Главная / Высшая лига U-23 / Арулар алтылығының екеуі әлі анықталған жоқ chempionat-rk

Арулар алтылығының екеуі әлі анықталған жоқ

20/02/2023

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Жастар арасындағы Жоғарғы дивизион Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (әйелдер)

3-тур (12-17 ақпан 2022, Өскемен)

Жастар арасындағы Жоғарғы дивизионның 2023 жылғы алғашқы бөлігі 2022 жылдағы соңғы бөлігі секілді Өскеменде өтті. Ұлттық лига клубтарыныӊ қосалқы құрамдары бұл жолы үшінші турдың ойындарын өткізіп, екінші айналымды бастады.

Жалпы, бұл дивизиондағы командалар биылғы регламентпен бекітілген, екі айналымдық (төрт турға бөлінген) 110 матчтың 50-ін Шығыс Қазақстан облысында өткізді. Бұдан кейін командалар екі топқа бөлінеді.

Бірінші айналымда 55 ойынның үштен екі бөлігі (36 матч) үш сетте аяқталған. Екінші айналымның басында дәл осы деңгей қатынасы көп өзгерген жоқ. Нақтарай айтқанда, 25 кездесудің 17-ісі тез аяқталды, яғни үш партияда түгесілді.

Желтоқсан айынан кейінгі екі турдың қорытындысындағы, алғашқы төрттіктегі жағдай ақпанда мүлде өзгерген жоқ. Турнир кестесіндегі бірінші және төртінші орындарын сақтап қалды. Екі «Алтай» («төртінші» және «үшінші») «Жетісу» және «Алматы» фарм-клубтарымен бірге – үздік төрттікте. Өзгелермен салыстырғанда, жүлделі орындарды сарапқа салар мүмкіндіктері – молырақ.

«Ертіс», «Айқаракөз» және «Тұран» клубтарының қосалқы құрамдары бесінші және алтыншы орындардан үміттерін үзбей келеді. Бұл үшеуі төрт турдан кейін жүлделі орындар сарапқа салынатын алты үздік сапына ілігуге тырысып жүр. Сондықтан келесі тур бұлар үшін шешуші дода болады.

Үшінші турда Түркістан командасы таң қалдырып, бес ойында төрт рет жеңіске жетті. Себебі, бұл ұжым бірінші айналымдағы 10 ойында осынша жеңіске ғана қол жеткізген болатын. Павлодар ұжымы да таңдандырып, басты бәсекелестерінен артық ұпай қорын толықтыра алмай, төртінші турды алтыншы орынмен бастауға мәжбүр болып отыр. Бұл үздік алтылықтың – соңғы межелік шегі.

«Қарағанды», «Ару-Астана» және «Қуаныш СК» фарм-клубтарынан құралған енді бір үштік сегізінші орынға таласады. Бұл үшеуіне да алдағы тур шешуші болады.

Алда – биылғы ел чемпионатының көктемгі, көмбеге жеткізер бөлігі. Төртінші тур алты ойын күнінен құралады. Жалпы саны 30 матч жоспарланған. Ал 2022/23 жылдар маусымындағы ел чемпионатының соңғы, бесінші туры 25 ойынмен ғана шектеледі.

=================================================

ЖЛ (Қ) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Қуаныш-2» (Петропавл): U-23 2021/22 маусымында – Жеӊімпаз.

«Алтай-4» (Өскемен): ЖЛҚ – 2016/17 жеӊімпазы («Алтай-2»); U-23 2021/22 маусымында – 2 орын.

«Алматы-2» ВК: ЖЛҚ – 2018/19 жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 3 орын

«Ертіс-2» (Павлодар): ЖЛҚ – 2017/18 жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай-3» (Өскемен): U-23 2021/22 маусымында («Алтай-3» Семей) – 5 орын

«Жетісу-2» (Талдықорған): ЖЛҚ – 2017/18 екі дүркін жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 6 орын

«Қарағанды-2» ВК: U-23 2021/22 маусымында – 7 орын

«Айқаракөз-2» (Талдықорған): U-23 2021/22 маусымында – 8 орын

«Ару-Астана-2» (Астана): U-23 2021/22 маусымында – 9 орын

«Қуаныш-СК-2» (Петропавл): алғашқы маусымы

«Тұран-2» (Түркістан): алғашқы маусымы

=================================================

3-тур (12-17 ақпан 2023 ж, Өскемен). Көшбасшы – «Алтай-4»

1-айналым (05.11 – 17.12. 2022 жыл, Петропавл, Өскемен). Жеӊімпаз – «Алтай-4».

2-тур (12-17 желтоқсан 2022 жыл, Өскемен). Көшбасшы – «Алтай-4»

1-тур (05-11 қараша 2022 жыл, Петропавл). Көшбасшы – «Алтай-4»

=================================================

3-тур, 2-айналым (12-17 ақпан 2023, Өскемен)

* 15 ақпан демалыс күні болды

* Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында

Бас қазы: Н.Өмірзақ; Төрешілер: Н.Шәменов, А.Сейдехан, Б.Ахадиянов, Н.Мұқажанов, А.Кирьянов

02 20 ЖЛБ ткж.png

02 20 ЖЛБ 3ттк.png

02 20 ЖЛБ бон.png

12 ақпан («Ертіс-2» дем алды)

«Қуаныш СК-2» – «Жетісу-2» – 0:3 (17-25, 16-25, 20-25)

«Тұран-2» – «Алматы-2» ВК – 3:1 (25-20, 19-25, 27-25, 25-17)

«Ару-Астана-2» – «Қарағанды-2» ВК – 0:3 (19-25, 22-25, 14-25)

«Алтай-4» – «Қуаныш-2» – 3:0 (25-9, 25-6, 25-7)

«Алтай-3» – «Айқаракөз-2» – 3:1 (25-12, 25-15, 19-25, 25-8)

13 ақпан («Алтай-4» дем алды)

«Алматы-2» ВК – «Ару-Астана-2» – 3:0 (25-15, 25-16, 25-23)

«Жетісу-2» – «Тұран-2» – 3:1 (25-23, 25-18, 20-25, 25-22)

«Айқаракөз-2» – «Ертіс-2» – 3:0 (25-22, 26-24, 25-18)

«Қуаныш-2» – «Қуаныш СК-2» – 0:3 (22-25, 20-25, 23-25)

«Қарағанды-2» ВК – «Алтай-3» – 0:3 (24-26, 24-26, 16-25)

14 ақпан («Қуаныш-2» дем алды)

«Алматы-2» ВК – «Қуаныш СК-2» – 3:0 (25-12, 25-16, 25-14)

«Қарағанды-2» ВК – «Тұран-2» – 0:3 (18-25, 9-25, 21-25)

«Айқаракөз-2» – «Ару-Астана-2» – 3:2 (25-11, 23-25, 25-23, 22-25, 15-12)

«Жетісу-2» – «Алтай-4» – 1:3 (9-25, 25-22, 15-25, 21-25)

«Ертіс-2» – «Алтай-3» – 0:3 (18-25, 21-25, 16-25)

16 ақпан («Алтай-3» дем алды)

«Қуаныш СК-2» – «Қарағанды-2» ВК – 3:0 (25-16, 25-20, 25-14)

«Ару-Астана-2» – «Ертіс-2» – 1:3 (9-25, 21-25, 25-15, 23-25)

«Тұран-2» – «Айқаракөз-2» – 3:1 (25-22, 25-18, 23-25, 28-26)

«Қуаныш-2» – «Жетісу-2» – 1:3 (18-25, 10-25, 30-28, 13-25)

«Алтай-4» – «Алматы-2» ВК – 3:0 (25-11, 25-19, 25-10)

17 ақпан («Жетісу-2» дем алды)

«Айқаракөз-2» – «Қуаныш СК-2» – 3:0 (27-25, 25-9, 25-19)

«Қарағанды-2» ВК – «Алтай-4» – 0:3 (13-25, 5-25, 17-25)

«Ертіс-2» – «Тұран-2» – 0:3 (22-25, 14-25, 16-25)

«Алматы-2» ВК – «Қуаныш-2» – 3:0 (25-17, 25-7, 25-11)

«Алтай-3» – «Ару-Астана-2» – 3:0 (25-8, 25-16, 25-16)

=================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика