Главная / Главные Новости / «Алтай» – сағымдай бұлдырайды жартылай финал mezhdunarodnye-sorevnovaniya

«Алтай» – сағымдай бұлдырайды жартылай финал

29/04/2023

Әйелдер арасындағы ХХІІІ клубтық Азия чемпионаты

(2023 Asian Women's Club Championship)

(25 сәуір – 02 мамыр 2023 ж.; Виньфук, Вьетнам)

Ава-КЧА (Ж).jpg

Жұма күні, әйелдер арасындағы ХХІІІ клубтық Азия чемпионатының төртінші күнгі ойындары өтті. Әрі жартылай финалға шығатын үш команда, сондай-ақ 5-9 орындарды сарапқа салатын бес ұжымның төртеуі белгілі болды.

01-к.jpg

Қазақстан чемпионы іркес-тіркес үш ойыннан соң, яғни жұма күні дем алды. Келенсі ойынын сенбі күні Гонконг чемпионымен өткізіп, топтық кезеңді аяқтайды. Бұл матчта жеңіске жетіп, қоржынында 8 ұпай болуы керек. Ал жартылай финалға шығатын соңғы команда Қытай және Таиланд қыздары арасындағы матчта анықталады.

Қытай қыздары жартылай финалда бақ сынау құқығына жұма күні қол жеткізген. Енді тек қай орынға (бірінші немесе екінші) ие болатындығын шешуі керек. Бұл олардың келесі кезеңде қай командамен кездесетіндігіне қажет. Бұл топтағы екінш жолдамадан – «Алтай» мен тай клубы «Diamond Food» үмітті.

«Diamond Food» Қытай клубын қандай есеппен жеңсе де, Өскемен қыздарын 5-9 орындарды сарапқа салатан бестікке жібереді. Ал егер «Liaoning Donghua» болжам мен нұсқаның барлық түрін ысырып тастап, Вьетнамда төртінші рет қатарынан жеңіске жетсе, ондай «Алтайдың» тілеуі орындалып, бағы жанады.

Ал жартылай финалға Қытай қыздарынан бөлек, «А» тобынан алаң иелері «Sport Center 1» арулары мен Тайбэй чемпионы «King Whale» командасы шықты. Енді екеуі алаңға шығып, өздеріне келесі кезеңде қай командамен ойнаған ыңғайлы екенін шешеді. Бұлай дейтін себебіміз, сенбі күні әуелі «В» тобының ойындары өтеді.

Ал «Hisamitsu Springs» (Жапония), «Paykan» (Иран), «Khuvsgul Erchim» (Монголия), «Hip Hing» (Гонконг) командаларымен бірге 5-9 орындар үшін додаға түсетін соңғы команда «Алтай» мен «Diamond Food» клубтарының қайсы болады, ол сенбі күні түске дейін анықталады. Қазақ елі арулары өз ойынын таңертең, Астана уақытымен, 9:30-да бастайды, ал тай қыздары мен Қытай командасы арасындағы маңызды матч 12:30-ға белгіленген.

03-к.jpg

=====================

«АЛТАЙ» (Өскемен) – 2023 жылғы КАЧ-ында: №2(к). Сана Анарқұлова (21.07.1989), №4. Анджела Веселинович (Сербия, 05.02.1999), №5. Ирина Малькова (Ресей, 05.01.1989), №7. Зарина Сейітқазинова (20.03.1993), №9. Валерия Чумак (20.09.1994), №10. Ирина Кенжебаева (20.02.1992), №11. Елизавета Мейстер (01.11.1997), №14. Светлана Парукова (21.09.1990), №15(л). Мадина Бекет (06.11.1999), №16. Татьяна Никитина (15.01.2001), №17. Сара Сакраджия (Сербия, 25.03.1994), №18. Кристина Аниконова (05.01.1991), №19. Сәния Балағазинова (16.11.2002), №21(л). Томирис Сағымбаева (01.08.2001).

Бас бапкер – Юрий ПАНЧЕНКО (Ресей).

Қазақстан төрешісі – Юлия АКУЛОВА.

02-к.jpg

=====================

Әйелдер арасындағы ХХІІІ клубтық Азия чемпионаты

Қатысатын командалар: 9

Өткізілетін жері: Вьетнам

Өткізілу мерзімі: 25.04 – 02.05.2023

Ойындар саны: 26

06-к.jpg

«А» тобы: «Hisamitsu Springs» (Жапония), «Sport Center 1» (Вьетнам), «King Whale» (Тайбэй), «Paykan» (Иран).

«В» тобы: «Алтай» (Казахстан), «Liaoning Donghua VC» (Китай), «Diamond Food Fine-Chef Sport Club» (Таиланд), «Khuvsgul Erchim VC» (Монголия), «Hip Hing VB Club» (Гонконг)

группы.jpg

Топтық кезеңдегі ойындар кестесі (25-29 сәуір)

29 сәуір

(«А»): «Hisamitsu Springs» (Жапония) – «Paykan» (Иран)

(«А»): «Sport Center 1» (Вьетнам) – «King Whale» (Тайбэй)

(«В»): «Diamond Food Fine-Chef Sport Club» (Таиланд) – «Liaoning Donghua VC» (Қытай)

(«В»): «Алтай» – «Hip Hing VB Club» (Гонконг)

DAY-5.jpg

29 04 КАЧ тк.png

04-к.jpg

28 сәуір

(«А»): «Paykan» (Иран) – «King Whale» (Тайбэй) – 1:3 (14-25, 10-25, 25-19, 18-25)

(«В»): «Diamond Food Fine-Chef Sport Club» (Таиланд) – «Khuvsgul Erchim VC» (Моңғолия) – 3:0 (25-14, 25-16, 25-21)

(«В»): «Liaoning Donghua VC» (Қытай) – «Hip Hing VB Club» (Гонконг) – 3:0 (25-20, 25-8, 25-14)

05-к.jpg

27 сәуір

(«А»): «Hisamitsu Springs» (Жапония) – «Sport Center 1» (Вьетнам) – 1:3 (20-25, 25-17, 21-25, 15-25)

(«В»): «Hip Hing VB Club» (Гонконг) – «Khuvsgul Erchim VC» (Моңғолия) – 1:3 (25-22, 9-25, 20-25, 17-25)

(«В»): «Алтай» – «Liaoning Donghua VC» (Қытай) – 0:3 (19-25, 22-25, 21-25)

SCHEDULE-WEB_01-3-1536x206.jpg

010-к.jpg

26 сәуір

(«А»): «Hisamitsu Springs» (Жапония) – «King Whale» (Тайбэй) – 2:3 (25-16, 21-25, 22-25, 26-24, 8-15)

(«В»): «Hip Hing VB Club» (Гонконг) – «Diamond Food Fine-Chef Sport Club» (Таиланд) – 0:3 (8-25, 12-25, 12-25)

(«В»): «Алтай» – «Khuvsgul Erchim VC» (Моңғолия) – 3:0 (25-12, 25-9, 25-11)

SCHEDULE-WEB_02-3-1536x202.jpg

07-к.jpg

25 сәуір

(«А»): «Paykan» (Иран) – «Sport Center 1» (Вьетнам) – 2:3 (22-25, 25-21, 18-25, 25-22, 10-15)

(«В»): «Khuvsgul Erchim VC» (Моңғолия) – «Liaoning Donghua VC» (Қытай) – 0:3 (15-25, 13-25, 9-25)

(«В»): «Алтай» – «Diamond Food Fine-Chef Sport Club» (Таиланд) – 3:2 (22-25, 19-25, 25-22, 25-14, 15-11)

SCHEDULE-WEB_02-2-1536x202.jpg

08-к.jpg

Финалдық кезең

30 сәуір

5-9 орындар сарапқа салынатын матчтар (А3-В5, А4-В4)

01 мамыр

Жартылай финал (А1-В2, В1-А2), 5-9 орындар сарапқа салынатын матчтар (А3-В4, А4-В3)

02 мамыр

ФИНАЛ, 3-орын үшін өтетін матч, 5-9 орындар сарапқа салынатын матчтар (А4-В5, А3-В3)

====================================================

09-к.jpg

====================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика