Главная / Высшая лига U-23 / Алдында – «Алтайлар», артында – «Қуаныштар» chempionat-rk

Алдында – «Алтайлар», артында – «Қуаныштар»

18/12/2022

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Жастар арасындағы Жоғарғы дивизион Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (әйелдер)

2-ші тур (12-17 желтоқсан 2022, Өскемен)

Сенбі күні, Өскеменде жастар арасындағы Жоғарғы дивизионда бақ сынайтын, Ұлттық лигадағы командалардыӊ қосалқы құрамдары ел чемпионатының бірінші айналымын аяқтады.

Бірінші айналымда 55 ойын өтуі тиіс еді. Оныӊ 30-ы Петропавлда, ал 25-і Өскеменде ұйымдастырылып, 11 ойын күні екі турға бөлінген болатын. Осылай, Жастар дивизионындағы волейболшы қыздарға 2022/23 маусымындағы ҚР чемпионатыныӊ бірінші турында бір-бірімен, жүзбе-жүз танысу үшін 5 қарашадан 17 желтоқсанға дейін, біраз уақыт қажет болды.

Соӊғы ойын күніндегі, яғни турдағы бесінші, ал бірінші айналымдағы он бірінші, нәтижелер тек турнир кестесініӊ төменгі бөлігіне ғана өзгерістер енгізді. Бұл ретте, Түркістаннан келген «Тұранныӊ» фарм-клубы тур қорытындысы бойынша «Қарағанды-2» ВК ұжымынан, ал елордалық «Ару-Астана-2» өз кезегінде «Қуаныш СК-2» қыздарынан асып түскендігін атап өтуге болады.

Сөйтіп, «Қуаныш» клубы жүйесініӊ екі қосалқы құрамы турнир кестесініӊ еӊ соӊғы орындарына қатар орналасты. Әрі екеуі «жабылып» жүріп, бір ғана жеӊіске қол жеткізді. Оныӊ өзі өзара өткен матчта тіркеліп, Спорт клуб қыздарына бұйырды.

Ал турнир кестесіндегі көшбасшылық екі орын басқа клуб жүйесініӊ, атап айтқанда, Өскеменніӊ «Алтайыныӊ», жас таланттарына бұйырды. «Алтай-4» барлық ойында жеӊіске жетіп, тек өздерініӊ клубтас-әріптестерімен өткен матчта ғана бір ұпай жоғалтып, бірінші орынға жайғасты. Былтыр бұл екі ұжымныӊ ел біріншілігінде алғашқы бестікке орналасқандарын ескерсек, биыл «Алтайдыӊ» екі фарм-құрамыныӊ да жүлделі орындарға сына қағулары әбден мүмкін сияқты.

Ұйымдастырушылар әр команда сапындағы үздік ойыншыларды анықтады:

Назерке Советова – №5, «Алтай-4»,

Нұрай Өнербекқызы – №6, «Алтай-3»,

Аяулым Құмарбекқызы – №8, «Жетісу-2»,

Аружан Қасымхан – №17, «Алматы-2»,

Дарья Инина – №9, «Ертіс-2»,

Айсұлу Мұхтарқызы – №1, «Айқаракөз-2»,

Қарақат Дүйсенбай – №10, «Тұран-2»,

Анар Әбенова – №4, «Қарағанды-2»,

Аружан Азамат – №18, «Ару-Астана»,

Индира Хұсайын – №15, «Қуаныш СК-2»,

Сабина Қайрат – №1, «Қуаныш-2».

ЖЛ (Қ) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Қуаныш-2» (Петропавл): U-23 2021/22 маусымында – Жеӊімпаз.

«Алтай-4» (Өскемен): ЖЛҚ – 2016/17 жеӊімпазы («Алтай-2»); U-23 2021/22 маусымында – 2 орын.

«Алматы-2» ВК: ЖЛҚ – 2018/19 жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 3 орын

«Ертіс-2» (Павлодар): ЖЛҚ – 2017/18 жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай-3» (Өскемен): U-23 2021/22 маусымында («Алтай-3» Семей) – 5 орын

«Жетісу-2» (Талдықорған): ЖЛҚ – 2017/18 екі дүркін жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 6 орын

«Қарағанды-2» ВК: U-23 2021/22 маусымында – 7 орын

«Айқаракөз-2» (Талдықорған): U-23 2021/22 маусымында – 8 орын

«Ару-Астана-2» (Астана): U-23 2021/22 маусымында – 9 орын

«Қуаныш-СК-2» (Петропавл): алғашқы маусымы

«Тұран-2» (Түркістан): алғашқы маусымы

1-айналым, 1-ші тур (05-11 қараша 2022 жыл, Петропавл). Жеӊімпаз – «Алтай-4» (5 ойын, 15 ұпай)

1-айналым, 2-ші тур (12-17 желтоқсан 2022 жыл, Өскемен)

Өскемен. ДШСК

15 қараша – осы турдағы демалыс күні

* Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында тікелей эфирде көрсетіледі

Бас қазы: В.Медведев; төрешілер: Ю.Акулова, Ж.Бақтығалиев, Н.Шәменов, Е.Шимин, А.Сейдехан; бас хатшы: В.Измайлов.

18-МЛЖ.png

17 желтоқсан («Айқаракөз-2» – дем алады)

«Ертіс-2» – «Қарағанды-2» – 3:0 (25:21, 25:18, 25:22)

Төрешілер: Шимин, Бақтығалиев. Доп айырмасы: 75-61. Матч уақыты: 67 минут

«Ару-Астана-2» – «Жетісу-2» – 0:3 (17:25, 23:25, 21:25)

Төрешілер: Бақтығалиев, Сейдехан. Доп айырмасы: 61-75. Матч уақыты: 66 минут.

«Тұран-2» – «Қуаныш-2» –3:0 (25:19, 25:14, 25:12)

Төрешілер: Сейдехан, Шимин. Доп айырмасы: 75-45. Матч уақыты: 59 минут.

«Алтай-3» – «Алматы-2» – 3:0 (25:16, 25:18, 25:15)

Төрешілер: Акулова, Шәменов.Доп айырмасы: 75-49. Матч уақыты: 61 минут

«Қуаныш-СК-2» – «Алтай-4» – 0:3 (12:25, 9:25, 23:25)

Төрешілер: Шәменов, Акулова. Доп айырмасы: 44-75. Матч уақыты: 61 минут

16 желтоқсан («Қуаныш-СК-2» – дем алады)

«Қарағанды-2» – «Айқаракөз-2» – 3:1 (12:25, 25:17, 25:22, 25:20)

Төрешілер: Акулова, Шимин. Доп айырмасы: 87-84. Матч уақыты: 91 минут.

«Қуаныш-2» – «Ару-Астана-2» – 1:3 (25:14, 12:25, 15:25, 18:25)

Төрешілер: Шимин, Акулова. Доп айырмасы: 70-89. Матч уақыты: 88 минут

«Алматы-2» – «Ертіс-2» – 3:2 (25:8, 24:26, 25:19, 23:25, 15:9)

Төрешілер: Бақтығалиев, Сейдехан. Доп айырмасы: 112-87. Матч уақыты: 107 минут

«Жетісу-2» – «Алтай-3» – 1:3 (27:25, 13:25, 15:25, 14:25)

Төрешілер: Шәменов, Бақтығалиев. Доп айырмасы: 69-100. Матч уақыты: 86 минут

«Алтай-4» – «Тұран-2» – 3:1 (25-20, 16-25, 25-16, 25-16)

Төрешілер: Сейдехан, Шәменов. Доп айырмасы: 91-77. Матч уақыты: 90 минут

14 желтоқсан («Қарағанды-2» – дем алады)

«Тұран-2» – «Қуаныш-СК-2» – 3:0 (27:25, 25:18, 25:14)

Төрешілер: Акулова, Шәменов. Доп айырмасы: 77-57. Матч уақыты: 72 минут.

«Алтай-3» – «Қуаныш-2» – 3:0 (25:7, 25:9, 25:12)

Төрешілер: Шәменов, Акулова. Доп айырмасы: 75-28. Матч уақыты: 52 минут.

«Айқаракөз-2» – «Алматы-2» – 0:3 (21:25, 24:26, 15:25)

Төрешілер: Шимин, Сейдехан. Доп айырмасы: 60-76. Матч уақыты: 71 минут.

«Ертіс-2» – «Жетісу-2» – 2:3 (21:25, 25:19, 25:19, 21:25, 8:15)

Төрешілер: Бақтығалиев, Шимин. Доп айырмасы: 100-103. Матч уақыты: 107 минут.

«Ару-Астана-2» – «Алтай-4» – 0:3 (19:25, 10:25, 21:25)

Төрешілер: Сейдехан, Бақтығалиев. Доп айырмасы: 50-75. Матч уақыты: 66 минут.

13 желтоқсан («Тұран-2» – дем алады)

«Қуаныш-СК-2» – «Ару-Астана-2» – 1:3 (25:12, 17:25, 22:25, 20:25)

Төрешілер: Сейдехан, Бақтығалиев. Доп айырмасы: 84-87. Матч уақыты: 89 минут.

«Қуаныш-2» – «Ертіс-2» – 0:3 (13:25, 8:25, 2:25)

Төрешілер: Шәменов, Сейдехан. Доп айырмасы: 23-75. Матч уақыты: 50 минут.

«Алматы-2» – «Қарағанды-2» – 3:1 (25:14, 22:25, 25:14, 25:16)

Төрешілер: Бақтығалиев, Шәменов. Доп айырмасы: 97-69. Матч уақыты: 82 минут.

«Жетісу-2» – «Айқаракөз-2» – 3:0 (25:23, 25:14, 25:15)

Төрешілер: Шимин, Акулова. Доп айырмасы: 75-52. Матч уақыты: 65 минут.

«Алтай-4» – «Алтай-3» – 3:2 (25:19, 19:25, 19:25, 26:24, 15:13)

Төрешілер: Акулова, Шимин. Доп айырмасы: 104-106. Матч уақыты: 123 минут.

12 желтоқсан («Алматы-2» – дем алады)

«Алтай-3» – «Қуаныш-СК-2» – 3:0 (25:19, 25:17, 25:20)

Төрешілер: Акулова, Сейдехан. Доп айырмасы: 75-56. Матч уақыты: 71 минут.

«Айқаракөз-2» – «Қуаныш-2» – 3:1 (25:16, 25:13, 24:26, 25:14)

Төрешілер: Шимин, Бақтығалиев. Доп айырмасы: 99-69. Матч уақыты: 89 минут.

«Ару-Астана-2» – «Тұран-2» – 0:3 (15:25, 17:25, 19:25)

Төрешілер: Шәменов, Шимин. Доп айырмасы: 51-75. Матч уақыты: 61 минут.

«Қарағанды-2» – «Жетісу-2» – 0:3 (14:25, 9:25, 11:25)

Төрешілер: Сейдехан, Акулова. Доп айырмасы: 34-75. Матч уақыты: 52 минут.

«Ертіс-2» – «Алтай-4» – 0:3 (19:25, 14:25, 27:29)

Төрешілер: Бақтығалиев, Шәменов. Доп айырмасы: 60-79. Матч уақыты: 79 минут.

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика