Главная / Высшая лига U-23 / Жастар лигасындағы командалар құрамы chempionat-rk

Жастар лигасындағы командалар құрамы

20/12/2022

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жастар арасындағы Жоғарғы дивизион Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (ерлер)

2-ші тур (16-23 желтоқсан 2022, Петропавл)

Бозбалалар арасындағы Жастар лигасының екінші турында додаға түсіп жатқан командалар құрамына 107 ойыншы тіркелді. Бірінші турда екі ойыншыға кем болған – 105. Бірінші турда ойнаған 16 ойыншыны әр команданың кеңейтілген тізіміндегі бозбалалар алмастырды. Бірінші турда өнер көрсеткен бір ойыншы команда құрамынан алынып тасталып, екінші турда үш адам жаңадан тіркелді.

Толық құрам квотасын (14 ойыншы) сегіз команданың бесеуі қолданып отыр. Ал «Есіл СК-2» және «Буревестник-2» ұжымдарында – 12 ойыншыдан. Алматылықтар бірінші турда 11 ойыншымен ғана, яғни бәрінен де аз құраммен ойнаған. Екінші турға ойын тәжірибесін арттыру үшін негізгі құрамнан Нұрдос Алдашты шақырып, қосып отыр. Бірақ ол маусым аралығындағы жаттығу жиындарын командамен емес, жағажай вролейболынан Ұлттық құрама сапында өткізген болатын.

Лигадағы ең жас команда – «Павлодар-2». Бұл ұжымда он екі ойыншы U15 жас санатындағы, ал екеуі U16 жас шамасындағы бозбалалармен жасақталған. Ал ең жас ойыншы – Сапарбек Дәулет («Атырау-2»). Ол ақпан айында небәрі 14-ке толады.

Енді «Жайық-2» ұжымы туралы бөле-жара айта кетуге мәжбүр болып отырмыз. Лигада тек Орал клубының әкімшілігі ойыншыларын тіркеу мәселесін сиыр құйымшақтандырып келеді. Бірінші турда да, екіншісінде де ойыншыларының туған күндерін білу қимямет-қайым болып отыр. Әрине, түймедейді түйедей қылып көрсетудің қажеті жоқ. Әйтсе де...

Әр ойыншыдан кейін, жақша ішінде либеро (л) немесе капитан (к) екендіктері көрсетілген.

2-турда командалар құрамына тіркелген ойыншылар

«Атырау-2» ВК: №1. Дидар Берікбол (15.07.2004), №2(л). Сағынжан Жәлелов (24.04.2001), №3. Әбдіхалық Сатыбалдиев (28.02.2005), №4. Малик Әділбек (24.02.2003), №5. Бейбарыс Наурызғали (26.10.2002), №7. Мәдениет Лаш (23.12.2000), №8. Азамат Ерген (01.11.2002), №9(л). Дәулет Сапарбек (27.02.2009), №10. Нұрасыл Жамбылов (20.08.2000), №11(к). Бекарыс Ғабитұлы (22.03.2001), №14. Арсен Құсайынов (04.02.2005), №17. Төлеби Әлімбек (10.02.2001), №18. Ахмет Қабылбеков (14.05.2001), №19. Фархат Асқатов (29.03.2002).

Аға жаттықтырушы – Юрий ЛАБЕЦКИЙ.

«Есіл СК-2» (Петропавл): №2. Виталий Решетняк (19.04.2001), №3. Рүстем Сайлауов (15.01.2001), №4(л). Рахат Ғаниев (06.01.2003), №5(л). Бақтияр Нұрлыбай (08.08.2003), №7(к). Жоламан Қабдоллов (29.11.2000), №8. Валерий Маслов (11.08.2003), №9. Тимур Әйтикеев (06.12.2003), №10. Диас Сапарғалиев (09.11.2003), №11. Даниил Капунов (20.08.2003), №12. Павел Сороколадов (06.01.2004), №13. Александр Лысяк (30.12.2000), №15. Глеб Панин (19.02.2004).

Бас бапкер – Игорь ТРИФОНОВ.

«Буревестник-2» (Алматы): №4. Нұрдос Алдаш (09.04.2000), №7(л). Нұрсұлтан Рахымбеков (17.03.2002), №12. Миркамал Мирахматов (21.12.2004), №13. Берік Жолдасбек (18.10.2003), №14. Артём Ровкин (17.01.2001), №20. Абдулмаджид Мохаммад (05.04.2000), №21. Нұрмахан Әлихан (26.04.2005), №22. Ернұр Омар (02.01.2002), №23. Дінмұхаммед Қабдолов (26.08.2003), №25. Диас Алтынбек (21.06.2004), №33. Измайлов Александр (16.01.2003), №77. Дастан Елубай (12.02.2002).

Бас бапкер – Андрей ПИМАХИН.

«Павлодар-2» ВК: №1. Мирас Алтай (11.12.2007), №2(л). Бекболат Ғапу (04.11.2007), №3. Данияр Армыш (29.11.2007), №4(л). Әли Сайлаубай (05.03.2007), №7. Николай Урузбаев (11.06.2007), №9. Нұртаң Марат (19.09.2007), №10. Иван Иванов (03.02.2007), №11(к). Марғұлан Рамазан (24.01.2007), №12. Санжар Мешітбай (18.05.2006), №14. Әділ Мұкатай (11.07.2007), №18. Захар Болтрунас (26.02.2007), №20. Ермек Жарқұмбаев (12.08.2007), №25. Данил Выпирайло (13.08.2007), №69. Әділ Әбдірайсов (31.01.2006).

Бас бапкер – Талғат ҚАСЫМОВ.

«Тараз-2» ВК: №1. Жәнібекхан Нұржан (16.07.2003), №2. Нұрперзент Топар (20.04.2000), №3. Шерхан Мағзамов (21.10.2002), №4. Нұрлыбек Нұрмахамбетов (17.07.2000), №6(к). Нұрқабыл Сейдехан (30.11.2002), №7. Нұрдәулет Құмаров (10.06.2003), №8. Олжас Шәмшібек (28.11.2003), №9. Мақсат Кеңес (18.03.2003), №10. Абдикадыр Бекзат (29.01.2004), №11. Даулет Кәрібек (15.07.2001), №15(л). Ермек Ахметжан (12.07.2000), №16(л). Максим Сенин (25.06.2003), №17. Арсен Әділбек (24.01.2004).

Бас бапкер – Самал МҰРАТОВ.

«Алтай-2» (Өскемен): №1. Нұрболат Ғалымов (08.08.2005), №2. Расул Мадияров (16.03.2006), №3. Әділжан Нұржанұлы (08.03.2004), №4. Антон Пустовойтенко (23.05.2000), №6. Азамат Амангелдиев (04.06.2002), №7(л). Қалибек Қалымбеков (01.10.2003), №8(к). Еламан Мұхтаржанов (11.03.2002), №9(л). Дәулет Бату (05.01.2005), №12. Владимир Авралёв (12.09.2003), №14. Әмірбек Бексарынов (14.11.2004), №17. Бекзат Кәрімқұлов (26.04.2003), №18. Богдан Фролов (29.03.2004), №19. Дархан Мерғазин (26.07.2000), №24. Александр Тумашов (24.04.2004).

Бас бапкер – Сергей СИНКЕВИЧ.

«Ұшқын-2» (Көкшетау): №1. Ренат Әлібеков (29.06.2004), №2. Төлеген Нұрғожин (19.08.2005), №3. Нияз Қалел (23.08.2003), №4. Бекболат Ғалымов (10.02.2004), №5. Мақсат Айсин (24.04.2004), №7(к). Елдар Мұханмәдиев (15.12.2004), №8. Асылхан Дүйсенбай (03.07.2004), №10. Ермахан Саниязбеков (19.03.2004), №13. Қанағат Желданов (05.05.2003), №14(л). Диас Жүнісов (16.10.2004), №15(л). Қадырәлі Сағидолда (21.03.2004), №16. Диас Ахметов (28.07.2003), №17. Ақниет Ұсынатдінов (28.12.2003), №23. Мадияр Рүстемов (03.11.2004).

Бас бапкер – Асхат ЕЛЕУСІЗОВ.

«Жайық-2» (Орал): №2. Бекзат Садыров (2004), №3. Самғат Салахиятов (2005), №4. Ерназ Қисмет (2004), №5(к). Никита Курдюков (2001), №6. Темірлан Нұрмұханбетов (07.03.2006), №7. Алексей Сафронов (2002), №8. Даниил Сухарев (20.03.2006), №9. Арнат Досқалиев (2005), №10. Нұрдәулет Сәлжанов (2005), №11. Бекзат Құттымұратов (2004), №12. Иван Визгалин (2004), №13(л). Сергей Ахахин (2004), №14. Станислав Грищенко (2004), №16(л). Ролан Әбдірахманов (2005).

Бас бапкер– Сергей КАЗАК.

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика