Главная / Высшая лига U-23 / Төбедегі төртеу тығыздала түсті chempionat-rk

Төбедегі төртеу тығыздала түсті

19/12/2022

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жастар арасындағы Жоғарғы дивизион Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (ерлер)

2-ші тур (16-23 желтоқсан 2022, Петропавл)

Петропавлда өтіп жатқан бозбалалар арасындағы Жастар лигасының екінші турында үшінші күнгі ойындар аяқталды. Әрі үшінші және төртінші орындағы командалар орын ауыстырып, турнир кестесіне өзгеріс енді.

Жексенбі күні, Лиганыӊ былтырғы маусымдағы жеӊімпазы, яғни «Алтай-2» көш басындағы «Тараз-2» жігіттерімен кездесіп, айласын асыра алмады. Сөйтіп, тараздықтар көшбасшы мәртебесіне нұқсан келтімей, ұпай қорын толықтыра түссе, өскемендіктер төртінші орынға ығысуға мәжбүр болды. Өйткені, «Атырау» фарм-клубы биылғы маусымда сегізінші рет жеӊіске жетіп, көшбасшымен және екінші орындағы «Буревестник-2» командасымен араларындағы ұпай айырмаларын сол күйі сақтап қалды.

Дүйсенбіде, әрі осы турдағы демалыс күні қарсаӊында, алғашқы төрттіктегі командалар бір-бірімен кездесіп, дода көрігін қыздырады. Көшбасшы мұнайшылармен кездеседі. Бірінші турдағы, осы екі команда арасындағыматч бес партияға созылып, «Тараз-2» әупіріммен жеӊіске жеткен. Ал алматылықтар «Алтай-2» жігіттерімен доп түйістіреді. Қай команда болсын, тура осы матчтарда бір ұпай жоғалтса да, жағдайы күрт өзгеріп, ұнжырғасы түсіп кетуі де мүмкін.

Екінші турдағы ойындар сағат 10:00-де, 12:30-да, 15:00-де және 17:30-да басталады.

ЖЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Алтай-2» (Өскемен): ЖЛ 2 дүркін жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – Жеңімпаз

«Павлодар-2» ВК: ЖЛ-2017/18 жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – 2 орын

«Тараз» ВК: 2021/22 маусымында U-23 – 3 орын

«Буревестник-2» (Алматы): ЖЛ 2 дүркін жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – 4 орын

«Есіл-СК-2» (Петропавл): 2021/22 маусымында U-23 – 5 орын

«Атырау-2» ВК: 2021/22 маусымында U-23 – 6 орын

«Ұшқын-2» (Көкшетау): 2021/22 маусымында U-23 – 7 орын

«Жайық-2» (Орал): алғашқы маусымы

1-ші тур (13-20 қараша 2022, Атырау). Жеңімпаздар – «Тараз-2» ВК және «Буревестник-2»

2-ші тур (16-23 желтоқсан 2022, Петропавл)

Петропавл. «Виктория» СК

* Астана уақытымен

  • * 20 желтоқсан – осы турдағы демалыс күні

  • * Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында тікелей эфирде көрсетіледі

Бас төреші: И.Қабылбекова; төрешілер: Е.Целых, С.Досболов, Б.Сүйіндіков, АКөпешев; бас хатшы: К.Сергань

19 желтоқсан (дүйсенбі)

(10:00) «Тараз-2» ВК – «Атырау-2» ВК

(12:30) «Павлодар-2» ВК – «Жайық-2»

(15:00) «Буревестник-2» – «Алтай-2»

(17:30) «Ұшқын-2» – «Есіл СК-2»

19-ТТТт.png

18 желтоқсан

«Алтай-2» – «Тараз-2» ВК – 1:3 (22:25, 25:19, 14:25, 19:25)

Төрешілер: Целых, Досболов. Доп айырмасы: 80-94. Матч уақыты: 87 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 1:3 (Атырау)

«Буревестник-2» – «Павлодар-2» ВК – 3:0 (25:19, 25:10, 25:9)

Төрешілер: Көпешев, Целых. Доп айырмасы: 75-38. Матч уақыты: 44 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Атырау)

«Атырау-2» ВК – «Ұшқын-2» – 3:0 (25:22, 25:16, 25:18)

Төрешілер: Сүйіндіков, Көпешев. Доп айырмасы: 75-56. Матч уақыты: 64 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Атырау)

«Есіл СК-2» – «Жайық-2» – 3:1 (25:10, 17:25, 25:14, 25:17)

Төрешілер: Досболов, Сүйіндіков. Доп айырмасы: 92-66. Матч уақыты: 76 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Атырау)

17 желтоқсан

«Ұшқын-2» – «Алтай-2» – 0:3 (6:25, 18:25, 12:25)

Төрешілер: Көпешев, Целых. Доп айырмасы: 36-75. Матч уақыты: 54 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 1:3 (Атырау)

«Жайық-2» – «Атырау-2» ВК – 0:3 (10:25, 18:25, 17:25)

Төрешілер: Сүйіндіков, Көпешев. Доп айырмасы: 45-75. Матч уақыты: 60 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Атырау)

«Тараз-2» ВК – «Буревестник-2» – 3:2 (25:21, 20:25, 18:25, 25:23, 16:14)

Төрешілер: Целых, Досболов. Доп айырмасы: 104-108. Матч уақыты: 102 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 2:3 (Атырау)

«Павлодар-2» ВК – «Есіл СК-2» – 0:3 (20:25, 11:25, 19:25)

Төрешілер: Досболов, Сүйіндіков. Доп айырмасы: 50-75. Матч уақыты: 51 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Атырау)

16 желтоқсан

«Тараз-2» ВК – «Павлодар-2» ВК – 3:0 (25:7, 25:14, 25:15)

Төрешілер: Көпешев, Целых. Доп айырмасы: 75-36. Матч уақыты: 51 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Атырау)

«Буревестник-2» – «Ұшқын-2» – 3:0 (25:14, 25:20, 25:14)

Төрешілер: Целых, Көпешев. Доп айырмасы: 75-48. Матч уақыты: 61 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Атырау)

«Алтай-2» – «Жайық-2» – 3:0 (25:18, 25:13, 29:27)

Төрешілер: Досболов, Сүйіндіков. Доп айырмасы: 79-58. Матч уақыты: 75 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Атырау)

«Атырау-2» ВК – «Есіл СК-2» – 3:1 (25:23, 25:22, 18:25, 25:19)

Төрешілер: Сүйіндіков, Досболов. Доп айырмасы: 93-89. Матч уақыты: 94 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:2 (Атырау)

21 желтоқсан (сәрсенбі)

(10:00) «Алтай-2» – «Павлодар-2» ВК

(12:30) «Атырау-2» ВК – «Буревестник-2»

(15:00) «Жайық-2» – «Ұшқын-2»

(17:30) «Есіл СК-2» – «Тараз-2» ВК

22 желтоқсан (бейсенбі)

(10:00) «Павлодар-2» ВК – «Ұшқын-2»

(12:30) «Тараз-2» ВК – «Жайық-2»

(15:00) «Алтай-2» – «Атырау-2» ВК

(17:30) «Буревестник-2» – «Есіл СК-2»

23 желтоқсан (жұма)

(10:00) «Атырау-2» ВК – «Павлодар-2» ВК

(12:30) «Жайық-2» – «Буревестник-2»

(15:00) «Ұшқын-2» – «Тараз-2» ВК

(17:30) «Есіл СК-2» – «Алтай-2»

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика