Главная / Главные Новости / «Алтай» арулары қарсылас таңдамайды chempionat-rk

«Алтай» арулары қарсылас таңдамайды

03/03/2023

ХХХІ ҚР чемпионаты-2022/23.

Ұлттық лига 1ХBET (әйелдер)

4-тур (25 ақпан – 02 наурыз 2023 жыл, Түркістан)

Әйелдер арасындағы Ұлттық лигада өнер көрсететін командалар Түркістанда 2022/2023 маусымындағы ел чемпионатының негізгі бөлігін аяқтады. Бірінші кезеңде бір айналымдық, ал екіншісінде топтық жүйемен өткен дода плей-офф сатысында бақ сынайтын сегіз команданы іріктеп берді. Шешуші сын 18 наурыздан бастап, Алматыда өтеді.

Бейсенбі күні өткен, төртінші турдың соңғы күнгі ойындары әр топтағы екі орынды қай командалар иеленгендігін анықтап берді. Әуелі «Айқаракөз» таңертеңгі матчта «Ару-Астана» аруларынан басым түсті. Олардан кейін алаңға шыққан «Тұран» қыздарына «Алтай-2» аруларымен өтетін ойында кемі бір ұпай алу қажет болды. Әйтпесе, жетінші орыннан айырылып қалар еді.

Үшінші сеттен кейін-ақ алаң иелері бұл мақсаттарына қол жеткізді. Өйткені екі партияда басым болып, енді тек тай-брейкте ұтылуы мүмкін еді. Алайда Өскемен қыздары тұрандықтардың сәл босаңсып, қарқындарын бәсеңсітіп алған сәттерін ұтымды пайдалана алмады. Сөйтіп, «Тұран» өз алаңындағы турды жеңіліссіз аяқтады.

Сөйтіп, плей-офф сатысының ширек финалында «Тұран» клубтық Азия чемпионы «Қуаныш» қыздарымен, ал «Айқаракөз» былтырғы маусымдағы ел чемпионы «Алтай» аруларымен кездесетін болды. Ал «А» тобында үшінші орынның тағдыры шешілді.

Әуелі алаңға «Алтай» мен «Жетісу» шықты. Ел чемпионы бұдан бір күн бұрынғы Қызылжар қыздары секілді, жартылай финалда өздеріне ыңғайлы болатын қарсылас «таңдап», бас ауыртқан жоқ. Өйткені, дәл қазір «Алтайдың» ажарлы аруларына кімен, қашан және қай командамен, қай уақытта ойнаса да – бәрібір.

Әрі еліміздегі ең үздік клубтың басқаларынан айырмашылығы, алаңда бірінші минуттан бастап алты ойыншы емес, жетеу ойнамайды. Ал «жетінші» ойыншы – бас бапкері Юрий Панченко. Ол өз шәкірттерінің әрбір жеңісін бірінші соққыдан, соңғы жеңісті соққыға дейін қадағалап отырады. Ойын үстіндегі барлық сәтті, қуанышты, күйзелісті бәрімен бірге кешіп, бел ортасында жүреді.

Сөйтіп, «Алтай» «Жетісуға» ешқандай мүмкіндік бермей, басымдық танытты. Ал олардан кейін алаңға шыққан «Алматы» ВК «Ертіс» қыздарын ұтып, қайтадан үшінші орынға көтерілді. Жалпы, олар осы орынға лайық та болған секілді. Өйткені алматылықтар төрт тур бойы, яғни екі кезең қорытындысы бойынша үздік үштікті түйіндеп тұрды.

Осы ретте айта кетейік, «Алматы» мен «Ертіс» ширек финалда қайта кездеседі. Ал плей-офф додасы Алатау бөктерінде өтеді. «Жетісу» болса, жартылай финал жолдамасын «Қарағанды» қыздарымен сарапқа салады. Егер одан әріге «мойын созып», сәуегейлік айтар болсақ, «Алтай» мен «Жетісу», «Қуаныш» пен «Алматы» жартылай финалда жұп түзіп, додаға түсулері мүмкін. Ұлттық лига жанкүйерлерін мұның бәрін наурыз айының соңында күтіп тұр.

Плей-офф (Алматы)

1/4 финалы (18 наурыз)

(1) «Алтай» – (8) «Айқаракөз»

(2) «Қуаныш» – (7) «Тұран»

(3) «Алматы» ВК – (6) «Ертіс»

(4) «Жетісу» – (5) «Қарағанды»

Әдеттегідей, тур соңында ұйымдастырушылар әр команда сапындағы үздік ойыншыларды анықтады (суреттер төменде): Татьяна Никитина (№16, «Алтай»), Сәбира Бекішева (№2, «Қуаныш»), Александра Куракова (№4, «Алматы»), Даниэла Никич (№14, «Жетісу»), Найля Нигматулина (№6, «Қарағанды»), Анастасия Иванчук (№20, «Ертіс»), Елена Самойленко (№24, «Тұран»), Зарина Мубакзянова (№2, «Айқаракөз»), Полина Милюкова (№11, «Қуаныш СК»), Кристина Струкова (№12, «Алтай-2»), Наталья Мурадян (№2, «Ару-Астана»).

==================================================

ҰЛ (Ә) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Алтай» (Өскемен): 6 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы

«Жетісу» (Талдықорған): 8 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Қуаныш» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Алматы» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Қарағанды» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Айқаракөз» (Талдықорған): ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ертіс» (Павлодар): 3 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 7 орын

«Алтай-2» (Өскемен): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын

«Ару-Астана» (Астана): ҰЛ 2021/22 маусымында – 9 орын

«Қуаныш СК» (Петропавл): алғашқы маусымы; U-23 додасы, 2021/22 маусымында – жеңімпаз

«Тұран» (Түркістан): алғашқы маусымы; ЖЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

==================================================

Плей-офф (18-25 наурыз 2023 ж.; Алматы)

Чемпионаттың негізгі додасы-2022/23 (16 қараша 2022 г. – 02 наурыз 2023 ж.; Петропавл, Талдықорған, Өскемен, Түркістан).Жеңімпаз – «Алтай»

2-кезең (22 қаңтар – 02 наурыз 2023 ж.; Өскемен, Түркістан).Жеңімпаз – «Алтай»

1-кезең (16 қараша -27 желтоқсан 2022 г.; Петропавл, Талдықорған). Жеңімпаз – «Алтай»

==================================================

4-тур, 2-кезең (25 ақпан – 02 наурыз 2023 жыл, Түркістан)

Түркістан, «Olympic centr» және «Балуан Шолақ» с/к

* 28 ақпан – демалыс күні

* Барлық ойындар – ҚВФ ресми Youtube-арнасында, тікелей эфирде

Төрешілер: А.Ғұбашева, Н.Өмірзақ, О.Саттарова, Қ.Айдарбеков, С.Берденов, Д.Шүшбаев.

Бас қазы: А.Кувшинов.

Бас хатшы: Д.Баетов

«А» тобы: «Алтай», «Қуаныш», «Алматы» ВК, «Жетісу», «Қарағанды» ВК, «Ертіс».

«Б» тобы: «Алтай-2», «Айқаракөз», «Тұран», «Қуаныш СК», «Ару-Астана»

03 03 ҰЛӘ тк.png

Екінші кезеңдегі ойын нәтижелері

03 03 ҰЛӘ он.png

2 наурыз («Қуаныш СК» дем алды)

«Ару-Астана» – «Айқаракөз» – 0:3 (16-25, 17-25, 18-25)

Төрешілер: Шүшбаев, Айдарбеков. Доп айырмасы: 51-75. Матч уақыты: 64 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Петропавл), 0:3 (Өскемен).

«Қарағанды» – «Қуаныш» – 0:3 (17-25, 15-25, 19-25)

Төрешілер: Айдарбеков, Берденов. Доп айырмасы: 51-75. Матч уақыты: 61 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 2:3 (Петропавл), 0:3 (Өскемен).

«Жетісу» – «Алтай» – 0:3 (16-25, 19-25, 21-25)

Төрешілер: Берденов, Өмірзақ. Доп айырмасы: 56-75. Матч уақыты: 68 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Петропавл), 0:3 (Өскемен).

«Алтай-2» – «Тұран» – 2:3 (21-25, 25-20, 13-25, 25-23, 14-16)

Төрешілер: Өмірзақ, Ғұбашева. Доп айырмасы: 98-109. Матч уақыты: 114 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Петропавл), 1:3 (Өскемен).

«Алматы» ВК – «Ертіс» – 3:0 (25-7, 25-11, 25-23)

Төрешілер: Ғұбашева, Саттарова. Доп айырмасы: 75-41. Матч уақыты: 57 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Талдықорған), 3:0 (Өскемен).

01 наурыз («Ару-Астана» дем алды)

«Айқаракөз» – «Алтай-2» – 3:1 (21-25, 25-15, 25-13, 25-21)

Төрешілер: Берденов, Айдарбеков. Доп айырмасы: 96-74. Матч уақыты: 83 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Петропавл), 3:2 (Өскемен).

«Алтай» – «Қарағанды» ВК – 3:1 (25-14, 28-30, 25-18, 25-16)

Төрешілер: Айдарбеков, Берденов. Доп айырмасы: 103-78. Матч уақыты: 91 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Петропавл), 3:0 (Өскемен).

«Ертіс» – «Жетісу» – 0:3 (14-25, 17-25, 22-25)

Төрешілер: Саттарова, Ғұбашева. Доп айырмасы: 53-75. Матч уақыты: 65 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Талдықорған), 2:3 (Өскемен).

«Қуаныш» – «Алматы» ВК – 2:3 (25-19, 17-25, 19-25, 25-23, 13-15)

Төрешілер: Өмірзақ, Шүшбаев. Доп айырмасы: 99-107. Матч уақыты: 104 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Петропавл), 3:0 (Өскемен).

«Тұран» – «Қуаныш СК» – 3:0 (25-18, 25-17, 25-12)

Төрешілер: Ғұбашева, Саттарова. Доп айырмасы: 75-47. Матч уақыты: 63 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Талдықорған), 3:0 (Өскемен).

27 ақпан («Тұран» дем алды)

«Алтай-2» – «Ару-Астана» – 3:0 (28-26, 25-20, 25-11)

Төрешілер: Айдарбеков, Саттарова. Доп айырмасы: 78-57. Матч уақыты: 73 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Петропавл), 3:0 (Өскемен).

«Қуаныш СК» – «Айқаракөз» – 0:3 (16-25, 20-25, 20-25)

Төрешілер: Саттарова, Айдарбеков. Доп айырмасы: 56-75. Матч уақыты: 65 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Петропавл), 1:3 (Өскемен).

«Қуаныш» – «Ертіс» – 3:0 (25-12, 25-9, 25-18)

Төрешілер: Берденов, Өмірзақ. Доп айырмасы: 75-39. Матч уақыты: 52 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Талдықорған), 3:0 (Өскемен).

«Қарағанды» ВК – «Жетісу» – 1:3 (19-25, 25-18, 17-25, 14-25)

Төрешілер: Өмірзақ, Ғұбашева. Доп айырмасы: 75-93. Матч уақыты: 90 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Талдықорған), 3:1 (Өскемен).

«Алматы» ВК – «Алтай» – 0:3 (17-25, 20-25, 11-25)

Төрешілер: Шүшбаев, Берденов. Доп айырмасы: 48-75. Матч уақыты: 65 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Петропавл), 0:3 (Өскемен).

26 ақпан («Алтай-2» дем алды)

«Ару-Астана» – «Қуаныш СК» – 3:2 (25-17, 21-25, 18-25, 25-16, 16-14)

Төрешілер: Шүшбаев, Айдарбеков. Доп айырмасы: 105-97. Матч уақыты: 113 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Талдықорған), 1:3 (Өскемен).

«Жетісу» – «Алматы» ВК – 3:0 (25-22, 25-20, 25-22)

Төрешілер: Саттарова, Берденов. Доп айырмасы: 75-64. Матч уақыты: 83 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Петропавл), 3:2 (Өскемен).

«Алтай» – «Қуаныш» – 3:1 (23-25, 25-18, 25-16, 25-10)

Төрешілер: Өмірзақ, Саттарова. Доп айырмасы: 98-69. Матч уақыты: 98 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Петропавл), 3:0 (Өскемен).

«Айқаракөз» – «Тұран» – 0:3 (17-25, 19-25, 12-25)

Төрешілер: Ғұбашева, Өмірзақ. Доп айырмасы: 48-75. Матч уақыты: 66 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Петропавл), 3:2 (Өскемен).

«Ертіс» – «Қарағанды» ВК – 2:3 (22-25, 15-25, 25-21, 25-20, 11-15)

Төрешілер: Берденов, Ғұбашева. Доп айырмасы: 98-106. Матч уақыты: 106 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:2 (Талдықорған), 0:3 (Өскемен).

25 ақпан («Айқаракөз» дем алды)

«Қуаныш СК» – «Алтай-2» – 1:3 (16-25, 25-20, 18-25, 17-25)

Төрешілер: Берденов, Айдарбеков. Доп айырмасы: 76-95. Матч уақыты: 88 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Талдықорған), 3:2 (Өскемен).

«Алтай» – «Ертіс» – 3:0 (25-14, 25-12, 25-12)

Төрешілер: Айдарбеков, Берденов. Доп айырмасы: 75-38. Матч уақыты: 49 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Талдықорған), 3:0 (Өскемен).

«Алматы» ВК – «Қарағанды» ВК – 3:0 (25-19, 25-21, 25-22)

Төрешілер: Ғұбашева, Өмірзақ. Доп айырмасы: 75-62. Матч уақыты: 75 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Талдықорған), 3:0 (Өскемен).

«Қуаныш» – «Жетісу» – 3:0 (25-20, 25-20, 25-19)

Төрешілер: Өмірзақ, Саттарова. Доп айырмасы: 75-59. Матч уақыты: 72 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:2 (Петропавл), 3:0 (Өскемен).

«Тұран» – «Ару-Астана» – 3:0 (25-13, 25-7, 25-16)

Төрешілер: Саттарова, Шүшбаев. Доп айырмасы: 75-36. Матч уақыты: 57 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Талдықорған), 3:0 (Өскемен).

==================================================

Алтай.jpeg

Куаныш.jpg

Жетысу.jpeg

Караганда.jpg

Туран.jpeg

Алтай2.jpeg

Куаныш СК.jpeg

==================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика