Главная / Главные Новости / «Алтай» арулары Азия чемпионатында жетінші рет бақ сынайды mezhdunarodnye-sorevnovaniya

«Алтай» арулары Азия чемпионатында жетінші рет бақ сынайды

24/04/2023

Әйелдер арасындағы ХХІІІ клубтық Азия чемпионаты

(2023 Asian Women's Club Championship)

(25 сәуір – 02 мамыр 2023 ж.; Виньфук, Вьетнам)

Ава-КЧА (Ж).jpg

Сейсенбі күні, 25 сәуірде, Вьетнамда әйелдер арасындағы ХХІІІ клубтық Азия чемпионаты басталады. Тоғыз мемлекеттің чемпионы қатысатын 2023 жылғы құрлықтық додада біздің елдің намысын еліміздің ең үздік клубы, Азияның вице-чемпионы Өскеменнің «Алтай» клубы қорғайды.

«Алтай» «Сарықұрлық» додасына жетінші рет қатарынан қатысқалы отыр. Дәл осы көрсеткіш (қатысу саны) жағынан өскемендіктер биыл екімыңыншы жылдары Қазақстан волейболына үстемдік құрған «Рахаттан» да асып түскелі отыр. Алматылық арулар клубтық Азия чемпионатына алты рет қатысқан болатын. Әрі екі дүркін жеңімпаз атанып, бір рет қола жүлдеге ие болған.

Осы ретте еске түсіргеніміз жөн болар, біздің елден клубтық Азия чемпионатына ең көп қатысқан клуб – әлі де «Жетісу». Талдықорған қыздары «Сарықұрлық» додасында тоғыз рет бақ сынады. Екі рет финалда ұтылып қалып, екі мәрте үшінші орын үшін өткен матчта жеңіске жетті.

Жалпы, Қазақстан командалары клубтық Азия чемпионатына 21 рет қатысып, төрт рет жеңімпаз атанды. Бұл ретте, әзірше біздің елден асып түсіп отырған – тек Қытай (сегіз рет) және Таиланд (алты мәрте) қыздары ғана.

Виньфукте Қазақстан чемпионы «В» тобында Қытай, Таиланд, Моңғолия және Гонконг қыздарымен додаға түседі. Ал екінші топта Жапония, Тайбэй, Иран қыздары мен алаң иелері ойнайды. Осы командалардың ішінде екі рет жеңімпаз атанған клубтар тек – біздің «Алтай» мен жапонның «Hisamitsu Springs» клубы. Егер Вьетнамда Азияның екі дүркін чемпиондарына кездесу қажет болса, онда тек финалда жолыққандары жақсы болар еді.

Вьетнамда өтетін доданың топтық кезеңі бес күнге созылады. Өз топтарында бірінші және екінші орын алған клубтар жартылай финалға шығады. Ал қалған бес команда 5-9 орындарды сарапқа салатын болады. Финал мен үшінші орын үшін өтетін матч 2 мамырға жоспарланған.

«Алтай» өзінің бірінші ойынын тай елінің «Diamond Food-Fine Chef Sport Club» деп аталатын командасымен өткізеді. Өскемен арулары осыдан бір жыл бұрын, Семейде бұл командамен кездескен. Әрі топтық кезеңде өткен сол матчта Қазақстан чемпионы Таиландың ең үздік клубын үш партияда тізе бүктірген.

342529855_894246978328846_3104624981918879472_n-e1682271973607-1160x661.jpg

=====================

Клубтық Азия чемпионаты-2023

«А» тобы: «Hisamitsu Springs» (Жапония), «Sport Center 1» (Вьетнам), «King Whale» (Тайбэй), «Paykan» (Иран).

«В» тобы: «Алтай» (Казахстан), «Liaoning Donghua VC» (Китай), «Diamond Food Fine-Chef Sport Club» (Таиланд), «Khuvsgul Erchim VC» (Монголия), «Hip Hing VB Club» (Гонконг)

группы.jpg

Топтық кезеңдегі ойындар кестесі (25-29 сәуір)

25 сәуір

(«В»): «Khuvsgul Erchim VC» (Моңғолия) – «Liaoning Donghua VC» (Қытай) (Китай)

(«В»): «Алтай» – «Diamond Food Fine-Chef Sport Club» (Таиланд)

DAY-1.jpg

(«А»): «Sport Center 1» (Вьетнам) – «Paykan» (Иран)

26 сәуір

(«В»): «Hip Hing VB Club» (Гонконг) – «Diamond Food Fine-Chef Sport Club» (Таиланд)

(«В»): «Алтай» – «Khuvsgul Erchim VC» (Моңғолия)

DAY-2.jpg

(«А»): «Hisamitsu Springs» (Жапония) – «King Whale» (Тайбэй)

27 сәуір

(«В»): «Алтай» – «Liaoning Donghua VC» (Қытай)

DAY-3.jpg

(«В»): «Hip Hing VB Club» (Гонконг) – «Khuvsgul Erchim VC» (Моңғолия)

(«А»): «Hisamitsu Springs» (Жапония) – «Sport Center 1» (Вьетнам)

28 сәуір

(«В»): «Diamond Food Fine-Chef Sport Club» (Таиланд) – «Khuvsgul Erchim VC» (Моңғолия)

(«В»): «Liaoning Donghua VC» (Қытай) – «Hip Hing VB Club» (Гонконг)

(«А»): «Paykan» (Иран) – «King Whale» (Тайбэй)

29 сәуір

(«В»): «Алтай» – «Hip Hing VB Club» (Гонконг)

DAY-5.jpg

(«В»): «Diamond Food Fine-Chef Sport Club» (Таиланд) – «Liaoning Donghua VC» (Қытай)

(«А»): «Hisamitsu Springs» (Жапония) – «Paykan» (Иран)

(«А»): «Sport Center 1» (Вьетнам) – «King Whale» (Тайбэй)

Финалдық кезең

30 сәуір

5-9 орындар сарапқа салынатын матчтар (А3-В5, А4-В4)

01 мамыр

Жартылай финал (А1-В2, В1-А2), 5-9 орындар сарапқа салынатын матчтар (А3-В4, А4-В3)

02 мамыр

ФИНАЛ, 3-орын үшін өтетін матч, 5-9 орындар сарапқа салынатын матчтар (А4-В5, А3-В3)

флаги.JPG

====================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика