Главная / Главные Новости / Алматыда шешуші дода басталады chempionat-rk

Алматыда шешуші дода басталады

17/03/2023

ХХХІ ҚР чемпионаты-2022/23.

Ұлттық лига 1ХBET (әйелдер)

Плей-офф (18 – 25 наурыз 2023 жыл, Алматы)

Сенбі күні Алматыда әйелдер арасындағы Ұлттық лига ел чемпионатының шешуші кезеңін бастайды. Биыл додаға түскен 11 клубтың сегізі плей-офф сатысында жүлделі орындарды сарапқа салып, биылғы маусымды қорытындылайды.

Шешуші кезеңде 1-4 және 5-8 орындар сарапқа салынып, жартылай финалдағы кездесулер екі жеңіске дейін созылады. Яғни бір рет ұтылып қалған команданың жалпы есепте жеңіске жетуге мүмкіндігі болады. Ал бұған дейінгі, яғни ширек финалдық сатыда мұндай мүмкіндік жоқ.

Ширек финалда додаға түсетін екі жұптағы командалар ел чемпионатының бірінші айналымында бір-бірімен ойнаған. Ал енді екі жұптағы ұжымдар биылғы ел біріншілігінде үш мәрте кездесті. Жалпы, Алатау бөктерінде плей-офф сатысындағы сегіз ұжым кемі 5, ал ең көбі 6-7 ойыннан өткізеді.

Шешуші кезеңдегі матчтар «Достық» ӘСК өтеді. Матчтар 10:00-де, 12:30-да, 15:00-де және 17:30-да басталады. Трансляция ҚВФ ресми ақпараттық серіктесі, яғни «Қазспорт» телеарнасында жоспарланған. «Алматы» ВК шартты түрдегі алаң иесі ретінде әрбір ойын күніндегі соңғы матчтарда ойнайды.

Плей-офф (Алматы)

1/4 финалы (18 наурыз, сенбі)

(жақша ішінде – ел чемпионатының негізгі бөлігіндегі орны)

(10:00) «Алтай» (1) – «Айқаракөз» (8)

(12:30) «Жетісу» (4) – «Қарағанды» ВК (5)

(15:00) «Қуаныш» (2) – «Тұран» (7)

(17:30) «Алматы» ВК (3) – «Ертіс» (6)

Плей-офф (екі жеңіске дейін)

19 (наурыз, жексенбі)

20 (наурыз, дүйсенбі)

және 21 (наурыз, сейсенбі. Егер қажет болса)

5-8 орындар үшін

(10:00) Ұтылғаны («Алтай» – «Айқаракөз») – Ұтылғаны («Жетісу» – «Қарағанды» ВК)

(12:30) Ұтылғаны («Қуаныш» – «Тұран») – Ұтылғаны («Алматы» ВК – «Ертіс»)

1-4 орындар үшін

(15:00) Жеңімпаз («Алтай» – «Айқаракөз») – Жеңімпаз («Жетісу» – «Қарағанды» ВК)

(17:30) Жеңімпаз («Қуаныш» – «Тұран») – Жеңімпаз («Алматы» ВК – «Ертіс»)

23 (наурыз, бейсенбі),

24 (наурыз, жұма)

және 25 (наурыз, сенбі. Егер қажет болса)

(10:00) Матч 7-орын үшін

(12:30) Матч 3-орын үшін

(15:00) ФИНАЛ

(17:30) Матч 5-орын үшін

==================================================

ҰЛ (Ә) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Алтай» (Өскемен): 6 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы

«Жетісу» (Талдықорған): 8 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Қуаныш» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Алматы» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Қарағанды» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Айқаракөз» (Талдықорған): ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ертіс» (Павлодар): 3 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 7 орын

«Тұран» (Түркістан): алғашқы маусымы; ЖЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

==============

«Алтай-2» (Өскемен): ҰЛ 2022/23 маусымында – 9 орын

«Қуаныш СК» (Петропавл): ҰЛ 2022/23 маусымында – 10 орын

«Ару-Астана» (Астана): ҰЛ 2022/23 маусымында – 11 орын

==================================================

Чемпионаттың негізгі додасы-2022/23 (16 қараша 2022 г. – 02 наурыз 2023 ж.; Петропавл, Талдықорған, Өскемен, Түркістан). Жеңімпаз – «Алтай»

2-кезең (22 қаңтар – 02 наурыз 2023 ж.; Өскемен, Түркістан). Жеңімпаз – «Алтай»

1-кезең (16 қараша -27 желтоқсан 2022 г.; Петропавл, Талдықорған). Жеңімпаз – «Алтай»

==================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика