Главная / Высшая лига U-23 / «Алтай» дербиіне екі сағат та аз болды chempionat-rk

«Алтай» дербиіне екі сағат та аз болды

14/12/2022

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Жастар арасындағы Жоғарғы дивизион Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (әйелдер)

2-ші тур (12-17 желтоқсан 2022, Өскемен)

Жастар арасындағы Жоғарғы дивизионда бақ сынайтын Ұлттық лигадағы командалардыӊ қосалқы құрамдары Өскеменде ел чемпионатының екінші күнгі ойындарын өткізді. Ел назары ауған кездесу екі көшбасшыныӊ, яғни «Алтай-4» және «Алтай-3» қыздарыныӊ тартысты додасы болды.

Дерби бар қызығушылық үдесінен шығып, шектен тыс шиеленісті болды. Екі ұжым арасындағы дода ел чемпионатындағы еӊ нәтижелі матч болды – 210 ұпай. Әрі еӊ ұзаққа созылған ойын болды – 2 сағат, 3 минут. Ақыры тай-брейкте «Алтай» клубыныӊ төртінші құрамы басым түсіп, бақтары жанды. Енді осы команда ғана әлі ұтылмаған ұжым болып отыр.

Осы матчтағы жеӊістен кейін «Алтай-4» қыздары өздерініӊ үшінші ұжымдағы құрбылары мен «Жетісу-2» командасынан екі ұпай айырмасымен алға озды. Әрі «Алтай-3» қыздары турнир кестесінде үшінші орынға ығысуға мәжбүр болды. Себебі партиялар айырмасы коэффициенті бойынша олар «Жетісу» фарм-клубынан да кейін орналасатын болды.

«Жетісу-2» болса, Талдықорған дербиінде «Айқаракөз» фарм-клубынан басым түсті. Бір күнгі демалыстан кейін тағы бір маӊызды матч өтеді. Онда «Алтай-3» арулары жетісулықтардыдыӊ қосалқы құрамымен екінші үшін додаға түседі.

Бұл турдағы ойындар сағат 09:30-да, 11:30-да, 13:30-да, 15:30-да және 17:30-да басталады.

ЖЛ (Қ) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Қуаныш-2» (Петропавл): U-23 2021/22 маусымында – Жеӊімпаз.

«Алтай-4» (Өскемен): ЖЛҚ – 2016/17 жеӊімпазы («Алтай-2»); U-23 2021/22 маусымында – 2 орын.

«Алматы-2» ВК: ЖЛҚ – 2018/19 жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 3 орын

«Ертіс-2» (Павлодар): ЖЛҚ – 2017/18 жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай-3» (Өскемен): U-23 2021/22 маусымында («Алтай-3» Семей) – 5 орын

«Жетісу-2» (Талдықорған): ЖЛҚ – 2017/18 екі дүркін жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 6 орын

«Қарағанды-2» ВК: U-23 2021/22 маусымында – 7 орын

«Айқаракөз-2» (Талдықорған): U-23 2021/22 маусымында – 8 орын

«Ару-Астана-2» (Астана): U-23 2021/22 маусымында – 9 орын

«Қуаныш-СК-2» (Петропавл): алғашқы маусымы

«Тұран-2» (Түркістан): алғашқы маусымы

1-айналым, 1-ші тур (05-11 қараша 2022 жыл, Петропавл). Жеӊімпаз – «Алтай-4» (5 ойын, 15 ұпай)

1-айналым, 2-ші тур (12-17 желтоқсан 2022 жыл, Өскемен)

Өскемен. ДШСК

* Астана уақытымен

15 қараша – осы турдағы демалыс күні

* Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында тікелей эфирде көрсетіледі

Бас қазы: В.Медведев; төрешілер: Ю.Акулова, Ж.Бақтығалиев, Н.Шәменов, Е.Шимин, А.Сейдехан; бас хатшы: В.Измайлов.

14 желтоқсан (сәрсенбі)

(09:30) «Тұран-2» – «Қуаныш-СК-2»

(11:30) «Алтай-3» – «Қуаныш-2»

(13:30) «Айқаракөз-2» – «Алматы-2»

(15:30) «Ертіс-2» – «Жетісу-2»

(17:30) «Ару-Астана-2» – «Алтай-4»

«Қарағанды-2» – дем алады

14 Алтай қ.png

13 желтоқсан («Тұран-2» – дем алады)

«Қуаныш-СК-2» – «Ару-Астана-2» – 1:3 (25:12, 17:25, 22:25, 20:25)

Төрешілер: Сейдехан, Бақтығалиев. Доп айырмасы: 84-87. Матч уақыты: 89 минут.

«Қуаныш-2» – «Ертіс-2» – 0:3 (13:25, 8:25, 2:25)

Төрешілер: Шәменов, Сейдехан. Доп айырмасы: 23-75. Матч уақыты: 50 минут.

«Алматы-2» – «Қарағанды-2» – 3:1 (25:14, 22:25, 25:14, 25:16)

Төрешілер: Бақтығалиев, Шәменов. Доп айырмасы: 97-69. Матч уақыты: 82 минут.

«Жетісу-2» – «Айқаракөз-2» – 3:0 (25:23, 25:14, 25:15)

Төрешілер: Шимин, Акулова. Доп айырмасы: 75-52. Матч уақыты: 65 минут.

«Алтай-4» – «Алтай-3» – 3:2 (25:19, 19:25, 19:25, 26:24, 15:13)

Төрешілер: Акулова, Шимин. Доп айырмасы: 104-106. Матч уақыты: 123 минут.

12 желтоқсан («Алматы-2» – дем алады)

«Алтай-3» – «Қуаныш-СК-2» – 3:0 (25:19, 25:17, 25:20)

Төрешілер: Акулова, Сейдехан. Доп айырмасы: 75-56. Матч уақыты: 71 минут.

«Айқаракөз-2» – «Қуаныш-2» – 3:1 (25:16, 25:13, 24:26, 25:14)

Төрешілер: Шимин, Бақтығалиев. Доп айырмасы: 99-69. Матч уақыты: 89 минут.

«Ару-Астана-2» – «Тұран-2» – 0:3 (15:25, 17:25, 19:25)

Төрешілер: Шәменов, Шимин. Доп айырмасы: 51-75. Матч уақыты: 61 минут.

«Қарағанды-2» – «Жетісу-2» – 0:3 (14:25, 9:25, 11:25)

Төрешілер: Сейдехан, Акулова. Доп айырмасы: 34-75. Матч уақыты: 52 минут.

«Ертіс-2» – «Алтай-4» – 0:3 (19:25, 14:25, 27:29)

Төрешілер: Бақтығалиев, Шәменов. Доп айырмасы: 60-79. Матч уақыты: 79 минут.

16 желтоқсан (жұма)

(09:30) «Қарағанды-2» – «Айқаракөз-2»

(11:30) «Қуаныш-2» – «Ару-Астана-2»

(13:30) «Алматы-2» – «Ертіс-2»

(15:30) «Жетісу-2» – «Алтай-3»

(17:30) «Алтай-4» – «Тұран-2»

«Қуаныш-СК-2» – дем алады

17 желтоқсан (сенбі)

(09:30) «Ертіс-2» – «Қарағанды-2»

(11:30) «Ару-Астана-2» – «Жетісу-2»

(13:30) «Тұран-2» – «Қуаныш-2»

(15:30) «Алтай-3» – «Алматы-2»

(17:30) «Қуаныш-СК-2» – «Алтай-4»

«Айқаракөз-2» – дем алады

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика