Главная / Главные Новости / «Алтай» Азияда Қытай қыздарына есе жіберіп алды mezhdunarodnye-sorevnovaniya

«Алтай» Азияда Қытай қыздарына есе жіберіп алды

28/04/2023

Әйелдер арасындағы ХХІІІ клубтық Азия чемпионаты

(2023 Asian Women's Club Championship)

(25 сәуір – 02 мамыр 2023 ж.; Виньфук, Вьетнам)

Ава-КЧА (Ж).jpg

Әйелдер арасындағы ХХІІІ клубтық Азия чемпионатының үшінші күнгі ойындары Қазақстан жанкүйерлерінің алып-ұшқан көңілдерін «су сепкендей басуға» шақ қалды, десек те болады. «Алтай» бейсенбі күні Қытай чемпионатында 7-орынға ие болған командадан ойсырай ұтылып қалды. Енді Өскемен қыздарының «тағдыры» дәл осы команданың – қолында...

к-05.jpg

«Алтайдың» осы жолғы қарымды қарсыласы екеуара матч алдында бір күн дем алған. Мұны «Liaoning Donghua» командасының жапондық бас бапкері қалт жібермепті. Қазақстан чемпионының тактикалық ойын-өрнектерін егжей-тегжей зерттеп, өз командасына қолайлы, «тұқыртар» тұстарын тауыпты.

Олар әр партияның басында ойын тізгінін «Алтай» қыздарына беріп қойып, жаза басқан сәттерін аңдумен болды. Әрі бірде-бір қателіктерін мүлт жібермей, құйындай орап соғып, таразы басын өздеріне қарай аударып алып отырды. Содан соң, партия соңына дейін сол басымдықтарын уыстарынан шығармай, өз міндеттерін мүлтіксіз орындаумен болды.

Сөйтіп, «Алтай» жеңілістің кермек дәмін татып, екінші орынға ығысты. Бірақ бұл орында бір тәуліктен артық тұрмауы тиіс. Өйткені, жұма күні Қытай қыздары Гонконг, ал Таиланд чемпионы Моңғолия командасын ұтулары керек. Яғни екеуі де өз қоржындарына үш ұпайдан салады. Бұл – ертең кешке «Алтай» тағы бір саты төмен сырғып, турнир кестесінде үшінші орынға табан тірейді, деген сөз.

Қытай командасы жұма күнгі ойынынан кейін-ақ жартылай финалда бақ сынау құқығана қол жеткізуі әбден мүмкін. Ал сенбі күні олар Таиланд чемпионымен кездеседі. «Liaoning Donghua» үшін, бұл матчта тек топтық кезеңде қай орынға ие болатындығы ғана шешіледі. Тіпті тай елінің «Diamond Food» қыздарынан тай-брейкте ұтылып қалса да, бірінші орында қалады.

Ал «Алтайға» Қытай қыздарының жеңіске жеткені ғана керек. «Liaoning Donghua» қандай есеппен ұтса да, Қазақстан чемпионы екінші орынмен жартылай финалға шығады. Ал егер Таиланд командасы ұтып кетсе, онда Өскемен арулары 5-9 орындарды сарапқа салатын топпен шектеледі. Жалпы, жерлестеріміз сенбі күні былтырғы Гонконг чемпионымен кездеседі.

Міне, «Алтай» осындай шым-шытырық жағдайға тап болды. Бейсенбі күнгі ұтылысының кесірі тым күрделі болғалы тұр. Жұма күні Қазақстан чемпионы дем алады. Ал сенбіде басқа команданың жеңіске жетуін тілеуге мәжбүр болады. Ендігі мәселе өздеріне байланысты емес...

к-01.jpg

=====================

«АЛТАЙ» (Өскемен) – 2023 жылғы КАЧ-ында: №2(к). Сана Анарқұлова (21.07.1989), №4. Анджела Веселинович (Сербия, 05.02.1999), №5. Ирина Малькова (Ресей, 05.01.1989), №7. Зарина Сейітқазинова (20.03.1993), №9. Валерия Чумак (20.09.1994), №10. Ирина Кенжебаева (20.02.1992), №11. Елизавета Мейстер (01.11.1997), №14. Светлана Парукова (21.09.1990), №15(л). Мадина Бекет (06.11.1999), №16. Татьяна Никитина (15.01.2001), №17. Сара Сакраджия (Сербия, 25.03.1994), №18. Кристина Аниконова (05.01.1991), №19. Сәния Балағазинова (16.11.2002), №21(л). Томирис Сағымбаева (01.08.2001).

Бас бапкер – Юрий ПАНЧЕНКО (Ресей).

Қазақстан төрешісі – Юлия АКУЛОВА.

к-04.jpg

=====================

Әйелдер арасындағы ХХІІІ клубтық Азия чемпионаты

Қатысатын командалар: 9

Өткізілетін жері: Вьетнам

Өткізілу мерзімі: 25.04 – 02.05.2023

Ойындар саны: 26

к-08.jpg

«А» тобы: «Hisamitsu Springs» (Жапония), «Sport Center 1» (Вьетнам), «King Whale» (Тайбэй), «Paykan» (Иран).

«В» тобы: «Алтай» (Казахстан), «Liaoning Donghua VC» (Китай), «Diamond Food Fine-Chef Sport Club» (Таиланд), «Khuvsgul Erchim VC» (Монголия), «Hip Hing VB Club» (Гонконг)

группы.jpg

Топтық кезеңдегі ойындар кестесі (25-29 сәуір)

28 сәуір

(«В»): «Diamond Food Fine-Chef Sport Club» (Таиланд) – «Khuvsgul Erchim VC» (Моңғолия)

(«В»): «Liaoning Donghua VC» (Қытай) – «Hip Hing VB Club» (Гонконг)

(«А»): «Paykan» (Иран) – «King Whale» (Тайбэй)

28 04 КАЧ тк.png

27 сәуір

(«А»): «Hisamitsu Springs» (Жапония) – «Sport Center 1» (Вьетнам) – 1:3 (20-25, 25-17, 21-25, 15-25)

(«В»): «Hip Hing VB Club» (Гонконг) – «Khuvsgul Erchim VC» (Моңғолия) – 1:3 (25-22, 9-25, 20-25, 17-25)

(«В»): «Алтай» – «Liaoning Donghua VC» (Қытай) – 0:3 (19-25, 22-25, 21-25)

SCHEDULE-WEB_01-3-1536x206.jpg

Протокол-китай.JPG

26 сәуір

(«А»): «Hisamitsu Springs» (Жапония) – «King Whale» (Тайбэй) – 2:3 (25-16, 21-25, 22-25, 26-24, 8-15)

(«В»): «Hip Hing VB Club» (Гонконг) – «Diamond Food Fine-Chef Sport Club» (Таиланд) – 0:3 (8-25, 12-25, 12-25)

(«В»): «Алтай» – «Khuvsgul Erchim VC» (Моңғолия) – 3:0 (25-12, 25-9, 25-11)

SCHEDULE-WEB_02-3-1536x202.jpg

25 сәуір

(«А»): «Paykan» (Иран) – «Sport Center 1» (Вьетнам) – 2:3 (22-25, 25-21, 18-25, 25-22, 10-15)

(«В»): «Khuvsgul Erchim VC» (Моңғолия) – «Liaoning Donghua VC» (Қытай) – 0:3 (15-25, 13-25, 9-25)

(«В»): «Алтай» – «Diamond Food Fine-Chef Sport Club» (Таиланд) – 3:2 (22-25, 19-25, 25-22, 25-14, 15-11)

SCHEDULE-WEB_02-2-1536x202.jpg

29 сәуір

(«А»): «Hisamitsu Springs» (Жапония) – «Paykan» (Иран)

(«А»): «Sport Center 1» (Вьетнам) – «King Whale» (Тайбэй)

(«В»): «Diamond Food Fine-Chef Sport Club» (Таиланд) – «Liaoning Donghua VC» (Қытай)

(«В»): «Алтай» – «Hip Hing VB Club» (Гонконг)

DAY-5.jpg

Финалдық кезең

30 сәуір

5-9 орындар сарапқа салынатын матчтар (А3-В5, А4-В4)

01 мамыр

Жартылай финал (А1-В2, В1-А2), 5-9 орындар сарапқа салынатын матчтар (А3-В4, А4-В3)

02 мамыр

ФИНАЛ, 3-орын үшін өтетін матч, 5-9 орындар сарапқа салынатын матчтар (А4-В5, А3-В3)

====================================================

к-02.jpg

к-03.jpg

к-06.jpg

к-07.jpg

====================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика