап, Атырау аруларынан биылғы маусымда үшінші рет басым түсті.

Осылай, бұл екі ұжым арасындағы екеуара кездесулер қорытындысында «Ақтөбе» ВК 10 ұпай еншілесе, «Атырау» ВК қыздарына екі ұпай ғана бұйырды. Алаң иелері өз жанкүйерлері алдында нәтижелі ойын өрнегін көрсете алар емес. Олар тіпті осының алдында Оралда өткен турдағы қарқындарын да жоғалтып алған.

Ертеңгі демалыстан кейін жексенбі және дүйсенбі күндері қалған алты ойын өтеді. Сөйтіп, бұл тур да аяқталуға айналды. Бұлай дейтін себебіміз, енді осы қалған маттчтардың нәтижелері турнир кестесіндегі жағдайға ешқандай да әсер етпейді. Тек сап түзей орналасқан ұжымдардың арасын, яғни ұпай айырмаларын алшақтатуы немесе қысқарта түсуі ғана мүмкін.

Төртінші турдағы матчтар жергілікті уақытпен сағат 12:00-де, 14:00-де және 16:00-де басталады. Тек соңғы, яғни 13 наурыз күнгі ойындардың басталу уақыттары өзгеретін болады.

============================================================

ЖЛ (Ә) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Тараз» ВК: ЖЛ 3 дүркін жеңімпазы; ЖЛ 2021/22 маусымында – Жеңімпаз.

«Шымкент» ВК: ЖЛ (2017/18) жеңімпазы («Қазығұрт-ОҚГУ»); ЖЛ-2021/22 маусымында – 3 орын

«Грация-KZ» (Орал): ЖЛ (2020/21) жеңімпазы; ЖЛ-2021/22 маусымында – 4 орын

«Елисеев Қарлығаштары» (Теміртау): ЖЛ-2021/22 маусымында («Металлург») – 6 орын

«Ақтөбе» ВК: алғашқы маусымы

«Атырау» ВК: алғашқы маусымы

============================================================

3-тур (11-16 ақпан 2023 ж., Орал). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

2-ші тур (11-16 желтоқсан 2022 ж., Шымкент). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

1-ші тур (12-17 қараша 2022 ж., Шымкент). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

============================================================

4-тур (08-13 наурыз 2023 ж., Атырау)

Атырау. «Нұрсая» ДШСК

* жергілікті уақыт (+1 сағат Астана уақытымен)

* 11 наурыз – демалыс күні

* Барлық ойындар – тікелей эфир арқылы ҚВФ ресми Youtube-арнасында

Бас қазы: А.Ахметов; төрешілер: Б.Нұрсұлтанов, М.Әбенов, А.Шашубай; бас хатшы: Б.Атимова.

13 наурыз (дүйсенбі)

(10:00) «Ақтөбе» ВК – «Тараз» ВК

(12:00) «Грация-KZ» – «Елисеев Қарлығаштары»

(14:00) «Атырау» ВК – «Шымкент» ВК

12 наурыз (жексенбі)

(12:00) «Шымкент» ВК – «Ақтөбе» ВК

(14:00) «Тараз» ВК – «Грация-KZ»

(16:00) «Елисеев Қарлығаштары» – «Атырау» ВК

11 ІІІ ЖЛӘ-тк2.png

10 наурыз

«Тараз» ВК – «Елисеев Қарлығаштары» – 3:0 (25-14, 25-17, 25-23)

Төрешілер: Шашубай, Нұрсұлтанов. Доп айырмасы: 75-54. Матч уақыты: 64 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Шымкент), 3:2 (Шымкент), 3:0 (Орал).

«Грация-KZ» – «Шымкент» ВК – 0:3 (19-25, 20-25, 10-25)

Төрешілер: Нұрсұлтанов, Әбенов. Доп айырмасы: 49-75. Матч уақыты: 70 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Шымкент), 1:3 (Шымкент), 2:3 (Орал).

«Ақтөбе» ВК – «Атырау» ВК – 3:0 (25-13, 25-22, 25-20)

Төрешілер: Әбенов, Шашубай. Доп айырмасы: 75-55. Матч уақыты: 83 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Шымкент), 3:0 (Шымкент), 2:3 (Орал).

09 наурыз

«Елисеев Қарлығаштары» – «Ақтөбе» ВК – 3:2 (9-25, 22-25, 25-21, 25-19, 15- 12)

Төрешілер: Шашубай, Нұрсұлтанов. Доп айырмасы: 96-102. Матч уақыты: 116 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Шымкент), 2:3 (Шымкент), 0:3 (Орал).

«Шымкент» ВК – «Тараз» ВК – 3:1 (25-14, 17-25, 25-23, 25-13)

Төрешілер: Нұрсұлтанов, Әбенов. Доп айырмасы: 92-75. Матч уақыты: 91 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Шымкент), 2:3 (Шымкент), 3:1 (Орал).

«Атырау» ВК – «Грация-KZ» – 2:3 (26-24, 25-22, 18-25, 15-25, 6-15)

Төрешілер: Әбенов, Шашубай. Доп айырмасы: 90-111. Матч уақыты: 127 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Шымкент), 0:3 (Шымкент), 3:0 (Орал).

08 наурыз

«Шымкент» ВК – «Елисеев Қарлығаштары» – 3:0 (25-13, 25-13, 25-16)

Төрешілер: Шашубай, Нұрсұлтанов. Доп айырмасы: 75-42. Матч уақыты: 61 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Шымкент), 3:0 (Шымкент), 3:0 (Орал).

«Грация-KZ» – «Ақтөбе» ВК – 3:0 (25-13, 25-9, 25-19)

Төрешілер: Нұрсұлтанов, Әбенов. Доп айырмасы: 75-41. Матч уақыты: 67 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Шымкент), 3:1 (Шымкент), 3:0 (Орал).

«Тараз» ВК – «Атырау» ВК – 3:0 (25-16, 25-19, 25-19)

Төрешілер: Әбенов, Шашубай. Доп айырмасы: 75-54. Матч уақыты: 77 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Шымкент), 3:0 (Шымкент), 3:0 (Орал).

========================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика