«Алтай» клубтық Азия чемпионатын күрделі жеңіспен бастады
26/04/2023
Әйелдер арасындағы ХХІІІ клубтық Азия чемпионаты
(2023 Asian Women's Club Championship)
(25 сәуір – 02 мамыр 2023 ж.; Виньфук, Вьетнам)
Вьетнамның Виньфук шаһарында әйелдер арасындағы ХХІІІ клубтық Азия чемпионаты басталады. Қазақстан чемпионы, Өскеменнің «Алтай» клубы құрлық біріншілігін жеңіспен бастағанымен, өткен жылғы Таиланд чемпионын, яғни «Diamond Food» клубын тек тай-брейкте ұтып, бір ұпай жоғалтты.
Азияның вице-чемпионына бірінші ойында шүмектетіп тер төгу қажет болды. Бір жағынан Юрий Панченконың шәкірттерін түсінуге де болады, Ел чемпионаты осыдан бір ай бұрын аяқталып, ойын өрнектерін жоғалтып алғандай секілді. Есесіне, жанкештіліктеріне адам қызығады. Бастапқы екі партияда ұтылып қалып, қамшыны басты...
Өскемен қыздары үшінші партиядан бастап, ойын тізгінін өз қолдарына алып, жеңіске жігерліктің үлгісін паш етті. Әрине, ойынды тай-брейкке дейін созбай, таза жеңіске жеткенге не жетсін!? Алайда, дәл ьосы тұста «Алтайдың» бір «сиқыры» бар. Былтырғы Азия чемпионатын тай-брейкпен аяқтап, биылғысын да бессеттік матчпен ашып отыр.
Бұған осыдан бір ай бұрын, Алматыда өткен плей-офф финалында да екі тай-брейкпен алтын медаль жеңіп алғанын да қосуға болады. Бәлкім, өздеріне осылай ұнайтын да болар. «Шүмектетіп тер төгіп жеткен жеңістің, жемісі – тәтті» болатын да шығар. Енді «Алтай» сәрсенбінің сәтінде Моңғолия премьер-лигасының чемпионы «Khuvsgul Erchim» қыздарымен ойнайды (матч Астана уақытымен 15:30-да басталады)
Өскемен клубының жаттықтырушылары ел чемпионатымен салыстырғанда, команда құрамына бір өзгеріс енгізді. «Алтай-2» командасының капитаны Сәния Балағазинова негізгі құрамға көмектесу мақсатында Вьетнамдағы додаға бірге барды. Ол маусым барысында «Алтай-4» ұжымынан шақыртылып, 2022/23 жылдар чемпионатында негізгі құрамға тартылған Аяжан Амангелдиеваны алмастырды.
Әйелдер арасындағы ХХІІІ клубтық Азия чемпионатындағы төрешілер құрамында Қазақстаннан Халықаралық дәрежедегі төреші Юлия Акулова бар. Мұна да бөле-жара атап өткен жөн болар.
=====================
«АЛТАЙ» (Өскемен) – 2023 жылғы КАЧ-ында: №2(к). Сана Анарқұлова (21.07.1989), №4. Анджела Веселинович (Сербия, 05.02.1999), №5. Ирина Малькова (Ресей, 05.01.1989), №7. Зарина Сейітқазинова (20.03.1993), №9. Валерия Чумак (20.09.1994), №10. Ирина Кенжебаева (20.02.1992), №11. Елизавета Мейстер (01.11.1997), №14. Светлана Парукова (21.09.1990), №15(л). Мадина Бекет (06.11.1999), №16. Татьяна Никитина (15.01.2001), №17. Сара Сакраджия (Сербия, 25.03.1994), №18. Кристина Аниконова (05.01.1991), №19. Сәния Балағазинова (16.11.2002), №21(л). Томирис Сағымбаева (01.08.2001).
Бас бапкер – Юрий ПАНЧЕНКО (Ресей).
Қазақстан төрешісі – Юлия АКУЛОВА.
=====================
Әйелдер арасындағы ХХІІІ клубтық Азия чемпионаты
Қатысатын командалар: 9
Өткізілетін жері: Вьетнам
Өткізілу мерзімі: 25.04 – 02.05.2023
Ойындар саны: 26
«А» тобы: «Hisamitsu Springs» (Жапония), «Sport Center 1» (Вьетнам), «King Whale» (Тайбэй), «Paykan» (Иран).
«В» тобы: «Алтай» (Казахстан), «Liaoning Donghua VC» (Китай), «Diamond Food Fine-Chef Sport Club» (Таиланд), «Khuvsgul Erchim VC» (Монголия), «Hip Hing VB Club» (Гонконг)
Топтық кезеңдегі ойындар кестесі (25-29 сәуір)
26 сәуір
(«В»): «Hip Hing VB Club» (Гонконг) – «Diamond Food Fine-Chef Sport Club» (Таиланд)
(«В»): «Алтай» – «Khuvsgul Erchim VC» (Моңғолия)
(«А»): «Hisamitsu Springs» (Жапония) – «King Whale» (Тайбэй)
25 сәуір
(«А»): «Paykan» (Иран) – «Sport Center 1» (Вьетнам) – 2:3 (22-25, 25-21, 18-25, 25-22, 10-15)
(«В»): «Khuvsgul Erchim VC» (Моңғолия) – «Liaoning Donghua VC» (Қытай) – 0:3 (15-25, 13-25, 9-25)
(«В»): «Алтай» – «Diamond Food Fine-Chef Sport Club» (Таиланд) – 3:2 (22-25, 19-25, 25-22, 25-14, 15-11)
27 сәуір
(«А»): «Hisamitsu Springs» (Жапония) – «Sport Center 1» (Вьетнам)
(«В»): «Hip Hing VB Club» (Гонконг) – «Khuvsgul Erchim VC» (Моңғолия)
(«В»): «Алтай» – «Liaoning Donghua VC» (Қытай)
28 сәуір
(«В»): «Diamond Food Fine-Chef Sport Club» (Таиланд) – «Khuvsgul Erchim VC» (Моңғолия)
(«В»): «Liaoning Donghua VC» (Қытай) – «Hip Hing VB Club» (Гонконг)
(«А»): «Paykan» (Иран) – «King Whale» (Тайбэй)
29 сәуір
(«А»): «Hisamitsu Springs» (Жапония) – «Paykan» (Иран)
(«А»): «Sport Center 1» (Вьетнам) – «King Whale» (Тайбэй)
(«В»): «Diamond Food Fine-Chef Sport Club» (Таиланд) – «Liaoning Donghua VC» (Қытай)
(«В»): «Алтай» – «Hip Hing VB Club» (Гонконг)
Финалдық кезең
30 сәуір
5-9 орындар сарапқа салынатын матчтар (А3-В5, А4-В4)
01 мамыр
Жартылай финал (А1-В2, В1-А2), 5-9 орындар сарапқа салынатын матчтар (А3-В4, А4-В3)
02 мамыр
ФИНАЛ, 3-орын үшін өтетін матч, 5-9 орындар сарапқа салынатын матчтар (А4-В5, А3-В3)
====================================================
====================================================
ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ