Главная / Высшая лига U-23 / «Атырау-2» – биылғы маусымдағы дивизион жеңімпазы chempionat-rk

«Атырау-2» – биылғы маусымдағы дивизион жеңімпазы

19/04/2023

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жастар арасындағы Жоғарғы дивизион Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (ерлер)

5-тур (11 – 18 сәуір 2023, Тараз)

Командалардың маусым қорытындысындағы орындары: 1. «АТЫРАУ-2» ВК, 2. «Тараз-2» ВК, 3. «Алтай-2» (Өскемен), 4. «Буревестник-2» (Алматы), 5. «Есіл СК-2» (Петропавл), 6. «Жайық-2» (Орал), 7. «Ұшқын-2» (Көкшетау), 8. «Павлодар-2» ВК.

Сейсенбі күні, Таразда жігіттер арасындағы Жоғарғы лиганың 2022/23-маусымы биылғы біріншілігін тәмамдады. Көмбеге екі команда иық тіресе жетіп, жинаған ұпайлары бірдей болып шықты – «Атырау-2» ВК және «Тараз-2» ВК. Қосымша көрсеткіштеріне жүгінгенде, атыраулықтардың жеңістерінің саны артық болып, мұнайшылар Дивизион жеңімпазы атанды. Күміс жүлде тараздықтарға, ал қола «Алтай-2» командасына бұйырды.

АТЫРАУ-2.png

Соңғы ойын күні жүлделі орындардан үмітті төрттік бұған дейін қорытынды кестедегі орындарына сап түзеп үлгерген квартеттегі ұжымдармен кездесті. Дәл осы жұптар арасындағы, бұған дейінгі 16 ойында фавориттер деңгейлері төмендеу қарсыластарынан бірді-бір матчта ұтылған жоқ болатын. Сейсенбі күні де ешқайсысы ұтылған жоқ. Тіпті төрт матч та үш партияда аяқталды.

Әуелі осы турда топ жарған «Буревестник-2» жігіттері Тараздағы жетінші жеңісіне қол жеткізді. Сөйтіп, қола жүлдеден үмітті алматылықтар өздерінің басты бәсекелесі «Алтай-2» ұжымына босаңсуға болмайтындығын меңзегендей болды. Өскемен өрендері өз кезектерінде «Есіл СК-2» командасынан басым түсіп, жүлделі орыннан айырылған жоқ.

Негізі, қола жүлдеден үмітті ұжымдар арасындағы екі матч арасында Дивизион жеңімпазы анықталды. Атыраулықтар «Ұшқын-2» ұландарын бір сағаттың ішінде ұтып, осы маусымда 30-шы рет жеңіске жетті де, бірінші орынға ие болды. Ал биылғы ел біріншілігінің соңғы матчындағы алаң иелері мен «Жайық-2» ұжымы арасындағы ойын нәтижесінің ешқандай мәні болған жоқ. Әйтсе де, тараздықтар 28-ші жеңістеріне қол жеткізіп, екінші орынды қанағат тұтты.

Әділетті ме, жоқ па, оны әрқайсысы өздері пайымдай жатар. Ал біз бірден көзге көрінбейтін статистикалық деректерді көлденең тартқанды жөн көріп отырмыз. Атыраулықтар мен тараздықтар арасындағы екеуара бес ойынның төртеуінде мұнайшылар жеңіске жетті. Ұпай санына шақсақ, бұл басымдық – 11:4. Ал партиялар айырмасы бойынша 14:8 есебімен Атырау таланттары – алда.

Осылай, Ұлттық лиганың фарм-клубтары арасындағы алтыншы ел біріншілігі біреуге қуанышпен, енді біреуіне өкінішпен аяқталды. 2017/18-маусымынан бері «Атырау-2» ВК Лига жеңімпазы атанған төртінші команда болып отыр. Юрий Лабецкий жаттықтырған ұжым өздері сынға түскен дивизионда топ жарды. Ал мамандардың көбісі бұл жетістікті олардың Ұлттық лигадаға негізгі құрамынан күткен болатын.

Әдеттегідей, Ұйымдастыру комитеті соңғы турды қорытындылап, әр команда сапындағы үздік ойыншыларды жариялады: Мохаммад Абдулмажид (№20, «Буревестник-2»), Нұрасыл Жамбылов (№10, «Атырау-2» ВК), Ермек Ахметжан (№15, «Тараз-2» ВК), Еламан Мұхтаржанов (№8, «Алтай-2»), Қыдырәлі Сағидолда (№15, «Ұшқын-2»), Темірлан Нұрмұханбетов (№2, «Жайық-2»), Бақтияр Нұрлыбай (№5, «Есіл СК-2»), Нұртаң Марат (№9, «Павлодар-2» ВК).

======================================================

Жастар арасындағы (U-23) Жоғарғы дивизион. Барлық жеңімпаздар Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (ерлер):

1* = «АТЫРАУ-2» ВК (2022/23)

2* = «Буревестник-2» / «Буревестник-2-ҚазҰАУ» Алматы (2018/19, 2020/21);

2* = «Алтай-2» Өскемен (2019/20, 2021/22);

1* = «Павлодар» ВК (2017/18).

======================================================

«Атырау-2» ВК – ҚР 2022/23-чемпионаты жеңімпазы: №1. Дидар Берікбол (15.07.2004), №2(л). Сағынжан Жәлелов (24.04.2001), №3. Әбдіхалық Сатыбалдиев (28.02.2005), №4. Мәлік Әділбек (24.02.2003), №5. Бейбарыс Наурызғали (26.10.2002), №7. Мәдениет Лаш (23.12.2000), №9(л). Дәулет Сапарбек (28.02.2001), №10. Нұрасыл Жамбылов (20.08.2000), №11(к). Бекарыс Ғабитұлы (22.03.2001), №13. Алмаз Рүстембекұлы (09.02.2005), №14. Арсен Құсайынов (04.02.2005), №17. Төлеби Әлімбек (10.02.2001), №18. Ахмет Қабылбеков (14.05.2001), №19. Фархат Асқатов (29.03.2002). Азамат Ерген (01.11.2002), Айбек Маратов (27.04.2003), Қазбек Маратов (27.04.2003).

Аға жаттықтырушы – Юрий ЛАБЕЦКИЙ.

======================================================

ЖЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Алтай-2» (Өскемен): ЖЛ 2 дүркін жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – Жеңімпаз

«Павлодар-2» ВК: ЖЛ-2017/18 жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – 2 орын

«Тараз» ВК: 2021/22 маусымында U-23 – 3 орын

«Буревестник-2» (Алматы): ЖЛ 2 дүркін жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – 4 орын

«Есіл-СК-2» (Петропавл): 2021/22 маусымында U-23 – 5 орын

«Атырау-2» ВК: 2021/22 маусымында U-23 – 6 орын

«Ұшқын-2» (Көкшетау): 2021/22 маусымында U-23 – 7 орын

«Жайық-2» (Орал): алғашқы маусымы

======================================================

5-тур (11 – 18 сәуір 2023, Тараз). Жеңімпаз – «Буревестник-2». Чемпион – «Атырау-2» ВК

4-ші тур (16-23 наурыз 2023, Атырау). Жеңімпаз – «Атырау-2» ВК

3-тур (23 ақпан - 02 наурыз 2023 ж., Орал). Жеңімпаз – «Тараз-2» ВК

2-ші тур (16-23 желтоқсан 2022, Петропавл). Жеңімпаз – «Атырау-2» ВК

1-ші тур (13-20 қараша 2022, Атырау). Жеңімпаздар – «Тараз-2» ВК және «Буревестник-2»

======================================================

5-тур (11-18 сәуір 2023 ж., Тараз)

Тараз. «Тараз-Арена»

* 15 сәуір – демалыс күні

* Барлық ойындар – арқылы ҚВФ ресми Youtube-арнасында

Бас қазы: И.Қабылбекова; Төрешілер: Ю.Акулова, А.Қалиев, А.Сейдехан, Д.Махамбетияров

04 19 ЖДЖ тк.jpg

18 сәуір

«Буревестник-2» – «Павлодар-2» ВК – 3:0 (25-8, 25-23, 25-19)

Төрешілер: Сейдехан, Акулова. Доп айырмасы: 75-50. Матч уақыты: 53 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Атырау), 3:0 (Петропавл), 3:0 (Орал), 3:0 (Атырау).

«Ұшқын-2» – «Атырау-2» ВК – 0:3 (14-25, 16-25, 19-25)

Төрешілер: Акулова, Сейдехан. Доп айырмасы: 49-75. Матч уақыты: 61 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Атырау), 0:3 (Петропавл), 0:3 (Орал), 1:3 (Атырау).

«Есіл СК-2» – «Алтай-2» – 0:3 (21-25, 25-27, 15-25)

Төрешілер: Махамбетияров, Қалиев. Доп айырмасы: 61-77. Матч уақыты: 63 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Атырау), 1:3 (Петропавл), 2:3 (Орал), 0:3 (Атырау).

«Жайық-2» – «Тараз-2» ВК – 0:3 (16-25, 16-27, 16-25)

Төрешілер: Қалиев, Махамбетияров. Доп айырмасы: 48-75. Матч уақыты: 59 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Атырау), 0:3 (Петропавл), 0:3 (Орал), 1:3 (Атырау).

17 сәуір

«Павлодар-2» ВК – «Ұшқын-2» – 0:3 (19-25, 24-26, 10-25)

Төрешілер: Сейдехан, Махамбетияров. Доп айырмасы: 53-76. Матч уақыты: 58 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Атырау), 0:3 (Петропавл), 0:3 (Орал), 0:3 (Атырау).

«Атырау-2» ВК – «Жайық-2» – 3:0 (25-13, 25-16, 25-17)

Төрешілер: Акулова, Сейдехан. Доп айырмасы: 75-46. Матч уақыты: 59 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Атырау), 3:0 (Петропавл), 3:0 (Орал), 3:0 (Атырау).

«Алтай-2» – «Буревестник-2» – 2:3 (24-26, 28-30, 25-17, 25-19, 13-15)

Төрешілер: Қалиев, Акулова. Доп айырмасы: 115-107. Матч уақыты: 123 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 1:3 (Атырау), 3:0 (Петропавл), 3:1 (Орал), 3:2 (Атырау).

«Тараз-2» ВК – «Есіл СК-2» – 3:1 (25-22, 25-15, 22-25, 25-21)

Төрешілер: Махамбетияров, Қалиев. Доп айырмасы: 97-83.Матч уақыты: 91 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Атырау), 3:0 (Петропавл), 3:1 (Орал), 3:0 (Атырау).

16 сәуір

«Алтай-2» – «Павлодар-2» ВК – 3:0 (25-9, 25-16, 25-16)

Төрешілер: Сейдехан, Махамбетияров. Доп айырмасы: 75-41. Матч уақыты: 52 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Атырау), 3:0 (Петропавл), 3:0 (Орал), 3:0 (Атырау).

«Жайық-2» – «Ұшқын-2» – 0:3 (21-25, 23-25, 21-25)

Төрешілер: Сейдехан, Махамбетияров. Доп айырмасы: 65-75. Матч уақыты: 73 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Атырау), 1:3 (Петропавл), 3:0 (Орал), 3:1 (Атырау).

«Есіл СК-2» – «Атырау-2» ВК – 1:3 (25-23, 13-25, 17-25, 16-25)

Төрешілер: Акулова, Қалиев. Доп айырмасы: 71-98. Матч уақыты: 78 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 2:3 (Атырау), 1:3 (Петропавл), 0:3 (Орал), 0:3 (Атырау).

«Буревестник-2» – «Тараз-2» ВК – 3:0 (25-23, 25-23, 25-21)

Төрешілер: Акулова, Қалиев. Доп айырмасы: 75-67. Матч уақыты: 76 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:2 (Атырау), 2:3 (Петропавл), 1:3 (Орал), 0:3 (Атырау).

14 сәуір

«Ұшқын-2» – «Есіл СК-2» – 3:1 (25-21, 15-25, 25-20, 25-21)

Төрешілер: Акулова, Сейдехан. Доп айырмасы: 90-87. Матч уақыты: 88 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 1:3 (Атырау), 0:3 (Петропавл), 1:3 (Орал), 1:3 (Атырау).

«Павлодар-2» ВК – «Жайық-2» – 0:3 (7-25, 23-25, 23-25)

Төрешілер: Сейдехан, Акулова. Доп айырмасы: 53-75. Матч уақыты: 58 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Атырау), 0:3 (Петропавл), 0:3 (Орал), 0:3 (Атырау).

«Атырау-2» ВК – «Буревестник-2» – 1:3 (22-25, 25-17, 15-25, 22-25)

Төрешілер: Махамбетияров, Қалиев. Доп айырмасы: 84-92. Матч уақыты: 83 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:2 (Атырау), 1:3 (Петропавл), 3:0 (Орал), 3:1 (Атырау).

«Тараз-2» ВК – «Алтай-2» – 3:0 (25-20, 25-23, 25-19)

Төрешілер: Қалиев, Махамбетияров. Доп айырмасы: 75-62. Матч уақыты: 67 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Атырау), 3:1 (Петропавл), 3:0 (Орал), 0:3 (Атырау).

13 сәуір

«Буревестник-2» – «Ұшқын-2» – 3:1 (25-17, 22-25, 25-12, 25-18)

Төрешілер: Сейдехан, Қалиев. Доп айырмасы: 97-72. Матч уақыты: 82 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Атырау), 3:0 (Петропавл), 3:0 (Орал), 3:0 (Атырау).

«Есіл СК-2» – «Жайық-2» – 1:3 (26-24, 21-25, 25-27, 19-25)

Төрешілер: Қалиев, Сейдехан. Доп айырмасы: 91-101. Матч уақыты: 104 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Атырау), 3:1 (Петропавл), 3:2 (Орал), 3:1 (Атырау).

«Алтай-2» – «Атырау-2» ВК – 2:3 (25-15, 25-22, 23-25, 19-25, 18-20)

Төрешілер: Акулова, Махамбетияров. Доп айырмасы: 110-107. Матч уақыты: 111 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Атырау), 0:3 (Петропавл), 3:1 (Орал), 2:3 (Атырау).

«Тараз-2» ВК – «Павлодар-2» ВК – 3:0 (25-16, 25-11, 25-20)

Төрешілер: Махамбетияров, Акулова. Доп айырмасы: 75-47. Матч уақыты: 55 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Атырау), 3:0 (Петропавл), 3:0 (Орал), 3:0 (Атырау).

12 сәуір

«Павлодар-2» ВК – «Есіл СК-2» – 1:3 (20-25, 13-25, 27-25, 16-25)

Төрешілер: Махамбетияров, Сейдехан. Доп айырмасы: 76-100. Матч уақыты: 81 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Атырау), 0:3 (Петропавл), 0:3 (Орал), 0:3 (Атырау).

«Жайық-2» – «Буревестник-2» – 0:3 (14-25, 22-25, 23-25)

Төрешілер: Сейдехан, Махамбетияров. Доп айырмасы: 59-75. Матч уақыты: 68 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Атырау), 0:3 (Петропавл), 2:3 (Орал), 1:3 (Атырау).

«Ұшқын-2» – «Алтай-2» – 0:3 (11-25, 16-25, 16-25)

Төрешілер: Акулова, Қалиев. Доп айырмасы: 43-75. Матч уақыты: 57 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 1:3 (Атырау), 0:3 (Петропавл), 1:3 (Орал), 0:3 (Атырау).

«Атырау-2» ВК – «Тараз-2» ВК – 3:2 (15-25, 22-25, 25-18, 25-14, 15-12)

Төрешілер: Қалиев, Акулова. Доп айырмасы: 102-94. Матч уақыты: 111 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 2:3 (Атырау), 3:1 (Петропавл), 3:2 (Орал), 3:0 (Атырау).

11 сәуір

«Атырау-2» ВК – «Павлодар-2» ВК – 3:0 (25-13, 25-10, 25-7)

Төрешілер: Сейдехан, Махамбетияров. Доп айырмасы: 75-30. Матч уақыты: 55 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Атырау), 3:0 (Петропавл), 3:0 (Орал), 3:0 (Атырау).

«Алтай-2» – «Жайық-2» – 3:0 (25-22, 25-14, 25-19)

Төрешілер: Махамбетияров, Сейдехан. Доп айырмасы: 75-55. Матч уақыты: 66 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Атырау), 3:0 (Петропавл), 3:0 (Орал), 3:1 (Атырау).

«Буревестник-2» – «Есіл СК-2» – 3:0 (25-19, 25-22, 25-10)

Төрешілер: Акулова, Қалиев. Доп айырмасы: 75-51. Матч уақыты: 62 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Атырау), 3:1 (Петропавл), 3:1 (Орал), 3:0 (Атырау).

«Ұшқын-2» – «Тараз-2» ВК – 0:3 (19-25, 21-25, 18-25)

Төрешілер: Қалиев, Акулова. Доп айырмасы: 58-75. Матч уақыты: 70 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Атырау), 1:3 (Петропавл), 0:3 (Орал), 0:3 (Атырау).

======================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика