Главная / Высшая лига U-23 / Жалын атқан жас жігіттер «жарысы» chempionat-rk

Жалын атқан жас жігіттер «жарысы»

25/12/2022

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жастар арасындағы Жоғарғы дивизион Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (ерлер)

2-ші тур (16-23 желтоқсан 2022, Петропавл)

Бозбалалар арасындағы Жастар лигасы додасында жоспарлы бес турдың екеуі көмбесіне жетті. Сөйтіп биылғы маусымның 2022 жылғы ойындары түгелдей аяқталды. Жаңажылдық каникулдан кейін 2023 жылдағы матчтары басталып, қаңтарда үшінші турдың жалауы желбірейді.

Екі турдың қорытындысы бойынша бұл дивизионда «Тараздың» фарм-клубы көш бастап келеді. Алайда алғашқы төрттіктегі командалардың арасы – тым тығыз. Бұл квартет бір-бірінің өкшесін басып келеді. Қапелімде қайсыбіреуі сүрінсе, турнир кестесіндегі жағдайға бірталай өзгеріс енгізеді.

Тараз тарландары биылғы ел чемпионатының алғашқы күнінен бастап, жеңіс ырғағына «түсіп» алды да, алты рет қатарынан жеңіске жетті. Рас, алтыншы ойында тай-брейкте бақтары жанды. Алайда Атырау турындағы соңғы ойында алғаш рет ұтылып қалды. Бұл матч та бес партияға созылып, тараздықтарды «Буревестник-2» ұжымының сан соқтырып кетті.

Әрі алматылықтар тур қорытындысы бойынша тараздықтарды қуып жетіп, ұпайлары теңесті. Тіпті партия айырмалары да бірдей болып, екеуінің доп айырмалары коэффициенттерін есептеуге тура келді. Мұнда «Тараз-2» жігіттері «Буревестник-2» бозбалаларынан сәл де болса, басымдау шықты – 1,22:1,13.

Петропавлда өткен екінші турда, екеуі турнир кестесінің басында иық тіресіп, бір күн ғана тұрды. Өйткені екінші ойын күні екеуі өзара кездесіп, тағы да тай-брейкке дейін табан тіресе тайталасты. Бұл жолы «Тараз» фарм-клубының айдарынан жел есіп, еселерін қайтарды. Бірақ осы турдың бел ортасында, яғни төртінші ойын күні, тараздықтар мен алматылықтар ұтылып қалып, көш бастаған «Тараз-2» ұжымын «Атырау-2» командасы қуып жетті.

Алайда атыраулықтар да көшбасшымен иық тіресіп ұзақ тұра алмады. Бір күнгі демалыстан кейін мұнайшылар да «Буревестник-2» бозбалаларынан ұтылып қалып, «Тараз-2» қайтадан бір өзі көш бастады. Сөйтіп екі турдың қорытындысы бойынша алматылықтар одан 1 ұпай, ал атыраулықтар көшбасшыдан 3 ұпай қалып келеді. Ал былтырғы маусымдағы Лига жеңімпазы, яғни «Алтай-2» бес ұпай кем жинады.

Жалпы, статистикалық мәліметтерге жүгінсек, бірінші турдағы деректер екіншісіне қарағанда – «қызықтау». Қызылжарда командалар жалпы саны 95 партия ойнады, ал бірінші турда бұл көрсеткіш 97 болған. Додаға түскен доп көрсеткіштері: бірінші турда – 4168, ал екіншісінде – 4060. Атырауда төрт матч тай-брейкке дейін созылды, ал Қызылжарда – тек біреу. Ең нәтижелі ойын күні және сол күнгі ең нәтижелі матч та бірінші турда өтті («Есіл СК-2» – «Атырау-2» – 2:3). Әрі бұл кездесу ең ұзаққа созылған матч та болып отыр – 142 минут немесе екі жарым сағатқа жуық.

ЖЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Алтай-2» (Өскемен): ЖЛ 2 дүркін жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – Жеңімпаз

«Павлодар-2» ВК: ЖЛ-2017/18 жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – 2 орын

«Тараз» ВК: 2021/22 маусымында U-23 – 3 орын

«Буревестник-2» (Алматы): ЖЛ 2 дүркін жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – 4 орын

«Есіл-СК-2» (Петропавл): 2021/22 маусымында U-23 – 5 орын

«Атырау-2» ВК: 2021/22 маусымында U-23 – 6 орын

«Ұшқын-2» (Көкшетау): 2021/22 маусымында U-23 – 7 орын

«Жайық-2» (Орал): алғашқы маусымы

2-ші тур (16-23 желтоқсан 2022, Петропавл). Жеңімпаз – «Атырау-2» ВК

1-ші тур (13-20 қараша 2022, Атырау). Жеңімпаздар – «Тараз-2» ВК және «Буревестник-2»

2-ші тур (16-23 желтоқсан 2022, Петропавл)

Петропавл. «Виктория» СК

* 20 желтоқсан – осы турдағы демалыс күні

  • * Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында тікелей эфирде көрсетіледі

Бас төреші: И.Қабылбекова; төрешілер: Е.Целых, С.Досболов, Б.Сүйіндіков, А.Көпешев

ЖЖЖЖ-Т.png

ЖЖЖЖ-Нр.png

16 желтоқсан

«Тараз-2» ВК – «Павлодар-2» ВК – 3:0 (25:7, 25:14, 25:15)

«Буревестник-2» – «Ұшқын-2» – 3:0 (25:14, 25:20, 25:14)

«Алтай-2» – «Жайық-2» – 3:0 (25:18, 25:13, 29:27)

«Атырау-2» ВК – «Есіл СК-2» – 3:1 (25:23, 25:22, 18:25, 25:19)

17 желтоқсан

«Ұшқын-2» – «Алтай-2» – 0:3 (6:25, 18:25, 12:25)

«Жайық-2» – «Атырау-2» ВК – 0:3 (10:25, 18:25, 17:25)

«Тараз-2» ВК – «Буревестник-2» – 3:2 (25:21, 20:25, 18:25, 25:23, 16:14)

«Павлодар-2» ВК – «Есіл СК-2» – 0:3 (20:25, 11:25, 19:25)

18 желтоқсан

«Алтай-2» – «Тараз-2» ВК – 1:3 (22:25, 25:19, 14:25, 19:25)

«Буревестник-2» – «Павлодар-2» ВК – 3:0 (25:19, 25:10, 25:9)

«Атырау-2» ВК – «Ұшқын-2» – 3:0 (25:22, 25:16, 25:18)

«Есіл СК-2» – «Жайық-2» – 3:1 (25:10, 17:25, 25:14, 25:17)

19 желтоқсан

«Тараз-2» ВК – «Атырау-2» ВК – 1:3 (25:22, 22:25, 17:25, 20:25)

«Павлодар-2» ВК – «Жайық-2» – 0:3 (21:25, 23:25, 16:25)

«Буревестник-2» – «Алтай-2» – 0:3 (18:25, 25:27, 22:25)

«Ұшқын-2» – «Есіл СК-2» – 0:3 (18:25, 14:25, 22:25)

21 желтоқсан

«Алтай-2» – «Павлодар-2» ВК– 3:0 (25:17, 25:11, 25:11)

«Атырау-2» ВК – «Буревестник-2» – 1:3 (25:20, 16:25, 23:25, 23:25)

«Жайық-2» – «Ұшқын-2» – 1:3 (18:25, 20:25, 25:22, 19:25)

«Есіл СК-2» – «Тараз-2» ВК – 0:3 (18:25, 20:25, 22:25)

22 желтоқсан

«Павлодар-2» ВК – «Ұшқын-2» – 0:3 (18:25, 18:25, 13:25)

«Тараз-2» ВК – «Жайық-2» – 3:0 (25-12, 25-19, 25-19)

«Алтай-2» – «Атырау-2» ВК – 0:3 (21:25, 19:25, 20:25)

«Буревестник-2» – «Есіл СК-2» – 3:1 (25:17, 19:25, 25:23, 25:13)

23 желтоқсан

«Атырау-2» ВК – «Павлодар-2» ВК – 3:0 (25:14, 25:18, 25:18)

«Жайық-2» – «Буревестник-2» – 0:3 (14:25, 23:25, 14:25)

«Ұшқын-2» – «Тараз-2» ВК – 1:3 (21:25, 25:19, 16:25, 16:25)

«Есіл СК-2» – «Алтай-2» – 1:3 (21:25, 23:25, 25:23, 20:25)

ЖЖЖЖ-1 2т.png

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика