Главная / Главные Новости / «Алтай» алға ұзады chempionat-rk

«Алтай» алға ұзады

22/12/2022

ХХХІ ҚР чемпионаты-2022/23.

Ұлттық лига 1ХBET (әйелдер)

2-ші тур (21-26 желтоқсан 2022 жыл, Талдықорған)

Талдықорғанда «1XBET» 2022/23 ҚР чемпионатының әйелдер арасындағы Ұлттық лигасында бірінші айналымның екінші туры басталды.

«Алтай» өзінің интернет-аккаунтында жариялағандай, «Ертіс» қыздарын «айқын басымдықпен» ұтты. Таблодағы есепке қарап, қарсы «лебіз» білдіре алмаймыз. Әйтсе де, Павлодар командасы еліміздің былтырғы маусымдағы чемпионына қарсы барлық айла-әдісін қолданбай, күш-жігерін клубтық Азия чемпионымен өтетін матчқа сақтап отыруы да мүмкін. Ал бұл ойын бейсенбі күні болады.

Жалпы, Өскемен арулары бүгін ел чемпионатында алтыншы рет қатарынан жеңіске жетіп, өкшесіне түскен бәсекелестерінен бес ұпай айырмасымен қара үзіп кетті. Әрі, тіпті ең бастысы, ойындар күнтізбесіндегі қалған матчтары «жеңілдеу» деуге болады. Ендігі қарсыластарының деңгейлерін ескерсек, қалған төрт ойында жүз пайыздық көрсеткішке қол жеткізуі керек.

Биылғы маусымда бесінші жеңісіне қол жеткізген Петропавлдың «Қуанышы» турнир кестесіндегі алыншы орыннан екінші сатысына көтерілді. Өйткені, «Алтай-2» және «Қарағанды» ВК командаларымен ұпайлары бірдей болғанымен, жеңістерінің саны – артық.

Айрықша атап өтерлігі, бүгін Түркістанның «Тұран» командасы Ұлттық лигадағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұл ұжым ел чемпионатындағы жетінші матчында «Ару-Астана» аруларынан басым түсті. Сөйтіп, әлі жеңіске жетпеген командалар саны – енді, үшеу емес, екеу. Ертең олардың тағы біреуі алғашқы жеңісіне шаттанатын болады. Себебі, бейсенбі күні «Ару-Астана» мен Ұлттық лигаға биыл ғана қосылған енді бір команда, яғни «Қуаныш-СК» өзара кездесетін болады.

Бір қызығы, ертең «Қуаныш» пен «Ертіс» арасындағы матчтан бөлек екі дерби өтеді. Оның бірінде Өскеменнің қос «Алтайы» додаға түсіп, екіншісінде талдықорғандық командалар кездеседі – «Жетісу» және «Айқаракөз». Сондай-ақ «Алматы» және «Қарағанды» клубтары арасындағы бәсеке де, әдеттегідей тартысты болуы керек.

Әр күнде өтетін бес ойынның төртеуі «Қазспорт» телеарнасында тікелей эфир арқылы көрсетіледі. Ал бұл турдағы матчтар 10:00-де, 12:30-да, 13:00-де (екінші ойын залында), 15:00-де және 17:30-да басталады.

ҰЛ (Ә) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Алтай» (Өскемен): 6 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы

«Жетісу» (Талдықорған): 8 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Қуаныш» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Алматы» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Қарағанды» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Айқаракөз» (Талдықорған): ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ертіс» (Павлодар): 3 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 7 орын

«Алтай-2» (Өскемен): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын

«Ару-Астана» (Астана): ҰЛ 2021/22 маусымында – 9 орын

«Қуаныш СК» (Петропавл): алғашқы маусымы; U-23 додасы, 2021/22 маусымында – жеңімпаз

«Тұран» (Түркістан): алғашқы маусымы; ЖЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

2-айналым, 3-тур (21-28 қаңтар 2023. Өскемен)

1-айналым, 2-тур (20-27 желтоқсан 2022. Талдықорған)

1-айналым, 1-тур (16-22 қараша 2022. Петропавл). Лидер – «Алтай» (5 ойын, 15 ұпай)

1-айналым, 2-тур (21-26 желтоқсан 2022 г., Талдықорған)

Талдықорған. «Жастар» СК

* Астана уақытымен

  • * 24 желтоқсан – демалыс күні

  • * TV – Ойындар «QAZSPORT» арнасында тікелей эфир арқылы көрсетіледі

  • * Барлық ойындар тікелей эфирде ҚВФ ресми Youtube-арнасында көрсетіледі

Төрешілер: Ю.Акулова, А.Ғұбашева, О.Саттарова, Н.Өмірзақ, А.Қалиев, С.Берденов.

Бас қазы: Е.Сырлыбаев.

Бас хатшы: Е.Зарецкая

22 желтоқсан (бейсенбі)

(13:00) «Қуаныш СК» – «Ару-Астана»

(10:00, TV) «Алтай» – «Алтай-2»

(12:30, TV) «Куаныш» – «Ертіс»

(15:00, TV) «Алматы» ВК – «Қарағанды» ВК

(17:30, TV) «Жетісу» – «Айқаракөз»

«Тұран» – дем алады

21 ҰЛ Ә т.png

21 желтоқсан («Алматы» дем алды)

«Ару-Астана» – «Тұран» – 0:3 (21:25, 20:25, 19:25)

Төрешілер: Саттарова, Қалиев. Доп айырмасы: 60-75. Матч уақыты: 65 минут.

«Айқаракөз» – «Қуаныш» – 1:3 (21:25, 19:25, 25:19, 18:25)

Төрешілер: Өмірзақ, Саттарова. Доп айырмасы: 83-94. Матч уақыты: 91 минут.

«Ертіс» – «Алтай» – 0:3 (10:25, 15:25, 16:25)

Төрешілер: Берденов, Ғұбашева. Доп айырмасы: 41-75. Матч уақыты: 61 минут.

«Алтай-2» – «Қуаныш СК» – 3:0 (25:14, 25:21, 25:16)

Төрешілер: Ғұбашева, Берденов. Доп айырмасы: 75-51. Матч уақыты: 70 минут.

«Қарағанды» ВК – «Жетісу» – 1:3 (15:25, 15:25, 25:18, 23:25)

Төрешілер: Акулова, Өмірзақ. Доп айырмасы: 78-93. Матч уақыты: 91 минут.

23 желтоқсан (жұма)

(13:00) «Тұран» – «Қуаныш СК»

(10:00, TV) «Ару-Астана» – «Алтай»

(12:30, TV) «Алтай-2» – «Қуаныш»

(15:00, TV) «Айқаракөз» – «Алматы» ВК

(17:30, TV) «Ертіс» – «Жетісу»

«Қарағанды» ВК – дем алады

25 желтоқсан (жексенбі)

(13:00) «Қуаныш» – «Ару-Астана»

(10:00, TV) «Қарағанды» ВК – «Айқаракөз»

(12:30, TV) «Алматы» ВК – «Ертіс»

(15:00, TV) «Алтай» – «Тұран»

(17:30, TV) «Жетісу» – «Алтай-2»

«Қуаныш СК» – дем алады

26 желтоқсан (дүйсенбі)

(13:00) «Тұран» – «Қуаныш»

(10:00, TV) «Қуаныш СК» – «Алтай»

(12:30, TV) «Ертіс» – «Қарағанды» ВК

(15:00, TV) «Алтай-2» – «Алматы» ВК

(17:30, TV) «Ару-Астана» – «Жетісу»

«Айқаракөз» – дем алады

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика