Главная / Главные Новости / «Жетісу» мен «Ертіс» кері «жүзіп» барады chempionat-rk

«Жетісу» мен «Ертіс» кері «жүзіп» барады

27/01/2023

ХХХІ ҚР чемпионаты-2022/23.

Ұлттық лига 1ХBET (әйелдер)

3-тур (22-27 қаӊтар 2023 жыл, Өскемен)

Өскеменде өтіп жатқан, әйелдер арасындағы Ұлттық лига додасының екінші кезеңінде төртінші күнгі матчтар аяқталды.

Сәрсенбідегі, бір күнгі демалыс, бірінші топтағы командаларды ширықтыра түспепті. Ал екінші бестіктегі ұжымдар, керісінше, ерекше құлшыныспен шыққандай болды. Үздіктер «секстеті» сәрсенбі матчтарында, осы турда бірінші рет үш сетпен шектелді. Есесіне, екінші алтылықтағы ойындар мейілінше тартысты өтті. Екі ойында да жеңімпаз тай-брейкте анықталды.

«Ертістен» басым түскен, «Қарағанды» қыздары кемі бір күн болса да, үшінші орынды иеленіп тұратын болды. Павлодар арулары үшінші турда тек ұтыла беретін болса, онда жұма күні кешкісін қарағандылықтарды үшінші орыннан алматылықтар ығыстыратын болады. Себебі, олар бұл турдағы соңғы матчтарын дәл осы, жеңістерін кейінгі «шегеріп» жүрген «Ертіспен» өткізеді.

«Б» тобында шартты түрдегі алаң иелері, яғни «Алтай-2» арулары «Қуаныш-2» қыздарымен кездесіп, шектен тыс шиеленісті ойында дода көрігін қыздырды. Бұл кездесу өте нәтижелі ойын болып, екі ұжым жалпы саны 220 ұпайды (допты) сарапқа салды. Қызылжардың кіші-ұжымы әпкелерінің еселерін қайтарғандай болып, өскемендік бойжеткендерді тай-брейкте ұтып, өз жанкүйерлері алдында үшінші рет жеңілістің кермек дәмін татуға мәжбүрледі.

Осы екі команда арасындағы тартысты матчтан бұрын, «Тұран» мен «Айқаракөз» додаға түсіп, осы топтың жеңімпазын анықтаған. Онда да матч тағдыры бесінші партияда шешіліп, Талдықорған бойжеткендерінің бақтары жанған. Сөйтіп, Ұлттық лигаға биыл ғана қосылған Түркістан командасы үшінші турды 10 ұпаймен аяқтады. Алайда, оларды жұма күні кешкісін «Айқаракөз» қуып жетуі мүмкін. Ол үшін үшінші турдағы соңғы матчта ойын өрнегі үйлесе бастаған «Қуаныш СК» ұжымын ұтуы керек.

Үшінші турдағы матчтар сағат 10:00-де, 12:30-да, 13:00-де (ДСК), 15:00-де және 17:30-да басталады.

ҰЛ (Ә) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Алтай» (Өскемен): 6 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы

«Жетісу» (Талдықорған): 8 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Қуаныш» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Алматы» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Қарағанды» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Айқаракөз» (Талдықорған): ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ертіс» (Павлодар): 3 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 7 орын

«Алтай-2» (Өскемен): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын

«Ару-Астана» (Астана): ҰЛ 2021/22 маусымында – 9 орын

«Қуаныш СК» (Петропавл): алғашқы маусымы; U-23 додасы, 2021/22 маусымында – жеңімпаз

«Тұран» (Түркістан): алғашқы маусымы; ЖЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

2-кезең, 3-тур (22-27 қаңтар 2023. Өскемен)

1-айналым (16 қараша – 27 желтоқсан 2022. Петропавл, Талдықорған). Жеңімпаз – «Алтай»

2-кезең, 3-тур (22-27 қаңтар 2023. Өскемен)

Өскемен, «Жекпе-жек» СК, ДСК

* Астана уақытымен

* 25 қаңтар – демалыс күні

* Барлық ойындар – ҚВФ ресми Youtube-арнасында, тікелей эфирде

* Тікелей эфир арқылы «QAZSPORT» телеарнасында (сағат 13:00-де ДСК-де өтетін матчтардан басқасы) көрсетіледі

Төрешілер: И.Қабылбекова, А.Ғұбашева, О.Саттарова, М.Шамахунов, Е.Шимин.

Бас қазы: В.Медведев

Бас хатшы: Д.Измайлов

«А» тобы: «Алтай», «Қуаныш», «Алматы» ВК, «Жетісу», «Қарағанды» ВК, «Ертіс».

«Б» тобы: «Алтай-2», «Айқаракөз», «Тұран», «Қуаныш СК», «Ару-Астана»

27 қаңтар (жұма)

«Б» (13:00) «Ару-Астана» – «Алтай-2»

«Б» (10:00) «Қуаныш СК» – «Айқаракөз»

«А» (12:30) «Алматы» ВК – «Ертіс»

«А» (15:00) «Жетісу» – «Қуаныш»

«А» (17:30) «Қарағанды» ВК – «Алтай»

«Тұран» – дем алады

27 ҰЛ 4 т.png

26 қаңтар («Ару-Астана» дем алды)

«Алтай-2» – «Қуаныш СК» – 2:3 (25-27, 24-26, 25-17, 25-23, 13-15)

Төрешілер: Қабылбекова, Саттарова. Доп айырмасы: 112-108. Матч уақыты: 116 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Талдықорған).

«Айқаракөз» – «Тұран» – 3:2 (24-26, 25-22, 25-10, 23-25, 15-12)

Төрешілер: Саттарова, Шимин, Шамахунов. Доп айырмасы: 112-95. Матч уақыты: 114 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Петропавл).

«Ертіс» – «Қарағанды» ВК – 0:3 (22-25, 18-25, 21-25)

Төрешілер: Шамахунов, Ғұбашева, Шимин. Доп айырмасы: 61-75. Матч уақыты: 72 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:2 (Талдықорған).

«Қуаныш» – «Алматы» ВК – 3:0 (25-20, 25-20, 25-12)

Төрешілер: Ғұбашева, Акулова, Шимин. Доп айырмасы: 75-52. Матч уақыты: 71 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Петропавл).

«Алтай» – «Жетісу» – 3:0 (25-9, 25-15, 25-18)

Төрешілер: Акулова, Қабылбекова, Ғұбашева. Доп айырмасы: 75-42. Матч уақыты: 64 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Петропавл).

24 қаңтар («Айқаракөз» дем алды)

«Қуаныш СК» – «Ару-Астана» – 3:1 (25-16, 25-16, 22-25, 25-15)

Төрешілер: Шимин, Акулова. Доп айырмасы: 97-72. Матч уақыты: 96 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Талдықорған).

«Тұран» – «Алтай-2» – 3:1 (25-22, 25-19, 27-29, 25-10)

Төрешілер: Акулова, Ғұбашева, Шимин. Доп айырмасы: 102-80. Матч уақыты: 105 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 1:3 (Петропавл).

«Қуаныш» – «Ертіс» – 3:0 (25-16, 25-14, 25-10)

Төрешілер: Ғұбашева, Саттарова, Шамахунов. Доп айырмасы: 75-40. Матч уақыты: 53 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу– 3:0 (Талдықорған).

«Жетісу» – «Қарағанды» ВК – 1:3 (19-25, 29-31, 25-21, 24-26)

Төрешілер: Қабылбекова, Шамахунов, Ғұбашева. Доп айырмасы: 97-103. Матч уақыты: 105 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Талдықорған).

«Алматы» ВК – «Алтай» – 0:3 (11-25, 18-25, 14-25)

Төрешілер: Саттарова, Қабылбекова, Шамахунов. Доп айырмасы: 43-75. Матч уақыты: 61 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Петропавл).

23 қаңтар («Қуаныш СК» дем алды)

«Ару-Астана» – «Тұран» – 0:3 (20-25, 17-25, 16-25)

Төрешілер: Шимин, Шамахунов. Доп айырмасы: 53-75. Матч уақыты: 65 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Талдықорған).

«Алтай-2» – «Айқаракөз» – 2:3 (25-22, 22-25, 22-25, 25-15, 7-15)

Төрешілер: Саттарова, Шамахунов, Шимин. Доп айырмасы: 101-102. Матч уақыты: 120 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Петропавл).

«Ертіс» – «Жетісу» – 2:3 (25-18, 16-25, 14-25, 28-26, 13-15)

Төрешілер: Саттарова, Ғұбашева, Қабылбекова. Доп айырмасы: 96-109. Матч уақыты: 127 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Талдықорған).

«Қарағанды» ВК – «Алматы» ВК – 0:3 (18-25, 16-25, 21-25)

Төрешілер: Акулова, Қабылбекова, Ғұбашева. Доп айырмасы: 55-75 Матч уақыты: 69 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Талдықорған).

«Алтай» – «Қуаныш» – 3:0 (25-18, 25-15, 25-18)

Төрешілер: Қабылбекова, Акулова, Саттарова. Доп айырмасы: 75-51. Матч уақыты: 68 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Петропавл).

22 қаңтар («Алтай-2» дем алды)

«Айқаракөз» – «Ару-Астана» – 3:0 (25-13, 25-16, 25-19)

Төрешілер: Шимин, Саттарова. Доп айырмасы: 75-48. Матч уақыты: 61 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Петропавл).

«Тұран» – «Қуаныш СК» – 3:0 (25-17, 25-13, 25-22)

Төрешілер: Саттарова, Шимин, Шамахунов. Доп айырмасы: 75-52. Матч уақыты: 69 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Талдықорған).

«Қуаныш» – «Қарағанды» ВК – 3:0 (25-12, 25-14, 25-19)

Төрешілер: Қабылбекова, Шамахунов, Акулова. Доп айырмасы: 75-45. Матч уақыты: 60 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:2 (Петропавл).

«Алматы» ВК – «Жетісу» – 2:3 (27-25, 25-14, 22-25, 17-25, 12-15)

Төрешілер: Акулова, Ғұбашева, Қабылбекова. Доп айырмасы: 103-104. Матч уақыты: 121 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Петропавл).

«Алтай» – «Ертіс» – 3:0 (25-14, 25-16, 25-14)

Төрешілер: Ғұбашева, Қабылбекова, Шамахунов. Доп айырмасы: 75-44. Матч уақыты: 67 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Талдықорған).

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика