Главная / Высшая лига / Әуедоп додасы қыза бастады chempionat-rk

Әуедоп додасы қыза бастады

30/11/2022

Әуедоп додасы қыза бастады. Алда – екінші тур ойындары.

Бірінші турдан кейінгі турнир кестелері мен қорытынды мәліметтер

Қазақстан волейболының күзгі кезеңі өз мәресіне жетті. Қазан айында ел кубогы сарапқа салынып, қарашада алты дивизионымыз бірінші тур ойындарын өткізді және ҚР Суперкубогы жеңімпаздары анықталды. Ұлттық лигалар үшін сенімді демеушімен келісімшартқа қол қойылды.

Енді бір аптаға да жетпейтін уақыттан соң ел чемпионатының қысқы кезеңі басталады. Жаңа жыл мерекелерін әр команданың қай ұжыммен және қандай көңіл-күймен қарсы алатындығын екінші турдың басталарда жарияланады. Ал әзірше, 2022/23 маусымының бірінші турын қысқаша қорытындалап өтпекпіз.

Ел чемпионатына отанымыздың 17 қаласынан 50 клуб тіркелді. Былтырғы маусыммен салыстырғанда, екі клуб болсын, артық болды. Ал ірі қалаларға келсек, Қостанай қатарымыздан ұзаққа шығып қалды деп ойламаймыз. Он бір қаламыз әйелдер арасындағы да, ерлер арасындағы да клубтарын үкілеп қосты. Бәрінен де Өскемен мен Петропавл асып түсіп отыр. Олар алты командадан шығарды. Алты қала бір командадан қосып отыр.

Бірінші турдың ойындары еліміздің бес қаласында өтті – Алматы, Шымкент, Атырау, Талдықорган және екі дивизион Петропавлда додаға түсті. Екінші турда Өскемен мен Қызылорда жанкүйерлері де волейбол додасын тамашалай алады. Қаңтарда олардың қатарына Павлодар да қосылады.

Бірінші турда барлығы 146 матч өтті. Екінші турда одан 10 ойын кем өтеді. Өйткені, әйелдер арасындағы негізгі құрамдар мен олардың қосалқы құрамдары бір айналымды тәмамдайды. Ел чемпионатының әйелдер арасындағы бөлігінде 75 матч өтіп, ерлер 71 ойынмен түйіндеді. Әйелдер арасындағы дивизиондарда – 28 команда, ал ерлер арасында – 22 ұжым. Төменде әр дивизиондағы, бірінші турдан кейінгі турнир кестесі жарияланған. Әрі әр лигаға қатысты мәліметтер де жазылған.

Ерлер арасындағы Ұлттық лигада былтырғы ел чемпионы, яғни «Атырау» ВК жеңілістің кермек дәмін татпай, көш бастап келеді. Оның басты бәсекелесі, «Буревестник» клубы, екеуара кездесуде мұнайшалырға есе жіберіп алды. Әрі Суперкубок додасында да ұтылып қалды. Бірінші тур шартты түрде ғана Алматыда өткен болатын. Ал екінші тур іс жүзінде Алатау бөктерінде жалауын желбіретеді, яғни алматылықтар ендігі ойындарын өз алаңында өткізеді. Басты бәсекелесімен 7 желтоқсан күні сағат 15:00-де додаға түседі.

ХХХІ ҚР чемпионаты-2022/23. Ұлттық лига 1ХBET (ерлер)

3-ші тур (11-21 қаӊтар 2023 жыл, Павлодар)

2-ші тур (06-13 желтоқсан 2022 жыл, Алматы)

1-ші тур (02-10 қараша 2022 жыл, Алматы). Жеӊімпаз – «Атырау» ВК

Бірінші турдан кейінгі турнир кестесі

Табл-1.png

Ерлер арасындағыдай, әйелдер арасында «Алтай» ешбір клубқа дес берер емес. Былтырғы ел чемпионы да әлі ешбір ұжымнан ұтылған жоқ. Петропавлдағы ықшамдалған турда «Қуаныш» (бұл ұжым да өз алаңында Суперкубокты жеңіп ала алмады) және «Ертіс» бір ойында жеңіліске ұшырады. Осы екеуінің өзара кездесулері 22 желтоқсан күні Талдықорғанда өтеді. Ал осы ойыннан бір күн бұрын «Ертіс» айбынды «Алтай» аруларымен кездеседі. Осы екі матчтан соң көшбасшылар сапы түзілуі керек. Екінші орынды әзірше «Қарағанды» ВК қыздары иеленіп тұр. Бірақ бұл мамандарды жаңылыстыра алмайды. Себебі олар деңгейі өздерінен жоғары емес ұжымдарды жеңді.

ХХХІ ҚР чемпионаты-2022/23. Ұлттық лига 1ХBET (әйелдер)

2-айналым, 3-ші тур (21-28 қаӊтар 2023 жыл, Өскемен)

1-айналым, 2-ші тур (21-26 желтоқсан 2022 жыл, Талдықорған)

1-айналым, 1-ші тур (16-22 қараша 2022 жыл, Петропавл). Жеӊімпаз – «Алтай»

Бірінші турдан кейінгі турнир кестесі

Табл-2.png

Ерлер арасындағы жоғарғы дивизионның Талдықорғанда өткен бірінші туры көрермендерді қызыққа бөледі. Тіпті турнир кестесіне қарап-ақ, бұл лигадағы доданың тартысты және кездейсоқ нәтижелерге толы болатындығы сезіледі. Тек былтыр ғана Ұлттық лигада ойнаған «Маңқыстау» сенімді ақтай алмай жүр.

ХХХІ ҚР чемпионаты-2022/23. Жоғарғы лига (ерлер)

2-ші тур (21-27 желтоқсан 2022 жыл, Қызылорда)

1-ші тур (21-27 қараша 2022 жыл, Талдықорған). Жеӊімпаз – «Жетісу-Жастар»

Бірінші турдан кейінгі турнир кестесі

Табл-3.png

Ал әйелдер арасындағы жоғарғы дивизионда, ерлер арасындағы додамен салыстырғанда, бәрі де – бірқалыпты. Көшбасшылар анықталды. Әрі екінші турдың да Шымкентте өтетіндігін ескерсек, алаң иелері Жаңа жылды көшбасшылық мәртебесінде бастауы тиіс. 12 желтоқсан күні «Шымкент» ВК және «Тараз» ВК арасындағы екінші ойын өтеді.

ХХХІ ҚР чемпионаты-2022/23. Жоғарғы лига (әйелдер)

2-ші тур (11-16 желтоқсан 2022 жыл, Шымкент)

1-ші тур (12-17 қараша 2022 жыл, Шымкент). Жеӊімпаз – «Шымкент» ВК

Бірінші турдан кейінгі турнир кестесі

Табл-4.png

Ұлттық лиганың ерлер арасындағы фарм-клубтары додасында екі ұжым тайталасып келеді. «Тараз» бен «Буревестник» клубтарының қосалқы құрамдарын тек доп айырмасы ғана жіктеп тұр. 17 желтоқсан күні Петропавлдағы келесі турдың екінші күні бұл екеуінің бірі бәсекелесін ығыстыратын болады. Бұл лигада жеңіске жетпеген – тек «Павлодар» ВК жастары.

ХХХІ ҚР чемпионаты-2022/23. Жастар лигасы Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (ерлер)

2-ші тур (16-23 желтоқсан 2022 жыл, Петропавл)

1-ші тур (13-20 қараша 2022 жыл, Атырау). Жеӊімпаз – «Тараз-2» ВК және «Буревестник-2»

Бірінші турдан кейінгі турнир кестесі

Табл-5.png

Ұлттық лиганың әйелдер арасындағы фарм-клубтары додасында ересектері арасындағыдай, екі «Алтай» иық тіресіп келеді. Олардың қайсысы көш бастайтындығы 13 желтоқсан күні, өз алаңдарында, яғни Өскеменде өтетін екеуара кездесуде анықталатын болады.

ХХХІ ҚР чемпионаты-2022/23. Жастар лигасы Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (әйелдер)

1-айналым, 2-ші тур (12-17 желтоқсан 2022 жыл, Өскемен)

1-айналым, 1-ші тур (05-11 қараша 2022 жыл, Петропавл). Жеӊімпаз – «Алтай-4»

Бірінші турдан кейінгі турнир кестесі

Табл-6.png

IMG_5959.jpg

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика