Главная / Высшая лига U-23 / Қарағанды туры қыздарды екіге бөледі chempionat-rk

Қарағанды туры қыздарды екіге бөледі

04/03/2023

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Жастар арасындағы Жоғарғы дивизион Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (әйелдер)

4-тур (06 - 12 наурыз 2023, Қарағанды)

Дүйсенбі күні, 6-наурызда Қарағанды қаласында ел чемпионатының Жастар арасындағы Жоғарғы дивизионда бақ сынайтын клубтар төртінші турды бастайды. Осы тур екі айналымдық доп додасын түйіндеп, клубтарды екі топқа жіктейді (1-6 және 7-11 орындарды сарапқа салатын). Бұдан соң ел біріншілігі осы екі топта жалғасып, бесінші турда барлық команда бәрін басынан бастайды (бұған дейін жинаған ұпайлары есепке алынбайды). Осы ойындардың нәтижелері бойынша чемпионат қорытындысы шығарылады.

Бұған дейінгі үш турдың екеуі Өскеменде өтіп, дәл осы қаланың қос ұжымы көш бастап келеді. «Төртінші» «Алтай» «үшіншісінен» екі ұпай айырмасымен алда тұр. Әрі аталған екі ұжымның біреуі төртінші турдан кейін де көш бастап тұратын секілді. Екеуара екінші матч... 8 наурыз күні өтеді. Осы ретте ескерте кетейік, «Алтайдың» екеуі де бірінші алтылықта бақ сынайтын болады. Өйткені олар енді одан төмен ығыспайды.

Сонымен қатар, «Жетісу» мен «Алматының» да фарм-клубтары енді алғашқы алтылықтағы орындарынан айырыла қоймас. Қарағандыда бір-екі жеңіске қол жеткізсе болды, өзгелер қуып жете алмастай болып, ұзай түседі. Ал бесінші және алтыншы орындарға ие болатын командалар осы турда анықталуы керек. «Тұран-2», «Ертіс-2» және «Айқаракөз-2» қыздарының қайсысы алтылыққа ілікпейді, ол кеншілер шаһарында шешіледі.

Бұлар бір-бірімен Өскемендегі үшінші турда ойнаған. Қарағандыда Павлодар және Талдықорған қыздарының ойындары бағдарламасын бірдей деуге болады. Бірақ «Ертістің» фарм-клубы қалған екі бәсекелесіне қарағанда, бір ойын кем өткізген. Ал «Тұран-2» ұжымы көшбасшылардың екеуімен де ойнайды, содан соң турнир кестесінде соңғы орындарда сап түзеп тұрған үш командамен кездеседі. Көреміз, төртінші турға қалай дайындалып келгендерін.

Сонымен, алда – ел чемпионатының көмбесіне жетер көктемгі бөлігі. Қарағандыда командалар алты ойын күнінде додаға түсіп, жалпы саны 30 матч өткізеді. Матчтар сағат 10:00-де, 12:00-де, 14:00-де, 16: 00-де және 18:00-де басталады. Айтпақшы, 8 наурыз – өкінішке қарай, дивизион арулары үшін жұмыс күні.

=================================================

ЖЛ (Қ) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Қуаныш-2» (Петропавл): U-23 2021/22 маусымында – Жеӊімпаз.

«Алтай-4» (Өскемен): ЖЛҚ – 2016/17 жеӊімпазы («Алтай-2»); U-23 2021/22 маусымында – 2 орын.

«Алматы-2» ВК: ЖЛҚ – 2018/19 жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 3 орын

«Ертіс-2» (Павлодар): ЖЛҚ – 2017/18 жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай-3» (Өскемен): U-23 2021/22 маусымында («Алтай-3» Семей) – 5 орын

«Жетісу-2» (Талдықорған): ЖЛҚ – 2017/18 екі дүркін жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 6 орын

«Қарағанды-2» ВК: U-23 2021/22 маусымында – 7 орын

«Айқаракөз-2» (Талдықорған): U-23 2021/22 маусымында – 8 орын

«Ару-Астана-2» (Астана): U-23 2021/22 маусымында – 9 орын

«Қуаныш-СК-2» (Петропавл): алғашқы маусымы

«Тұран-2» (Түркістан): алғашқы маусымы

=================================================

2-айналым (12.02 – 12.03.2023 жыл, Өскемен, Қарағанды)

1-айналым (05.11 – 17.12. 2022 жыл, Петропавл, Өскемен). Жеӊімпаз – «Алтай-4».

=================================================

4-тур, 2-айналым (06 - 12 наурыз 2023, Қарағанды)

Қарағанды. ҚазТұтынуОдағы Қарағанды университтетінің с/з

* Астана уақытымен

* 9 наурыз – осы турдағы демалыс күні

* Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында тікелей эфир арқылы көрсетіледі

04 03 ЖЛҚ тк.png

04 03 ЖЛҚ-он.png

06 наурыз (дүйсенбі)

(10:00) «Қуаныш СК-2» – «Ертіс-2»

(12:00) «Жетісу-2» – «Алматы-2» ВК

(14:00) «Алтай-4» – «Айқаракөз-2»

(16:00) «Тұран-2» – «Алтай-3»

(18:00) «Қуаныш-2» – «Қарағанды-2» ВК

«Ару-Астана-2» – дем алады

07 наурыз (сейсенбі)

(10:00) «Алтай-3» – «Қуаныш СК-2»

(12:00) «Айқаракөз-2» – «Қуаныш-2»

(14:00) «Ару-Астана-2» – «Тұран-2»

(16:00) «Ертіс-2» – «Алтай-4»

(18:00) «Қарағанды-2» ВК – «Жетісу-2»

«Алматы-2» ВК – дем алады

08 наурыз (сәрсенбі)

(10:00) «Қуаныш СК-2» – «Ару-Астана-2»

(12:00) «Қуаныш-2» – «Ертіс-2»

(14:00) «Жетісу-2» – «Айқаракөз-2»

(16:00) «Алтай-4» – «Алтай-3»

(18:00) «Алматы-2» ВК – «Қарағанды-2» ВК

«Тұран-2» – дем алады

10 наурыз (жұма)

(10:00) «Тұран-2» – «Қуаныш СК-2»

(12:00) «Алтай-3» – «Қуаныш-2»

(14:00) «Айқаракөз-2» – «Алматы-2» ВК

(16:00) «Ертіс-2» – «Жетісу-2»

(18:00) «Ару-Астана-2» – «Алтай-4»

«Қарағанды-2» ВК – дем алады

11 наурыз (сенбі)

(10:00) «Алматы-2» ВК – «Ертіс-2»

(12:00) «Куаныш-2» – «Ару-Астана-2»

(14:00) «Жетісу-2» – «Алтай-3»

(16:00) «Алтай-4» – «Тұран-2»

(18:00) «Қарағанды-2» ВК – «Айқаракөз-2»

«Қуаныш СК-2» – дем алады

12 наурыз (жексенбі)

(10:00) «Ару-Астана-2» – «Жетісу-2»

(12:00) «Тұран-2» – «Қуаныш-2»

(14:00) «Алтай-3» – «Алматы-2» ВК

(16:00) «Қуаныш СК-2» – «Алтай-4»

(18:00) «Ертіс-2» – «Қарағанды-2» ВК

«Айқаракөз-2» – дем алады

=================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика