Главная / Главные Новости / Тур түйіні Түркістанда тарқалады chempionat-rk

Тур түйіні Түркістанда тарқалады

30/01/2023

ХХХІ ҚР чемпионаты-2022/23.

Ұлттық лига 1ХBET (әйелдер)

3-тур (22-27 қаӊтар 2023 жыл, Өскемен)

Ұлттық лигадағы аруларымыз екінші кезеңдегі үшінші тур ойындарын Өскеменде өткізді. Бұл ел чемпионатындағы үздік командаларды шама-шарықтары мен деңгейлеріне қарай екі топқа бөліп, дода көрігін қыздыру бағытында жүзеге асырылған ой-жоспар болатын. Кезең деген айдармен клубты осылай жіктеу дұрыс болды ма, жоқ па... оны Түркістанда өтетін соңғы тур айқындап беруі керек.

Шығыс Қазақстан облысының орталығында өткен 25 матчтың үштен екісіне жуығы үш партияда аяқталды. Нақтырай айтар болсақ, бір команданың айқын басымдығымен өтті. Егер командаларды бірінші кезеңдегі турнир кестесіне қарап, салыстырар болсақ, алғашқы алтылықта «Жетісу» мен «Қарағанды» ғана орын ауыстырды. Мұнда бәрін екеуара ойын шешіп, Қарағанды қыздары жеңіске жетті. Алайда Талдықорған арулары олармен екі күндік марафоннан соң, яғни бес партияға созылған, өте шиеленісті екі матчтан соң кездесті («Алматы» және «Ертіс» клубтарымен өткен).

Жалпы, Талдықорғанның екі командасын да нағыз жанкешті ұжымдар деуге болады. Мәселен, үш турдағы 80 ойынның 11-і тай-брейкке ұласты. Соның алтауында алаңда не «Жетісу», не «Айқаракөз» болды. Ал енді біреуінде екеуі өзара бессеттік матч өткізді. Ал «Қарағанды» ВК мен «Жетісу» екеуінің қайсысы қарымды деген сұрақтың жауабына плей-офф додасының ширек финалында көз жеткізген жөн болар еді. Дәл қазір бұл екеуінің жолдары алғашқы електе түйісетіндей секілді.

Еліміздің өткен маусымдағы чемпионы, «Алтай» арулары өз алаңында көсіле сілтеді. Қарсыластарынан матч тұрмақ, әр партияда басым болып, үстемдік танытты. Бір партияда тайталасып бағып, ең көп ұпай алған «Қарағанды» қыздары болды – 20 балл. «Қуаныш», «Алматы» және «Жетісу» арулары 18 ұпайдан еншілеп, «Ертіс» 16 ұпайға ғана қол жеткізді. Алаң иелерімен өткен бір партияда ең аз ұпай еншілеген де «Қарағанды» ВК болды – 6. Бұл ретте «Жетісу» тоғыз, «Алматы» он бір, «Ертіс» он төрт, ал «Қуаныш» 15 ұпаймен шектелді. Бәрі де – көз алдарыңызда, айқын басымдық.

Бұл турда мүлде жеңіске жетпеген «Ертіс» болды. Еншісіндегі жалқы ұпайға «Жетісумен» өткен тай-брейк үшін ие болды. Павлодар клубына енді өз тобындағы алтыншы орыннан жоғары көтерілу үшін – бір жеңіс жеткіліксіз.

Екінші топта екі команда, яғни «Айқаракөз» бен «Тұран» 10 ұпайдан еншіледі. Бірақ Талдықорған қыздары бұл турда ұтылған жоқ. Бұл жолы «Алтай-2» таң қалдырды. Бірінші кезеңде қазіргі қарсыластарының бәрін ұтқан болатын. Ал өз алаңында тек аутсайдерден ғана басым түсті. Енді өзінен бес ұпай айырмасымен ұзап кеткен бәсекелестерін қуып жету үшін Түркістанда алда тұрған екі ұжымды да ұтуы керек. Ал бұған «Айқаракөз» бен келесі турды өз алаңында өтокізетін түркістандықтар көне қояр ма екен? Қайдам...

Ел чемпионатының негізгі додасын қорытындылап, плей-офф сатысындағы ширек финалда кездесетін жұптарды анықтап беретін төртінші тур 24 ақпаннан бастап, 3 наурызға дейін Түркістан қаласында өтетін болады.

ҰЛ (Ә) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Алтай» (Өскемен): 6 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы

«Жетісу» (Талдықорған): 8 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Қуаныш» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Алматы» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Қарағанды» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Айқаракөз» (Талдықорған): ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ертіс» (Павлодар): 3 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 7 орын

«Алтай-2» (Өскемен): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын

«Ару-Астана» (Астана): ҰЛ 2021/22 маусымында – 9 орын

«Қуаныш СК» (Петропавл): алғашқы маусымы; U-23 додасы, 2021/22 маусымында – жеңімпаз

«Тұран» (Түркістан): алғашқы маусымы; ЖЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

2-кезең, 4-тур (24 ақпан – 03 наурыз 2023. Түркістан)

2-кезең, 3-тур (22-27 қаңтар 2023. Өскемен). Жеңімпаздар – «Алтай»; «Айқаракөз» және «Тұран»

1-айналым (16 қараша – 27 желтоқсан 2022. Петропавл, Талдықорған). Жеңімпаз – «Алтай»

2-кезең, 3-тур (22-27 қаңтар 2023. Өскемен)

* 25 қаңтар демалыс күні болды

* Барлық ойындар – ҚВФ ресми Youtube-арнасында

Бас қазы: В.Медведев. Төрешілер: И.Қабылбекова, А.Ғұбашева, О.Саттарова, М.Шамахунов, Е.Шимин.

«А» тобы: «Алтай», «Қуаныш», «Алматы» ВК, «Жетісу», «Қарағанды» ВК, «Ертіс».

«Б» тобы: «Алтай-2», «Айқаракөз», «Тұран», «Қуаныш СК», «Ару-Астана»

30_01_ҰЛ Ә он.png

30_01_ҰЛ Ә тк.png

22 қаңтар («Алтай-2» дем алды)

«Айқаракөз» – «Ару-Астана» – 3:0 (25-13, 25-16, 25-19)

«Тұран» – «Қуаныш СК» – 3:0 (25-17, 25-13, 25-22)

«Қуаныш» – «Қарағанды» ВК – 3:0 (25-12, 25-14, 25-19)

«Алматы» ВК – «Жетісу» – 2:3 (27-25, 25-14, 22-25, 17-25, 12-15)

«Алтай» – «Ертіс» – 3:0 (25-14, 25-16, 25-14)

23 қаңтар («Қуаныш СК» дем алды)

«Ару-Астана» – «Тұран» – 0:3 (20-25, 17-25, 16-25)

«Алтай-2» – «Айқаракөз» – 2:3 (25-22, 22-25, 22-25, 25-15, 7-15)

«Ертіс» – «Жетісу» – 2:3 (25-18, 16-25, 14-25, 28-26, 13-15)

«Қарағанды» ВК – «Алматы» ВК – 0:3 (18-25, 16-25, 21-25)

«Алтай» – «Қуаныш» – 3:0 (25-18, 25-15, 25-18)

24 қаңтар («Айқаракөз» дем алды)

«Қуаныш СК» – «Ару-Астана» – 3:1 (25-16, 25-16, 22-25, 25-15)

«Тұран» – «Алтай-2» – 3:1 (25-22, 25-19, 27-29, 25-10)

«Қуаныш» – «Ертіс» – 3:0 (25-16, 25-14, 25-10)

«Жетісу» – «Қарағанды» ВК – 1:3 (19-25, 29-31, 25-21, 24-26)

«Алматы» ВК – «Алтай» – 0:3 (11-25, 18-25, 14-25)

26 қаңтар («Ару-Астана» дем алды)

«Алтай-2» – «Қуаныш СК» – 2:3 (25-27, 24-26, 25-17, 25-23, 13-15)

«Айқаракөз» – «Тұран» – 3:2 (24-26, 25-22, 25-10, 23-25, 15-12)

«Ертіс» – «Қарағанды» ВК – 0:3 (22-25, 18-25, 21-25)

«Қуаныш» – «Алматы» ВК – 3:0 (25-20, 25-20, 25-12)

«Алтай» – «Жетісу» – 3:0 (25-9, 25-15, 25-18)

27 қаңтар («Тұран» дем алды)

«Ару-Астана» – «Алтай-2» – 0:3 (22-25, 16-25, 19-25)

«Қуаныш СК» – «Айқаракөз» – 1:3 (14-25, 25-22, 14-25, 6-25)

«Алматы» ВК – «Ертіс» – 3:0 (25-22, 25-18, 25-15)

«Жетісу» – «Қуаныш» – 0:3 (23-25, 17-25, 24-26)

«Қарағанды» ВК – «Алтай» – 0:3 (20-25, 12-25, 6-25)

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика