Главная / Высшая лига / «Қайсар» өз алаӊында қапы қалды chempionat-rk

«Қайсар» өз алаӊында қапы қалды

22/12/2022

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жоғарғы лига (ерлер)

2-ші тур (21-26 желтоқсан 2022, Қызылорда)

Қызылордада, ерлер арасындағы Жоғарғы лигада бақ сынайтын командалар ҚР чемпионаты-2022/23 маусымының екінші турын бастады.

Бірінші турдан кейін осы Лигада көш бастаған Талдықорғанның «Жетісу» командасы екінші турды жеңіспен бастап, көш соңындағы Ақтаудың «Маңғыстауын» тізе бүктірді. Түркістанның «Тұраны» да биылғы маусымда «Әлихан-Ақтөбе» командасын екінші рет ұтты.

Ал бұған дейін үшінші орынды иеленіп тұрған алаң иелері, яғни «Қайсар» жігіттері екінші турдың алғашқы күні Лиганың былтырғы маусымдағы жеңімпазы, «Шымкент-Динамо» ВК ұжымынан ұтылып қалып, турнир кестесінде олармен орын ауыстырды.

Бейсенбі күнгі қызықты ойын «Жетісу-Жастар» жігіттері мен «Тұран» тарландары арасындағы матч болуы керек. Аталған екі команданың бірінші турдағы ойындары тай-брейкке дейін созылып, онда түркістандықтардың бақтарын жанған болатын. Бұл әзірше – талдықорғандықтардың биылғы маусымдағы жалқы жеңілісі.

Екінші турдағы ойындар сағат 13:00-де, 15:30-да және 18:00-де басталады.

ЖЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Маӊғыстау» (Ақтау): ЖЛ «А» жеңімпазы (2016/17); ҰЛ 2021/22 маусымында – 7 орын.

«Шымкент-Динамо» (Шымкент): ЖЛ 2 дүркін («Динамо-Қазығұрт/ОҚМУ-Қазығұрт) және ЖЛ «А» 4 дүркін жеңімпазы; ЖЛ-2021/22 маусымында – Жеңімпаз.

«Тұран» (Түркістан): ЖЛ-2021/22 маусымында («Тұран-Динамо») – 2 орын.

«Жетісу-Жастар» (Талдықорған): ЖЛ-2021/22 маусымында – 3 орын.

«Қайсар» (Қызылорда): ЖЛ-2021/22 маусымында – 4 орын.

«Әлихан-Ақтөбе» (Ақтөбе): ЖЛ-2021/22 маусымында («Арайлы-Ақтөбе») – 6 орын.

2-ші тур (21-27 желтоқсан 2022 жыл, Қызылорда) 1-ші тур (21-27 қараша 2022 жыл, Талдықорған). Жеӊімпаз – «Жетісу-Жастар»

2-ші тур (21-27 желтоқсан 2022 жыл, Қызылорда)

Қызылорда. «Мұз айдыны» СК

* Астана уақытымен (+1 сағат, Қызылорда уақыты бойынша)

* 24 желтоқсан – осы турдағы демалыс күні

* Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында көрсетіледі

Бас қазы: А.Ахметов; төрешілер: Б.Нұрсұлтанов, Д.Шүшбаев, Д.Махамбетияров; бас хатшы: А.Байдосова

22 желтоқсан (бейсенбі)

(13:00) «Жетісу-Жастар» – «Тұран»

(15:30) «Маңғыстау» – «Шымкент-Динамо» ВК

(18:00) «Әлихан-Ақтөбе» ВК – «Қайсар»

22 ЖЛ Ж т.png

21 желтоқсан (сәрсенбі)

«Жетісу-Жастар» – «Маңғыстау» – 3:0 (25:17, 25:22, 25:15)

Төрешілер: Махамбетияров, Шүшбаев. Доп айырмасы: 75-54. Матч уақыты: 75 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Талдықорған)

«Тұран» – «Әлихан-Ақтөбе» ВК– 3:0 (25:21, 25:23, 25:19)

Төрешілер: Нұрсұлтанов, Махамбетияров. Доп айырмасы: 75-63. Матч уақыты: 72 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Талдықорған)

«Қайсар» – «Шымкент-Динамо» ВК – 1:3 (15:25, 20:25, 27:25, 23:25)

Төрешілер: Шүшбаев, Нұрсұлтанов. Доп айырмасы: 85-100. Матч уақыты: 113 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Талдықорған)

23 желтоқсан (жұма)

(13:00) «Тұран» – «Маңғыстау»

(15:30) «Шымкент-Динамо» ВК – «Әлихан-Ақтөбе» ВК

(18:00) «Қайсар» – «Жетісу-Жастар»

25 желтоқсан (жексенбі)

(13:00) «Маңғыстау» – «Әлихан-Ақтөбе» ВК

(15:30) «Жетісу-Жастар» – «Шымкент-Динамо» ВК

(18:00) «Тұран» – «Қайсар»

26 желтоқсан (дүйсенбі)

(13:00) «Әлихан-Ақтөбе» ВК – «Жетісу-Жастар»

(15:30) «Шымкент-Динамо» ВК – «Тұран»

(18:00) «Қайсар» – «Маңғыстау»

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика