Главная / Высшая лига U-23 / «Алтай» аруларының «Төртінші» құрамы «Үшіншісін» тағы ұтты chempionat-rk

«Алтай» аруларының «Төртінші» құрамы «Үшіншісін» тағы ұтты

09/03/2023

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Жастар арасындағы Жоғарғы дивизион Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (әйелдер)

4-тур (06 - 12 наурыз 2023, Қарағанды)

Бойжеткендер дивизионының төртінші турындағы үшінші ойын күні тура 8 наурыз, мереке күніне дөп түсті. Мұндай, әрине, үнемі бола бермейді. Бірақ волейбол додасының көктемгі графигінде кездесіп тұратын – үйреншікті жағдай. Есесіне, бұл лигадағы қыздар ертең дем алады.

Әйелдер мерекесіндегі екі ойынға назар аударғандар өте көп болған. Әрі бұл матчтар да, көпшіліктің көңілінен шығып, өте қызықты болды. Көш басындағы «Алтайдың» екі құрамы, яғни төртінші және үшінші ұжымдары үшін бірінші айналымдағыдай, тағы да тай-брейкке жүгінуге тура келді. Әрі тура Өскемендегідей, Қарағандыда да «Алтай-4» арулары бессетте басым түсті. Сөйтіп, басты бәсекелесін екінші рет тай-брейкте тізерлетіп, ел чемпионатында қатарынан 17 рет жеңіске жетіп, екі айналымдық біріншілігімізді жеңіліссіз аяқтауға нық қадам басты.

Өскемен арулары осылай көшбасшылық мәртебені өзара сарапқа салса, Талдықорған дербиінде «Айқаракөз-2» жерлестері «Жетісу-2» қыздарын ұтып, алғашқы алтылыққа ілігу үшін барын салған еді. Әріптестері бұдан бір күн бұрын бессеттік матч өткізіп, көп күш жұмсағандай да еді.

Сонымен не керек, «Айқаракөздің» қосалқы құрамы ойынды сәтті бастап, үш партиядан соң 2:1 есебімен алда тұрған. Яғни, бір ұпай – қалтада... Енді бір «ышқынып», үш ұпайды толық олжалап кетуге болатын секілді еді. Бірақ, әрі қарай бәрі де басқаша болып шықты. «Жетісу-2» әуелі есепті теңестіріп, екінші күн қатарынан тай-брейкте жеңісті жұлып алды.

Сөйтіп, «Айқаракөз-2» қыздарынан алтыншы орын сағымдай бұлдырап, алыстай түсті. Енді үздік алтылықтан Жетісу өлкесінің екі командасын көре алмайтын шығармыз. «Айқаракөздің» фарм-клубы жұма күні «Алматы-2» аруларымен ойнайды. Бәрі де сол матчта түпкілікті шешілуі мүмкін.

Әзірше, алматылық арулар да екпін ала алмай келеді. Дүйсенбіде ұтылып қалды, сейсенбіде дем алды. Ал сәрсенбіде алаң иелерінің көңілдерін «қалдыра алмай», тағы жеңілістің кермек дәмін татты. Бейсенбі күні көппен бірге тағы да дем алады. Ал жұма күні қамшы баспаса, болмайтын түрі бар.

Матчтар сағат 10:00-де, 12:00-де, 14:00-де, 16: 00-де және 18:00-де басталады.

=================================================

ЖЛ (Қ) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Қуаныш-2» (Петропавл): U-23 2021/22 маусымында – Жеӊімпаз.

«Алтай-4» (Өскемен): ЖЛҚ – 2016/17 жеӊімпазы («Алтай-2»); U-23 2021/22 маусымында – 2 орын.

«Алматы-2» ВК: ЖЛҚ – 2018/19 жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 3 орын

«Ертіс-2» (Павлодар): ЖЛҚ – 2017/18 жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай-3» (Өскемен): U-23 2021/22 маусымында («Алтай-3» Семей) – 5 орын

«Жетісу-2» (Талдықорған): ЖЛҚ – 2017/18 екі дүркін жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 6 орын

«Қарағанды-2» ВК: U-23 2021/22 маусымында – 7 орын

«Айқаракөз-2» (Талдықорған): U-23 2021/22 маусымында – 8 орын

«Ару-Астана-2» (Астана): U-23 2021/22 маусымында – 9 орын

«Қуаныш-СК-2» (Петропавл): алғашқы маусымы

«Тұран-2» (Түркістан): алғашқы маусымы

=================================================

2-айналым (12.02 – 12.03.2023 жыл, Өскемен, Қарағанды)

1-айналым (05.11 – 17.12. 2022 жыл, Петропавл, Өскемен). Жеӊімпаз – «Алтай-4».

=================================================

4-тур, 2-айналым (06 - 12 наурыз 2023, Қарағанды)

Қарағанды. ҚазТұтынуОдағы Қарағанды университтетінің с/з

* Астана уақытымен

* 9 наурыз – осы турдағы демалыс күні

* Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында тікелей эфир арқылы көрсетіледі

Бас қазы: Ю.Акулова; төрешілер: О.Саттарова, Ғ.Әбдірейімов, А.Әбденәбиев, Е.Сейітов, А.Якимчук.

10 наурыз (жұма)

(10:00) «Тұран-2» – «Қуаныш СК-2»

(12:00) «Алтай-3» – «Қуаныш-2»

(14:00) «Айқаракөз-2» – «Алматы-2» ВК

(16:00) «Ертіс-2» – «Жетісу-2»

(18:00) «Ару-Астана-2» – «Алтай-4»

«Қарағанды-2» ВК – дем алады

0 09 ЖЛБ кесте.png

08 наурыз («Тұран-2» дем алды)

«Қуаныш СК-2» – «Ару-Астана-2» – 3:0 (25-17, 25-19, 27-25)

Төрешілер: Әбдірейімов, Якимчук. Доп айырмасы: 77-61. Матч уақыты: 77 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Өскемен).

«Қуаныш-2» – «Ертіс-2» – 0:3 (6-25, 16-25, 24-26)

Төрешілер: Якимчук, Әбдірейімов. Доп айырмасы: 46-76. Матч уақыты: 57 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Өскемен).

«Жетісу-2» – «Айқаракөз-2» – 3:2 (22-25, 25-11, 24-26, 25-13, 15-10)

Төрешілер: Әбденәбиев, Саттарова. Доп айырмасы: 111-85. Матч уақыты: 98 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Өскемен).

«Алтай-4» – «Алтай-3» – 3:2 (27-25, 15-25, 15-25, 25-23, 15-8)

Төрешілер: Саттарова, Сейітов. Доп айырмасы: 95-106. Матч уақыты: 111 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:2 (Өскемен).

«Алматы-2» ВК – «Қарағанды-2» ВК – 0:3 (22-25, 18-25, 23-26)

Төрешілер: Сейітов, Әбденәбиев. Доп айырмасы: 63-75. Матч уақыты: 66 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Өскемен).

07 наурыз («Алматы» ВК дем алды)

«Алтай-3» – «Қуаныш СК-2» – 3:0 (25-16, 25-15, 25-17)

Төрешілер: Якимчук, Сейітов. Доп айырмасы: 75-48. Матч уақыты: 59 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Өскемен).

«Айқаракөз-2» – «Қуаныш-2» – 3:1 (25-27, 25-18, 25-18, 25-4)

Төрешілер: Сейітов, Якимчук. Доп айырмасы: 100-67. Матч уақыты: 83 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Өскемен).

«Ару-Астана-2» – «Тұран-2» – 0:3 (24-26, 14-25, 21-25)

Төрешілер: Әбденәбиев, Саттарова. Доп айырмасы: 59-76. Матч уақыты: 71 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Өскемен).

«Ертіс-2» – «Алтай-4» – 2:3 (20-25, 25-23, 6-25, 29-27, 11-15)

Төрешілер: Саттарова, Әбдірейімов. Доп айырмасы: 91-115. Матч уақыты: 114 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Өскемен).

«Қарағанды-2» ВК – «Жетісу-2» – 2:3 (19-25, 26-24, 18-25, 25-21, 8-15)

Төрешілер: Әбдірейімов, Әбденәбиев. Доп айырмасы: 96-110. Матч уақыты: 100 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Өскемен).

06 наурыз («Ару-Астана» дем алды)

«Қуаныш СК-2» – «Ертіс-2» – 0:3 (16-25, 23-25, 22-25)

Төрешілер: Әбденәбиев, Әбдірейімов. Доп айырмасы: 61-75. Матч уақыты: 73 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Петропавл).

«Жетісу-2» – «Алматы-2» ВК – 3:1 (25-20, 25-17, 22-25, 25-22)

Төрешілер: Саттарова, Әбденәбиев. Доп айырмасы: 97-84. Матч уақыты: 88 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Петропавл).

«Алтай-4» – «Айқаракөз-2» – 3:0 (25-13, 25-18, 25-18)

Төрешілер: Якимчук, Саттарова. Доп айырмасы: 75-49. Матч уақыты: 56 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Петропавл).

«Тұран-2» – «Алтай-3» – 1:3 (16-25, 18-25, 25-23, 17-25)

Төрешілер: Сейітов, Якимчук. Доп айырмасы: 76-98. Матч уақыты: 80 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Петропавл).

«Қуаныш-2» – «Қарағанды-2» ВК – 0:3 (9-25, 4-25, 19-25)

Төрешілер: Әбдірейімов, Сейітов. Доп айырмасы: 32-75. Матч уақыты: 54 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Петропавл).

11 наурыз (сенбі)

(10:00) «Алматы-2» ВК – «Ертіс-2»

(12:00) «Куаныш-2» – «Ару-Астана-2»

(14:00) «Жетісу-2» – «Алтай-3»

(16:00) «Алтай-4» – «Тұран-2»

(18:00) «Қарағанды-2» ВК – «Айқаракөз-2»

«Қуаныш СК-2» – дем алады

12 наурыз (жексенбі)

(10:00) «Ару-Астана-2» – «Жетісу-2»

(12:00) «Тұран-2» – «Қуаныш-2»

(14:00) «Алтай-3» – «Алматы-2» ВК

(16:00) «Қуаныш СК-2» – «Алтай-4»

(18:00) «Ертіс-2» – «Қарағанды-2» ВК

«Айқаракөз-2» – дем алады

=================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика