Главная / Главные Новости / Көш соӊында бәсеке қызып тұр chempionat-rk

Көш соӊында бәсеке қызып тұр

10/12/2022

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Ұлттық лига «1XBET» (ерлер)

2-ші тур (06-13 желтоқсан 2022, Алматы)

Кеше, үшінші күн өте нәтижелі және тым ұзаққа созылған матчтарға толы болса, бүгінгі ойындар ХХХІ чемпионатының «1XBET» Ұлттық лигасындағы тез аяқталған кездесулер болып шықты. Доп айырмалары жағынан да, уақыт ұзақтығы бойынша да қысқа қайырылды.

Әрине, барлық командаларға барлық күш-қуаттарын төрт ойын күніне тепе-тең бөлу оңай емес. «Тараз» ВК екі бессеттік және бір төртсеттік матчтардан соң «Жайық» жігіттеріне жол берді. Ал олар өз кезегінде бұған дейін алғашқы төрттіктегі ұжымдармен кездескен болатын. Яғни, бұл оралдықтардың осы турдағы алғашқы жеңісі болды. Әрі соның арқасында олар соңғы орыннан жоғары көтеріліп, «Алтайды» төмен ығыстырды.

Өскемендіктер болса, бейсенбі күні «Тараз» ВК жігіттерімен екі сағат бойы жан алысып, жан беріскендерімен, бүгін «Есіл СК» ерлеріне төтеп бере алмады. Қызылжар қырандары ұпай саны бойынша тараздықтарымен теңескенімен, бір партия ұтысы кем болып, бір саты төмен орналасты.

«Алтай» болса, осы турдағы төрт күннің ішінде турнир кестесінің соңғы сатысын саялаған үшінші команда болып отыр («Есіл СК» және «Жайық» командаларынан соң). Бірақ соңғы орында қанша уақыт тұрады, ол бір күнгі демалыстан кейін белгілі болады. Себебі жексенбіде өскемендіктер мен оралдықтар додаға түседі.

Жұма күнгі орталық матчта «Буревестник» биылғы маусымда «Павлодар» ВК жігіттерін екінші рет тізе бүктірді. Ертіс жағасынан келген ұжым кеше ел чемпионымен тай-брейкке дейін тайталасып, бір ұпай олжалаған. Бүгін де алаң иелерімен өткен матчты жоғары қарқында бастап-ақ еді. Алайда алматылықтар олардың ентіге бастаған сәтін пайдаланып, өздері қамшыны басты.

Ел чемпионы «Атырау» ВК әуедопшылары осы турда төртінші мәрте, ал чемпионатта он бірінші рет қатарынан жеңіске жетіп, ізіне түскен бәсекелестерінен қара үзе бастады. «Ұшқын» мұнайшылардан ұтылып қалғанымен, екі турдың қорытындысы бойынша төртінші орыннан төмен түспейтін болып, жайғасып алды.

Екінші турдағы ойындар сағат 10:00-де, 12:30-да, 15:00-де және 17:30-да басталады.

ҰЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Атырау» ВК: ҚР 3 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы.

«Есіл СК» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Буревестник» (Алматы): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Тараз» ВК: ҚР чемпионы – 2014/15; ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай» (Өскемен): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Павлодар» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ұшқын» (Көкшетау): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын

«Жайык» (Орал): ҚР 2 дүркін чемпионы; 2021/22 маусымы – Жоғарғы Лигада

3-ші тур (11-21 қаңтар 2023. Павлодар)

1-ші тур (02-10 қараша 2022. Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

2-ші тур (06-13 желтоқсан 2022 г., Алматы)

Астана уақытымен

10 желтоқсан – демалыс күні

* Барлық ойындар тікелей эфирде ҚВФ ресми Youtube-арнасында көрсетіледі

2-ші тур. Ойындар нәтижесі

11 желтоқсан (жексенбі)

(10:00) «Павлодар» ВК – «Есіл СК»

(12:30) «Тараз» – «Атырау» ВК

(15:00) «Ұшқын» – «Буревестник»

(17:30) «Алтай» – «Жайық»

2-тур 4-к.png

09 желтоқсан

«Жайық» – «Тараз» ВК – 3:0 (25:22, 26:24, 25:21)

Төрешілер: Шамахунов, Қалиев. Доп айырмасы: 76-67. Матч уақыты: 86 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 1:3 (Алматы)

«Атырау» ВК – «Ұшқын» – 3:1 (25:23, 27:29, 25:22, 25:19)

Төрешілер: Ахметов, Қабылбекова. Доп айырмасы: 102-93. Матч уақыты: 102 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Алматы)

«Буревестник» – «Павлодар» ВК – 3:1 (21:25, 25:19, 25:17, 28:26)

Төрешілер: Өмірзақ, Ахметов. Доп айырмасы: 99-87. Матч уақыты: 107 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:1 (Алматы)

«Есіл СК» – «Алтай» – 3: 0 (25:11, 25:20, 25:21)

Төрешілер: Қабылбекова, Өмірзақ. Доп айырмасы: 75-52. Матч уақыты: 80 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 2:3 (Алматы)

08 желтоқсан

«Ұшқын» – «Жайық» – 3:0 (25:22, 25:21, 25:18)

Төрешілер: Қалиев, Шамахунов. Доп айырмасы: 75-61. Матч уақыты: 74 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:2 (Алматы)

«Тараз» ВК – «Алтай» – 3:2 (25:16, 25:27, 19:25, 26:24, 15:10)

Төрешілер: Шамахунов, Ахметов. Доп айырмасы: 110-102. Матч уақыты: 121 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Алматы)

«Буревестник» – «Есіл СК» – 3:1 (17:25, 25:19, 25:14, 25:13)

Төрешілер: Өмірзақ, Қабылбекова. Доп айырмасы: 92-71. Матч уақыты: 89 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Алматы)

«Павлодар» – «Атырау» ВК – 2:3 (19:25, 25:23, 25:20, 25:27, 11:15)

Төрешілер: Қабылбекова, Ахметов. Доп айырмасы: 105-110. Матч уақыты: 122 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 1:3 (Алматы)

07 желтоқсан

«Жайық» – «Павлодар» ВК – 0:3 (15:25, 19:25, 18:25)

Төрешілер: Өмірзақ, Қабылбекова. Доп айырмасы: 52-75. Матч уақыты: 70 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 1:3 (Алматы)

«Алтай» – «Ұшқын» – 1:3 (25:19, 19:25, 22:25, 22:25)

Төрешілер: Қабылбекова, Қалиев. Доп айырмасы: 88-94. Матч уақыты: 97 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 1:3 (Алматы)

«Атырау» ВК – «Буревестник» – 3:1 (25:23, 23:25, 25:17, 25:18)

Төрешілер: Ахметов, Өмірзақ. Доп айырмасы: 98-83. Матч уақыты: 108 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:1 (Алматы)

«Есіл СК» – «Тараз» ВК – 3:1 (25:18, 20:25, 25:23, 25:16)

Төрешілер: Қалиев, Шамахунов. Доп айырмасы: 95-82. Матч уақыты: 99 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:2 (Алматы)

06 желтоқсан

«Атырау» ВК – «Есіл СК» – 3:1 (21:25, 25:22, 25:21, 25:18)

Төрешілер: Қабылбекова, Қалиев. Доп айырмасы: 98-86. Матч уақыты: 102 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Алматы)

«Павлодар» ВК – «Алтай» – 3:0 (25:19, 25:22, 25:23)

Төрешілер: Өмірзақ, Шамахунов. Доп айырмасы: 75-64. Матч уақыты: 80 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Алматы)

«Буревестник» – «Жайық» – 3:1 (25:19, 25:18, 26:28, 25:14)

Төрешілер: Ахметов, Қабылбекова. Доп айырмасы: 101-79. Матч уақыты: 106 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:1 (Алматы)

«Ұшқын» – «Тараз» ВК – 3:2 (23:25, 25:17, 25:23, 17:25, 15:12)

Төрешілер: Шамахунов, Қалиев. Доп айырмасы: 105-102. Матч уақыты: 105 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:1 (Алматы)

12 желтоқсан (дүйсенбі)

(10:00) «Павлодар» – «Ұшқын»

(12:30) «Есіл СК» – «Жайық»

(15:00) «Буревестник» – «Тараз» ВК

(17:30) «Атырау» ВК – «Алтай»

13 желтоқсан (сейсенбі)

(10:00) «Ұшқын» – «Есіл СК»

(12:30) «Тараз» ВК – «Павлодар» ВК

(15:00) «Алтай» – «Буревестник»

(17:30) «Жайық» – «Атырау» ВК

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика