Главная / Высшая лига U-23 / «Алматы» «Айқаракөз» аруларын алтылықтан алшақтатты chempionat-rk

«Алматы» «Айқаракөз» аруларын алтылықтан алшақтатты

11/03/2023

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Жастар арасындағы Жоғарғы дивизион Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (әйелдер)

4-тур (06 - 12 наурыз 2023, Қарағанды)

Бойжеткендер арасындағы Жоғарғы дивизионда төртінші тур бейсенбі күнгі демалыстан соң қайта жалғасты. Қарағандыда өтіп жатқан бұл турдың, әрі екінші айналымның аяқталуына әлі екі ойын күні қалса да, жұмада бәрі белгілі болды. Яғни осы турдың қорытындысынан кейін 1-6 және 7-11 орындарды екі топта сарапқа салатын командалар құрамы анықталды.

Осы турдағы төртінші күнгі ойындарға дейін үздік алтылыққа ілігетін соңғы команда белгісіз болып келген-тін. «Айқаракөз-2» аруларының мүмкіндіктері тек теория жүзінде ғана сақталып қалса да, алтыншы орыннан үмітін үзбей, жанталасып жүрген. Ол үшін өзі қалған екі матчта да жеңіске жетіп, тікелей бәсекелестері, яғни «Ертіс» пен «Тұранның» фарм-клубтары ұтылғанын «тілеуі» керек болатын.

Алайда, Қарағандыда өтіп жатқан төртінші турда екі рет қатарынан ұтылған «Алматы-2» арулары Талдықорған қыздарын осы мүмкіндіктерінің бәрінен айырды. Басымдық танытып, үш партияда үстем болды. Ал «Айқаракөз-2» қыздары енді бесінші-алтыншы орындарды бөлісіп тұрған бәсекелестеріне жете алмайды. Сөйтіп, екінші айналымның аяқталуына әлі 10 ойын қалса да, екі топтың құрамы толықтай анықталды.

Енді бұл дивизиондағы командаларға тур соңына дейін өздерінің жеке жоспарларын жүзеге асыру ғана қалды. Мәселен, «Алтай» жүйесіндегі Өскеменнің қос ұжымына екі айналымдық біріншіліктің жеңімпазын анықтау керек. Ал «Жетісу-2», енді осы турдағы қалған ойындар қалай аяқталса да, үшінші орыннан тапжылмайды.

Тек турнир кестесінің төменгі бөлігінде алаң иелері «Айқаракөз-2» қыздарын жетінші орыннан ығыстыруға тырысуы әбден мүмкін. Ол үшін қарағандылықтарға сенбі күнгі екеуара матчта жеңіске жету керек. Әрі жексенбіде өз мақсатына жетіп, алғашқы алтылыққа іліккен «Ертіс-2» аруларын да ұту қажет.

Матчтар сағат 10:00-де, 12:00-де, 14:00-де, 16: 00-де және 18:00-де басталады.

=================================================

ЖЛ (Қ) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Қуаныш-2» (Петропавл): U-23 2021/22 маусымында – Жеӊімпаз.

«Алтай-4» (Өскемен): ЖЛҚ – 2016/17 жеӊімпазы («Алтай-2»); U-23 2021/22 маусымында – 2 орын.

«Алматы-2» ВК: ЖЛҚ – 2018/19 жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 3 орын

«Ертіс-2» (Павлодар): ЖЛҚ – 2017/18 жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай-3» (Өскемен): U-23 2021/22 маусымында («Алтай-3» Семей) – 5 орын

«Жетісу-2» (Талдықорған): ЖЛҚ – 2017/18 екі дүркін жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 6 орын

«Қарағанды-2» ВК: U-23 2021/22 маусымында – 7 орын

«Айқаракөз-2» (Талдықорған): U-23 2021/22 маусымында – 8 орын

«Ару-Астана-2» (Астана): U-23 2021/22 маусымында – 9 орын

«Қуаныш-СК-2» (Петропавл): алғашқы маусымы

«Тұран-2» (Түркістан): алғашқы маусымы

=================================================

2-айналым (12.02 – 12.03.2023 жыл, Өскемен, Қарағанды)

1-айналым (05.11 – 17.12. 2022 жыл, Петропавл, Өскемен). Жеӊімпаз – «Алтай-4».

=================================================

4-тур, 2-айналым (06 - 12 наурыз 2023, Қарағанды)

Қарағанды. ҚазТұтынуОдағы Қарағанды университтетінің с/з

* Астана уақытымен

* 9 наурыз – осы турдағы демалыс күні

* Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында тікелей эфир арқылы көрсетіледі

Бас қазы: Ю.Акулова; төрешілер: О.Саттарова, Ғ.Әбдірейімов, А.Әбденәбиев, Е.Сейітов, А.Якимчук.

12 наурыз (жексенбі)

(10:00) «Ару-Астана-2» – «Жетісу-2»

(12:00) «Тұран-2» – «Қуаныш-2»

(14:00) «Алтай-3» – «Алматы-2» ВК

(16:00) «Қуаныш СК-2» – «Алтай-4»

(18:00) «Ертіс-2» – «Қарағанды-2» ВК

«Айқаракөз-2» – дем алады

11 наурыз (сенбі)

(10:00) «Алматы-2» ВК – «Ертіс-2»

(12:00) «Куаныш-2» – «Ару-Астана-2»

(14:00) «Жетісу-2» – «Алтай-3»

(16:00) «Алтай-4» – «Тұран-2»

(18:00) «Қарағанды-2» ВК – «Айқаракөз-2»

«Қуаныш СК-2» – дем алады

11 ІІІ ЖДҚ-тк1 6.png

10 наурыз («Қарағанды-2» ВК дем алды)

«Тұран-2» – «Қуаныш СК-2» – 3:2 (25-16, 25-15, 25-27, 23-25, 15-8)

Төрешілер: Якимчук, Саттарова. Доп айырмасы: 113-91. Матч уақыты: 107 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Өскемен).

«Алтай-3» – «Қуаныш-2» – 3:0 (25-16, 25-12, 25-9)

Төрешілер: Саттарова, Якимчук. Доп айырмасы: 75-37. Матч уақыты: 47 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Өскемен).

«Айқаракөз-2» – «Алматы-2» ВК – 0:3 (20-25, 17-25, 22-25)

Төрешілер: Сейітов, Әбденәбиев. Доп айырмасы: 59-75. Матч уақыты: 63 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Өскемен).

«Ертіс-2» – «Жетісу-2» – 0:3 (15-25, 15-25, 14-25)

Төрешілер: Әбденәбиев, Әбдірейімов. Доп айырмасы: 44-75. Матч уақыты: 56 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 2:3 (Өскемен).

«Ару-Астана-2» – «Алтай-4» – 1:3 (17-25, 14-25, 25-22, 9-25)

Төрешілер: Әбдірейімов, Сейітов. Доп айырмасы: 65-97. Матч уақыты: 84 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Петропавл).

08 наурыз («Тұран-2» дем алды)

«Қуаныш СК-2» – «Ару-Астана-2» – 3:0 (25-17, 25-19, 27-25)

Төрешілер: Әбдірейімов, Якимчук. Доп айырмасы: 77-61. Матч уақыты: 77 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Өскемен).

«Қуаныш-2» – «Ертіс-2» – 0:3 (6-25, 16-25, 24-26)

Төрешілер: Якимчук, Әбдірейімов. Доп айырмасы: 46-76. Матч уақыты: 57 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Өскемен).

«Жетісу-2» – «Айқаракөз-2» – 3:2 (22-25, 25-11, 24-26, 25-13, 15-10)

Төрешілер: Әбденәбиев, Саттарова. Доп айырмасы: 111-85. Матч уақыты: 98 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Өскемен).

«Алтай-4» – «Алтай-3» – 3:2 (27-25, 15-25, 15-25, 25-23, 15-8)

Төрешілер: Саттарова, Сейітов. Доп айырмасы: 95-106. Матч уақыты: 111 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:2 (Өскемен).

«Алматы-2» ВК – «Қарағанды-2» ВК – 0:3 (22-25, 18-25, 23-26)

Төрешілер: Сейітов, Әбденәбиев. Доп айырмасы: 63-75. Матч уақыты: 66 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Өскемен).

07 наурыз («Алматы» ВК дем алды)

«Алтай-3» – «Қуаныш СК-2» – 3:0 (25-16, 25-15, 25-17)

Төрешілер: Якимчук, Сейітов. Доп айырмасы: 75-48. Матч уақыты: 59 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Өскемен).

«Айқаракөз-2» – «Қуаныш-2» – 3:1 (25-27, 25-18, 25-18, 25-4)

Төрешілер: Сейітов, Якимчук. Доп айырмасы: 100-67. Матч уақыты: 83 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Өскемен).

«Ару-Астана-2» – «Тұран-2» – 0:3 (24-26, 14-25, 21-25)

Төрешілер: Әбденәбиев, Саттарова. Доп айырмасы: 59-76. Матч уақыты: 71 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Өскемен).

«Ертіс-2» – «Алтай-4» – 2:3 (20-25, 25-23, 6-25, 29-27, 11-15)

Төрешілер: Саттарова, Әбдірейімов. Доп айырмасы: 91-115. Матч уақыты: 114 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Өскемен).

«Қарағанды-2» ВК – «Жетісу-2» – 2:3 (19-25, 26-24, 18-25, 25-21, 8-15)

Төрешілер: Әбдірейімов, Әбденәбиев. Доп айырмасы: 96-110. Матч уақыты: 100 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Өскемен).

06 наурыз («Ару-Астана» дем алды)

«Қуаныш СК-2» – «Ертіс-2» – 0:3 (16-25, 23-25, 22-25)

Төрешілер: Әбденәбиев, Әбдірейімов. Доп айырмасы: 61-75. Матч уақыты: 73 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Петропавл).

«Жетісу-2» – «Алматы-2» ВК – 3:1 (25-20, 25-17, 22-25, 25-22)

Төрешілер: Саттарова, Әбденәбиев. Доп айырмасы: 97-84. Матч уақыты: 88 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Петропавл).

«Алтай-4» – «Айқаракөз-2» – 3:0 (25-13, 25-18, 25-18)

Төрешілер: Якимчук, Саттарова. Доп айырмасы: 75-49. Матч уақыты: 56 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Петропавл).

«Тұран-2» – «Алтай-3» – 1:3 (16-25, 18-25, 25-23, 17-25)

Төрешілер: Сейітов, Якимчук. Доп айырмасы: 76-98. Матч уақыты: 80 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Петропавл).

«Қуаныш-2» – «Қарағанды-2» ВК – 0:3 (9-25, 4-25, 19-25)

Төрешілер: Әбдірейімов, Сейітов. Доп айырмасы: 32-75. Матч уақыты: 54 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Петропавл).

=================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика