«Алтайдың» қос құрамы қара үзді
18/02/2023
ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23
Жастар арасындағы Жоғарғы дивизион Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (әйелдер)
3-тур (12-17 ақпан 2022, Өскемен)
Он алтыншы ел чемпионатының Жастар арасындағы Жоғарғы дивизионы Өскеменде үшінші турдың соңғы ойын күнін де тәмамдады. Ұлттық лигадағы командалардыӊ қосалқы құрамдары арасындағы додада көш басындағы ұжым жеңілістің кермек дәмін татпай, бұл турда да үздік шықты.
Жалпы, бұл турда үш команда бірдей ұпай жинады. Олар – «Алтай» клубының екі ұжымы және «Тұран-2». Бірінші айналымнан кейінгі турнир кестесінде көш бастаған үштік те өз орындарын сақтап қалды – тағы да сол «Алтайдың» қос құрамы және «Жетісу-2».
Алтыншы орынға таласқан «Тұран» мен «Айқаракөздің» фарм-клубтары арасындағы қызу бәсеке Түркістан қыздарының мұраттарына жетуімен аяқталды. Олар тіпті асыра сілтеп, бесінші орынға көтерілді де, «Ертіс-2» аруларын бір саты төмен сырғытты. Жұма күні дәл осы Павлодар ұжымын тізе бүктірді.
Бұл жерде, «Ертіс-2» қыздарының аталған екі командадан бір ойын кем өткізгенін ескеруіміз керек. Десек те, енді олардың өкшесін «Айқаракөз-2» арулары басып тұр. Екеуінің арасын бір ұпай ғана бөліп тұр. Бұл – төртінші тур осы үш ұжым үшін шешуші кезең болады деген сөз.
Сондай-ақ, «Қарағанды-2», «Ару-Астана-2» және «Қуаныш-2» қыздары да сегізінші орын үшін жан алып, жан берулері тиіс. «Алматы-2» үшінші орыннан үмітін толық үзген жоқ, «Жетісу-2» аруларын қуып жетуге тырысулары керек. Ал Өскеменнің екі құрамы тек екеуара кездесуде ғана жеңімпазды анықтайтын шығар.
Әдеттегідей, Ұйымдастыру комитеті тур қорытындысы бойынша әр команда сапындағы үздіктерді анықтады. Олар – Аяжан Қадырбаева (№8, «Алтай-4»), Ақерке Шәкен (№10, «Алтай-3»), Жұлдыз Кенембай (№7, «Жетісу-2»), Валентина Тимашевская (№15, «Алматы-2» ВК), Әсел Қалмырза (№21, «Тұран-2»), Дарья Инина (№9, «Ертіс-2»), Зере Мәлік (№2, «Айқаракөз-2»), Аружан Омарова (№6, «Қарағанды-2» ВК), Альбина Рамазан (№3, «Ару-Астана-2»), Виктория Кувыкина (№3, «Қуаныш СК-2»), Валерия Ознобихина (№18, «Қуаныш-2»).
=================================================
ЖЛ (Қ) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:
«Қуаныш-2» (Петропавл): U-23 2021/22 маусымында – Жеӊімпаз.
«Алтай-4» (Өскемен): ЖЛҚ – 2016/17 жеӊімпазы («Алтай-2»); U-23 2021/22 маусымында – 2 орын.
«Алматы-2» ВК: ЖЛҚ – 2018/19 жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 3 орын
«Ертіс-2» (Павлодар): ЖЛҚ – 2017/18 жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 4 орын
«Алтай-3» (Өскемен): U-23 2021/22 маусымында («Алтай-3» Семей) – 5 орын
«Жетісу-2» (Талдықорған): ЖЛҚ – 2017/18 екі дүркін жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 6 орын
«Қарағанды-2» ВК: U-23 2021/22 маусымында – 7 орын
«Айқаракөз-2» (Талдықорған): U-23 2021/22 маусымында – 8 орын
«Ару-Астана-2» (Астана): U-23 2021/22 маусымында – 9 орын
«Қуаныш-СК-2» (Петропавл): алғашқы маусымы
«Тұран-2» (Түркістан): алғашқы маусымы
=================================================
3-тур (12-17 ақпан 2023 ж, Өскемен). Көшбасшы – «Алтай-4»
1-айналым (05.11 – 17.12. 2022 жыл, Петропавл, Өскемен). Жеӊімпаз – «Алтай-4».
2-тур (12-17 желтоқсан 2022 жыл, Өскемен). Көшбасшы – «Алтай-4»
1-тур (05-11 қараша 2022 жыл, Петропавл). Көшбасшы – «Алтай-4»
=================================================
3-тур, 2-айналым (12-17 ақпан 2023, Өскемен)
Өскемен. ДШСК
* 15 ақпан демалыс күні болды
* Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында
Бас қазы: Н.Өмірзақ; Төрешілер: Н.Шәменов, А.Сейдехан, Б.Ахадиянов, Н.Мұқажанов, А.Кирьянов; Бас хатшы: Д.Измайлов.
17 ақпан («Жетісу-2» дем алды)
«Айқаракөз-2» – «Қуаныш СК-2» – 3:0 (27-25, 25-9, 25-19)
Төрешілер: Шәменов, Ахадиянов. Доп айырмасы: 75-53. Матч уақыты: 70 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Петропавл).
«Қарағанды-2» ВК – «Алтай-4» – 0:3 (13-25, 5-25, 17-25)
Төрешілер: Ахадиянов, Шәменов. Доп айырмасы: 35-75. Матч уақыты: 57 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Петропавл).
«Ертіс-2» – «Тұран-2» – 0:3 (22-25, 14-25, 16-25)
Төрешілер: Сейдехан, Мұқажанов. Доп айырмасы: 52-75. Матч уақыты: 68 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:2 (Петропавл).
«Алматы-2» ВК – «Қуаныш-2» – 3:0 (25-17, 25-7, 25-11)
Төрешілер: Кирьянов, Сейдехан. Доп айырмасы: 75-35. Матч уақыты: 50 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Петропавл).
«Алтай-3» – «Ару-Астана-2» – 3:0 (25-8, 25-16, 25-16)
Төрешілер: Мұқажанов, Кирьянов. Доп айырмасы: 75-40. Матч уақыты: 61 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Петропавл).
16 ақпан («Алтай-3» дем алды)
«Қуаныш СК-2» – «Қарағанды-2» ВК – 3:0 (25-16, 25-20, 25-14)
Төрешілер: Мұқажанов, Шәменов. Доп айырмасы: 75-50. Матч уақыты: 62 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Петропавл).
«Ару-Астана-2» – «Ертіс-2» – 1:3 (9-25, 21-25, 25-15, 23-25)
Төрешілер: Кирьянов, Мұқажанов. Доп айырмасы: 78-90. Матч уақыты: 86 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Петропавл).
«Тұран-2» – «Айқаракөз-2» – 3:1 (25-22, 25-18, 23-25, 28-26)
Төрешілер: Шәменов, Кирьянов. Доп айырмасы: 101-91. Матч уақыты: 96 минут
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Петропавл).
«Қуаныш-2» – «Жетісу-2» – 1:3 (18-25, 10-25, 30-28, 13-25)
Төрешілер: Ахадиянов, Сейдехан. Доп айырмасы: 71-103. Матч уақыты: 87 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Петропавл).
«Алтай-4» – «Алматы-2» ВК – 3:0 (25-11, 25-19, 25-10)
Төрешілер: Сейдехан, Ахадиянов. Доп айырмасы: 75-40. Матч уақыты: 55 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Петропавл).
14 ақпан («Қуаныш-2» дем алды)
«Алматы-2» ВК – «Қуаныш СК-2» – 3:0 (25-12, 25-16, 25-14)
Төрешілер: Мұқажанов, Ахадиянов. Доп айырмасы: 75-42. Матч уақыты: 56 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Петропавл).
«Қарағанды-2» ВК – «Тұран-2» – 0:3 (18-25, 9-25, 21-25)
Төрешілер: Ахадиянов, Шәменов. Доп айырмасы: 48-75. Матч уақыты: 60 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 2:3 (Петропавл).
«Айқаракөз-2» – «Ару-Астана-2» – 3:2 (25-11, 23-25, 25-23, 22-25, 15-12)
Төрешілер: Шәменов, Мұқажанов. Доп айырмасы: 110-96. Матч уақыты: 114 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Петропавл).
«Жетісу-2» – «Алтай-4» – 1:3 (9-25, 25-22, 15-25, 21-25)
Төрешілер: Сейдехан, Кирьянов. Доп айырмасы: 70-97. Матч уақыты: 92 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 1:3 (Петропавл).
«Ертіс-2» – «Алтай-3» – 0:3 (18-25, 21-25, 16-25)
Төрешілер: Кирьянов, Сейдехан. Доп айырмасы: 55-75. Матч уақыты: 62 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 2:3 (Петропавл).
13 ақпан («Алтай-4» дем алды)
«Алматы-2» ВК – «Ару-Астана-2» – 3:0 (25-15, 25-16, 25-23)
Төрешілер: Кирьянов, Ахадиянов. Доп айырмасы: 75-54. Матч уақыты: 62 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Петропавл).
«Жетісу-2» – «Тұран-2» – 3:1 (25-23, 25-18, 20-25, 25-22)
Төрешілер: Ахадиянов, Сейдехан. Доп айырмасы: 95-88. Матч уақыты: 95 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Петропавл).
«Айқаракөз-2» – «Ертіс-2» – 3:0 (25-22, 26-24, 25-18)
Төрешілер: Сейдехан, Кирьянов. Доп айырмасы: 76-64. Матч уақыты: 70 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 2:3 (Петропавл).
«Қуаныш-2» – «Қуаныш СК-2» – 0:3 (22-25, 20-25, 23-25)
Төрешілер: Шәменов, Мұқажанов. Доп айырмасы: 65-75. Матч уақыты: 79 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Петропавл).
«Қарағанды-2» ВК – «Алтай-3» – 0:3 (24-26, 24-26, 16-25)
Төрешілер: Мұқажанов, Шәменов. Доп айырмасы: 64-77. Матч уақыты: 66 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Петропавл).
12 ақпан («Ертіс-2» дем алды)
«Қуаныш СК-2» – «Жетісу-2» – 0:3 (17-25, 16-25, 20-25)
Төрешілер: Ахадиянов, Мұқажанов. Доп айырмасы: 53-75.Матч уақыты: 69 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Петропавл).
«Тұран-2» – «Алматы-2» ВК – 3:1 (25-20, 19-25, 27-25, 25-17)
Төрешілер: Шәменов, Ахадиянов. Доп айырмасы: 96-87. Матч уақыты: 94 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Петропавл).
«Ару-Астана-2» – «Қарағанды-2» ВК – 0:3 (19-25, 22-25, 14-25)
Төрешілер: Сейдехан, Шәменов. Доп айырмасы: 55-75. Матч уақыты: 63 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Петропавл).
«Алтай-4» – «Қуаныш-2» – 3:0 (25-9, 25-6, 25-7)
Төрешілер: Мұқажанов, Кирьянов. Доп айырмасы: 75-22. Матч уақыты: 49 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Петропавл).
«Алтай-3» – «Айқаракөз-2» – 3:1 (25-12, 25-15, 19-25, 25-8)
Төрешілер: Кирьянов, Сейдехан. Доп айырмасы: 94-60. Матч уақыты: 70 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Петропавл).
=================================================
ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ
ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК