Главная / Высшая лига U-23 / Алматы «Дауылпазының» – Тараздағы «дауылы» chempionat-rk

Алматы «Дауылпазының» – Тараздағы «дауылы»

18/04/2023

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жастар арасындағы Жоғарғы дивизион Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (ерлер)

5-тур (11 – 18 сәуір 2023, Тараз)

Сейсенбі күні, Таразда өтетін төрт ойын жігіттер арасындағы Жоғарғы лиганың 2022/23-маусымындағы бесінші турын һәм биылғы біріншілігін тәмамдайды.

Жігіттер арасында да, бойжеткендер біріншілігіндегідей, ұпайлары бірдей командалардың ішінен жеңімпазды анықтау үшін қосымша көрсеткіштерге жүгінуге тура келетін сияқты. Қыздар арасында мұндай қосымша көрсеткіш партиялар айырмасы болса, ержеткендер додасында бәрін шешетін жеңістерінің саны сыңайлы.

Бастапқы төрт күнгі ойындардан кейін «Тараз-2» ВК тарландары «Атырау» клубының қосалқы құрамынан үш ұпай айырмасымен ұзай түсіп, жеке-дара көш бастап келе жатқан. Қалған 12 ойынның екеуінде ғана турнир кестесінің бірінші төрттігіндегі командалар өзара кездесуі керек болатын. Әрі сол екі ойында да алаңға «Буревестник-2» шығатын болған.

Алматылықтар жексенбі күні алаң иелерімен ойнап, дүйсенбіде «Алтай-2» жігіттерімен додаға түсті. Ал турнир кестесінің екінші төрттігіндегі командалар сенбіге дейін, яғни осы турдағы демалыс күніне шейін, биылғы ел чемпионатының қорытынды кестесіндегі орындарына жайғасып үлгерген.

Сенбі күні көш басындағы үш команданың ешқайсысы да турнир кестесіне үңіле қарамаған секілді және көмбеге тақағанда ішкі есептеріне жүгінбеді – деп, енді байбалам салудың қажеті жоқ сияқты. Негізі, турнир кестесіне әу бастан көңіл бөліп, бәрін де саралап отыру керек еді.

Ал, енді, «Буревестник-2» жігіттері турнир кестесінің астан-кестеңін шығарды. Үшінші турдан кейін Алматы жігіттері үздік үштіктегі орындарынан айырылып қалған-тын. Олардың сол кезде Лиганың өткен маусымдағы жеңімпазы, яғни «Алтай-2» ұжымы бір саты төмен ығыстырған.

Ал бесінші тур басталмай тұрып, Өскемен командасы «Буревестник-2» бозбалаларынан 7 ұпай айырмасымен алда тұрған. Осынша алшақ ұпай айырмасымен қара үзіп кеткен команданы бір турда қуып жету өте қиын болатын. Алайда, алматылықтар бәріне «қолды бір сілтеп», тек ойыннан ләззат алуды ойлағандай.

Сөйтіп, соңғы турдың басында көпшілік үздік үштікке ілігуінің өзіне күмән келтірген «Буревестник-2» көшбасшыларды бірінен соң бірін ұтып, бесінші турда көсіле шапты. Әуелі көш бастап келе жатқан «Атырау-2» ВК жігіттерін 3:1 есебімен тізе бүктірді. Ал жексенбі күні алаң иелерін үш партияда тас-талқан қылды.

Осылай, турнир кестесінің тағы да шым-шытырық болып, шиеленісе түсуіне ықпал етті. Қайтадан «Атырау-2» және «Тараз-2» жігіттері иық тіресіп, ұпайлары бірдей болды. Тек тараздықтар жеңістерінің саны кем болғандығына күйінетін жағдайғка тап болды. Дүйсенбіде екеуі де өз қарсыластарын ұтты. Сейсенбі күні де жеңіске жетулері әбден мүмкін.

Содан кейін биылғы маусымдағы Лига жеңімпазын анықтау үшін «ҚРЧ өткізә туралы ережелердің» тармақтарына жүгінуге тура келеді. Өйткені, екеуінің маусым бойы жинаған ұпайлары – бірдей. Ал «Атырау-2» және «Тараз-2» командаларының қазіргі жағдайында негізге алынатын, шешуші фактор жалпы жеңістерінің саны болғалы тұр.

Жалпы, дүйсенбі күнгі матчтар турнир кестесіне көп әсер еткен маңызды ойындар болды. Әуелі «Атыраудың» фарм-клубы «Жайық-2» жігіттерінен басым түсіп, былтырғы маусымдағы Лига жеңімпазы «Алтай-2» командасын биыл да топ жару мүмкіндігінен түпкілікті айырды. Өскемендіктер енді көшбасшыларды қуып жете алмайды.

Ал «Алтай-2» және «Буревестник-2» арасындағы матч үшінші орын сарапқа салынған ойын болды. Алматылықтар таза жетіп, үш ұпай олжалағанда, қола жүлдеге ие болатын еді. Себебі соңғы ойын күні олар көш соңындағы «Павлодар-2» командасымен ойнайды. Бірақ...

Өскемен командасы, өздері үшін бұл ойынның қаншалықты маңызды екенін жақсы білді. Сондықтан ойынды қалай да, тай-брейкке дейін созу үшін бар күш-жігерін салды. Аянған жоқ. Осылайша, бұл ойын ең көп ұпай сарапқа салынған (222 ұпай) және тым ұзаққа созылған (123 минут), өте тартысты матч болды.

Әйтсе де, «Буревестник-2» жеңіске жетті. Бірақ – тай-брейкте, яғни мұның медаль алуға жетіңкіремей қалуы ғажап емес. Бір ұпайы, мүмкін тіпті бір партиясы кем болса да, таң қалмаймыз. Енді бәрі де «Алтай-2» жігіттерінің – өз қолында. Сейсенбі күні «Есіл СК-2» командасын кез келген есеппен ұтса болды, қола жүлдеге ие болады.

«Буревестниктің» қосалқы құрамы дүйсенбі күні, осы турда алтыншы рет қатарынан жеңіске жетті. Әрі олар Таразда «Атырау-2» ВК жігіттерінің өз алаңындағы, яғни төртінші турдағы жетістігін қайталауы әбден мүмкін. Сейсенбі күні аутсайдерден басым түссе, жетінші рет жеңіске жетіп, 20 ұпай еншілейді.

Егер «Буревестник» жастары тым болмаса осыдан бір тур бұрын «оянып», қамшыны басқанда не болар еді? Онда қазір бірінші орынға таласып, дода көрігін одан әрі қыздыра түсуі мүмкін еді ғой. «Дауылпаз» ұжымның дауылдай «ұйытқып соға» алатын қабілеті бар екен. Өкінішке қарай, Ұлы Абай атамыз айтқандай, қолдарын мезгілінен кеш сермеген сияқты...

Бесінші турдағы соңғы матчтар да сағат 10:00-де, 12:30-да, 15:00-де және 17:30-да басталады.

======================================================

ЖЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Алтай-2» (Өскемен): ЖЛ 2 дүркін жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – Жеңімпаз

«Павлодар-2» ВК: ЖЛ-2017/18 жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – 2 орын

«Тараз» ВК: 2021/22 маусымында U-23 – 3 орын

«Буревестник-2» (Алматы): ЖЛ 2 дүркін жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – 4 орын

«Есіл-СК-2» (Петропавл): 2021/22 маусымында U-23 – 5 орын

«Атырау-2» ВК: 2021/22 маусымында U-23 – 6 орын

«Ұшқын-2» (Көкшетау): 2021/22 маусымында U-23 – 7 орын

«Жайық-2» (Орал): алғашқы маусымы

======================================================

5-тур (11 – 18 сәуір 2023, Тараз). Жеңімпаз – «Буревестник-2»

4-ші тур (16-23 наурыз 2023, Атырау). Жеңімпаз – «Атырау-2» ВК

3-тур (23 ақпан - 02 наурыз 2023 ж., Орал). Жеңімпаз – «Тараз-2» ВК

2-ші тур (16-23 желтоқсан 2022, Петропавл). Жеңімпаз – «Атырау-2» ВК

1-ші тур (13-20 қараша 2022, Атырау). Жеңімпаздар – «Тараз-2» ВК және «Буревестник-2»

======================================================

5-тур (11-18 сәуір 2023 ж., Тараз)

Тараз. «Тараз-Арена»

* Астана уақытымен

* 15 сәуір – демалыс күні

* Барлық ойындар – тікелей эфир арқылы ҚВФ ресми Youtube-арнасында

Бас қазы: И.Қабылбекова; Төрешілер: Ю.Акулова, А.Қалиев, А.Сейдехан, Д.Махамбетияров; Бас хатшы: Н.Баялиева.

18 сәуір (сейсенбі)

(10:00) «Буревестник-2» – «Павлодар-2» ВК

(12:30) «Ұшқын-2» – «Атырау-2» ВК

(15:00) «Есіл СК-2» – «Алтай-2»

(17:30) «Жайық-2» – «Тараз-2» ВК

04 18 ДЖЛ тк.png

17 сәуір

«Павлодар-2» ВК – «Ұшқын-2» – 0:3 (19-25, 24-26, 10-25)

Төрешілер: Сейдехан, Махамбетияров. Доп айырмасы: 53-76. Матч уақыты: 58 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Атырау), 0:3 (Петропавл), 0:3 (Орал), 0:3 (Атырау).

«Атырау-2» ВК – «Жайық-2» – 3:0 (25-13, 25-16, 25-17)

Төрешілер: Акулова, Сейдехан. Доп айырмасы: 75-46. Матч уақыты: 59 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Атырау), 3:0 (Петропавл), 3:0 (Орал), 3:0 (Атырау).

«Алтай-2» – «Буревестник-2» – 2:3 (24-26, 28-30, 25-17, 25-19, 13-15)

Төрешілер: Қалиев, Акулова. Доп айырмасы: 115-107. Матч уақыты: 123 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 1:3 (Атырау), 3:0 (Петропавл), 3:1 (Орал), 3:2 (Атырау).

«Тараз-2» ВК – «Есіл СК-2» – 3:1 (25-22, 25-15, 22-25, 25-21)

Төрешілер: Махамбетияров, Қалиев. Доп айырмасы: 97-83.Матч уақыты: 91 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Атырау), 3:0 (Петропавл), 3:1 (Орал), 3:0 (Атырау).

16 сәуір

«Алтай-2» – «Павлодар-2» ВК – 3:0 (25-9, 25-16, 25-16)

Төрешілер: Сейдехан, Махамбетияров. Доп айырмасы: 75-41. Матч уақыты: 52 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Атырау), 3:0 (Петропавл), 3:0 (Орал), 3:0 (Атырау).

«Жайық-2» – «Ұшқын-2» – 0:3 (21-25, 23-25, 21-25)

Төрешілер: Сейдехан, Махамбетияров. Доп айырмасы: 65-75. Матч уақыты: 73 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Атырау), 1:3 (Петропавл), 3:0 (Орал), 3:1 (Атырау).

«Есіл СК-2» – «Атырау-2» ВК – 1:3 (25-23, 13-25, 17-25, 16-25)

Төрешілер: Акулова, Қалиев. Доп айырмасы: 71-98. Матч уақыты: 78 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 2:3 (Атырау), 1:3 (Петропавл), 0:3 (Орал), 0:3 (Атырау).

«Буревестник-2» – «Тараз-2» ВК – 3:0 (25-23, 25-23, 25-21)

Төрешілер: Акулова, Қалиев. Доп айырмасы: 75-67. Матч уақыты: 76 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:2 (Атырау), 2:3 (Петропавл), 1:3 (Орал), 0:3 (Атырау).

14 сәуір

«Ұшқын-2» – «Есіл СК-2» – 3:1 (25-21, 15-25, 25-20, 25-21)

Төрешілер: Акулова, Сейдехан. Доп айырмасы: 90-87. Матч уақыты: 88 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 1:3 (Атырау), 0:3 (Петропавл), 1:3 (Орал), 1:3 (Атырау).

«Павлодар-2» ВК – «Жайық-2» – 0:3 (7-25, 23-25, 23-25)

Төрешілер: Сейдехан, Акулова. Доп айырмасы: 53-75. Матч уақыты: 58 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Атырау), 0:3 (Петропавл), 0:3 (Орал), 0:3 (Атырау).

«Атырау-2» ВК – «Буревестник-2» – 1:3 (22-25, 25-17, 15-25, 22-25)

Төрешілер: Махамбетияров, Қалиев. Доп айырмасы: 84-92. Матч уақыты: 83 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:2 (Атырау), 1:3 (Петропавл), 3:0 (Орал), 3:1 (Атырау).

«Тараз-2» ВК – «Алтай-2» – 3:0 (25-20, 25-23, 25-19)

Төрешілер: Қалиев, Махамбетияров. Доп айырмасы: 75-62. Матч уақыты: 67 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Атырау), 3:1 (Петропавл), 3:0 (Орал), 0:3 (Атырау).

13 сәуір

«Буревестник-2» – «Ұшқын-2» – 3:1 (25-17, 22-25, 25-12, 25-18)

Төрешілер: Сейдехан, Қалиев. Доп айырмасы: 97-72. Матч уақыты: 82 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Атырау), 3:0 (Петропавл), 3:0 (Орал), 3:0 (Атырау).

«Есіл СК-2» – «Жайық-2» – 1:3 (26-24, 21-25, 25-27, 19-25)

Төрешілер: Қалиев, Сейдехан. Доп айырмасы: 91-101. Матч уақыты: 104 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Атырау), 3:1 (Петропавл), 3:2 (Орал), 3:1 (Атырау).

«Алтай-2» – «Атырау-2» ВК – 2:3 (25-15, 25-22, 23-25, 19-25, 18-20)

Төрешілер: Акулова, Махамбетияров. Доп айырмасы: 110-107. Матч уақыты: 111 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Атырау), 0:3 (Петропавл), 3:1 (Орал), 2:3 (Атырау).

«Тараз-2» ВК – «Павлодар-2» ВК – 3:0 (25-16, 25-11, 25-20)

Төрешілер: Махамбетияров, Акулова. Доп айырмасы: 75-47. Матч уақыты: 55 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Атырау), 3:0 (Петропавл), 3:0 (Орал), 3:0 (Атырау).

12 сәуір

«Павлодар-2» ВК – «Есіл СК-2» – 1:3 (20-25, 13-25, 27-25, 16-25)

Төрешілер: Махамбетияров, Сейдехан. Доп айырмасы: 76-100. Матч уақыты: 81 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Атырау), 0:3 (Петропавл), 0:3 (Орал), 0:3 (Атырау).

«Жайық-2» – «Буревестник-2» – 0:3 (14-25, 22-25, 23-25)

Төрешілер: Сейдехан, Махамбетияров. Доп айырмасы: 59-75. Матч уақыты: 68 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Атырау), 0:3 (Петропавл), 2:3 (Орал), 1:3 (Атырау).

«Ұшқын-2» – «Алтай-2» – 0:3 (11-25, 16-25, 16-25)

Төрешілер: Акулова, Қалиев. Доп айырмасы: 43-75. Матч уақыты: 57 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 1:3 (Атырау), 0:3 (Петропавл), 1:3 (Орал), 0:3 (Атырау).

«Атырау-2» ВК – «Тараз-2» ВК – 3:2 (15-25, 22-25, 25-18, 25-14, 15-12)

Төрешілер: Қалиев, Акулова. Доп айырмасы: 102-94. Матч уақыты: 111 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 2:3 (Атырау), 3:1 (Петропавл), 3:2 (Орал), 3:0 (Атырау).

11 сәуір

«Атырау-2» ВК – «Павлодар-2» ВК – 3:0 (25-13, 25-10, 25-7)

Төрешілер: Сейдехан, Махамбетияров. Доп айырмасы: 75-30. Матч уақыты: 55 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Атырау), 3:0 (Петропавл), 3:0 (Орал), 3:0 (Атырау).

«Алтай-2» – «Жайық-2» – 3:0 (25-22, 25-14, 25-19)

Төрешілер: Махамбетияров, Сейдехан. Доп айырмасы: 75-55. Матч уақыты: 66 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Атырау), 3:0 (Петропавл), 3:0 (Орал), 3:1 (Атырау).

«Буревестник-2» – «Есіл СК-2» – 3:0 (25-19, 25-22, 25-10)

Төрешілер: Акулова, Қалиев. Доп айырмасы: 75-51. Матч уақыты: 62 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Атырау), 3:1 (Петропавл), 3:1 (Орал), 3:0 (Атырау).

«Ұшқын-2» – «Тараз-2» ВК – 0:3 (19-25, 21-25, 18-25)

Төрешілер: Қалиев, Акулова. Доп айырмасы: 58-75. Матч уақыты: 70 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Атырау), 1:3 (Петропавл), 0:3 (Орал), 0:3 (Атырау).

======================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика