Главная / Главные Новости / «Алтай» – 2022 жылғы ҚР Суперкубогы жеңімпазы chempionat-rk

«Алтай» – 2022 жылғы ҚР Суперкубогы жеңімпазы

29/11/2022

ҚР VIII Сурекубогы, 2022 жыл (әйелдер)

18 қараша. Петропавл

«Алтай» (Өскемен) – «Қуаныш» (Петропавл) – 3:1 (25:15, 25:18, 19:25, 25:18)

ХХХІ ҚР чемпионаты-2022/23 Ұлттық лига (әйелдер) 1-ші тур (16-22 қараша, 2022 жыл, Петропавл)

Ұлттық дига командалары арасындағы ХХХІ ел чемпионатының 1-ші турындағы матчта, яғни 2021/22 маусымындағы чемпионымыз бен ҚР кубогы-2022 жеңімпазы, Өскеменнің «Алтай» командасы мен ел кубогының финалында бақ сынаған, Петропавлдың «Қуаныш» ұжымы арасында ҚР Суперкубогы-2022 сарапқа салынды. Өз тарихында сегізінші рет сарапқа салынған Суперкубок додасына Петропавл қаласы да жан-жақты дайындалыпты. Бұдан сәл ертерек Алматы төрінде биылғы маусымның ашылу салтанаты мен ерлер арасындағы Суперкубок додасы өткен болатын. Қызылжарда да дәл сондағыдай құрметті қонақтар мен беделді тұлғалар көп болды. Ерлер арасындағыдай, әйелдер додасында да алаң иелері жеңіліске ұшырады. Бір қызығы, осыдан бір жыл бұрын, дәл осы күні, Петропавл төрінде «Алтай» Суперкубок додасын өз тарихында бесінші рет жеңіп алған болатын. Ал оның алдында, Петропавлда алтыншы рет қатарынан ел кубогын да еншілеген-тін. Сөйтіп, «Алтай» бір жылдың ішінде барлық бәйгені қанжығыасына байлап, маусымдағы «Алтын требл» жетістігін жүзеге асырған. Яғни ел чемпионатында да, кубок додасында да топ жарып, енді міне Суперкубок жеңімпазы атанып отыр. Суперкубок додасы енгізілгелі, бұл «Алтайдың» – осындай табысты үшінші маусымы. Ал Өскемен командасының бас бапкері Юрий Панченконың – Қазақстандағы жетінші бәйгесі.

«Алтай» (Өскемен) – 2022 жылғы ҚР Сурекубогы жеңімпазы. №2 (к) Сана Анарқұлова (21.07.1989), №4 Анджела Веселинович (Сербия, 05.02.1999), №5 Ирина Малькова (Ресей, 05.01.1989), №7 Зарина Сейтқазинова (20.03.1993), №9 Валерия Чумак (20.09.1994), №10 Ирина Кенжебаева (20.02.1992), №11 Елизавета Мейстер (01.11.1997), №14 Светлана Парукова (21.09.1990), №15 (л) Мадина Бекет (06.11.1999), №16 Татьяна Никитина (15.01.2001), №17 Сара Сакраджия (Сербия, 25.03.1994), №18 Кристина Аниконова (05.01.1991), №19 Идалия Чамчиева (09.10.2002), №21 (л) Томирис Сағымбаева (01.08.2001). Бас бапкер – Юрий Панченко (Ресей).

ҚР Суперкубогының барлық жеңімпаздары (әйелдер):

5 = «Алтай» Өскемен (2016, 2017, 2020,2021,2022) 3 = «Жетісу» Талдықорған (2015, 2018, 2019)

Барлық Суперфиналдар:

18.11.2022 (Петропавл). «Алтай» (Өскемен) – «Қуаныш» (Петропавл) – 3:1

18.11.2021 (Петропавл). «Алтай» (Өскемен) – «Жетісу» (Талдықорған) – 3:1

31.10.2020 (Тараз). «Алтай» (Өскемен) – «Жетісу» (Талдықорған) – 3:0

15-17.10.2019 (Талдықорған). «Жетісу» (Талдықорған): «Алтай» (Өскемен) –– 3:0, «Алматы» ВК – 3:0, «Ертіс-Қазхром» (Павлодар) – 3:1

16.11.2018 (Өскемен). «Жетісу» (Талдықорған) – «Алтай» (Өскемен) – 3:0

01.11.2017 (Өскемен). «Алтай» (Өскемен) – «Ертіс-Қазхром» (Павлодар) – 3:0

01.11.2016 (Өскемен). «Алтай» (Өскемен) – «Ертіс-Қазхром» (Павлодар) – 3:0

21.10.2015 (Қарағанды). «Жетісу» (Талдықорған) – «Ертіс-Қазхром» (Павлодар) – 3:1

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика