Главная / Высшая лига U-23 / Жастар лигасы: Командалар құрамы chempionat-rk

Жастар лигасы: Командалар құрамы

15/12/2022

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Жастар арасындағы Жоғарғы дивизион Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (әйелдер)

2-ші тур (12-17 желтоқсан 2022, Өскемен)

Жастар арасындағы лиганың екі турына тіркелген ойыншылар саны 170 (жүз жетпіс) болды.

Ел чемпионатының екінші турына тіркелген тізімде 141 ойыншы іліккен. Бірінші турда бір волейболшыға артық болған – 142. Бірінші турда өнер көрсеткен 32 ойыншы екінші турда әр команданың кеңейтілген тізіміндегі әуедопшылармен алмастырылды. Бірінші турдағы үш ойыншы тізімнен мүлде алынып тасталып, екінші турда екі қыз керісінше қосылды. Бұған үш команданың бапкерлері ауысқанын да қосуға болады.

Бірінші кезекте «Қуаныш» фарм-клубын бөле-жере атап өтуге болады. Өз алаңында өткен турдағы бес ойынның бір партиясында ғана жеңіске жеткен команда... екінші турда құрамын толықтай өзгертті (12 ойыншысын). Осы ретте, Лигада 11 емес, 12 команда ойнайды деп «айтуға» да болады. Бұл додаға Петропавл екі емес, үш команда қосып отырғандай. Алайда команда құрамын толықтай ауыстырғаннан ешқандай нәтиже шыққан жоқ. Бүгінге дейін команда үш ойын өткізіп, сол бір партияда жеңіске жеткен нәтижесімен шектеліп отыр. Өкінішке қарай, сейсенбі күні «Ертістің» қосалқы құрамымен өткен матчта өзіндік «рекорд» жасап, үшінші партияда екі ұпай ғана еншіледі.

Толық құрамдық шектеуді (квотаны), яғни 14 ойыншымен жасақталған құрамды 11 команданың алтауы ғана пайдаланып жүр. Ал Лигаға биыл ғана қосылған «Тұран-2» екінші турға әзірше 10 ойыншы ғана тіркеді (бірінші турда – 13). Лигадағы ең жас ойыншылар – Петропавлдан. Бірінші турда ол «Қуаныш-СК-2» сапындағы Алина Бисімбаева болған. Сол кезде ол 13-ке де толмаған еді. Ал Өскемендегі турда ең жас ойыншы «Қуаныш-2» сапындағы Жансая Махатова болып отыр. Ол алдағы жылы наурыз айында ғана 13-ке толады.

Әр ойыншыдан кейін, жақша ішінде либеро (л) немесе капитан (к) екендіктері көрсетілген.

2-ші турда командалар құрамына тіркелген ойыншылар

«Айқаракөз-2» (Талдықорған): №1. Айсұлу Мұхтарқызы (25.01.2003), №2. Зере Малик (11.09.2005), №4. Ксения Федоренко (29.01.2007), №7(к). Динара Сатыбаева (22.04.2004), №8. Ульяна Сенько (06.07.2005), №9. Халима Серікжан (27.10.2007), №11. Ажарлым Құрманбек (10.06.2005), №13(л). Айжан Байжан (25.02.2007), №14. Нұрайым Абайхан (28.11.2006), №17. Әсемай Сабанбаева (21.06.2003), №19. Анастасия Боровская (12.08.2007), №21. Гүлдана Сайынова (09.06.2004), №23. Жансая Оразымбек (29.05.2004), №28. Аида Жексенбаева (12.08.2004).

Бас бапкер – Айзада ДӘУЛЕТБАЕВА.

«Алматы-2» ВК: №2. Александра Сергеева (27.03.2001), №3. Карина Жәнібек (29.03.2006), №4(л, к). Александра Куракова (22.10.2002), №5. Жәмиля Бауыржанқызы (20.04.2004), №6. Мадина Тынысбек (21.06.2003), №10. Гүлназ Әбдімомынова (17.08.2005), №15. Валентина Тимашевская (01.11.2004), №17. Аружан Қасымхан (07.11.2001), №19. Регина Шиллер (20.03.2003), №20. Шұғыла Артықбаева (13.04.2007), №22. Виктория Морозова (07.02.2005), №24. Виктория Сыроешкина (11.03.2001).

Бас бапкер – Дмитрий ЗАВГОРОДНИЙ.

«Алтай-3 ШҚО ОРБЖСОМ» (Өскемен): №1(л). Меруерт Серғазыева (24.06.2005), №2. Камилла Сұлтанбек (03.07.2006), №4. Дилдора Нұрәлиева (22.10.2007), №5. Альдана Дугумова (02.02.2003), №6. Нұрай Өнербекқызы (09.06.2006), №7. Наргиз Әбдіғани (13.02.2007), №8. Айя Асылбекова (14.11.2006), №9(к). Мөлдір Нұрлан (01.07.2003), №10. Ақерке Шәкен (06.03.2000), №11. Балауса Ұлдыбай (28.03.2006), №12. Ксения Нестерева (09.01.2007), №13. Наргиз Елеусізова (07.09.2007), №14(л). Александра Олейникова (24.03.2005), №15. Әнел Мухамедиярова (10.10.2003).

Бас бапкер – Павел ПЕРФИЛЬЕВ.

«Алтай-4 ШҚО ОРБЖСОМ» (Өскемен): №1(л). Жаннұр Нұрбаева (27.04.2007), №2. Саида Жүрсінова (18.11.2007), №3(к). Әнел Тәуірбекова (24.03.2003), №5. Назерке Советова (04.04.2006), №6(л). Нұрайым Қайырслан (06.09.2006), №7(л). Рината Репецкая (10.05.2006), №8. Аяжан Қадірбаева (28.04.2007), №9. Айханым Тиянақова (19.09.2009), №10. Әсел Кеңесбекова (06.01.2006), №11. Нұрай Оралбекқызы (12.02.2007), №13. Аяжан Амангелдиева (12.03.2004), №16. Анастасия Карташова (03.04.2005), №17. Дәмелі Қанатқызы (17.04.2007), №19. Әмина Қырықбаева (06.07.2006).

Бас бапкер – Әділет ТӘКЕНОВ.

«Ару-Астана-2» (Астана): №3. Альбина Рамазан (17.09.2007), №4. Дарья Кириллова (09.11.2007), №5. Нұрай Рашид (06.07. 2007), №6. Әсел Шәймұхамет (01.03.2005), №7(к). Әйгерім Байжарасова (10.09.2006), №8. Аянат Айдарбекова (07.07.2007), №9. Сабина Егімбаева (06.04.2006), №10. Алина Дробот (08.09.2007), №11. Әйгерім Смайылова (07.07.2006), №13. Карина Пенькова (30.06.2007), №17(л). Балнұр Құдайберген (04.02.2007), №18. Аружан Азамат (14.03.2005).

Бас бапкер – Ольга ШУМАРА.

«Жетісу-2 (ОРОММИК)» (Талдықорған): №1. Дәрия Әбілқасым (23.10.2005), №2. Сарвиназ Тұрсынова (25.02.2007), №3. Салтанат Құдайбергенова (05.10.2007), №4. Виктория Остроушко (29.08.2006), №5. Ольга Цой (23.07.2007), №6(л). Мерей Ақжолтай (19.02.2005), №7(к). Жұлдыз Кенембай (18.04.2005), №8. Аяулым Құмарбекқызы (12.01.2004), №9. Валерия Скрипка (25.12.2005), №10. Сұңғыла Асылтай (07.03.2005), №11. Ксения Макогоненко (20.11.2005), №12(л). Ақерке Төлеубек (05.04.2005), №13. Елизавета Сырова (08.03.2007), №14. Әдемі Тәжіғұл (28.12.2005).

Бас бапкер – Оксана АДАМОВА.

«Ертіс-2» (Павлодар): №1. Ольга Казанцева (23.05.2006), №2. Алина Цурская (25.11.2004), №3. Татьяна Питура (08.09.2006), №4. Аяжан Жетмекова (14.03.2007), №5. Карина Жұматова (25.03.2005), №6(к). Диана Центнер (05.05.2006), №7(л). Малика Генаева (20.01.2006), №8. Екатерина Казанцева (23.05.2006), №9. Дарья Инина (20.05.2006), №10. Дарья Гришанова (05.10.2005), №11. Яна Андроник (11.06.2006), №12. Ангелина Кравцева (22.03.2006), №13. Анна Магильнова (28.06.2007), №14(л). Аида Еркінова (02.05.2005).

Бас бапкер – Ирина БЕЛОВА.

«Қарағанды-2» ВК: №1. Аңсаған Боранбаева (04.03.2006), №2. Александра Черниченко (17.02.2006), №3(к). Сабина Әукеева (17.04.2006), №4. Анар Әбенова (23.07.2004), №5. Дарья Скиба (31.10.2007), №6. Аружан Омарова (23.02.2004), №7. Малика Есқазина (01.02.2006), №8. Вероника Гердт (18.07.2007), №10(л). Галина Иокша (20.11.2007), №11. Яна Фильчакова (24.01.2007), №14. Карина Нұрғалиева (22.03.2006).

Бас бапкер – Юлия ВЕЛИЧКОВИЧ.

«Қуаныш-2» (Петропавл): №1. Сабина Қайрат (27.11.2009), №2. Дарияна Есімсейітова (28.02.2009), №3. Даяна Жұмағожинова (17.02.2009), №5. Жансая Махатова (19.03.2010), №7(к). Алина Семидоцких (27.05.2009), №9. Каролина Батрашова (14.03.2009), №12. Екатерина Холодова (20.05.2009), №13. Маргарита Седельникова (10.01.2009), №15(л). Дарья Коптева (20.10.2008), №17(л). Дина Құдабай (10.07.2009), №18. Валерия Ознобихина (27.04.2009), №20. Ұлжан Ержан (01.01.2010).

Бас бапкер – Ойрат ЕРКЕНОВ.

«Қуаныш-СК-2» (Петропавл): №1. Елизавета Щукина (19.02.2007), №2. Роза Әділханова (04.10.2008), №3. Виктория Кувыкина (15.11.2007), №4. Алина Бисімбаева (19.11.2009), №5(к). Кристина Тишко (02.03.2007), №6. Эвелина Щелкунова (02.02.2007), №7. Алуа Рахматуллина (09.07.2007), №8. Фатима Қуанышбай (06.03.2007), №9(л). Азалия Аменова (25.02.2007), №11. Полина Милюкова (16.03.2004), №13. Алина Кутенкова (18.07.2008), №14. Сабина Хуснутдинова (08.09.2007), №15. Индира Хусайын (03.02.2007), №16(л). Әмина Қасенова (18.11.2008).

Бас бапкер – Владимир ШМЕЛЕВ.

«Тұран-2» (Түркістан): №2. Аруана Қайрулла (14.11.2006), №5. Валентина Красова (11.04.2007), №7(л). Аяжан Амантай (21.03.2004), №8. Талшын Хамидулла (22.01.2009), №9. Аружан Қалдыбек (15.09.2005), №10(к). Қарақат Дүйсенбай (25.02.2006), №11. Сарбиназ Кенжебаева (01.10.2007), №12. Айша Халтұрсын (14.04.2009), №13. Жанар Мырсыдық (15.08.2002), №17. Аяжан Шәкірбай (10.05.2006).

Бас бапкер – Руслан ӘБІЛДАЕВ.

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика