Главная / Высшая лига U-23 / Алтыншы орын әлегі – әлі алда chempionat-rk

Алтыншы орын әлегі – әлі алда

08/03/2023

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Жастар арасындағы Жоғарғы дивизион Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (әйелдер)

4-тур (06 - 12 наурыз 2023, Қарағанды)

Қарағандыда бойжеткендер арасындағы Жоғарғы дивизион төртінші турды бастады. Кеншілер шаһарында бұл Лигадағы клубтар екінші айналымды аяқтап, оның қорытындысы бойынша екі топқа бөлінеді.

Дүйсенбіде өткен бірінші күнгі ойындардан соң, «Ертіс-2» қыздары турнир кестесіндегі бесінші орынға қайта оралды. Ал «Жетісу-2» арулары бірінші топта бақ сынайтын клубтар қатарына тур аяқталмай жатып қосылды. Яғни бесінші, яғни соңғы турда 1-6 орындарды сарапқа салатын командалар арасында додаға түсетін болады.

Сейсенбідегі ойындар бірінші күнгі матчтардан да нәтижелі болып шықты. Екі ойын тай-брейкке дейін ұласты. Осы екі ойында да көш басындағы командадалар қиналмай жеңіске жетсе керек еді. Бірақ соңғы турға дейінгі мақсаттарына әлде қашан қол жеткізіп қойған ұжымдарды жанкештілік танытып ойнауға жұмылдыру оңай емес, әрине.

Павлодардың фарм-клубы көш басындағы «Алтай-2» аруларынан біреу де болса да, өзіне ауадай қажет ұпай алып, қуанышқа кенелді. Ал алаң иелері «Жетісу-2» қыздарымен тайталасып, бір ұпайды қанағат тұтты. Сөйтіп, «Тұран» мен «Айқаракөздің» фарм-клубтарымен алтыншы орынға таласып жатқан «Ертіс-2» қыздары үшін үміт сәулесі одан әрі маздай түссе, қарағандылықтарға енді сегізінші орыннан жоғары көтерілу өте қиын болады.

Әйелдер мейрамы күні осы турдағы екі қызықты ойын өтеді. «Алтайдың» екі құрамы арасындағы өзара матчта екі айналымнан кейінгі ел біріншілігінің жеңімпазы анықталуы тиіс. Ал жетісулық дербиде «Айқаракөздің» фарм-клубына өздерінің жерлестері және әріптестері «Жетісу-2» қыздарын қалай да ұту керек. Бұған негіз де жоқ емес. Сейсенбі күні жетісулықтардың қосалқы құрамы бессеттік ойын өткізген. Осы матчта жеңіске жетсе ғана олардың алтыншы орынға таласатын мүмкіндіктері арта түседі. Сондықтан аянбай тайталасу керек. Мүмкін әдемі шоқ гүлдерін сыйласа да, артық етпес.

Жас қыздар арасындағы Жоғарғы дивизионға тіркелген аруларымыздың бәрін (олардың жалпы саны – 188), осы Лигадағы нәзік жанды бес Бас бапкерді, төрешілерді және клубтардың әкімшіліктік қызметкерлерін көктемдегі 8 Наурыз, Әйелдер мерекесімен құттықтаймыз.

Матчтар сағат 10:00-де, 12:00-де, 14:00-де, 16: 00-де және 18:00-де басталады.

=================================================

ЖЛ (Қ) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Қуаныш-2» (Петропавл): U-23 2021/22 маусымында – Жеӊімпаз.

«Алтай-4» (Өскемен): ЖЛҚ – 2016/17 жеӊімпазы («Алтай-2»); U-23 2021/22 маусымында – 2 орын.

«Алматы-2» ВК: ЖЛҚ – 2018/19 жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 3 орын

«Ертіс-2» (Павлодар): ЖЛҚ – 2017/18 жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай-3» (Өскемен): U-23 2021/22 маусымында («Алтай-3» Семей) – 5 орын

«Жетісу-2» (Талдықорған): ЖЛҚ – 2017/18 екі дүркін жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 6 орын

«Қарағанды-2» ВК: U-23 2021/22 маусымында – 7 орын

«Айқаракөз-2» (Талдықорған): U-23 2021/22 маусымында – 8 орын

«Ару-Астана-2» (Астана): U-23 2021/22 маусымында – 9 орын

«Қуаныш-СК-2» (Петропавл): алғашқы маусымы

«Тұран-2» (Түркістан): алғашқы маусымы

=================================================

2-айналым (12.02 – 12.03.2023 жыл, Өскемен, Қарағанды)

1-айналым (05.11 – 17.12. 2022 жыл, Петропавл, Өскемен). Жеӊімпаз – «Алтай-4».

=================================================

4-тур, 2-айналым (06 - 12 наурыз 2023, Қарағанды)

Қарағанды. ҚазТұтынуОдағы Қарағанды университтетінің с/з

* Астана уақытымен

* 9 наурыз – осы турдағы демалыс күні

* Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында тікелей эфир арқылы көрсетіледі

Бас қазы: Ю.Акулова; төрешілер: О.Саттарова, Ғ.Әбдірейімов, А.Әбденәбиев, Е.Сейітов, А.Якимчук.

08 наурыз (сәрсенбі)

(10:00) «Қуаныш СК-2» – «Ару-Астана-2»

(12:00) «Қуаныш-2» – «Ертіс-2»

(14:00) «Жетісу-2» – «Айқаракөз-2»

(16:00) «Алтай-4» – «Алтай-3»

(18:00) «Алматы-2» ВК – «Қарағанды-2» ВК

«Тұран-2» – дем алады

0 08 ЖЛБ ттк.png

06 наурыз («Ару-Астана» дем алды)

«Қуаныш СК-2» – «Ертіс-2» – 0:3 (16-25, 23-25, 22-25)

Төрешілер: Әбденәбиев, Әбдірейімов. Доп айырмасы: 61-75. Матч уақыты: 73 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Петропавл).

«Жетісу-2» – «Алматы-2» ВК – 3:1 (25-20, 25-17, 22-25, 25-22)

Төрешілер: Саттарова, Әбденәбиев. Доп айырмасы: 97-84. Матч уақыты: 88 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Петропавл).

«Алтай-4» – «Айқаракөз-2» – 3:0 (25-13, 25-18, 25-18)

Төрешілер: Якимчук, Саттарова. Доп айырмасы: 75-49. Матч уақыты: 56 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Петропавл).

«Тұран-2» – «Алтай-3» – 1:3 (16-25, 18-25, 25-23, 17-25)

Төрешілер: Сейітов, Якимчук. Доп айырмасы: 76-98. Матч уақыты: 80 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Петропавл).

«Қуаныш-2» – «Қарағанды-2» ВК – 0:3 (9-25, 4-25, 19-25)

Төрешілер: Әбдірейімов, Сейітов. Доп айырмасы: 32-75. Матч уақыты: 54 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Петропавл).

07 наурыз («Алматы» ВК дем алды)

«Алтай-3» – «Қуаныш СК-2» – 3:0 (25-16, 25-15, 25-17)

Төрешілер: Якимчук, Сейітов. Доп айырмасы: 75-48. Матч уақыты: 59 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Өскемен).

«Айқаракөз-2» – «Қуаныш-2» – 3:1 (25-27, 25-18, 25-18, 25-4)

Төрешілер: Сейітов, Якимчук. Доп айырмасы: 100-67. Матч уақыты: 83 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Өскемен).

«Ару-Астана-2» – «Тұран-2» – 0:3 (24-26, 14-25, 21-25)

Төрешілер: Әбденәбиев, Саттарова. Доп айырмасы: 59-76. Матч уақыты: 71 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Өскемен).

«Ертіс-2» – «Алтай-4» – 2:3 (20-25, 25-23, 6-25, 29-27, 11-15)

Төрешілер: Саттарова, Әбдірейімов. Доп айырмасы: 91-115. Матч уақыты: 114 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Өскемен).

«Қарағанды-2» ВК – «Жетісу-2» – 2:3 (19-25, 26-24, 18-25, 25-21, 8-15)

Төрешілер: Әбдірейімов, Әбденәбиев. Доп айырмасы: 96-110. Матч уақыты: 100 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Өскемен).

10 наурыз (жұма)

(10:00) «Тұран-2» – «Қуаныш СК-2»

(12:00) «Алтай-3» – «Қуаныш-2»

(14:00) «Айқаракөз-2» – «Алматы-2» ВК

(16:00) «Ертіс-2» – «Жетісу-2»

(18:00) «Ару-Астана-2» – «Алтай-4»

«Қарағанды-2» ВК – дем алады

11 наурыз (сенбі)

(10:00) «Алматы-2» ВК – «Ертіс-2»

(12:00) «Куаныш-2» – «Ару-Астана-2»

(14:00) «Жетісу-2» – «Алтай-3»

(16:00) «Алтай-4» – «Тұран-2»

(18:00) «Қарағанды-2» ВК – «Айқаракөз-2»

«Қуаныш СК-2» – дем алады

12 наурыз (жексенбі)

(10:00) «Ару-Астана-2» – «Жетісу-2»

(12:00) «Тұран-2» – «Қуаныш-2»

(14:00) «Алтай-3» – «Алматы-2» ВК

(16:00) «Қуаныш СК-2» – «Алтай-4»

(18:00) «Ертіс-2» – «Қарағанды-2» ВК

«Айқаракөз-2» – дем алады

=================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика