Главная / Главные Новости / «Алтай» арулары Моңғолия чемпионын күйрете жеңді mezhdunarodnye-sorevnovaniya

«Алтай» арулары Моңғолия чемпионын күйрете жеңді

27/04/2023

Әйелдер арасындағы ХХІІІ клубтық Азия чемпионаты

(2023 Asian Women's Club Championship)

(25 сәуір – 02 мамыр 2023 ж.; Виньфук, Вьетнам)

Ава-КЧА (Ж).jpg

Вьетнамда өтіп жатқан, әйелдер арасындағы ХХІІІ клубтық Азия чемпионатының сәрсенбі күнгі ойындарында тоғыз команданың бәрі де додаға қосылды. Кейбір командалар әзірше бір ойыннан өткізсе, Қазақстан чемпионы екінші кездесуін де сәтті аяқтап, тағы да жеңіске жетті.

к-1.jpg

Екінші ойын күні Өскеменнің «Алтайы» Моңғолия премьер-лигасының чемпионы «Khuvsgul Erchim» командасын үш сетте ойсырата жеңіп, «В» тобында суырылып алға шықты. Енді Қазақ елі клубы кем дегенде, бір тәулік бойы, осы топта көш бастап тұрады. Өйткені, бейсенбі күні Азияның вице-чемпионы биылғы клубтық Азия біріншілігінің топтық кезеңіндегі ең маңызды ойынын өткізеді.

Нақтырақ айтқанда, өскемендіктер Қытайдың «Liaoning Donghua» деп аталатын клубымен кездеседі. Сәрсенбі күні бұл команда дем алды. Ал бұл қайсысына қолайлы, әрі пайдалы болады? Бір күн тынығып алған Қытай қыздарына ма, әлде ойын өрнектері енді үйлесе түсіп, екпін ала бастаған «Алтай» аруларына ма? Оны ойын көрсетеді.

Айтпақшы, «Liaoning Donghua» Вьетнамдағы додаға айрықша «квотамен» тіркелген. Бұл команда өз елінде Қытай суперлигасының соңғы маусымдағы чемпионы да, тіпті жүлдегері де болмаған. Әйтсе де, «Алтай» аруларына осы командамен өтетін матчта, жеңіс – өте маңызды. Топтық кезеңдегі орнына әсер ететіні, айтпаса да түсінікті. Таиланд чемпионы «Diamond Food» клубы да жартылай финалға шығу үшін бар күш-жігерін салып жатыр.

«А» тобындағы бәсекелестік те – өте жоғары. Екі матч та тай-брейкке дейін созылып, жағдай мүлде шиеленісе түсті. Құрамында Бразилияның екі қызы ойнайтын Тайбэй чемпионы «King Whale» Жапонияның «Hisamitsu Springs» клубын ұтып, ұйымдастырушылардың да, басқа мамандардың да жоспар-болжамдарын шым-шытырық қылды.

Бейсенбі күні Күншығыс елі чемпионы алаң иелерімен кездеседі. Бұл да өте тартысты ойын болары сөзсіз. Ал «Алтай» мен «Liaoning Donghua» арасындағы тағы бір маңызды матч Астана уақытымен 12: 30-да басталады.

к-2.jpg

=====================

«АЛТАЙ» (Өскемен) – 2023 жылғы КАЧ-ында: №2(к). Сана Анарқұлова (21.07.1989), №4. Анджела Веселинович (Сербия, 05.02.1999), №5. Ирина Малькова (Ресей, 05.01.1989), №7. Зарина Сейітқазинова (20.03.1993), №9. Валерия Чумак (20.09.1994), №10. Ирина Кенжебаева (20.02.1992), №11. Елизавета Мейстер (01.11.1997), №14. Светлана Парукова (21.09.1990), №15(л). Мадина Бекет (06.11.1999), №16. Татьяна Никитина (15.01.2001), №17. Сара Сакраджия (Сербия, 25.03.1994), №18. Кристина Аниконова (05.01.1991), №19. Сәния Балағазинова (16.11.2002), №21(л). Томирис Сағымбаева (01.08.2001).

Бас бапкер – Юрий ПАНЧЕНКО (Ресей).

Қазақстан төрешісі – Юлия АКУЛОВА.

к-4.jpg

=====================

Әйелдер арасындағы ХХІІІ клубтық Азия чемпионаты

Қатысатын командалар: 9

Өткізілетін жері: Вьетнам

Өткізілу мерзімі: 25.04 – 02.05.2023

Ойындар саны: 26

К-9.jpg

«А» тобы: «Hisamitsu Springs» (Жапония), «Sport Center 1» (Вьетнам), «King Whale» (Тайбэй), «Paykan» (Иран).

«В» тобы: «Алтай» (Казахстан), «Liaoning Donghua VC» (Китай), «Diamond Food Fine-Chef Sport Club» (Таиланд), «Khuvsgul Erchim VC» (Монголия), «Hip Hing VB Club» (Гонконг)

группы.jpg

Топтық кезеңдегі ойындар кестесі (25-29 сәуір)

27 сәуір

(«А»): «Hisamitsu Springs» (Жапония) – «Sport Center 1» (Вьетнам)

(«В»): «Hip Hing VB Club» (Гонконг) – «Khuvsgul Erchim VC» (Моңғолия)

(«В»): «Алтай» – «Liaoning Donghua VC» (Қытай)

DAY-3.jpg

27 04 КАЧ 2к-тк.png

26 сәуір

(«А»): «Hisamitsu Springs» (Жапония) – «King Whale» (Тайбэй) – 2:3 (25-16, 21-25, 22-25, 26-24, 8-15)

(«В»): «Hip Hing VB Club» (Гонконг) – «Diamond Food Fine-Chef Sport Club» (Таиланд) – 0:3 (8-25, 12-25, 12-25)

(«В»): «Алтай» – «Khuvsgul Erchim VC» (Моңғолия) – 3:0 (25-12, 25-9, 25-11)

SCHEDULE-WEB_02-3-1536x202.jpg

2протокол.JPG

Лучш-игрок.jpg

25 сәуір

(«А»): «Paykan» (Иран) – «Sport Center 1» (Вьетнам) – 2:3 (22-25, 25-21, 18-25, 25-22, 10-15)

(«В»): «Khuvsgul Erchim VC» (Моңғолия) – «Liaoning Donghua VC» (Қытай) – 0:3 (15-25, 13-25, 9-25)

(«В»): «Алтай» – «Diamond Food Fine-Chef Sport Club» (Таиланд) – 3:2 (22-25, 19-25, 25-22, 25-14, 15-11)

SCHEDULE-WEB_02-2-1536x202.jpg

28 сәуір

(«В»): «Diamond Food Fine-Chef Sport Club» (Таиланд) – «Khuvsgul Erchim VC» (Моңғолия)

(«В»): «Liaoning Donghua VC» (Қытай) – «Hip Hing VB Club» (Гонконг)

(«А»): «Paykan» (Иран) – «King Whale» (Тайбэй)

29 сәуір

(«А»): «Hisamitsu Springs» (Жапония) – «Paykan» (Иран)

(«А»): «Sport Center 1» (Вьетнам) – «King Whale» (Тайбэй)

(«В»): «Diamond Food Fine-Chef Sport Club» (Таиланд) – «Liaoning Donghua VC» (Қытай)

(«В»): «Алтай» – «Hip Hing VB Club» (Гонконг)

DAY-5.jpg

Финалдық кезең

30 сәуір

5-9 орындар сарапқа салынатын матчтар (А3-В5, А4-В4)

01 мамыр

Жартылай финал (А1-В2, В1-А2), 5-9 орындар сарапқа салынатын матчтар (А3-В4, А4-В3)

02 мамыр

ФИНАЛ, 3-орын үшін өтетін матч, 5-9 орындар сарапқа салынатын матчтар (А4-В5, А3-В3)

====================================================

к-3.jpg

к-5.jpg

к-7.jpg

к-6.jpg

К-8.jpg

====================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика