Главная / Главные Новости / Ұлттық лига. Екінші турдағы командалар құрамы chempionat-rk

Ұлттық лига. Екінші турдағы командалар құрамы

06/12/2022

Ұлттық лига «1XBET» (ерлер)

2-ші тур (06-13 желтоқсан 2022, Алматы). Командалар құрамы

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

6 желтоқсаннан бастап, Алматыда ҚР ХХХІ чемпионатының «1XBET» Ұлттық лигасында бақ сынайтын командалар екінші тур ойындарын бастайды. Дода қарсаңында барлық клубтар «АВВ Arena» залындағы екінші турда сынға түсетін құрамдарын жариялады.

Бірінші турда барлық ұжымнан 103 ойыншы тіркелсе, бұл жолы бір ойыншы кем шықты (102). Көкшетаудың «Ұшқыны» да Алматының «Буревестнигі» мен Өскеменнің «Алтайына» қосылып, бірінші турдан бері толыққанды шектеуді (квотаны) пайдаланған ұжымдар қатарын толықтырды. Осы ретте, олардың екеуі либеро болуы керек екендігін де сөзімізге қыстыра кетпекпіз.

«Легионер» мәртебесіндегі 14 ойыншыға екінші турда тағы екі волейболшы қосылды. Екеуі де – Ресей өкілдері. Сөйтіп, Ұлттық лигамыздағы ресейліктер саны 10-ға жетті. Қалғандарының төртеуі Қырғызстаннан келіп, Украина мен Тәжікстаннан – бір ойыншыдан.

Петропавлдың «Есіл СК» командасы бірінші турдан бері үш легионер шектеуін (квотасын) толық пайдаланып келе жатқан «Буревестник» пен «Ұшқынға» қосылып отыр. Қараша айында екі команда сапында ғана легионерлер мүлде болмаған – «Тараз» ВК және «Жайық» Орал. Қазір тек тараздықтар ғана жергілікті жігіттерін шыңдап жүр.

Енді бір атап өтерлігі, Орал ұжымы биыл наурыз айында ғана 16-ға толған, бірінші турда команда сапында болған екі жас ойыншысын негізгі құрамынан алып тастады.

Ең соңында, Ұлттар лигасындағы екі команда бас бапкерін ауыстырғанын атап өткіміз келеді. «Атырау» ВК бөлек, Көкшетау ұжымында да тізгін ұстаған маман өзгерді. М.Бадашевтың орнына В.Ромашов бекітілді.

Жалпы, қысқы трансферлік кезең 2023 жылғы 31 қаңтарда жабылады.

Енді командалар құрамына көз жүгіртейік. Ойыншылардан кейінгі жақша ішінде либеро (л) мен капитан (к) көрсетілген.

КОМАНДАЛАР ҚҰРАМЫ. Маусым – 2022/23

«Атырау» ВК: №1(л). Ислам Жұмабеков (02.10.1995), №2. Роман Хандролин (Украина, 10.04.1982), №3. Андрей Самойлов (Ресей, 19.04.2000), №4. Айбол Өтегенов (31.01.1988), №5. Борис Кемпа (25.05.1991), №7(к). Айбат Нетәлин (30.03.1992), №8. Парасат Шәріпов (12.01.1992), №10. Жақсылық Тілеулин (18.06.1985), №11(л). Ибрагим Надырхан (11.05.1995), №12. Нодирхан Кадырханов (06.09.1991), №17. Бекарыс Ғабитұлы (22.03.2001), №18. Серікболсын Рахметов (06.07.1999).

Бас бапкер – Юрий МЕЛЬНИЧУК (желтоқсаннан бастап), Виктор КОЗИК (желтоқсанға дейін).

«Есіл-СК» (Петропавл): №1(л, к). Роман Фартов (02.12.1992), №3. Егор Тарасов (Ресей, 13.01.1995), №4. Аслан Мақанов (30.08.1997), №5. Бақтияр Нұрлыбай (08.08.2003), №8. Олег Мулла (30.01.1999), №10. Александр Митяев (09.07.1997), №11. Александр Сүлейманов (30.04.1997), №12. Сергей Ембулаев (04.04.1986), №13. Владислав Уфимцев (13.06.1995), №14. Тимофей Соколов (Ресей, 24.03.1996), №15. Артём Кисилёв (Ресей, 02.01.1991), №21. Иван Минаков (12.09.1991).

Бас бапкер – Алексей ТЕРЕНИН.

«Буревестник» (Алматы): №1(л). Сергей Окунев (22.11.1994), №2. Әсет Базарқұлов (01.03.1987), №5. Сергей Кузнецов (26.10.1993), №9. Владимир Прокофьев (09.02.1993), №10. Ёрдор Гуломалиев (Тәжікстан, 02.07.2001), №11. Сергей Костив (25.01.1987), №13. Дмитрий Емельянов (Ресей, 01.08.1995), №15. Иван Пеньков (14.10.1991), №16(л). Бағлан Рахманов (06.05.1996), №17. Ермек Мертаев (14.07.1993), №18(к). Виталий Вориводин (31.07.1990), №21. Кирилл Гурин (13.01.1995), №22. Нұрдос Алдаш (09.04.2000), №27. Артем Борисенко (Ресей, 09.11.1998).

Бас бапкер – Рафаиль ГИЛЯЗУТДИНОВ.

«Тараз» ВК: №1(л). Ерікжан Бөкен (31.07.1996), №2. Нұрперзент Топар (20.04.2000), №3. Нұрдәулет Мейрамбек (31.12.1999), №7. Ғалымжан Үркімбаев (26.11.1993), №8. Юрий Башкатов (08.04.1987), №9. Мақсат Кеңес (18.03.2003), №10. Дамир Әкімов (22.09.1991), №11(к). Жасұлан Өтегенов (05.08.1989), №16(л). Максим Сенин (03.05.2003), №18. Арсен Әділбек (24.01.2004), №21. Нұрлыбек Нұрмахамбетов Нурлибек (17.07.2000), №23. Александр Фоменко (11.12.1998).

Бас бапкер – Юрий БАШКАТОВ.

«Алтай» (Өскемен): №1. Максим Коса (Ресей, 24.01.1998), №2. Ахмет Сахариев (27.05.2002), №3(л). Евгений Мальцев (27.07.2001), №4. Антон Пустовойтенко (23.05.2000), №7(л). Әлішер Маратов (20.07.2003), №8. Еламан Мұхтаржанов (11.03.2002), №9(к). Данил Синкевич (27.06.1999), №11. Нодирбек Рузиматов (01.08.1999), №13. Роман Шилов (Қырғызстан, 01.07.1998), №14. Әди Әбіш (10.04.1997), №17. Ерзат Ерланұлы (09.11.2000), №19. Александр Шварцкопф (30.09.1998), №20. Кирилл Иванов (26.07.2000), №22. Дархан Мерғазин (26.07.2000).

Бас бапкер – Василий ЖИГМОНТ.

«Павлодар» ВК: №1(л). Азамат Балағазинов (31.01.1992), №4. Рустам Гилязутдинов (25.03.1995), №6. Никита Козлов (Ресей, 04.12.1987,), №7. Максим Мищенко (10.09.1990), №8(л). Әнуар Қалиев (27.05.2002), №9. Айзат Азмахан (21.04.2003), №10. Михаил Бобков (31.08.1996), №11(к). Нияз Нұрғазин (13.10.1999), №17. Эдуард Погребняк (23.09.1996), №18. Роман Егоров (Ресей, 11.02.1986), №20. Нұрғали Қожатаев (27.05.1994), №23. Асқар Серік (28.09.1997).

Бас бапкер – Игорь НИКОЛЬЧЕНКО.

«Ұшқын» (Көкшетау): №1. Ренат Әлібеков (29.06.2004), №3. Темир Муса Уулу (Қырғызстан, 12.04.1994), №4(к). Қанат Ғабдулин (04.03.1985), №6. Нурислам Медетбек Уулу (Қырғызстан, 29.09.2000), №7(л). Нұрсұлтан Қазез (29.09.2003), №8. Әнес Жұмаділов (04.05.1998), №9. Диас Ахметов (28.07.2003), №12. Бекзат Мейрамбек (07.06.2001), №16. Дмитрий Рыбалкин (25.08.2003), №17. Омурбек Жунусов (Қырғызстан, 01.10.1997), №18. Шахмардан Шерхан (24.07.2002), №20. Нұрбек Назарбек (01.07.1998). №23. Ерсұлтан Оңғарбай (03.09.1999), №24(л). Аян Айымханов (24.03.1999).

Бас бапкер – Виктор РОМАШОВ (желтоқсаннан бастап), Мирлан БАДАШЕВ (желтоқсанға дейін).

«Жайык» (Орал): №1. Евгений Гоф (26.03.1994), №3. Евгений Скабин (21.08.1988), №8. Петр Чурзин (25.09.1989), №9. Қайрат Қалыңов (22.09.1987), №11(к). Виталий Мироненко (18.05.1985), №12(л). Қайрат Байбеков (28.03.1983), №13. Азамат Рахов (25.08.1997), №16. Алексей Мизинов (18.04.2000), №20. Олег Центалович (Ресей, 17.01.1991), №21(л). Әлішер Өтегенов (18.07.1999), №25. Айдын Әділбеков (18.08.1994), №82. Антон Юдин (13.05.1982).

Бас бапкер – Александр СТОЛЬНИКОВ.

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика